Амлодипин – дигидропиридин қатарының кальций өзекшелерінің блокаторы; тамырлардың кардиомиоциттеріне және тегіс бұлшықет жасушаларына кальций иондарының (баяу кальций өзекшелерінің блокаторы немесе кальций иондарының антагонисі) трансжарғақшалы түсуін тежейді. Амлодипиннің гипотензивті әсері негізінде тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне босаңсытатын әсер жатыр. Стенокардия кезінде амлодипин әсерінің дәл механизмі анықталмаған, бірақ амлодипин ишемияны төмендегі екі жолмен азайтады:
• Амлодипин шеткергі артериолаларды кеңейтеді және, осылайша, кедергіден өту үшін жүрек жұмысы жұмсалатын жалпы шеткері қарсыласуды (кейінгі жүктемені) төмендетеді. Жүрек жиырылуының жиілігі тұрақты болып қалатындықтан, жүрекке түсетін жүктеменің азаюы энергия жұмсауды және миокардтың оттегі қажеттігін азайтуға алып келеді.
• Миокардтың өзгермеген, сондай-ақ ишемизацияланған аумақтарында коронарлық артериялар мен артериолдың кеңеюі амлодипиннің әсер ету механизмінде рөл ойнауы ықтимал. Бұл кеңею коронарлық артериялардың (Принцметал стенокардиясы, немесе вазоспастикалық стенокардия кезінде) түйілуі бар пациенттерде миокардқа оттегінің түсуін арттырады.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде амлодипинді тәулігіне бір рет қолдану артериялық қысымның жатқан күйде де, сондай-ақ тұрған күйде де 24 сағат бойына клиникалық елеулі төмендеуін қамтамасыз етеді. Амлодипиннің әсер етуінің баяу басталуына байланысты артериялық қысымның кенеттен түсуі байқалмайды.
Тұрақты стенокардиясы бар пациенттерде амлодипиннің бір реттік тәуліктік дозасы физикалық жүктемеге төзімділікті арттырып, стенокардия ұстамасының және 1 мм ST сегментінің депрессиясының дамуына дейін уақытты арттырады және стенокардия ұстамасының жиілігін төмендетіп, нитраттарды қолдану қажеттілігін азайтады.
Амлодипин қандай да бір жағымсыз метаболизмдік әсерлерді немесе қан плазмасындағы липидтер деңгейінің өзгерістерін туындатпады, сондықтан ол бронх демікпесі, қант диабеті және подаграсы бар пациенттерде қолданыла алады.
Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде қолданылуы
Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде клиникалық оқиғаларды алдын алу мақсатында амлодипиннің тиімділігі 1 997 пациенттің қатысуымен — CAMELOT (Comparison of Amlodipine vs Enalapril to Limit Occurrences of Thrombosis — Амлодипин мен эналаприлдің тромбоздың дамуын шектеу қабілетін салыстыру) тәуелсіз, мультиорталықты, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеуде бағаланды. 2 жылдық кезең ішінде осы пациенттердің 663-і 5-10 мг дозадағы амлодипинді, 673 пациент – 10-20 мг дозадағы эналаприлді және 655 пациент - статиндермен, бета-адреноблокаторлармен, диуретиктермен немесе аспиринмен стандартты емге қосымша плацебоны алған. Тиімділік бойынша негізгі нәтижелері 1 кестеде келтірілген. Алынған нәтижелер ЖИА бар пациенттерде амлодипинді қабылдау стенокардияға қатысты госпитализациялау мен реваскуляризация процедуралары жағдайларының ең төмен санымен сипатталғанын көрсетті.
1 кесте. CAMELOT зерттеуінде елеулі клиникалық нәтижелердің жиілігі
Нәтижелері — Жүрек-қантамыр оқиғалары Саны (%) — Амлодипин vs. плацебо
Амлодипин — Плацебо — Эналаприл — Қауіптер қатынасы (95% СА) — Р- мәні
Бастапқы соңғы нүкте
Жағымсыз жүрек-қантамыр оқиғалары — 110 (16,6) — 151 (23,1) — 136 (20,2) — 0,69 (0,54-тен 0,88 дейін) — 0,003
Жекелеген құрамдастары
Коронарлық артериялардың реваскуляризациясы — 78 (11,8) — 103 (15,7) — 95 (14,1) — 0,73 (0,54-тен 0,98 дейін) — 0,03
Стенокардияға қатысты госпитализация — 51 (7,7) — 84 (12,8) — 86 (12,8) — 0,58 (0,41-ден 0,82 дейін) — 0,002
Фатальді емес миокард инфарктісі — 14 (2,1) — 19 (2,9) — 11 (1,6) — 0,73 (0,37-ден 1,46 дейін) — 0,37
Инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл — 6 (0,9) — 12 (1,8) — 8 (1,2) — 0,50 (0,19-дан 1,32 дейін) — 0,15
Жүрек-қантамыр өлімі — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 5 (0,7) — 2,46 (0,48-ден 12,7 дейін) — 0,27
Жүрек жеткіліксіздігіне қатысты госпитализация — 3 (0,5) — 5 (0,8) — 4 (0,6) — 0,59 (0,14-тен 2,47 дейін) — 0,46
Кейін реанимация жүргізумен жүректің тоқтауы — 0 — 4 (0,6) — 1 (0,1) — Деректер жоқ — 0,04
Шеткері тамырлардың алғаш анықталған аурулары — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 8 (1,2) — 2,6 (0,50-ден 13,4 дейін) — 0,24
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы
Гемодинамика зерттеулері және физикалық жүктемемен сынаманы пайдаланумен бақыланатын клиникалық зерттеулер физикалық жүктемені көтере алушылық көрсеткіштері, сол жақ жүрекшенің шығару фракциясы және клиникалық симптоматика дәлел болған амлодипиннің жүрек жеткіліксіздігі бар (NYHA жіктеуі бойынша II-IV функционалдық класы) пациенттер жағдайының нашарлауына әкелмейтінін көрсеткен.
Дигоксинді, диуретиктер мен АӨФ тежегіштерін алған NYHA жіктеуі бойынша IІI-IV функционалдық класының жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді бағалау мақсатында әзірленген PRAISE плацебо-бақыланатын зерттеу амлодипинді қабылдау өлім қаупінің немесе аурудың жалпы қаупін / жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өлімнің артуына әкелмегенін көрсетті.
АӨФ тежегіштерін, жүрек гликозидтерін және диуретиктерін тұрақты дозада қабылдайтын жүректің ишемиялық ауруының клиникалық немесе объективті белгілерінсіз NYHA жіктеуі бойынша IIІ және IV функционалдық класының жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен PRAISE-2 қосымша ұзақ мерзімді плацебо-бақыланатын зерттеуде амлодипин жалпы және жүрек-қантамыр өліміне әсер етпеген. Мұндай пациенттерде амлодипинді қолдану өкпе ісіну жағдайлары санының артуымен қатар жүрген.
(ALLHAT) миокард инфарктісінің профилактикасында емдеудің әр түрін бағалау бойынша зерттеу
ALLHAT (Antihypertensive and Lipid-Lowering Treatment to Prevent Heart Attack Trial – Миокард инфарктісінің профилактикасында гипертензияға қарсы және гиполипидемиялық емді зерттеу) аурушаңдық пен өлімді зерттеу бойынша рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу – жеңіл және орташа артериялық гипертензияны емдеуді тәулігіне 12,5-тен 25 мг дейін дозада тиазидті диуретик хлорталидонмен бірінші желідегі препараттар ретінде тәулігіне 2,5-нан 10 мг-ге дейін дозада амлодипин (кальций өзекшелерінің блокаторы) немесе тәулігіне 10-нан 40 мг дейін дозада лизиноприл (АӨФ тежегіші) ең жаңа препараттарды салыстыру үшін жүргізілген.
Бұл зерттеуде орташа 4,9 жыл бойы байқалған 55 жастағы және одан үлкен жастағы артериялық гипертензиясы бар 33 357 пациент қатысқан. Зерттеуге қатысушыларда миокард инфарктісін немесе инсультті (зерттеуге қосқанға дейін 6 айдан астам) және/немесе атеросклероздық генездің басқа расталған жүрек-қантамыр ауруын (барлығы 51,5%), 2 типті қант диабетін (36,1%), Хс-ЛПВП <35 мг/дл (11,6%), ЭКГ немесе эхокардиография (20,9%) кезінде диагностикаланған сол жақ жүрекшенің гипертрофиясын және темекі шегуді (21,9%) қоса, жүректің ишемиялық ауру қаупінің кем дегенде бір қосымша факторы болған.
Бастапқы соңғы нүкте фатальді ЖИА және фатальді емес миокард инфарктісінің біріктірілімі болып табылады. Амлодипинмен ем мен хлорталидонмен ем арасында бастапқы соңғы нүкте бойынша статистикалық елеулі айырмашылық анықталған жоқ (ҚҚ 0,98; 95% СИ [0,90 - 1,07]; р = 0,65). Екінші соңғы нүктелердің арасында жүрек жеткіліксіздігінің даму жиілігі (біріктірілген жүрек қантамыр қорытынды нүктесінің құрамдасы) хлорталидон (10,2% vs. 7,7%; ҚҚ 1,38; 95% СИ [1,25 - 1,52]; р < 0,001) тобымен салыстырғанда амлодипиннің тобында елеулі жоғары болған. Дегенмен, амлодипинмен ем мен хлорталидонмен ем арасында (ҚҚ 0,96; 95% СИ [0,89 - 1,02]; р = 0,20) барлық себептер бойынша өлім-жітімде елеулі айырмашылық анықталмаған.