Бауыр функциясының бұзылуы
Метамизол қабылдаған пациенттерде бауырдың қабынуы туралы хабарланды, оның симптомдары препаратты қабылдау басталғаннан кейін бірнеше күннен бірнеше айға дейін дамыды.
Анальгинді қабылдауды тоқтатып, жүрек айну, құсу, қызба, шаршау сезімі, тәбеттің жоғалуы, несептің күңгірттенуі, ашық түсті нәжіс, терінің немесе көз ақуыздарының сарғаюы, қышыну, немесе іштің жоғарғы бөлігінің бөртпесі немесе ауыруы сияқты бауыр функциясының бұзылу симптомдары пайда болған жағдайда дәрігерге көріну керек. Дәрігер бауыр функциясын тексереді. Егер бұрын құрамында метамизол бар дәрілік препаратты қолданғанда бауыр функциясының бұзылуы дамыған болса, Анальгин қабылдауға болмайды.
Агранулоцитоз
Метамизолды қабылдаудан туындаған агранулоцитоз – бұл ұзақтығы кемінде бір апта болатын иммундық-аллергиялық сипаттағы бұзылу. Мұндай реакция өте сирек кездеседі, бірақ оның салдары ауыр және өлімге әкелуі мүмкін. Бұл дозаға тәуелді емес және емдеудің кез келген сәтінде пайда болуы мүмкін.
Пациентке нейтропенияның себебі болуы ықтимал: қызба, қалтырау, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының ойық жаралануы белгілері немесе симптомдары пайда болғанда емдеуді тоқтату және дереу дәрігерге қаралу қажеттігі туралы айтылуы керек.
Нейтропения жағдайында (< 1500 нейтрофил/мм3) емдеу дереу тоқтатылуы тиіс, шұғыл қан талдауын жасап, қалыпты жағдайға оралғанға дейін талдау жасауды жалғастыру керек.
Пантоцитопения
Панцитопения жағдайында емдеуді дереу тоқтатып, гемограмма қалпына келгенше бақылап отыру керек.
Метамизолды қабылдау кезінде жалпы дімкәстік, инфекция, тұрақты қызба, гематомалар, қан кету, бозару сияқты қанның дискразиясын тудыратын белгілер немесе симптомдар туындаған жағдайда барлық пациенттерге дереу дәрігерге қаралу ұсынылады.
Анафилаксиялық шок
Мұндай реакция негізінен сезімталдығы жоғары пациенттерде туындайды. Сондықтан демікпемен немесе атопиямен ауыратын науқастарға метамизол сақтықпен тағайындалуы тиіс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Метамизол енгізілгеннен кейін лактоидты анафия дамыған пациенттерде басқа есірткілік емес анальгетиктер енгізілгеннен кейін ұқсас реакциялар қаупі жоғары болады.
Метамизолды енгізгеннен кейін анафилаксилық немесе аллергиялық реакция (мысалы, агранулоцитоз) дамыған пациенттерде басқа пиразолондарды немесе пиразолидиндерді енгізгеннен кейін ұқсас реакциялар қаупі жоғары болады.
Анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар
Енгізу жолын таңдау кезінде парентеральді енгізумен байланысты анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялардың жоғары қаупін ескеру керек.
Мынадай пациенттерге қатысты аса сақ болу қажет, өйткені оларда метамизолды енгізгеннен кейін ауыр анафилактоидты реакциялар дамуының ерекше қаупі бар («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз):
- Бронх түйілуінің немесе салицилин, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксен сияқты ауырсынуды басатын дәрілерге басқа анафилактоидты реакцияның (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну) даму қаупі бар пациенттер.
- Бронх демікпесімен ауыратын, ол әсіресе полиптерден туындаған риносинуситпен байланысты болған пациенттер.
- Созылмалы есекжеммен ауыратын пациенттер
- Спирт (алкоголь) жақпаушылығымен зардап шегетін пациенттер, яғни кейбір сусындарда спирттің (алкогольдің) аз мөлшерде болуына жедел реакция байқалатын пациенттер. Симптомдар - бұл беттің айқын қызаруы, түшкіру, сондай-ақ көздегі бөліністер. Алкоголь жақпаушылығы ауруды басатын дәрі қабылдауға реакция ретінде бұрын диагноз қойылмаған демікпе ұстамасын тудыруы мүмкін.
- Бояғыштар (мысалы, тартразинге) немесе консерванттар (мысалы, бензоаттарға) жақпаушылығы бар пациенттер.
Метамизолды енгізер алдында науқастан егжей-тегжейлі сұрап білу керек. Анафилактоидты реакциялардың пайда болуына қатысты қауіп тобына кіретін пациенттерде метамизолды қолдану пайда/қауіп арақатынасына байланысты бағаланады. Препаратты осындай жағдайларда қолданған кезде қатаң медициналық бақылау, сондай-ақ шұғыл емдеудің қолжетімді түрлері талап етіледі.
Оқшауланған гипотензивті реакциялар
Метамизолды енгізу оқшауланған гипотензивті реакцияларға әкелуі мүмкін. Реакциялардың бұл түрінің ықтимал себебі белгілі бір пациент үшін тым көп доза болып табылады. Бұл реакциялар негізінен парентеральді енгізгеннен кейін пайда болады.
Осындай ауыр гипотензиялық реакцияларды болдырмау үшін:
- вена ішіне инъекцияларды баяу енгізу қажет;
- бұрын қан айналымы көлемінің тапшылығына немесе сусыздануға немесе қан айналымы жүйесінің тұрақсыздығына немесе қан айналымының басталған коллапсына шалдыққан науқастардың гемодинамикасын қалпына келтіру.
- температурасы жоғары пациенттерге назар аударыңыз.
Метамизолды осындай пациенттерге тағайындаған кезде препаратты енгізу қатаң медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс, ал тағайындаудың өзін мұқият пысықтап, оның қаупін бағалау керек.
Гипотензивті реакция қаупін азайту үшін қан айналымын тұрақтандыру сияқты профилактикалық шараларды қолдану қажет. Гипотония немесе қан айналымының тұрақсыздығы бар пациенттер туралы ақпарат «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінде берілген.
Терінің күрделі реакциялары
Метамизолмен емдеу кезінде Стивенс–Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді және DRESS-синдромды (дәрілік препаратқа бөртпе, эозинофилия және жүйелік симптомдары бар реакция) қоса, күрделі тері реакцияларының дамуы туралы хабарламалар алынды. Метамизолды қолдануды тоқтатыңыз және егер сіз «Жағымсыз реакциялар» бөлімінде сипатталған күрделі тері реакцияларына байланысты қандай да бір симптомдардың пайда болуын байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Егер сізде кез-келген ауыр тері реакциясы пайда болса, Анальгинмен емдеуді қайта бастамаған жөн («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).
Қан қысымының төмендеуіне жол бермеу маңызды болып табылатын пациенттерге метамизолды тек гемодинамикалық жүйенің қатаң бақылауымен тағайындау керек. Бұл ретте жүректің ауыр ишемиялық ауруы немесе миды қоректендіретін қантамырлардың стенозы бар пациенттерге қатысты сөз болып отыр.
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде метамизолдың шығарылу жылдамдығы төмендеуіне байланысты оның жоғары дозаларын қабылдаудан аулақ болу керек.
Анафилаксиялық немесе анафилактоидты шоктың алғашқы белгілері кезінде инъекцияны тоқтату мақсатында вена ішіне инъекция 1 мл/мин. аспайтын жылдамдықпен өте баяу жүргізілуі тиіс.
Анальгинді жатқан күйде өте баяу (1 мл/мин. аспайтын) және артериялық қысымды, жүрек жиырылуы және тыныс алу жиілігін тұрақты бақылау жағдайында енгізіледі.
Тым тез инъекция қан қысымының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Алдын ала тест (0,1 мл–0,2 мл енгізу және пациентті 1-2 минут бойы бақылау) жалпы дозаны енгізер алдында анафилаксиялық шок қаупін төмендетуі мүмкін.
Егер анальгин сияқты пиразол туындыларын пайдалана отырып,дәрілік терапия процесінде терінің немесе ауыздың немесе жұтқыншақтың шырышты қабығының ауыр зақымдануы байқалса, жоғары температура пайда болса және сақталса, мұндай препараттарды қабылдауды дереу тоқтату керек. Сонымен қатар, басқа ауырсынуды басатын немесе ыстықты түсіретін дәрілерді тағайындау ұсынылмайды.
Әсер ету ауқымы кең антибиотиктермен және микозға қарсы препараттармен емдеу курсы әдетте 2-ден 3 аптаға дейін созылады.
Жекелеген жағдайларда несептің қызыл түске боялуы байқалуы мүмкін, ол өздігінен қауіпсіз, өйткені бұл зиянсыз метаболит-рубазон қышқылының шығарылуына байланысты.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозаларды қабылдағаннан кейін концентрацияға қабілеттілікке және реакцияның баяулауына қолайсыз әсері байқалған жоқ. Алайда, жоғары дозалар тағайындалған жағдайда концентрацияның азаюы және реакция жылдамдығының төмендеуі салдарынан көлік құралдары мен машиналарды басқаруға ықтимал теріс әсердің алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдау қажет, бұл қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Алкогольді тұтыну жоғарыда аталған қауіптерді одан әрі арттыруы мүмкін.