ATX коды: C08CA01
Амлодипин-дигидропиридин тобындағы кальций иондары тогының тежегіші (баяу кальций өзекшелерінің блокаторы немесе кальций иондарының антагонисті) болып табылады; ол кальций иондарының кардиомиоциттерге және қантамырларының тегіс бұлшықет жасушаларына трансжарғақшалық тогын тежейді.
Амлодипин Зентива препаратының гипотензивті әсер ету механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріне тікелей босаңсыту әсерімен байланысты. Амлодипиннің стенокардия көріністерін жеңілдететін нақты механизмі толық анықталмаған, бірақ амлодипин келесі екі фактор арқылы жалпы ишемиялық жүктемені төмендететіні белгілі:
1) амлодипин шеткері артериолаларды кеңейтеді және осылайша жүректің жұмысына қарсы бағытталған (жүктемеден кейінгі) жалпы шеткері кедерегіні төмендетеді. Жүрек соғу жиілігі тұрақты болып қалатындықтан, бұл миокардтың энергия тұтынуының төмендеуіне және оның оттегіге деген қажеттілігіне әкеледі.
2) амлодипин препаратының әсер ету механизмі вазоспазмдық стенокардиясы (Принцметальды стенокардия немесе вариантты стенокардия) бар пациенттерде миокардқа оттегінің түсуін арттыратын негізгі коронарлық артериялар мен коронарлық артериолалардың қалыпты және ишемиялық миокард аймақтарында кеңеюімен де байланысты болуы мүмкін.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде препаратты тәулігіне бір рет қолдану шалқалап жатқан күйде және 24 сағат бойы тұрған күйде артериялық қысымның клиникалық маңызды төмендеуін қамтамасыз етеді. Амлодипин әсері баяу дамитын болғандықтан, препаратты қабылдау жедел артериялық гипотензия қаупін тудырмайды.
Стенокардиясы бар пациенттерде амлодипинді тәулігіне бір рет қолдану жүктеменің жалпы уақытын, стенокардия ұстамасының басталу уақытын және ST сегментінің 1 мм-ге азаюына дейінгі уақытты арттырады, сонымен қатар стенокардия ұстамалары мен нитроглицерин таблеткаларын қабылдау жиілігін төмендетеді.
Амлодипин препаратын қабылдау қандай да бір жағымсыз метаболизмдік әсерлермен немесе қан плазмасының липидті параметрлерінің өзгеруімен қатар жүрмеді және оны бронх демікпесі, қант диабеті және подагра бар пациенттерде қолдануға болады.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар пациенттерде қолдану
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар пациенттерде клиникалық құбылыстарды алдын алу үшін амлодипиннің тиімділігі 1997 пациентте тәуелсіз көп орталықты, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын зерттеуде бағаланды: «Тромбоздың туындау жиілігін төмендетуде амлодипинді эналаприлмен салыстыру» (Comparison of Amlodipine vs. Enalapril to Limit Occurrences of Thrombosis — CAMELOT). 2 жыл ішінде осы пациенттердің 663-і амлодипинді 5-10 мг дозада қабылдады, 673 пациент эналаприлді 10-20 мг дозада қабылдады және 655 пациент статиндер, бета-блокаторлар, диуретиктер және аспиринді қамтитын стандартты емдеуден басқа плацебо қабылдады. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері 1 кестеде келтірілген. Нәтижелер амлодипинмен емдеу ЖИА бар пациенттерде стенокардия мен реваскуляризация емшараларына байланысты ауруханаға жатқызу жағдайларының аз болуымен астасатынын көрсетеді.
1 кесте .CAMELOT зерттеуіндегі маңызды клиникалық нәтижелердің жиілігі
Жүрек-қантамырлары құбылыстарының жиілігі, саны (%) — Плацебомен салыстырғанда амлодипин
Нәтижелер — Амлодипин — Плацебо — Эналаприл — Қауіптер қатынасы (95% СА) — p-мәні
Бастапқы соңғы нүкте
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар — 110 (16,6) — 151 (23,1) — 136 (20,2) — 0,69 (0,54–0,88) — 0,003
Жеке компоненттер
Коронарлық реваскуляризация — 78 (11,8) — 103 (15,7) — 95 (14,1) — 0,73 (0,54–0,98) — 0,03
Стенокардияға байланысты ауруханаға жатқызу — 51 (7,7) — 84 (12,8) — 86 (12,8) — 0,58 (0,41–0,82) — 0,002
Өлімге әкелмейтін МИ — 14 (2,1) — 19 (2,9) — 11 (1,6) — 0,73 (0,37–1,46) — 0,37
Инсульт немесе ӨИШ — 6 (0,9) — 12 (1,8) — 8 (1,2) — 0,50 (0,19–1,32) — 0,15
Жүрек-қантамырлары ауруларына байланысты өлім — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 5 (0,7) — 2,46 (0,48–12,7) — 0,27
ЖІЖ байланысты ауруханаға жатқызу — 3 (0,5) — 5 (0,8) — 4 (0,6) — 0,59 (0,14–2,47) — 0,46
Жүректің реанимацияланған тоқтауы — 0 — 4 (0,6) — 1 (0,1) — НД — 0,04
Алғаш рет анықталған шеткері қантамыр ауруы — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 8 (1,2) — 2,6 (0,50–13,4) — 0,24
Қысқартулар: ЖІЖ-жүректің іркілісті жеткіліксіздігі; СА-сенімділік аралығы; МИ-миокард инфарктісі; ӨИШ — өтпелі ишемиялық шабуыл.
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдану
Гемодинамиканы зерттеу және NYHA жіктемесі бойынша функционалды II–IV класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде физикалық жүктемемен бақыланатын клиникалық зерттеулер Амлодипин Зентива препаратының клиникалық нашарлауға әкелмейтінін көрсетті, бұл физикалық жүктемелерге төзімділікті, сол жақ қарыншаның шығарылу фракциясын және клиникалық симптоматиканы бағалау арқылы көрсетілген.
NYHA жіктемесі бойынша функционалды III-IV класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дигоксинді, диуретиктерді және ангиотензин өзгертетін фермент (AӨФ) тежегіштерін қолдануды бағалау үшін жоспарланған плацебо бақыланатын зерттеу (PRAISE) Амлодипин Зентива препараты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өлім немесе біріктірілген өлім мен сырқаттану қаупінің жоғарылауына әкелмейтінін көрсетті.
Кейіннен Амлодипин Зентива препаратын қабылдауды (PRAISE-2) бақылаумен ұзақ мерзімді плацебо-бақыланатын зерттеуде АӨФ тежегіштерінің, жүрек гликозидтерінің және диуретиктердің тұрақты дозаларын қабылдаған клиникалық симптомдарсыз немесе қатар жүретін жүректің ишемиялық ауруының объективті көрсеткіштерінсіз III және IV класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (NYHA жіктемесі бойынша) Амлодипин Зентива препараты жүрек-қантамырлары ауруларынан болатын жалпы өлімге әсер етпеді. Пациенттердің сол популяциясында Амлодипин Зентива препаратын қолдану өкпе ісінуінің жоғары жиілігімен қатар жүрді.
Миокард инфарктісінің профилактикасын зерттеу (ALLHAT)
«Миокард инфарктісінің профилактикасы үшін гипертензияға қарсы және гиполипидемиялық препараттарды қолдануды зерттеу» (Antihypertensive and Lipid-Lowering Treatment to Prevent Heart Attack Trial — ALLHAT) деп аталатын ауру мен өлімді зерттейтін рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу инновациялық препараттарды — амлодипинді (кальций өзекшелерінің блокаторы) тәулігіне 2,5-10 мг дозада немесе лизиноприлді тәулігіне 10-40 мг дозада (AӨФ тежегіштері) бірінші желідегі емдеу ретінде— жеңіл немесе орташа артериялық гипертензия кезінде хлорталидонмен (тиазидті диуретик) тәулігіне 12,5–25 мг дозада салыстыру үшін жүргізілді.
Барлығы 55 жастан асқан артериялық гипертензиясы бар 33 357 пациент рандомизацияланған; пациенттер орта есеппен 4,9 жыл бақылауда болды. Пациенттерде миокард инфарктісін немесе анамнездегі инсультты (зерттеуге енгізілгенге дейін > 6 ай бұрын) немесе анамнезінде басқа атеросклероздық жүрек-қантамырлары ауруларын (жалпы алғанда 51,5 %), 2 типті қант диабеті (36,1 %), Х –ЖТЛП деңгейі < 35 мг/дл (11,6 %), электрокардиография немесе эхокардиография арқылы диагноз қойылған сол жақ қарыншаның гипертрофиясы (20,9%) мен қазіргі уақытта темекі шегуді (21,9 %) қоса, кем дегенде ЖИА-ның тағы бір қосымша қауіп факторы болды.
Бастапқы соңғы нүкте өлімге әкелетін ЖИА немесе өлімге әкелмейтін миокард инфарктісін қамтитын біріктірілген соңғы нүкте болды. Амлодипин негізіндегі емдеуде және хлорталидон негізіндегі емдеуде бастапқы соңғы нүктелер арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмады: ҚҚ 0,98; 95% СА [0,90–1,07]; p = 0,65. Салдарлы соңғы нүктелер арасында жүрек жеткіліксіздігінің пайда болу жиілігі (жүрек-қантамырлары құбылыстарын қамтитын композиттік біріктірілген соңғы нүктенің компоненті) амлодипин тобында хлорталидон тобымен салыстырғанда статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жоғары болды (7,7% салыстырғанда 10,2%, ҚҚ 1,38, 95% СА [1,25–1,52]; p < 0,001). Алайда, бұл ретте амлодипинмен емдеу кезінде хлорталидонмен емдеумен салыстырғанда, ҚҚ 0,96; 95% СА [0,89 1,02]; p = 0,20 барлық себептер бойынша өлім көрсеткіштерінде статистикалық маңызды айырмашылық байқалмады.
Балаларда қолдану (6 жастан асқан)
Негізінен салдарлы артериялық гипертензиясы бар 6 мен 17 жас аралығындағы 268 бала қатысқан зерттеуде 2,5 мг және 5,0 мг дозадағы амлодипинді плацебомен салыстыру кезінде екі доза да систолалық артериялық қысымды плацебоға қарағанда көбірек төмендететінін көрсеткен, бұл ретте қысымды төмендетудегі айырмашылық статистикалық маңызды болды. Амлодипиннің осы екі дозасының арасындағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды болмады.
Амлодипинмен емдеудің балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, жыныстық жетілуіне және жалпы дамуына ұзақ мерзімді әсері зерттелмеген. Бала жасында амлодипинмен емдеудің ұзақ мерзімді тиімділігі жүрек-қантамырлары ауруларының төмендеуі және ересектердегі өлім тұрғысынан анықталған жоқ.