Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инфузий
Дозасы
5%
Саудалық атауы
Аминокапрон қышқылы
Әсер етуші зат
Аминокапрон қышқылы
Мақсаты
Қан кетулер (гиперфибринолиз, гипо- және афибриногенемия)
Өндіруші
НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 50.0 мг аминокапрон қышқылы,
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
• қан кетулер (гиперфибринолиз, гипо- және афибриногенемия);
• қанның және тіндердің фибринолитикалық белсенділігінің жоғарылауымен қатар жүретін хирургиялық операцияларда және патологиялық үдерістерде
• геморрагиялық синдромы бар ішкі ағзалар ауруларында
• плацента мезгілінен ерте ажырағанда, асқынған абортта
• консервацияланған қанды көп құйғанда болатын салдарлық гипофибриногенемияның алдын алу үшін
Аминокапрон қышқылы протеолитикалық ферменттердің белсенділігін тежейді. Ол эндогендік киназалардың фибринолиз үдерісіне белсенді әсерін тежейді және плазминогеннің плазминге ауысуын бұзады. Плазминнің өз әсері белсенділігін ішінара жояды. Фибринолиз үдерісінің белсенділенуінен болатын қан кетулерде қанды тоқтататын спецификалық әсер береді. Аминокапрон қышқылының гемостатикалық әсерін жүзеге асыру үшін басқа да механизмдер қатысады. Осылай, ол гиалуронидазаның белсенділігін төмендетеді және капиллярлардың өткізгіштігін азайтады. Тромбоциттердің адгезивтік белсенділігін, бауырдың синтетикалық және уытсыздандырғыш функциясын арттырады. Протеолитикалық ферменттердің (калликреиннің, трипсиннің, химотрипсиннің, плазминнің және т.б.) белсенділігін тежей отырып, кининдердің (брадикининнің және каллидиннің) түзілуін тежейді.
Аминокапрон қышқылын кинин жүйесінің жоғары белсенділігі байқалған патологиялық жағдайларда (жедел панкреатит, ауқымды күйіктер, шок, паренхиматозды ағзалардағы жарақаттық операциялар және т.б.) қолданады.
Аминокапрон қышқылы антидененің түзілуін тежейді және комплемент жүйесінің белсенділенуіне кедергі жасайды, сондықтан оны ауыр сипатты аллергоздарда цитолиз құбылыстарын жою немесе профилактикасы және иммундық кешеннің пайда болуы үшін пайдаланады.
Дәрілік препараттың уыттылығы төмен.
Дозалау режимі
Алғашқы сағат ішінде 80-100 мл (4-5 г) енгізу керек, содан кейін қажет болған жағдайда, қан кету толық тоқтағанша, әрбір сағат сайын 20 мл (1 г) енгізеді, бірақ 8 сағаттан асырмайды. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза – 600 мл (30 г).
Енгізу әдісі және жолы
Аминокапрон қышқылы вена ішіне, тамшылатып енгізіледі. Препаратты пациенттің 1 кг дене салмағына шаққанда 1 мл 5% аминокапрон қышқылы есебінен, минутына 50-60 тамшы жылдамдықпен енгізеді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қан кету ұзаққа созылғанда немесе қайталанғанда препаратты 4 сағаттан кейін енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Аминокапрон қышқылын қолдану ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісіне байланысты.
Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету
Егер КФК үдемелі ұлғаюы байқалса, препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерге жүгіну бару керек. В/і енгізуге арналған. Препаратты тек маман енгізу керек. Препаратты артерия ішіне енгізуден немесе қоршаған тіндерге түсуден аулақ болу керек.
• препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• тромбоздарға және эмболияларға бейімділік
• гиперкоагуляция (тромбтың түзілуі, тромбоэмболия)
• ми қан айналымының бұзылуы
• қанның қантамырішілік диффузды ұюы салдарынан болатын коагулопатия (ДТҰ синдромы)
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде клиникалық деректер болмағандықтан)
• жүктілік, лактация кезеңі
Жиі:
• бас ауыруы, әлсіздік, енгізген жердегі реакциялар, ауыру және некроз, артериялық гипотензия, іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, мұрын бітелуі, құлақ шулауы.
Сирек:
• аллергиялық/анафилактоидты реакциялар, анафилаксиялық шок, брадикардия, агранулоцитоз, коагуляцияның бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, миалгия, ентігу, қышыну, бөртпе, нашар көру, жас ағу
Өте сирек:
• шеткері ишемия, креатинфосфокиназаның ұлғаюы, миозит, сананың шатасуы, сандырақтау, елестеу, бассүйекішілік гипертензия, инсульт, естен тану, өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Белгісіз:
• тромбоз, лейкопения, тромбоцитопения, миопатия, рабдомиолиз, қан сарысуындағы мочевина деңгейінің ұлғаюы, бүйрек жеткіліксіздігі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Симптомдары: артериялық қысымның төмендеуі, құрысулар, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Емі: препарат енгізуді тоқтату, симптоматикалық ем.
Ауыр жағдайларда гемодиализ немесе перитонеальді диализ тағайындалады.
Сақтықпен қолдану керек:
• артериялық гипотензияда
• жүректің клапандық ақауларында
• этиологиясы анықталмаған несеп шығару жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кетуде (интраренальді обструкция қаупіне байланысты, ол шумақтық капиллярлар тромбозына немесе бүйрек түбекшесі мен несепағар саңылауында ұйынды түзілуіне байланысты; мұндай жағдайда күтілетін пайда ықтимал қаупінен асып түскенде ғана қолданылуы мүмкін)
• субарахноидальді қан құйылуда
• бауыр жеткіліксіздігінде
• созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде
Арнайы ескертулер
Препаратты тағайындағанда қан құрамындағы фибриноген концентрациясы мен қанның ұю уақытын бақылау арқылы жүргізу керек. Препаратты, әсіресе науқастарда миокард инфаркті және бауыр жеткіліксіздігінен кейін коагулограмма бақылауымен қолдану ұсынылады.
Жоғары дозаларда жылдам енгізген кезде артериялық гипотензия, брадикардия және жүрек ырғағы бұзылуының дамуы мүмкін.
Сирек жағдайларда, ұзақ қолданудан кейін, рабдомиолиз типті қаңқа бұлшықеттерінің зақымдануы сипатталған. Клиникалық көріністері орташа миалгия және бұлшықет әлсіздігінен бастап рабдомиолизбен, миоглобинурия және жедел бүйрек жеткіліксіздігімен ауыр проксимальді миопатияға дейін түрленуі мүмкін. Аминокапрон қышқылын ұзақ қабылдап жүрген пациенттерде сарысулық креатинин фосфокиназаны (КФК) бақылап отыру ұсынылады. Егер КФК артуының үдеуі байқалса, препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс. Миопатия туындаған кезде миокард зақымдануының мүмкіндігін ескеру қажет.
Аминокапрон қышқылын қолдану тромбоциттер функциясын зерттеудің нәтижелерін өзгертуі мүмкін.
Аминокапрон қышқылы 5 % дозада тиісінше мл 9.0 мг натрий бар. Бұл натрий қабылдауды шектейтін диетасы бар пациенттер қолданған кезде ескерілуі тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат стационарлық жағдайда қолдануға арналған, сондықтан препараттың назар аудару қабілетіне ықпал етуі бойынша зерттеу жүргізілмеді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Аминокапрон қышқылын глюкоза, гидролизаттар, сондай-ақ шоққа қарсы ерітінділерімен біріктіре қолдануға болады. Антикоагулянттармен (тікелей, тікелей емес) бір мезгілде қолданғанда, олар препараттың коагуляциялық әсерін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.