Бауыр функциясының бұзылуы
Метамизол қабылдаған пациенттерде бауырдың қабынуы туралы хабарланды, оның симптомдары препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше күннен бірнеше айға дейін дамыды.
Жүрек айнуы, құсу, қызба, шаршау сезімі, тәбеттің төмендеуі, несептің қараюы, ашық түсті нәжіс, терінің немесе көздің ағының сарғаюы, қышыну, іштің жоғарғы бөлігіндегі бөртпе немесе ауырсыну сияқты бауыр функциясының бұзылуының симптомдары пайда болған жағдайда анальгинді қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Дәрігер бауырдың функциясын тексереді. Егер бұрын құрамында метамизол бар препаратты қолданғанда бауыр функциясының бұзылуы дамыған болса, Анальгин қабылдауға болмайды.
Терінің ауыр реакциялары
Метамизолмен емдеу кезінде терінің ауыр реакцияларының дамуы туралы хабарламалар алынды, оның ішінде Стивенс–Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және DRESS-синдромы (бөртпе, эозинофилия және жүйелік симптомдары бар дәрілік препаратқа реакция). Метамизолды қолдануды тоқтатыңыз және "Жағымсыз реакциялар" бөлімінде сипатталған ауыр тері реакцияларына байланысты қандай болмасын симптомдардың пайда болуын байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Егер сізде қашан болмасые терінің кез-келген ауыр реакциялары дамыған болса, Анальгинмен емдеуді жалғастырмауыңыз керек ("Жағымсыз реакциялар" бөлімін қараңыз).
Сақтықпен:
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерге метамизолдың шығарылу жылдамдығының төмендеуіне байланысты оның үлкен дозаларын қабылдаудан аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Агранулоцитоз
Метамизолды қабылдаудан туындаған агранулоцитоз - бұл ұзақтығы кемінде бір апта болатын иммундық-аллергиялық сипаттағы бұзушылық. Мұндай реакция өте сирек кездеседі, бірақ ол ауыр және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл дозаға тәуелді емес және емдеудің кез келген сәтінде пайда болуы мүмкін.
Пациентке емдеуді тоқтату туралы хабарлау және нейтропенияны көрсетуі мүмкін мынадай белгілер немесе симптомдар: қызба, қалтырау, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының ойық жаралары пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Нейтропения жағдайында (<1500 нейтрофил/мм 3) емдеуді дереу тоқтатып, оның көрсеткіштері қалыпқа келгенге дейін жалпы қан анализін бақылау керек.
Пантоцитопения
Панцитопения жағдайында емдеуді дереу тоқтатып, оның көрсеткіштері қалыпқа келгенге дейін жалпы қан анализін бақылау керек.
Метамизолды қабылдау кезінде жалпы дімкәстік, инфекциялар, тұрақты қызба, гематомалар, қан кету, бозару сияқты қанның дискразиясын тудыратын белгілер немесе симптомдар туындаған жағдайда барлық пациенттерге дереу дәрігерге қаралу ұсынылады.
Анафилаксиялық шок
Мұндай реакция негізінен сезімталдығы жоғары пациенттерде туындайды. Сондықтан метамизолды демікпемен немесе атопиямен ауыратын пациенттерге тағайындау сақтықпен жүргізілуі керек.
Метамизол қабылдағаннан кейін анафилактоидты реакциялар пайда болатын пациенттерде басқа да есірткілік емес анальгетиктер енгізілгеннен кейін ұқсас реакциялар қаупі жоғары болады.
Метамизол қабылдағаннан кейін анафилаксиялық немесе аллергиялық реакция (мысалы, агранулоцитоз) дамыған пациенттерде басқа пиразолондар немесе пиразолидиндер қабылдағаннан кейін ұқсас реакциялар қаупі жоғары болады.
Анафилаксиялық /анафилактоидты реакциялар
Енгізу тәсілін таңдау кезінде парентеральді енгізумен байланысты анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялардың жоғары даму қаупін ескеру керек.
Мынадай пациенттерге қатысты аса сақ болу қажет, өйткені оларда метамизол қабылдағаннан кейін ауыр анафилактоидтық реакциялардың дамуының ерекше қаупі бар:
- бронх түйілуінің немесе басқа да анафилактоидтық реакцияның (мысалы, есекжем, ринит, ангионевроздық ісіну) салицилаттар, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксен сияқты ауырсынуды басатын препараттарға даму қаупі бар пациенттер;
- бронх демікпесінен зардап шегетін пациенттер, әсіресе полиптерге байланысты риносинуситпен байланысты пациенттер;
- созылмалы есекжеммен ауыратын пациенттер;
- спирт (алкоголь) жақпаушылығынан зардап шегетін пациенттер, яғни кейбір сусындарда спирттің (алкогольдің) ең төмен мөлшерде болуына жедел реакциясы бар пациенттер. Симптомдары - бұл беттің қатты қызаруы, түшкіру, сондай-ақ көздің жасаурауы. Алкоголь жақпаушылығы ауыруды басатын препаратты қабылдауға реакция ретінде бұрын диагноз қойылмаған демікпе ұстамасын тудыруы мүмкін;
- бояғыштар (мысалы, тартразин) немесе консерванттар (мысалы, бензоаттар) жақпаушылығы бар пациенттер.
Метамизолды қолданар алдында пациенттен егжей-тегжейлі сұрау керек. Анафилактоидтық реакциялардың пайда болуына қатысты қауіп тобына кіретін пациенттерде метамизолды қолдану пайда/қауіп арақатынасына байланысты бағаланады. Препаратты осындай жағдайларда қолданған кезде қатаң медициналық бақылау, сондай-ақ шұғыл емдеудің қолжетімді нысандары талап етіледі.
Оқшауланған гипотензивті реакциялар:
Метамизолды қабылдау оқшауланған гипотензивті реакцияларға әкелуі мүмкін. Реакциялардың бұл түрінің ықтимал себебі белгілі бір пациент үшін тым көп доза болып табылады. Бұл реакциялар негізінен парентеральді енгізгеннен кейін пайда болады.
Осындай ауыр гипотензивті реакцияларды болдырмау үшін:
- бұрын қан айналымы көлемінің тапшылығынан немесе сусызданудан, немесе қан айналымы жүйесінің тұрақсыздығынан немесе қан айналымының басталған коллапсынан зардап шеккен пациенттердің гемодинамикасын қалпына келтіру;
- температурасы жоғары пациенттерге ерекше назар аудару.
Метамизолды осындай пациенттерге тағайындаған кезде препаратты қабылдау қатаң медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс, ал тағайындаудың өзін мұқият зерттеу және оның қаупін бағалау керек.
Гипотензивті реакция қаупін азайту үшін қан айналымын тұрақтандыру сияқты профилактикалық шараларды қолдану қажет.
Терінің ауыр реакциялары
Метамизолды қолдану кезінде Стивенс-Джонсон синдромы (SSJ) және NET уытты эпидермис некролизі сияқты жағымсыз болжамы бар тері реакцияларының жағдайлары туралы хабарланды. SSJ немесе NET симптомдары немесе белгілері пайда болған жағдайда (көбінесе күлдіреуіктермен немесе шырышты қабықтың зақымдалуымен бірге жүретін үдемелі бөртпе сияқты) емдеуді дереу тоқтату керек. Қайта емдеу курсын қайта бастамау ұсынылады.
Кез келген ықтимал тері реакцияларын анықтау үшін, әсіресе емдеудің алғашқы бірнеше аптасында мұқият бақыланатын ықтимал симптомдар мен белгілер туралы пациенттерге ескерту керек.
Қан қысымының төмендеуіне жол бермеу өте маңызды болып табылатын пациенттерге метамизолды тек гемодинамикалық жүйенің қатаң бақылауымен тағайындау керек. Бұл жүректің ауыр ишемиялық ауруы бар немесе миды қоректендіретін тамырлар стенозы бар пациенттер туралы.
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерге метамизолдың шығарылу жылдамдығының төмендеуіне байланысты оның үлкен дозаларын қабылдаудан аулақ болу керек.
Егер Анальгин сияқты пиразол туындыларын пайдалана отырып дәрілік ем үдерісінде терінің немесе ауыздың немесе жұтқыншақтың шырышты қабығының ауыр жарақаттары байқалса, жоғары температура пайда болса және сақталса, мұндай препараттарды қабылдауды дереу тоқтату керек. Сонымен қатар, басқа ауырсынуды басатын немесе ыстықты түсіретін препараттарды тағайындау ұсынылмайды. Әсер ауқымы кең антибиотиктермен және микозға қарсы препараттармен емдеу курсы әдетте 2-ден 3 аптаға дейін созылады.
Кейбір жағдайларда несептің қызыл түсі байқалуы мүмкін, ол өздігінен қауіпсіз, өйткені бұл зиянсыз метаболит-рубазон қышқылының шығарылуымен негізделген.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде метамизолды пайдалану туралы шектеулі мәліметтер бар.
Жүктіліктің бірінші триместрінде метамизол қабылдаған жүкті әйелдердің жағдайын зерттеудің жарияланған нәтижелерінің негізінде (n = 568) препараттың тератогендік немесе эмбриоуытты әсерінің белгілері анықталған жоқ. Кейбір жағдайларда метамизолдың бірінші және екінші триместрлердегі бір реттік дозалары емдеудің басқа нұсқалары болмаған кезде қолайлы болуы мүмкін. Алайда, жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде метамизолды пайдалану әдетте ұсынылмайды. Үшінші триместрде қолдану ұрықтың уыттылығымен байланысты болғандықтан (бүйрек жеткіліксіздігі және артериялық түтіктің тарылуы), метамизолды қолдану жүктіліктің үшінші триместрінде қарсы көрсетілімде. Метамизолды байқаусызда қабылдаған кезде үшінші триместр бойы ұрық айналасындағы су мен артериялық түтік ультрадыбыс және эхокардиография көмегімен бақылануы тиіс.
Метамизол плацентарлық бөгеттен өтеді.
Жануарларда метамизол тұқым өрбітуде уыттылық тудырды, бірақ тератогендік емес.
Лактация кезеңі
Метамизолдың ыдырау өнімдері ана сүті арқылы көп мөлшерде шығарылатындықтан, емшек еметін балаларға қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Атап айтқанда, бала емізу кезінде метамизолды қайта (бірнеше рет) пайдаланудан аулақ болу керек. Метамизолды бір рет қабылдаған кезде аналар емшек сүтін жинап, қабылдағаннан кейін оны 48 сағат ішінде шығарып тастау ұсынылады.
Фертильділік
Метамизолдың ерлер мен әйелдердің фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ немесе өте шектеулі көлемде болады.
Көлік құралдарын басқару және жабдықта жұмыс істеу қабілетіне әсері
Ұсынылған дозаларды қабылдағаннан кейін концентрацияға қабілеттілікке және реакцияның баяулауына қолайсыз әсер байқалған жоқ. Алайда, жоғары дозалар тағайындалған жағдайда концентрацияның азаюы және реакция жылдамдығының төмендеуі салдарынан көлік құралдары мен машиналарды басқаруға ықтимал теріс әсердің алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдау қажет, бұл қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Алкогольді ішу жоғарыда аталған қауіптерді одан әрі арттыруы мүмкін.