Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для внутримышечного введения
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Ампициллин
Әсер етуші зат
Ампициллин
Мақсаты
Ампициллин дәрілік препараты ересектерде, жасөспірімдерде, балаларда, 1 айдан асқан нәрестелерде ампициллинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған бактериялық инфекцияларды емдеу…
Өндіруші
"Биохимик"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат – натрий ампициллині (ампициллинге шаққанда) 1.0 грамм
қосымша заттар: жоқ
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ. Гигроскопиялы.
Ампициллин дәрілік препараты ересектерде, жасөспірімдерде, балаларда, 1 айдан асқан нәрестелерде ампициллинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданылады. Ампициллинді әсері ауқымды спектрдегі бактерияға қарсы препараттарды (үшінші буын цефалоспориндері) бастапқы қолданғаннан кейін енгізу керек.
- асқынған жедел бактериялық синусит
- эндокардит
- пиелонефрит
- цистит
- интраабдоминальді инфекциялар
- гинекологиялық инфекциялар
- менингит (аминогликозидтермен біріктірілімде)
Бактерияға қарсы препараттарды тиісті түрде пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру керек.
Әсер ету механизмі
Ампициллиннің әсер ету механизмі транспептидазалар сияқты пенициллин-байланыстырушы ақуыздарды (ПБА) бөгеу жолымен бактерия қабырғасын және синтезін (өсу фазасында) тежеуге негізделген. Бұл бактерицидтік әсерге әкеледі.
Фармакодинамикалық/фармакокинетикалық өзара байланыстар
Тиімділігі негізінен ампициллиннің әсер етуші затының деңгейі микроорганизмдердің ең төмен тежегіш концентрациясынан (ЕТТК) жоғары күйінде қалатын уақыт кезеңіне байланысты.
Қарсыласу механизмдері
Ампициллинге төзімділік мынадай механизмдерге байланысты болуы мүмкін:
- Бета-лактамазалармен инактивация (ампициллиннің бета-лактамазаларға төмен тұрақтылығы ғана бар, сондықтан да бета-лактамазаларды түзетін бактерияларға қарсы белсенді емес. Бактериялардың кейбір түрлерінің барлық дерлік штаммдары бета-лактамазаларды түзеді. Сондықтан бұл түрлер ампициллинге табиғи түрдее төзімді (мысалы, Enterobacter cloacae, Klebsiella pneumoniae)).
- ПБА ампициллинге тектестігінің төмендігі (бұрыннан бар ПБА-ның мутация нәтижесінде модификациялануы салдарынан пневмококктар мен стрептококктардың жүре пайда болған резистенттілігі. Алайда метициллинге (оксациллинге) төзімді стафилококктар ампициллинге тектестігінің төмендігімен қосымша ПБА түзілетіндіктен төзімді болады).
- Ампициллиннің грамтеріс бактериялардың сыртқы жасушалық қабырғасы арқылы жеткіліксіз өтуі ПБА талапқа сай емес тежелуіне әкелуі мүмкін.
- Ампициллин эффлюкстік сорғылардың көмегімен жасушадан белсенді түрде шығарып тасталуы мүмкін.
Бақылау нүктелері
Ампициллин үшін ЕТТК шектік мәндерін Еуропаның микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі комитеті (EUCAST) белгіленген.
Микроорганизм — Сезімталдығы ≤ — Резистенттілігі ≥
Enterobacteriaceae — ≤ 8 мг/л — ≥ 8 мг/л
Enterococcus spp.1 — ≤ 4 мг/л — l ≥ 8 мг/л
Haemophilus influenzae — ≤ 1 мг/л — ≥ 1 мг/л
Staphlococcus sp 2 — ≤ 0.12 мг/л — ≥ 0.12 мг/л
Streptococcus A, B, C G 2 — ≤ 0.25 мг/л — ≥ 0.25 мг/л
Streptococcus pneumoniae — ≤ 0.5 мг/л — ≥ 2 мг/л
Басқа стрептококктар1 — ≤ 0.5 2 мг/л — ≥2 мг/л
Neisseria meningitidis — ≤ 0.12 мг/л — ≥ 1 мг/л
Грамтеріс анаэробтар — ≤ 0.5 мг/л — ≥ 2 мг/л
Грамоң анаэробтар — ≤ 4 мг/л — ≥ 8 мг/л
Түрге спецификалық емес резистенттілік — ≤ 2 мг/л — ≥ 8 мг/л
Listeria monocytogenes — ≤ 1 мг/л — ≤ 1 мг/л
1 Эндокардит кезінде эндокардит бойынша ұлттық немесе халықаралық ұсынымдарды қараңыз.
бақылау нүктелері.
2 Шектік мәндері бензилпенициллин үшін шектік мәндерге негізделген.
Резистенттілік
Резистенттіліктің таралуы географиялық және уақыт тұрғысынан ауытқуы мүмкін, жекелеген жағдайлар үшін резистенттілік туралы жергілікті ақпарат болғаны дұрыс, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеген кезде. Қажет болса, резистенттіліктің жергілікті таралғандығы сондай, инфекциялық аурулардың кем дегенде кейбір типтері бойынша ампициллинді қолданудың пайдалылығы күмәнді болса, маманның кеңесіне жүгіну керек.
Әдеттегі сезімтал түрлер
Аэробтық грамоң микроорганизмдер Enterococcus faecalis Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) Streptococcus agalactiae Streptococcus pneumoniae (пенициллин-аралық штаммдарды қоса) Streptococcus pyogenes «Viridans» тобындағы стрептококктар ^ Анаэробтық микроорганизмдер Bacteroides fragilis° Fusobacterium nucleatum° Басқа микроорганизмдер Gardnerella vaginalis°
Жүре пайда болған төзімділік олар үшін проблема болуы мүмкін түрлер
Аэробтық грамоң микроорганизмдер Enterococcus faecium+ Staphylococcus aureus з Staphylococcus epidermidis+ Staphylococcus haemolyticus+ Staphylococcus hominis+ Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер Escherichia coli Haemophilus influenzae Klebsiella oxytoca Moraxella catarrhalis ∞ Neisseria gonorrhoeae Proteus mirabilis Proteus vulgaris Анаэробтық микроорганизмдер Prevotella spp.
Табиғаты бойынша резистентті микроорганизмдер
Аэробтық грамоң микроорганизмдер Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер Acinetobacter baumannii Citrobacter freundii Enterobacter cloacae Klebsiella pneumoniae Morganella morganii Pseudomonas aeruginosa Serratia marcescens Stenotrophomonas maltophilia Анаэробтық микроорганизмдер Bacteroides spp. Басқа микроорганизмдер Chlamydia spp. Chlamydophila spp. Legionella pneumophila Mycoplasma spp. Ureaplasma urealyticum
° Кесте жарияланған сәтте өзекті деректер болған жоқ. Әдебиетте, ғылыми еңбектерде және ем жөніндегі ұсынымдарда сипатталған сезімталдық болжанады.
+ Резистенттілік деңгейі кем дегенде бір аймақта 50% жоғары.
^ Streptococcus тобының гетерогенді түрлерінің жиынтық атауы. Қарсыласу коэффициенті стрептококктың түріне байланысты өзгеруі мүмкін.
∞ Соңғы деректер жоқ, зерттеулерде (5 жылдан асқан) төзімді штаммдардың үлесі ≥10% деп хабарланған.
з Резистенттілік деңгейі амбулаториялық жағдайларда <10% құрайды.
Дозалану режимі
Ампициллин дозасының деңгейі пациенттің жасына, салмағына және бүйрек функциясына, инфекцияның ауырлығы мен орналасуына, сондай-ақ аурудың болжамды немесе анықталған этиологиясына байланысты.
Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастан асқан)
Әр 4–6 сағ. 500 мг (инфекциялық аурудың ағымы ауыр болғанда тәуліктік доза 6 г дейін арттырылуы мүмкін).
Балалар
Балалардағы ауыр және орташа ауыр инфекцияларда енгізеді:
- дене салмағы 1,2–2 кг 1 айдан асқан нәрестелерге – әр 8 сағат сайын 25-50 мг/кг, дене салмағы 2 кг-ден көптерге – әр 6 сағат сайын 25-50 мг/кг енгізеді.
- 2 айлықтан 1 жасқа дейін – тәулігіне 100 мг/кг; 1-7 жастағыларға – тәулігіне 100-150 мг/кг; 7-12 жастағыларға – тәулігіне 100-200 мг/кг есебінен. Тәуліктік дозаны 4-6 енгізуге бөледі.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігінде препарат қолданылмайды
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі 30 мл/мин асатын пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Креатинин клиренсі 30 мл/мин және одан аз болатын бүйрек функциясының ауыр бұзылуларында дозаны азайту ұсынылады, өйткені ампициллиннің жинақталуы күтіледі:
- креатинин клиренсі 20-дан 30 мл/мин дейін болғанда әдеттегі дозаны ⅔ дейін азайту керек,
- креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен болғанда әдеттегі дозаны ⅓ дейін азайту керек.
Әдетте, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде 8 сағат ішінде ампициллиннің 1 г дозасынан асырмаған жөн.
Енгізу әдісі және жолы
Ампициллин бұлшықет ішіне (б/і) енгізіледі. Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндіні құтының ішіндегісіне (1,0 г) 4 мл инъекцияға арналған суды қосып ex tempore дайындайды. Ерітінділер дайындалғаннан кейін бірден пайдаланылады. Ампициллинмен емді бастар алдында осы препаратқа аса жоғары сезімталдықтың жоқ екенін білу үшін пациентке тері сынамасын жасау қажет.
Ерітінділер әрқашанда пайдаланар алдында жаңа дайындалған болуы және мөлдірлігі тексерілуі тиіс.
Инъекцияға арналған мөлдір ерітінділерді ғана пайдаланыңыз!
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты. Әдетте, ампициллинді 7-10 күн бойы қолданады, бірақ аурудың симптомдары жоғала бастағаннан кейін тағы да кемінде 2-3 күн.
Бета-гемолитикалық стрептококтардан туындаған инфекцияны емдеу үшін, кейін болатын асқынулардың (мысалы, ревматизм, гломерулонефрит) алдын алу мақсатымен қауіпсіздік тұрғысынан емдеуді кемінде 10 күнге дейін ұзарту ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы кейбір қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- ампициллинге, кез келген басқа пенициллинге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезде басқа бета-лактамды препаратқа (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) баяу типтегі ауыр аса жоғары сезімталдық реакциясы (мысалы, анафилаксия)
- анамнездегі бүйрек жеткіліксіздігі (ампициллин қолданумен байланысты)
- балалар жасы (1 айлыққа дейін)
Өте жиі
• іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, метеоризм, қалыптаспаған нәжіс, диарея
• бөртпе, экзантема, қышыну
Жиі
• таралған қызылша тәрізді бөртпе, ауыз аумағындағы экзантема және энантема
• ісіну және ауыру, оқшауланған флебит
Жиі емес
• зеңдермен немесе резистентті бактериялармен зақымдану, әсіресе ұзақ және/немесе қайталап қолданған кезде
• тромбоцитопения, анемия, агранулоцитоз, лейкопения,
эозинофилия, тромбоцитопениялық пурпура, гемолиздік анемия
• сарысу құю ауруы, аллергиялық нефрит сияқты күрелі аллергиялық реакциялар
• тамақтың ісінуі
• энтероколит, стоматит, глоссит, жалған жарғақшалы колит8 (көптеген жағдайларда Clostridium difficile-ден туындайды)
• ангионевроздық ісіну, аллергиялық васкулит, эксфолиативтік дерматит, мультиформалы экссудативті эритема, есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
• трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
• жоғары дозаларын вена ішіне енгізген кездегі кристаллурия, жедел интерстициальді нефрит
• дәрілік қызба
Сирек
• өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шок
• айналу, бас ауыруы, миоклонус және құрысулар (бүйрек жеткіліксіздігінде немесе вена ішіне өте жоғары дозаларда)
Өте сирек
• гранулоцитопения, панцитопения, қан кетудің және протромбин уақытының ұзаруы
• бүйректің жедел жеткіліксіздігі, несепте кристалдардың бөлінуімен
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
• энцефалопатия (сананың шатасуы, сананың бұзылуы, эпилепсия немесе құрысулар), атап айтқанда, артық дозаланған жағдайда немесе бүйрек жеткіліксіздігінде
• тыныс алудың қиындауы
• «қара түкті тіл» (тілдің жіп тәрізді емізікшелерінің әртүрлі айқындықтағы мүйізденуімен және гиперплазиясымен сипатталады)
• артралгия
• ысыну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Ампициллиннің көп мөлшерлерін енгізгеннен кейінгі уыттанудың типтік белгілері қазіргі уақытқа дейін байқалған жоқ. Ұзақ емдеу де спецификалық жағымсыз уытты реакциялармен байланысты.
Уытты реакциялар жүрек айнуды, құсуды, диареяны, электролиттік теңгерімнің бұзылуларын, сананың өзгеруін, команы, гемолиздік реакцияларды және ацидозды қамтуы мүмкін.
Ампициллиннің көп мөлшерін бір реттік енгізу жедел артық дозалануды туғызбайды.
Өте жоғары дозаларын енгізу олигуриялық бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі және энцефалопатия симптомдарының (сананың шатасуы, сананың бұзылуы, эпилепсия немесе құрысулар) даму қаупіне ұшыратуы мүмкін.
Емі
Артық дозалану жағдайында ампициллинді қолдануды тоқтату керек. Артық дозалану кезінде арнайы антидоты жоқ. Емі су-электролиттік теңгерімді ерекше бақылай отырып симптоматикалық шараларды қамтиды. Ампициллинді гемодиализбен шығаруға болады.
Ем кезінде зеңдік және бактериялық суперинфекциялар болуы мүмкіндігін ескеру қажет. Мұндай жағдайда дәрілік затты қабылдауды тоқтатқан дұрыс және басқа жағымды еммен ауыстыру керек. Ұзақ мерзімді пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Ампициллиннің бактерияға қарсы белсенділігінің ауқымы шектеулі. Егер қоздырғыштың сезімталдығы белгілі болмаса немесе ампициллинмен емнің жарамдылығының өте зор ықтималдығы болмаса, инфекциялардың кейбір түрлерін емдеу үшін жалғыз препарат ретінде қолдануға жарамсыз. Бұл әсіресе құрсақішілік инфекциялармен, әйелдің жыныс мүшелерінің инфекцияларымен және эндокардитпен ауыратын пациенттерді емдеуді қарастырғанда қолданылады. Ампициллинді циститті емдеу үшін тек сезімталдығы құжатпен расталғанда ғана қолдану керек.
Пенициллиндерді қабылдайтын пациенттерде күрделі, ал кейде өліммен аяқталған аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалды (анафилаксиялық реакцияларды және терінің күрделі жағымсыз реакцияларын қоса). Сондай-ақ пенициллиндерге жоғары сезімталдығы бар пациенттерде бета-лактамды бактерияға қарсы препараттармен айқаспалы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай реакциялардың туындау ықтималдығы анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде және атопиясы бар адамдарда көбірек. Аса жоғары сезімталдық реакцияларын және сарысу құю ауруы тәрізді реакцияларды антигистаминдік препараттардың және қажет болса жүйелі кортикостероидтардың көмегімен бақылауға болады. Егер мұндай реакциялар туындаса, ампициллин қабылдауды тоқтату керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар адреналинмен, оттекпен және венаішілік стероидтармен шұғыл емді қажет етеді.
Ампициллинмен емдеген кезде аллопуринолды бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Егер инфекциялық мононуклеозға күдік болса немесе пациент цитомегаловирустық инфекциядан немесе лимфолейкоздан зардап шегіп жүрсе (ампициллинді қолдануға байланысты қызылшаға ұқсас бөртпе пайда болған сәттен бастап) ампициллин тағайындаудан аулақ болу керек.
Ампициллинмен ұзақ уақыт емдегенде бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын қоса, мүшелер жүйесінің функцияларын мерзімді мониторинг қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны оның ауырлығына қарай түзету керек.
Ампициллин қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзаруы сирек байқалды. Антикоагулянттарды тағайындауда тиісінше мониторинг жүргізу қажет. Қажетті антикоагуляция деңгейін ұстап тұру үшін антикоагулянттардың пероральді дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Ампициллинмен емдеуде жалғаноң нәтиже болуы мүмкіндігіне байланысты несептегі глюкозаның бар-жоғына тест жүргізуде пайдаланылатын ферментативті әдістерді қолдануға болмайды. Ферментативті емес әдістерді қолдану арқылы сенімді нәтижелер алуға болады.
Іс жүзінде барлық бактерияға қарсы препараттарды қолданған кезде антибиотикпен астасқан колит туралы хабарланған, оның ауырлығы жеңілден өмірге қауіптіге дейін ауытқиды. Сондықтан кез келген бактерияға қарсы препаратты енгізу кезінде немесе енгізгеннен кейін диареясы бар пациенттерде осы диагнозды ескеру маңызды. Антибиотикпен астасқан колит пайда болған кезде ампициллин қолдануды дереу тоқтату, дәрігерден кеңес алу және тиісті ем тағайындау керек. Перистальтиканы бәсеңдететін препараттарды қолдану бұл жағдайда қарсы көрсетілімде.
Ампициллин препаратының құрамында натрий бар, тұзсыз диетада жүрген адамдар осыны ескергені жөн.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препарат 1 айға дейінгі балаларда қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ампициллин автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеулі ықпалын тигізуі мүмкін, атап айтқанда, энцефалопатияның даму мүмкіндігі салдарынан. Болуы мүмкін жағымсыз реакцияларды ескере отырып, емдеу кезеңінде автокөлікті жүргізгенде және зейін қоюдың жоғарылығын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа әлеуетті қауіпті әрекет түрлерімен шұғылданғанда сақтық таныту қажет.
Жүкті әйелдер туралы деректердің аздаған саны дамудағы ақауларды немесе шаранаға немесе жаңа туған нәрестеге уыттылық әсерін анықтаған жоқ.
Қажет болған жағдайда ампициллинді жүктілік кезінде, анасы үшін болжамды пайдасы шарана үшін әлеуетті қауіптен асып түсетін кезде тағайындауды қарастыруға болады.
Ампициллин емшек еміп жүрген балаларда сенсибилизацияның, диареяның немесе шырышты қабықтардың зеңдік зақымдануының ықтимал қаупімен емшек сүтіне бөлінеді. Бұл әсерлер емшек емізуді тоқтатуды қажет етуі мүмкін. Препаратты лактация (емшек емізу) кезеңінде тағайындаған кезде емшек емізуді тоқтату және егер пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін болса, қатаң көрсетілімдер бойынша ғана қолдану керек.
Ампициллинді бірге қолдану ұсынылмайды
Метотрексат
Метотрексаттың гематологиялық әсерлерінің және уыттылығының артуы (пенициллин метотрексаттың бүйректік өзекшелік сөлінісін тежейді).
Ампициллинді басқа препараттармен бір мезгілде сақтық таныта отырып қолдану қажет
Аллопуринол
Тері реакцияларының қаупі жоғарылайды.
Микофенолат мофетил
Тиімділігі төмендеуінің әлеуетті қаупімен, микофенол қышқылы концентрациясының шамамен үштен біріне азаюы.
Бактериостатикалық антибиотиктер
Ампициллинде бактериостатикалық антибиотиктерге қатысты антагонизм әсері бар, мысалы, хлорамфеникол және тетрациклин сияқтыларға.
Пробенецид
Пробенецидті бірге енгізу ампициллиннің өзекшелік сөлінісін тежейді және ампициллиннің қан сарысуы мен өттегі неғұрлым жоғары әрі неғұрлым ұзақ сақталатын концентрацияларына әкеледі.
Дигоксин
Ампициллинмен бір мезгілде қолданған кезде дигоксиннің сіңуі жоғарылауы мүмкін.
ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) теңгерімсіздігінің ерекше проблемалары
Бактерияға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерде пероральді антикоагулянттардың белсенділігі жоғарылауының көптеген жағдайлары туралы хабарланды (кумарин типтес антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдау қан кетуге бейімділікті күшейтуі мүмкін). Қауіп факторларына айқын инфекциялық немесе қабыну симптомдары, пациенттің жасы мен жалпы жай-күйі жатады. Бұл жағдайларда инфекциялық патологияны ажырату және ХҚҚ теңгерімсіздігі туындаған кезде оны емдеу қиындық келтіреді. Алайда бактерияға қарсы препараттардың кейбір кластары көбірек мәнге ие, оларға фторхинолондар, макролидтер, циклиндер, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер жатады.
Глюкозаны анықтау тесттері
Несепте ампициллиннің жоғары концентрациялары болған жағдайда несептегі глюкозаны анықтаудың ферментативтік талдауының жалған оң нәтижелері болуы мүмкін. Сондықтан глюказаға тесттер ферментативтік емес түрлеріне негізделгені жөн.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.