Дозалау режимі
Пациенттің 1 кг салмағына аминокапрон қышқылының 1 мл 5% ерітіндісі. Алғашқы сағат ішінде 80-100 мл (4-5 г) енгізу ұсынылады, содан кейін қажет болған жағдайда, қан кету толық тоқтағанша, әрбір сағат сайын 20 мл (1 г) енгізеді, бірақ 8 сағаттан асырмайды. Қан кету ұзаққа созылғанда немесе қайталанғанда 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісімен инфузияны 4 сағаттан кейін қайталайды. Ересектер үшін ең жоғары доза – 600 мл (30 г).
Жедел фибринолизде орташа тәуліктік дозасы 2-4 г (ең жоғары дозасы – 8 г) фибриногенді қосымша енгізу қажет.
Аминокапрон қышқылын қолдану ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісіне байланысты.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне, тамшылатып.
Инфузия жылдамдығы минутына 50-60 тамшы.
Қолданар алдында препараты бар контейнерді және ерітіндіні тексерген жөн. Көзге көрінетін қосылыстарсыз және қаптамасында зақым болмаған жағдайда тек мөлдір ерітіндіні қолдану керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Анықталмаған.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препараттың дозасын және оны енгізу ұзақтығын аурудың түріне, ауырлығына және ағымына байланысты емдеуші дәрігер анықтайды. Препаратты әдетте дәрігер немесе медбике енгізеді, өйткені оны енгізудің негізгі жолы тікелей венаға инфузия арқылы жүзеге асырылады.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Бас айналудың пайда болуы, артериялық қысымның төмендеуі (соның ішінде ортостаздық артериялық гипотензия) және бас ауыруы туралы жиі хабарланды.
Миопатия және рабдомиолиз жағдайлары, әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болды, бірақ креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігін аминокапрон қышқылын ұзақ уақыт қабылдайтын пациенттерде бақылау және КФК белсенділігі артқан жағдайда емдеуді тоқтату қажет.
Жиі: бас айналу, бас ауыруы, құлақтың шуылдауы, артериялық қан қысымының төмендеуі, ортостаздық гипотензия, мұрынның бітелуі,
іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, жалпы әлсіздік, енгізу орнындағы ауыру және некроз
Жиі емес: агранулоцитоз, коагуляцияның бұзылуы, аллергиялық және анафилаксиялық реакциялар, брадикардия, ентігу, терінің қышынуы, тері бөртпесі, бұлшықет әлсіздігі, миалгия, ісіну
Сирек: көру өткірлігінің нашарлауы, көзден жас ағу, шеткері тіндердің ишемиясы, өкпе эмболиясы, КФК белсенділігінің артуы, миозит
Өте сирек: сананың шатасуы, құрысулар, делирий, елестеулер,
бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, ми қан айналымының бұзылуы,
естен тану
Жиілігі белгісіз: лейкопения, тромбоцитопения, макулопапулезді бөртпелер, тромбоз, субэндокардиальді қан құйылу, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, жедел миопатия, рабдомиолиз, миоглобинурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қандағы мочевина азотының артуы, бүйрек шаншуы, бүйрек функциясының бұзылуы, құрғақ эякуляция.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
және