Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Аминалон
Әсер етуші зат
Другие психостимулирующие и ноотропные средства
Мақсаты
Ми қан айналымының бұзылуынан және бассүйек-ми жарақаттарынан кейінгі жағдайлар
Өндіруші
Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – гамма-аминомай қышқылы – 250 мг,
қосымша заттар: повидон, магний стеараты, сахароза, үлбіртүзгіш, жоғары сұрыпты бидай ұны, негізгі магний карбонаты, жеңіл, титанның қостотығы (Е171), араның сары балауызы, қатты парафин, рафинадталған күнбағыс майы.
Үлбіртүзуші (ақ) құрамы: поливинил спирті, ішінара гидролизденген, тальк, макрогол 3350 (полиэтиленгликоль), лецитин (соя), бояушы пигмент (Титанның қостотығы (Е171))
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес таблеткалар. Олардың арасындағы айтарлықтай шекарасы бар көлденең қимасында екі қабаты көрінеді. Ішкі қабаты ақ түсті мәрмәр теңбілдерімен, сыртқы қабаты ақ немесе ақ дерлік түсті.
- ми қан айналымының бұзылуынан және бассүйек-ми жарақаттарынан кейінгі жағдайлар
- психорганикалық синдром
- атеросклероздық, гипертониялық және алкогольдік энцефалопатия
- балалардағы церебральді салдану және балаларда туылу кезіндегі жарақаттар салдарын кешенді емдеу құрамында
- балаларда ақыл-ой қабілетінің дамуындағы кідірістер
- кинетоздар (теңіз және әуе ауруы).
Әсер ету механизмі
Ноотропты дәрі, ми тінінің метаболизмін жақсартады, мидың глюкозаны утилизациялауына және одан уытты алмасу өнімдерін жоюға ықпал етеді. Ойлау өнімділігін арттырады, есте сақтауды жақсартады, қалыпты психостимуляторлық әсері бар, ми қан айналымы бұзылғаннан кейін қозғалыстар мен сөйлеуді қалпына келтіруге оң әсер етеді. Жеңіл гипотензиялық әсерге ие, бастапқы жоғары артериялық қысымды төмендетеді және гипертония симптомдарына (бас айналуы, ұйқысыздық) негізделген айқындығы, жүрек соғысының жылдамдығын сәл кемітеді. Гипоксияға қарсы және құрысуға қарсы қалыпты әсер етеді. Қант диабеті бар науқастарда глюкозаны төмендетеді, глюкоза мөлшері қанда қалыпты кезде кері әсер етеді (гликогенолиз есебінен).
Дозалау режимі
Ересектерге– тәуліктік доза тәулігіне 3-3.75 г (12-15 таблетка).
4-6 жастағы балаларға– тәуліктік дозасы тәулігіне 2.0-3.0 г (8-12 таблетка).
7 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге - тәулігіне 3 г тәуліктік доза (12 таблетка).
Тәуліктік дозаны 3 қабылдауға бөледі.
Емдеу курсы кемінде 2-3 апта (оңтайлы 2-4 ай). Қажет болса, курстар жылына 1-2 рет қайталанады.
Кинетоздарды емдеу кезінде ересектерге 0,5 г (2 таблетка), балаларға 0,25 г (1 таблетка) жол жүрер алдындағы 3-4 тәулікте күніне 3 рет тағайындайды.
Енгізу жолы және тәсілі
Тамаққа дейін ішке қабылданады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Бұл препаратты әрдайым дәрігердің нұсқауы бойынша қолданыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
- жүктілік (I триместр), лактация кезеңі;
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Белгісіз (қолда бар деректерге сәйкес анықтау мұмкін емес)
- жүрек айнуы, құсу, диспепсиялық құбылыстар;
- дене температурасының жоғарылауы, қызу сезімі;
- ұйқысыздық;
- артериялық қысымның құбылмалылығы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, дене температурасының көтерілуі, бас ауыруы, ұйқышылдық және брадикардия.
Емі: препаратты тоқтату, белсенділендірілген көмірмен асқазанды шаю, бүркеуіш дәрілерді тағайындау (диосмектит, крахмал шырышы), пайда болған бұзылыстарды жоюға бағытталған демеуші және симптоматикалық ем болып табылады.
Дәрілік зат құрамында сахароза бар, бұл дәріні тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмау, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Аминалонды АҚ құбылмалы пациенттерде қолданғанда емдеудің алғашқы күндері, АҚ айтарлықтай ауытқу мүмкіндігіне байланысты ерекше сақтық шараларын сақтау керек.
Жүктілік кезінде және лактация кезінде аминалонды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Аминалонды қабылдау кезінде көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау керек.
Бензодиазепин туындыларымен, құрысуға қарсы және седативті-гипноздық дәрілермен бір мезгілде қабылдағанда ОЖЖ-не бәсеңдететін әсерінің күшеюі мүмкін.
Олармен бір мезгілде қабылдағанда гипотензиялық препараттардың әсері күшейеді.
Винпоцетин, нимодипин, ницерголинмен бір мезгілде қолданғанда егде жастағы адамдарда гипотензия дамуы және гипотензия аясында мидың гипоперфузиясының дамуына байланысты ми қан айналымының бұзылуы ауырлауы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.