Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки диспергируемые
Дозасы
875 мг/125 мг
Саудалық атауы
Амоксиклав QT
Әсер етуші зат
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Мақсаты
Жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР-мүшелерінің инфекциялары (жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит)
Өндіруші
Сандоз ГмбХ
Ел
Австрия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 500 мг амоксициллин (574.053 мг амоксициллин тригидраты түрінде) және 125 мг клавулан қышқылы (148.987 мг калий клавуланаты түрінде) (500 мг/125 мг доза үшін) немесе 875 мг амоксициллин (1004.592 мг амоксициллин тригидраты түрінде) және 125 мг клавулан қышқылы (148.987 мг калий клавуланаты түрінде) (875мг/125 мг доза үшін).
қосымша заттар: кросповидон, кремнийдің қостотығы, темірдің сары тотығы (Е 172), тәтті апельсинді хош иістендіргіш, сахароза, магний стеараты, кептірілген силикатталған микрокристалды целлюлоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, беткейі сарғыш-қоңыр теңбіл түсті, өлшемі шамамен 22 × 11 мм таблеткалар (500 мг/125 мг доза үшін).
Сопақша пішінді, беткейі сарғыш-қоңыр теңбіл түсті, өлшемі шамамен 25 × 13 мм таблеткалар (875 мг/125 мг доза үшін).
• жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР-мүшелерінің инфекциялары (жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит)
• төменгі тыныс жолдарының (созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония) инфекциялары
• несеп шығару жолдарының (цистит, пиелонефрит) инфекциялары
• сүйек және буындардың (оның ішінде остеомиелит) инфекциялары
• тері және жұмсақ тіндердің (ішінара флегмона, жануарлардың шағып-тістеуі, флегмона таралуы бар пародонт абсцесінің ауыр түрі, инфекцияланған жарақат) инфекциялары
Амоксиклав QT - бұл бета-лактамазаға төзімді, бактерицидтік әсер ету ауқымы кең, құрамында амоксициллин мен клавулан қышқылы бар біріктірілген антибиотик.
Амоксициллин – бұл әсер ету ауқымы кең пенициллин қатарындағы жартылай синтетикалық (бета-лактамды) антибиотик, көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді.
Амоксициллиннің бактерицидтік әсер ету механизмі бактерияның жасушалық қабырғасының пептидогликан биосинтезін тежеуден тұрады, бұл бактериялық жасушаның лизисіне және өліміне әкеледі.
Амоксициллин тұрақты бактериялар өндіретін бета-лактамазамен бұзылуына сезімтал, сондықтан бір ғана амоксициллиннің белсенділік спектрі осы ферменттерді өндіретін микроорганизмдерді қамтымайды.
Клавулан қышқылы – бұл химиялық құрылымы бойынша пенициллиндерге жақын бета-лактам, ол пенициллиндерге және цефалоспориндерге резистенттілік көрсететін микроорганизмдердің бета-лактамаза энзимдерінің белсенділігін жою қабілетіне ие, осылайша амоксициллин белсенділігінің жойылуын болдырмайды. Бета-лактамазалар көптеген грамоң және грамтеріс бактериялардан өндіріледі. Клавулан қышқылы бактериялардың амоксициллинге сезімталдығын қалпына келтіре отырып, ферменттер әсерін бөгейді. Атап айтқанда, ол плазмидтік бета-лактамазаларға қатысты жоғары белсенділікке ие, олармен көбінесе дәрілік резистенттілік байланысты, бірақ 1 типті хромосомалық бета-лактамазаларға қатысты тиімділігі төмен.
Клавулан қышқылының құрамында Амоксиклав QT болуы амоксициллинді бета-лактамазаның бұзатын әсерінен қорғайды және оған әдетте басқа пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді микроорганизмдерді қоса отырып, бактерияға қарсы белсенділік ауқымын кеңейтеді. Клавулан қышқылы монопрепарат түрінде клиникалық тұрғыдан маңызды бактерияға қарсы әсер етпейді.
Резистенттіліктің даму механизмі
Амоксиклавқа QT резистенттіліктің дамуының 2 механизмі бар:
- B, C, D кластарын қоса, клавулан қышқылының әсеріне сезімтал емес бактериялық бета-лактамазалармен белсенділігін жою
- пенициллин-байланыстырушы ақуыздың деформациясы, бұл антибиотиктің микроорганизмге қатысты аффинділігінің төмендеуіне әкеледі
Бактериялық қабырғаның өткізбеушілігі, сондай-ақ помпа механизмдері, әсіресе грамтеріс микроорганизмдерде резистенттілік тудыруы немесе дамуына ықпал етуі мүмкін.
Амоксиклавқа QT сезімталдық географиялық орналасуы мен уақытынан ауытқуы мүмкін. Препаратты тағайындау алдында мүмкіндігінше штаммдардың сезімталдығын, әсіресе ауыр инфекциялар жағдайында жергілікті деректерге сәйкес бағалау қажет.
Бақылау нүктелері
Амоксициллин / клавулан қышқылы үшін MIC тоқтау нүктесі еуропаның микробқа қарсы сезімталдықты тестілеу комитетіне (EUCAST) сай келеді.
Организм — Сезімталдықты тексеру нүктесі (мкг / мл)
сезімтал — аралық — резистентті
Haemophilus influenzae 1 — ≤ 1 — - — > 1
Катаральді моракселла 1 — ≤ 1 — - — > 1
Алтын түстес стафилококк 2 — ≤ 2 — - — > 2
Коагулазонегативті стафилококктар 2 — ≤ 0,25 — > 0,25
Энтерококк 1 — ≤ 4 — 8 — > 8
Стрептококк A, B, C, G 5 — ≤ 0,25 — - — > 0,25
Streptococcus pneumoniae 3 — ≤ 0,5 — 1-2 — > 2
Enterobacteriaceae 1,4 — - — - — > 8
Грамтеріс Анаэробтар 1 — ≤ 4 — 8 — > 8
Грамоң Анаэробы 1 — ≤ 4 — 8 — > 8
Түрлермен байланысты емес тексеру нүктелері 1 — ≤ 2 — 4-8 — > 8
1 Көрсетілген мәндер амоксициллин концентрациясына жатады. Сезімталдықты тестілеу мақсатында клавулан қышқылының концентрациясы 2 мг / л деңгейінде тіркелді. 2 Көрсетілген мәндер оксациллиннің концентрациясын білдіреді. 3 Кестедегі бақылау нүктелерінің мәндері ампициллиннің бақылау нүктелеріне негізделген. 4 Тұрақтылықтың ажырау нүктесі R > 8 мг / л резистенттілік механизмдері бар барлық изоляттар тұрақты болып табылатындығына кепілдік береді. 5 Кестедегі бақылау нүктелерінің мәндері бензилпенициллиннің бақылау нүктелеріне негізделген.
Сезімталдығы жоғары қоздырғыштар
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecalis
Gardnerella vaginalis
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) £
Streptococcus agalactiae
Streptococcus pneumoniae1
Streptococcus pyogenes және басқа бета-гемолиздік стрептококктар
Streptococcus viridans тобы
Грамтеріс аэробтар
Capnocytophaga spp.
Eikenella corrodens
Haemophilus influenzae2
Moraxella catarrhalis
Pasteurella multocida
Анаэробты микроорганизмдер
Bacteroides fragilis
Fusobacterium nucleatum
Prevotella spp.
Резистенттілігі жүре пайда болуы ықтимал микроорганизмдер
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecium*
Грамтеріс аэробтар
Escherichia coli
Klebsiella oxytoca
Klebsiella pneumonia
Proteus mirabilis
Proteus vulgaris
Табиғи резистентті микроорганизмдер:
Грамтеріс аэробтар
Acinetobacter spp.
Citrobacter freundii
Enterobacter spp.
Legionella pneumophila
Morganella morganii
Providencia spp.
Pseudomonas spp.
Serratia spp.
Stenotrophomonas maltophilia
Өзгелері:
Chlamydophila pneumoniae
Chlamydophila psittaci
Coxiella burnetti
Mycoplasma pneumoniae.
£ Барлық метициллин-төзімді Staphylococcus амоксициллинге/ клавулан қышқылына резистентті болып табылады.
1 Амоксиклав QT бұл формасы, пенициллинге төзімді Streptococcus pneumoniae, емдеуге жарамсыз болуы ықтимал («Айрықша нұсқаулар» бөл.қ.).
2 Сезімталдығы төмендеген штаммдар туралы Еуроодақтың кейбір елдерінде 10% - дан астам жиілікпен хабарланған.
* Жүре пайда болған резистенттілік болмаған кездегі орташа табиғи сезімталдық
Дозалау режимі
Дозалар амоксициллин/ клавулан қышқылының мөлшерін ескере отырып есептеледі. Жекелеген инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав QT препаратының дозасын таңдағанда мыналарды ескеру керек:
• қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын
• инфекцияның ауырлық дәрежесін және орналасуын
• төменде көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын.
Сондай-ақ амоксициллиннің анағұрлым жоғары дозаларын қолдану және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылын әр түрлі арақатынаста тағайындау сияқты Амоксиклав QT препаратын қолданудың басқа тәсілдерін ескеру қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Ересектер және 12 жастан үлкен балалар (немесе дене салмағы ≥ 40 кг):
Амоксиклав® QT 500 мг/125 мг тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан қолданылады.
Дене салмағы 40 кг төмен балалар: 20мг/5мг/кг/күн – 60мг/15мг/кг/күн,
үш бөлінген доза түрінде.
Амоксиклав® QT 875 мг/125 мг тәулігіне екі рет қолдану ұсынылады.
Ауыр инфекцияларда (әсіресе ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциясы және несеп жолдарының инфекциясы сияқты инфекциялар үшін) тәулігіне үш рет қолданылады.
12 жасқа дейінгі балаларға – ішке қабылдауға арналған педиатриялық формада (суспензиялар, таблеткалар).
Дене салмағы 40 кг аз балаларға 25 мг/3,6мг/кг/күн – 45мг/6,4мг/кг/күн, екі бөліп қабылдауға тағайындау ұсынылады. Дозалары 70 мг/10мг/кг/күн аспауы тиіс, ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының инфекциясы сияқты инфекцияларда екі бөліп қабылдауға тағайындалады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері бар пациенттерде амоксициллин/клавулан қышқылын сақтықпен қолдану керек. Сақтықпен дозалаңыз және бауырдың жұмысын үнемі бақылаңыз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Амоксиклав QT 875 мг/125 мг:
Креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттерде ұсынылмайды.
Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин артық пациенттерге препаратты тағайындағанда дозаны түзету талап етілмейді. Дозаны түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылған деңгейін ескере отырып орындалады.
Креатинин деңгейінің көрсеткіші 30мл/мин кем пациенттерде амоксициллин мен клавулан қышқылын 875 мг/125 мг дозада қолдану ұсынылмайды, өйткені дозалауды түзету бойынша қандай да бір нұсқаулар жоқ.
Креатинин клиренсі 30 мл/мин астам пациенттерге доза түзету талап етілмейді.
Ересектер және дене салмағы ≥ 40 кг балалар
Креатинин клиренсі: 10 – 30 мл/мин — 500 мг/125 мг күніне екі рет
Креатинин клиренсі: < 10 мл/мин — 500 мг/125 мг күніне бір рет
Гемодиализ: — 500 мг/125 мг әрбір 24 сағатта, плюс 500 мг/125 мг диализ кезінде, диализ соңында қайталаумен (сарысуда амоксициллин, және клавулан қышқылының концентрациясы төмендегенде)
Дене салмағы < 40 кг балалар
Креатинин клиренсі: 10 – 30 мл/мин — Күніне 15мг/3,75мг/кг екі рет (ең жоғарысы 500 мг/125 мг күніне екі рет)
Креатинин клиренсі: < 10 мл/мин — Тәулігіне 15мг/3,75мг/кг бір реттік доза ретінде (ең жоғарысы 500 мг/125 мг)
Гемодиализ: — Тәулігіне 15 мг/3,75 мг/кг бір рет күніне. Гемодиализ алдында 15мг/3,75мг/кг. Қан айналымындағы дәрінің деңгейін қалпына келтіру үшін, әрбір кг-ға 15мг/3,75мг гемодиализден кейін қолданылуы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету керек емес.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы науқастың реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) анағұрлым ұзақ емдеу кезеңін талап етеді. Ең ұзақ емдеу уақыты 14 күннен аспауы тиіс.
Қолдану тәсілі
Таблеткаларды жарты стақан суда (кем дегенде 50 мл су) еріту және мұқият араластыру керек, содан соң ішеді немесе таблеткаларды ауызда толық ерігенше ұстайды және содан кейін жұтады. АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлер даму қаупін төмендету мақсатында препаратты тамақ ішудің басында қабылдау керек.
• амоксициллинге, клавулан қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• пенициллиндер және цефалоспориндер сияқты басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық
• анамнезінде амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдауда сарғаю немесе бауыр дисфункциясы болуы
• 12 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 40 кг төмен)
• фенилкетонурия (фенилаланиннің көзі ретінде препараттың құрамында аспартамның болуына байланысты)
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Өте жиі
- диарея
Жиі
- теріні және шырышты қабықтарды зақымдайтын кандидоз
- жүрек айнуы
- құсу
Жиі емес
- бас айналуы, бас ауыруы
- астың қорытылмауы
- АСТ және/немесе АЛТ деңгейінің жоғарылауы
- терідегі бөртпе, қышыну, есекжем,
Сирек
- реверсивті лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения
- мультиформалы эритема
Өте сирек
- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік заттарға реакция (DRESS-синдром)
Белгісіз
- сезімтал емес организмдердің қатты көбеюі
- реверсивті агранулоцитоз, гемолиздік анемия, қан кету уақытының
және протромбиндік уақыттың артуы
- Квинке ісінуі, анафилаксия, сарысуға ұқсас синдром, аллергиялық васкулит
- Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)
- реверсивті аса жоғары белсенділік, құрысулар, асептикалық менингит
- антибиотиктер қолдану нәтижесіндегі колит, қара «түкті» тіл
- дәрілік препаратпен индукцияланған энтероколит синдромы, жедел панкреатит
- гепатит, холестаздық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллезді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
- интерстициялық нефрит
- тұзды несепті диатез
- кристаллурия (соның ішінде бүйректің жедел зақымдануы)
- асептикалық менингит
- IgA-тәуелді желілі дерматоз (ортасында қыртыстары бар шеңбер түрінде немесе інжу тізбегі түрінде орналасқан везикулалары бар бөртпе)
- дәрілік заттардан туындаған симметриялы интертригинозды және бүгілмелі экзантема (SDRIFE) (Бабуин синдромы)
Назар аудару керек жағдайлар:
Аллергиялық реакциялар:
- тері бөртпесі
- қан тамырларының қабынуы (васкулит), ол теріде қызыл немесе күлгін түсті бөртпелер түрінде көрінуі мүмкін, бірақ дененің басқа бөліктеріне әсер етуі мүмкін.
- қызба, буындардың ауыруы, мойында, қолтық немесе шап аймағындағы бездердің ісінуі
- тыныс алудың қиындауын туындататын кейде беттің немесе тамақтың ісінуі (ангионевроздық ісіну)
- коллапс
- аллергия тудырған миокард инфарктісінің (Коунис синдромы) симптомы болуы мүмкін аллергиялық реакцияларға байланысты кеудедегі ауырсыну
Осы симптомдардың кез келгенін байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз. Амоксиклав® QT қабылдауды тоқтатыңыз.
Тоқ ішектің қабынуы
• Әдетте қанмен және шырышпен араласқан сулы диареяны, іштің ауырсынуын және/немесе қызбаны тудыратын тоқ ішектің қабынуы.
Ұйқы безінің жедел қабынуы (жедел панкреатит)
• Асқазан аймағында қатты және тұрақты ауырсыну болса, бұл жедел панкреатиттің белгісі болуы мүмкін.
Дәрілік препаратпен индукцияланған энтероколит синдромы (DIES):
• DIES жағдайлары негізінен амоксициллин/клавуланат қабылдаған балаларда тіркелді. Бұл қайталанатын құсу жетекші симптомы болып табылатын аллергиялық реакцияның бір түрі (препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан кейін).
Басқа симптомдарға іштің ауыруы, енжарлық, диарея және төмен қан қысымы кіруі мүмкін.
Егер сізде осы симптомдар пайда болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге хабарласыңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалы бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Асқазан-ішек симптомдары және су/электролитті теңгерім бұзылуы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда амоксициллин кристаллуриясы бүйрек жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе препараттың жоғары дозаларын қабылдаушы пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.
Алынған деректерге сәйкес, амоксициллин көбіне вена ішіне үлкен дозаларды енгізуде қуықтың катетерінде шөгіп қалады. Бұл жағдайда катетер өткізгіштігін ұдайы бақылау керек.
Емі
Симптоматикалық, су/электролитті теңгерімді ескере отырып. Амоксициллин/клавулан қышқылы организмнен гемодиализ көмегімен шығарылуы мүмкін.
Амоксициллин/клавулан қышқылын қолданумен ем бастар алдында пациенттердің пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамды заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары барын мұқият зерттеу керек. Өйткені анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін. Амоксициллин/клавулан қышқылына аллергиялық реакциялар туындағанда бұл препараттармен емді тоқтату және басқа альтернативті емге ауысу керек.
Егер инфекция амоксициллинге-сезімтал микроорганизмдерге төзімді болса, онда нұсқаулыққа сәйкес амоксициллин/клавулан қышқылын амоксициллинмен бірге пайдалану мүмкіндігі қарастырылу керек.
Патогендердің бета-лактамды заттарға төзімділігінің жоғары қаупінде Амоксиклавты QT қолдануға болмайды. Препаратты пенициллинге төзімді S. pneumonia емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек функциясы бұзылған және препараттың жоғары дозаларын қабылдаушы пациенттерде құрысулар туындауы мүмкін.
Инфекциялық мононуклеозде амоксициллин/клавулан қышқылын тағайындауға болмайды, өйткені амоксициллин қолдануға байланысты қызылшаға ұқсас бөртпелер пайда болуы мүмкін.
Амоксициллинмен ем уақытында бір мезгілде аллопуринол қолдану терінің аллергиялық реакциялары даму ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Препаратты ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес организмдердің шамадан тыс өсіп-өнуін туындатуы мүмкін.
Емнің басында пустуласы бар қызбалы жайылған эритема туындауы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) даму симптомы болуы мүмкін. Бұл реакцияның туындауы Амоксиклав QT препаратын қолдануды тоқтатуды талап етеді.
Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Бауыр ауруының жағдайлары негізінен еркектерде және егде жастағы пациенттерде тіркелген, препаратты ұзақ уақыт қолдануға байланысты туындауы мүмкін, балаларда айтарлықтай сирек кездесті. Әдетте белгілері мен симптомдары емді бастау кезінде немесе емнен кейін бірден туындайды, бірақ кейбір жағдайларда емді тоқтатқан соң бірнеше аптадан кейін білінуі мүмкін. Бұл симптомдар әдетте қайтымды. Бауыр аурулары асқынулары ауыр түрде болуы мүмкін, өте сирек жағдайларда өліммен аяқталады. Олар әркез дерлік бауырдың күрделі негізгі аурулары бар пациенттерде немесе бауырға әсер ететін басқа да препараттар қабылдаушы пациенттерде туындайды. Ауыр немесе жеңіл симптомдар туындататын амоксициллинді қоса, бактерияға қарсы препараттарды қолдануға байланысты колит дамуы мүмкін.
Сондықтан, препаратты антибиотиктердің кез келгенін қолдану уақытында немесе одан кейін диареядан зардап шегуші пациенттерге тағайындағанда бұл диагнозды ескерудің маңызы зор. Антибиотиктер қолдануға байланысты колит туындаған жағдайда Амоксиклав QT пайдалануды дереу тоқтату керек. Дәрігер кеңесінен кейін тиісті ем тағайындалуы керек. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарын тобын қолдануға болмайды.Ұзақ уақыт емдеуде ағзалар жүйесінің функциясын, оның ішінде бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын ұдайы бағалау ұсынылады. Қажетті антикоагуляция деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың
дозасын түзету керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге ауырлық дәрежесіне қарай доза түзету талап етіледі.
Диурезі төмендеген пациенттерде кристаллурия өте сирек, көбіне парентеральді ем уақытында анықталды. Ем уақытында туындауы мүмкін кристаллуриядан аулақ болу үшін пациентке мол сұйық ішу ұсынылады.
Қуықтың катетеризациясы бар пациенттерде катетерді ұдайы тексеру керек.
Амоксициллин қолданумен емдеу уақытында ферментативті емес әдістерді пайдалануда жалғаноң нәтиже болуы мүмкіндігінен, несепте глюкоза барлығына талдау жүргізуде глюкозооксидазаның ферментативтік әдістерін пайдалану керек.
Препаратта клавулан қышқылының болуы иммуноглобулин G және эритроциттер жарғақшасы бар альбумин және Кумбс жалғаноң талдауымен спецификалық емес байланысуына алып келуі мүмкін. Кейіннен Aspergillus инфекциясынан саулығы айғақталған, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA талдауының оң нәтижесі туралы деректер алынған. Алайда Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA талдауы нәтижесінде non-Aspergillus полисахаридтері мен полифураноздарды қолдануда айқаспалы реакциялар туралы деректер болмаған. Демек, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттердегі талдаудың оң нәтижесін сақтықпен интерпретациялау және диагностиканың басқа әдістерімен нақтылау керек.
Амоксиклав® QT препаратының құрамында гидрогенделген майсана майының қосымша заты бар, ол асқазан-ішек жолының бұзылуын және диареяны тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Амоксиклав® QT бас айналуы, құрысулар, аллергиялық реакциялар сияқты жағымсыз реакцияларды сирек жағдайларда туындатуы мүмкін. Қандай да бір қолайсыз реакциялар туындағанда көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Амоксиклав® QT дәрігер пікірі бойынша қажет деген жағдайларда болмаса, жүктілік уақытында қолдану ұсынылмайды.
Екі белсенді зат та емшек сүтіне бөлініп шығады (клавулан қышқылының бала емізуге әсер етуінің деректері жоқ). Демек, емшекпен қоректендіру кезінде іш өту және шырышты қабықтың зең инфекциялары сияқты симптомдар туындауы мүмкін, бұл жағдайларда бала емізуді тоқтату керек.
Амоксициллин/клавулан қышқылын бала емізу кезінде емдеуші дәрігер тек пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана тағайындауға болады.
Ұрық қабығы мерзімінен бұрын ажыраған әйелдерде немесе уақытынан бұрын болған босануларда амоксициллин мен клавулан қышқылының біріктірілімімен профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколит даму қаупінің артуымен астасқаны анықталды.
Пероральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагулянттар және пенициллин тобының антибиотиктері өзара әрекеттесуі туралы хабарламасыз іс жүзінде кеңінен пайдаланылады. Алайда әдебиеттердің дереккөздерінде аценокумарол немесе варфарин қабылдаған пациенттерде немесе амоксициллин курсы тағайындалған пациенттерде халықаралық қалыптасқан арақатынастың ұлғайғаны туралы анықталды. Егер препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, амоксициллинді тағайындауда және тоқтатуда протромбиндік уақытты немесе халықаралық қалыптасқан арақатынасты мұқият бақылау керек. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттардың дозалануы өзгертілуі қажет болуы мүмкін.
Метотрексат
Пенициллиндік топтың препараттары метотрексат шығарылуын азайтуы мүмкін, бұл уыттылықтың потенциалды артуын туындатады.
Пробенецид
Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын азайтады. Амоксиклавпен QT бірге пайдалану қандағы клавулан қышқылының емес, амоксициллин деңгейінің артуына алып келуі мүмкін.
Микофенолат мофетил
Микофенолат мофетил қабылдайтын пациенттер Амоксиклав QT препаратын біріктіріп қабылдағанда микофенол қышқылының белсенді метаболиттінің концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50% төмендейді. Бастапқы дозаның концентрация деңгейінің өзгеруі микофенол қышқылының жиынтық концентрациясының өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.
Аллопуринол
Амоксициллинмен емдеу кезінде аллопуринолды бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.