Седативті препараттар
Көптеген препараттар немесе заттар орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін әсер беріп, қырағылықтың азаюына ықпал етуі мүмкін екенін ескеру қажет. Оларға морфин туындылары (анальгетиктер, жөтелді басатын және орын басу еміне арналған дәрілер), нейролептиктер, барбитураттар, бензодиазепиндер, бензодиазепиндерден басқа анксиолитиктер (мысалы, мепробамат) және басқа препараттар, мепробамат), гипнотиктер, седативті антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, миансерин, миртазапин, тримипрамин), седативті H1 антигистаминдік препараттар, орталық гипертензияға қарсы препараттар, баклофен және дуталидомид жатады.
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін препараттар
Гипокалиемия (гипокалиемиялық препараттарды қараңыз) және брадикардия (брадикардияны емдеуге арналған препараттарды қараңыз) немесе QT аралығының осыған дейін бұрыннан бар, туа біткен немесе жүре пайда болған ұзаруы сияқты бұған ықпал ететін фактор болып табылады. Бұл жағымсыз әсерді тудыратын препараттарға Ia және III класты аритмияға қарсы препараттар және кейбір нейролептиктер жатады.
Бұл кластарға жатпайтын басқа молекулалар да процеске қатысады.
Доласетрон, эритромицин, спирамицин және винкамин үшін бұл өзара әрекеттесу тек венаішілік түрінде ғана тән.
Бір торсадогендік препаратты басқа торсадогендік препаратпен қолдану әдетте қолдануға болмайды.
Алайда, олардың кейбіреулері, болмай қоймайтындығына байланысты, ережелерден тыс ерекшеліктер болып табылады, оларды тек басқа
торсадогендермен бірге қолдану ұсынылады. Бұл метадон, гидроксихлорохин, паразитке қарсы препараттар (хлорохин, галофантрин, люмефантрин, пентамидин) және нейролептиктер.
Алайда, циталопрам, эсциталопрам, домперидон, гидроксизин және пиперахин бұл босаңсуды қолдамайды және барлық торсадогендермен қолдануға болмайды.
Қарсы көрсетілімдегі біріктірілімдер
Дофаминергиялық препараттар, (Паркинсонға арналған препараттарды қоспағанда (каберголин, квинаголид))_
Дофамин агонистері мен нейролептиктердің өзара антагонизмі.
Циталопрам, эсциталопрам, домперидон, гидроксизин, пиперазин
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін препараттар
паразиттерге қарсы препараттар (хлорохин, галофантрин, люмефантрин, пентамидин)
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі.
Егер мүмкін болса, емнің екі әдісінің бірін тоқтатыңыз.
Егер біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаса, QT алдын ала тексеріп және ЭКГ мониторингін жүргізіңіз.
Дофаминергиялық паркинсонға қарсы препараттар (амантадин, апоморфин, бромокриптин, энтакапон, лизурид, перголид, пирибедил, прамипрексол, расагилин, ропинирол, ротиготин, селегилин, толкапон)
Дофаминергиялық және нейролептиктік препараттардың өзара антагонизмі.
Дофаминергигиялық препараттар психоздық бұзылыстарды тудыруы немесе нашарлатуы мүмкін. Егер допаминергиялық препараттармен ем алатын паркинсонизммен ауыратын пациентке нейролептиктік ем қажет болса, онда олардың дозасын қабылдауды тоқтатқанға дейін біртіндеп төмендету керек (оларды қабылдауды күрт тоқтату "нейролептиктік қатерлі синдромның" даму қаупін тудырады).
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін басқа препараттар: Ia класты (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид) және III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, дронедарон, соталол, дофетилид, ибутилид), сондай-ақ мышьяк, дифеманил, доласетрон IV, эритромицин IV, левофлоксацин, меквитазин, мизоластин, прукалоприд, винкамин IV, моксифлоксацин, спирамицин IV, торемифен, вандетаниб сияқты басқа препараттар.
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі.
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін басқа нейролептиктер (хлорпромазин, циазмазин, дроперидол, флупентиксол, флуфеназин, галоперидол, левомепромазин, пимозид, пипамерон, пипотиазин, сульпирид, сультоприд, тиаприд, зуклопентиксол).
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі.
Алкоголь
Алкоголь (сусын немесе қосымша зат) нейролептиктердің седативті әсерін күшейтеді.
Қырағылықтың нашарлауы көлік құралдарын басқаруды және механизмдермен жұмыс істеуді қауіпті етуі мүмкін.
Алкогольдік сусындар мен құрамында алкоголь бар дәрілерді қабылдаудан аулақ болыңыз.
Леводопа
Леводопа және нейролептиктердің өзара антагонизмі.
Паркинсонизм бар пациенттерде екі препараттың да тиімді ең аз дозасын пайдаланыңыз.
Метадон
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі
Натрий оксибат
Орталықтық депрессияның күшеюі. Қырағылықтың төмендету автокөлік жүргізу мен механизмдермен жұмыс істеуді қауіпті етуі мүмкін.
Гидроксихлорохин
Қарыншалық ырғақтың бұзылуының, әсіресе «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның жоғары қаупі
Пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауды қажет ететін біріктірілімдер
Анагрелид
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі.
Біріктірілімде қабылдау кезіндегі клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг.
Азитромицин, ципрофлоксацин, кларитромицин, левофлоксацин, норфлоксацин, рокситромицин
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі
Біріктірілім кезіндегі клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг.
Жүрек жеткіліксіздігіндегі бета-блокаторлар (бисопролол, карведилол, метопролол, небиволол)
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі
Бұдан басқа, вазодилататорлық әсер және гипотензия қаупі, әсіресе ортостаздық (аддитивті әсер).
Клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг.
Брадикардия тудыратын препараттар (Ia класты аритмияға қарсы препараттарды, бета-блокаторларды, кейбір III класты антиаритмиктерді, кейібір кальций антагонистерін, дигиталис, пилокарпин, антихолинэстераза препараттарын қоса).
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі
Клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг.
Гипокалиемиялық препараттар (гипокалиемиялық диуретиктер, жеке-дара немесе біріктірілімде, стимулияциялайтын іш жүргізгіш, глюкокортикоидтар, тетракозактид және амфотерицин В вена ішіне).
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі
Препаратты қабылдағанға дейін кез келген гипокалиемияны түзетіңіз және клиникалық, электролиттік және электрокардиографиялық көрсеткіштерді бақылаңыз.
Литий
Нейролептиктік қатерлі синдромды немесе литиймен улануды көрсететін нейропсихологиялық белгілердің пайда болу қаупі. Тұрақты клиникалық және биологиялық бақылау, әсіресе біріктірілімде қабылдаудың басында.
Ондансетрон
«Пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық ырғақтың бұзылуының жоғары қаупі
Біріктірілімде қабылдау кезіндегі клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг.
Ескерілуі керек біріктірілімдер
Басқа седативтік препараттар
Орталықтық депрессияның күшеюі.
Қырағылықты төмендету автокөлік жүргізу мен механизмдермен жұмыс істеуді қауіпті етуі мүмкін.
Орлистат
Орлистатпен қатарлас емдеу жағдайында емдік жеткіліксіздік қаупі.