Әсер ету механизмі
Амоксициллин - бактериялық пептидогликанның биосинтетикалық метаболизмі үдерісінде бір немесе бірнеше ферментті (көбінесе пенициллинді байланыстыратын ақуыздар, ПБА деп атайды) тежейтін жартылай синтетикалық пенициллин (бета-лактамды антибиотик), ол бактериялар жасуша қабырғасының ажырамас құрылымдық бөлігі болып табылады. Пептидогликан синтезінің тежелуі жасуша қабырғасының әлсіреуіне әкеледі, салдары лизис және жасушалардың қырылуы болып табылады.
Амоксициллин бета-лактамазалардың ыдырауына сезімтал, олар резистентті бактериялармен өндіріледі, демек, монотерапия ретінде амоксициллиннің белсенділік спектріне осы ферменттерді өндіретін микроорганизмдер кірмейді.
Клавулан қышқылы - бұл пенициллиндермен құрылымдық байланысты бета-лактам болып табылады. Ол кейбір бета-лактамаза ферменттері белсенділігін жояды, осылайша амоксициллиннің белсенділігі жойылуын болдырмайды. Клавулан қышқылы монотерапия түрінде клиникалық пайдалы бактерияға қарсы әсер етпейді.
ФК/ФД арақатынасы
Ең аз тежегіш концентрациядан асатын дәрілік зат концентрациясының сақталу уақыты (T>MIC) амоксициллиннің тиімділігін анықтайтын негізгі фактор болып саналады.
Резистенттілік механизмдері
Амоксициллин / клавулан қышқылына төзімділіктің екі негізгі механизмі бар:
- B, C және D класын қоса, клавулан қышқылымен өздігінен тежелмейтін бактериялық бета-лактамазалармен белсенділіктің жойылуы;
- ПБА түрлендіру, бұл препараттың нысанағы бактерияға қарсы аффинділігін азайтады.
Бактериялардың өткізбейтіндігі немесе эффлюкс сорғысының механизмі бактериялардың төзімділігін тудыруы немесе оған, атап айтқанда, грам-теріс бактерияларға ықпал етуі мүмкін.
Бақылау нүктелері
Микробқа қарсы сезімталдықты анықтау жөніндегі еуропалық комитет (EUCAST) белгілеген амоксициллин / клавулан қышқылына арналған ЕТК бақылау нүктелері)
Микроорганизмдер — Сезімталдықты бақылау нүктелері (мкг/мл)
Сезімтал — Орташа сезімтал — Резистентті
Haemophilus influenzae1 — ≤1 — - — >1
Moraxella catarrhalis1 — ≤1 — - — >1
Staphylococcus aureus 2 — ≤2 — - — >2
Коагулаза-теріс стафилококктар 2 — ≤0,25 — >0,25
Enterococcus1 — ≤4 — 8 — >8
Streptococcus A, B, C, G5 — ≤0,25 — - — >0,25
Streptococcus pneumoniae3 — ≤0,5 — 1–2 — >2
Энтеробактериялар 1, 4 — - — - — >8
Грамтеріс анаэробты бактериялар 1 — ≤4 — 8 — >8
Грамоң анаэробты бактериялар 1 — ≤4 — 8 — >8
Жеке түрлерге қатысы жоқ бақылау нүктелері1 — ≤2 — 4–8 — >8
1Амоксициллин концентрациясының мәндері туралы хабарланған. Сезімталдықты сынау мақсатында клавулан қышқылының концентрациясы 2 мг/л мәнінде белгіленген. 2 Оксациллин концентрациясының мәндері туралы хабарланған. 3 Бақылау нүктелері ампициллинге арналған бақылау нүктелерінен есептеледі. 4 Резистенттіліктің бақылау нүктесі R > 8 мг / л резистенттілік механизмдері бар барлық штаммдар резистентті деп мәлімделгенін білдіреді. 5 Бақылау нүктелері бензилпенициллинге арналған бақылау нүктелерінен есептеледі.
Резистенттіліктің таралуы географиялық және уақыт өте келе жекелеген түрлер үшін өзгеруі мүмкін, сондықтан сезімталдық туралы, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеген кезде жергілікті ақпараттың болғаны жөн. Қажет болған жағдайда, егер резистенттіліктің жергілікті таралуы препараттың, ең болмағанда инфекциялардың кейбір түрлерінде пайдасы күмән туғызатын болса, сараптамалық қорытынды қажет болады.
Әдеттегі сезімтал түрлер
Грамоң аэробтар: Enterococcus faecalis, Gardnerella vaginalis, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)£, коагулазатеріс стафилококк (метициллинге сезімтал), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae1, Streptococcus pyogenes және басқа бета-гемолиздік стрептококктар, Streptococcus viridans тобы. Грамоң аэробтар: Capnocytophaga spp., Eikenella corrodens, Haemophilus influenzae2, Moraxella catarrhalis, Pasteurella multocida, Neisseria gonorrhoeae§, Actinobacillus actinomycetemcomitans. Анаэробтар: Bacteroides fragilis, Fusobacterium nucleatum, Prevotella spp.
Резистенттіліктің дамуы қиындық тудыруы мүмкін түрлер
Грамоң аэробтар: Enterococcus faecium$. Грамтеріс аэробтар: Escherichia coli, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris.
Табиғи төзімді микроорганизмдер
Грамтеріс аэробтар: Acinetobacter sp., Citrobacter freundii, Enterobacter sp., Legionella pneumophila, Morganella morganii, Providencia spp., Pseudomonas sp., Serratia sp., Stenotrophomonas maltophilia. Басқа микроорганизмдер: Chlamydophila pneumoniae, Chlamydophila psittaci, Coxiella burnetti, Mycoplasma pneumonia, Chlamydia trachomatis.
$ Жүре біткен төзімділік механизмі болмаған кезде табиғи орташа сезімталдық. £ Метициллинге төзімді барлық стафилококктар амоксициллинге/клавулан қышқылына төзімді. § Бета-лактамазалардың қатысуынсыз амоксициллинге төзімді барлық штамдар амоксициллин/клавулан қышқылы. 1 Ауруды пенициллинге төзімді Streptococcus pneumoniae туындатқан пациенттерді емдеу үшін амоксициллин/клавулан қышқылының осы дәрілік түрін қолдануға болмайды. 2 Сезімталдығы төмен штамм ЕО-ның кейбір елдерінде 10%-дан жоғары жиілікпен тіркелген.