Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
10 мг
Саудалық атауы
Анаприлин
Әсер етуші зат
Пропранолол
Мақсаты
Артериялық гипертензияны бақылау, кернеу стенокардиясын емдеу
Өндіруші
Биосинтез
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – пропранолол гидрохлориді (анаприлин), 10,0 мг немесе 40,0 мг;
қосымша заттар: сахароза (ақ қант), кальций стеараты моногидраты, картоп крахмалы, желатин, лактоза моногидраты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек жалпақ цилиндр пішінді ойығы бар ақ түсті таблеткалар.
• артериялық гипертензияны бақылау
• кернеу стенокардиясын емдеу
• жедел миокард инфарктісінен қалпына келгеннен кейін қайталанатын инфаркттың ұзақ мерзімді профилактикасы
• аритмияның көптеген түрлерін бақылау
• бас сақинасының профилактикасы
• эссенциальді треморды емдеу
• ситуациялық үрейлену және жайылған үрейлік бұзылыс симптомдарын жеңілдету
• портальді гипертензия және өңеш веналарының варикозды кеңеюі бар пациенттерде асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінде қан кетудің профилактикасы
• тиреотоксикоз және тиреотоксикоздық криздің қосымша емі
• гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатияны емдеу
• феохромоцитоманы периоперациялық емдеу (альфа-адреноблокаторларды пайдаланумен)
Бета-адреноблокаторлар. Бета-адреноблокаторлар селективті емес. Пропранолол.
АТХ коды С07АА05
Анаприлин бета1- және бета2 адренорецепторлардың бәсекеге қабілетті антагонисті болып табылады. Ол бета-адренорецепторларға агонистік әсер етпейді, бірақ ол 1-3 мг/л-ден асатын концентрацияда жарғақшаны тұрақтандырушы белсенділікке иеленген, дегенмен бұл концентрацияларға ішке қабылдағанда сирек қол жеткізіледі. Бәсекелестік бета-блокада адамда изопреналин сияқты бета-адренорецепторлардың агонистерін қолдану кезінде доза мен жүректің жиырылу жиілігінің қисығының параллель оңға жылжуымен көрсетілді.
Пропранолол, басқа бета-адреноблокаторлар сияқты, теріс инотропты әсер етеді, сондықтан декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.
Анаприлин көптеген ұлттарда тиімді және жақсы жағымды, дегенмен қара нәсілді пациенттерде тиімділігі төмен болуы мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектер
Гипертензия
Тәулігіне 2 рет 80 мг-ден бастапқы доза тиімділігіне байланысты апталық аралықпен ұлғайтылуы мүмкін. Әдеттегі доза диапазоны тәулігіне 160-тан 320 мг - ге дейінді құрайды. Диурездік немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда қысымның қосымша төмендеуін алады.
Стенокардия, бас сақинасы және эссенциальді тремор
Тәулігіне 2-3 рет 40 мг-ден бастапқы дозаны пациенттің сезімталдығына байланысты апталық аралықпен бірдей мөлшерге арттыруға болады. Бас сақинасы мен эссенциальді тремор кезінде тиісті тиімділігі әдетте тәулігіне 80 мг–ден 160 мг-ге дейін байқалады; стенокардия кезінде-тәулігіне 120-дан 240 мг-ге дейінгі диапазонда.
Ситуациялық үрейлену және жайылған үрейлік бұзылыс
Тәулігіне 40 мг доза жедел ситуациялық үрейленудің қысқа мерзімді төмендеуін қамтамасыз етуі мүмкін. Ұзақ мерзімді емді қажет ететін жайылған үрейлік бұзылыс кезінде тиісті тиімділігіне әдетте 40 мг дозаны тәулігіне 2 рет қабылдау кезінде қол жеткізіледі, оны жекелеген жағдайларда тәулігіне 3 рет 40 мг-ге дейін арттыруға болады. Емдеуді пациенттің организмінің реакциясына байланысты жалғастыру керек. Пациенттер 6-12 ай емдеуден кейін қайта тексеруге жатады.
Аритмия, үрейлену тахикардиясы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия және тиреотоксикоз
Әдетте қажетті жауапқа тәулігіне 3-4 рет 10-нан 40 мг-ге дейінгі дозада жетеді.
Миокард инфарктісінен кейінгі ем
Емді 2-3 күн ішінде тәулігіне 4 рет 40 мг-ден бастапқы дозада бастан өткерген миокард инфарктісінен кейін 5-ші және 21-ші күн аралығында бастау керек. Содан кейін емдеуге деген ұмтылысты арттыру үшін жалпы тәуліктік дозаны тәулігіне 2 рет 80 мг-ден қабылдауға болады.
Портальді гипертензия
Дозаны тыныштықтағы жүректің жиырылу жиілігінің шамамен 25 % төмендеуіне қол жеткізгенге дейін таңдау керек. Жүректің жиырылу жиілігі тарапынан реакцияға байланысты оны тәулігіне 2 рет 80 мг-ге дейін арттыра отырып, тәулігіне 2 рет 40 мг дозадан бастау керек. Қажет болса, дозаны ең жоғарыға дейін біртіндеп арттыруға болады - тәулігіне 2 рет 160 мг.
Феохромоцитома
Тек альфа-адренорецепторлардың блокаторларымен біріктірілімде қолданады.
Операция алдында: ұсынылатын доза 3 күн ішінде тәулігіне 60 мг-ден. Операция жасалмайтын қатерлі феохромоцитома кезінде: тәулігіне 30 мг.
Егде жастағы пациенттер
Қандағы анаприлин деңгейі мен жас арасындағы өзара байланыс туралы деректер қарама-қайшы. Анаприлинді егде жастағы пациенттерді емдеу үшін сақтықпен қолдану керек. Емдеуді ең төменгі дозадан басталау керек деп болжанады. Оңтайлы дозаны клиникалық жауапқа байланысты жеке таңдау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қатерінің болуын көрсету
Анаприлин препаратымен емдеуді біртіндеп, дәрігердің қадағалауымен тоқтату қажет: кенеттен тоқтату жағдайында миокард ишемиясын күрт күшейтуі, стенокардия ұстамасын жеделдетуі, дене жүктемесіне толеранттылықты нашарлатуы мүмкін.
Тоқтатуды біртіндеп, дозасын 2 апта бойы және одан да көп уақыт төмендете отырып (дозасын әр 3-4 күн сайын 25 %-ға төмендетеді) жүргізеді.
Тиреотоксикозбен науқастарда күрт тоқтату қарсы көрсетілімді, өйткені симптоматикасын күшейту қабілеттілігі артады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препарат дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• анамнезінде бронх демікпесі немесе бронх түйілуі (Бронх түйілуін әдетте бронхолитикалық дәрілердің көмегімен тоқтатуға болады – бета2-адреномиметиктер, мысалы, салбутамол. Пропроналолды қолдану нәтижесінде бета-блокаданы жеңу үшін бронхолитикалық дәрілердің жоғары дозалары қажет болуы мүмкін - бета2-адреномиметиктер; дозаны клиникалық жауапқа байланысты жеке таңдау керек; венаішілік және ингаляциялық енгізу жолын қарастыру керек. Сондай-ақ, аминофиллинді вена ішіне енгізу және/немесе ипратропийді қолдану (небулайзер көмегімен енгізілетін) мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде глюкагонның бронхты кеңейтетін әсері (вена ішіне 1-2 мг) туралы да хабарланды. Ауыр жағдайларда оттегі немесе өкпені жасанды желдету қажет болуы мүмкін.)
• брадикардия
• кардиогендік шок
• гипотония
• метаболизмдік ацидоз
• ұзақ уақыт ашығудан кейінгі жай-күй
• шеткері артериялық қан айналымының ауыр бұзылулары
• II-III дәрежелі жүрек блокадасы
• синус түйінінің әлсіздік синдромы
• емделмеген феохромоцитома
• декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі немесе Принцметал стенокардиясы
• гипогликемияға бейімділігі бар пациенттерде, атап айтқанда, ұзақ уақыт ашыққаннан кейінгі пациенттерде немесе контррегуляция мүмкіндігі шектеулі пациенттерде қолданбаған жөн. Контррегуляция мүмкіндігі шектеулі пациенттерде гликогенолиз, глюконеогенез және/немесе инсулин секрециясының өзгеруіндегі бұзылуларды қамтитын гипогликемияға вегетативті және гормоналды реакциялардың төмендеуі байқалуы мүмкін. Гипогликемияға қанағаттанарлықсыз реакция қаупі бар топтағы пациенттерге дұрыс тамақтанбаған, ұзақ уақыт ашыққан, жүдеген, бауырдың созылмалы аурулары, диабеті бар адамдар, сондай-ақ катехоламиндерге толық реакцияны бөгейтін препараттарды қабылдайтын пациенттер жатады
• сирек туа біткен галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
Препарат әдетте жақсы жағымды. Клиникалық зерттеулерде жағымсыз құбылыстар әдетте пропранололдың фармакологиялық әсерімен байланысты болды.
Препаратпен емдеу аясында төменде көрсетілген бір немесе бірнеше жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Жиі
- ұйқының бұзылуы, шым-шытырық түстер
- брадикардия, суық аяқ-қолдар, Рейно синдромы
- шаршау және/немесе жалпы дімкәстік (жиі өтпелі)
Жиі емес
- жүрек айнуы, құсу, диарея
Сирек
- тромбоцитопения
- елестеулер, психоз, көңіл-күйдің өзгеруі, зейіннің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, парестезия
- көздің құрғауы, көру бұзылыстары
- жүрек жеткіліксіздігі кезінде жай-күйдің нашарлауы, жүрек блокадасы (жүрек өткізгіштігінің бұзылуы), естен танумен ортостатикалық гипотензия, үзік-үзік ақсақтықтың асқынуы
- бронх түйілуі бронх демікпесі бар немесе анамнезінде демікпелік шағымдары бар пациенттерде, кейде өліммен аяқталатынболуы мүмкін
- пурпура, алопеция, псориаз тәрізді тері реакциялары, псориаздың асқынуы, тері бөртпесі
- бас айналу
Өте сирек
- миастенияның жекелеген жағдайлары, синдром түрінде немесе ауыр миастенияның асқынуы
- антинуклеарлы антиденелер/антиядролық антиденелер санының артуы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
- гипогликемия: жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда, егде жастағы пациенттерде, гемодиализдегі пациенттерде, диабетке қарсы қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде, ұзақ уақыт ашыққан пациенттерде және бауырдың созылмалы ауруы бар пациенттерде гипогликемиямен байланысты құрысулар туралы хабарланды
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Пропранолол артық дозаланғанда ауыр уытты әсер ететіні белгілі. Пациенттерді артық дозалану белгілері туралы хабардар ету және пропранололдың артық дозалануы жағдайында шұғыл медициналық көмекке жүгінуді ұсыну қажет.
Симптомдары:
Жүрек тарапынан:
Брадикардия, гипотония, өкпе ісінуі, естен тану және кардиогендік шок пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ QRS-кешенінің ұзаруы, қарыншалық тахикардия, I-III дәрежелі AV блокадасы, қарыншалық фибрилляция немесе асистолия дамуы мүмкін. Жүрек-қантамыр асқынуларының дамуы басқа кардиобелсенді дәрілерді, әсіресе кальций өзекшелерінің блокаторларын, дигоксинді, циклдік антидепрессанттарды немесе нейролептиктерді қабылдау кезінде едәуір ықтимал. Егде жастағы пациенттер мен жүректің қатарлас ишемиялық ауруы бар пациенттер ауыр жүрек-қантамыр бұзылуларының дамуы бойынша қауіп бар тоқта болады.
ОЖЖ тарапынан:
Солбырлық, сананың шатасуы, құрысулар, елестеулерр, қарашықтың кеңеюі пайда болуы мүмкін, ал ауыр жағдайларда - кома. Кома немесе қарашық реакциясының болмауы сияқты неврологиялық белгілер реанимациялық шаралар кезінде сенімсіз болжамды көрсеткіштер болып табылады.
Басқа симптомдары:
Бронх түйілуі, гиперкалиемия және кейде ОЖЖ-арқылы тыныс алудың бәсеңдеуі пайда болуы мүмкін.
Емдеу: артық дозалану немесе жүректің жиырылу жиілігі немесе қысым қатер шегінде төмендеген жағдайда пропранололды қолдануды тоқтату керек. Емдеу тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету және тұрақтанғанға дейін өмірлік көрсеткіштерді мониторингілеуді қоса, жалпы симптоматикалық және демеуші шараларды қамтуы тиіс. Симптоматикалық пациенттер мен аномалиялық ЭКГ бар пациенттер үшін қарқынды терапия бөлімшесінің мамандарымен алдын ала кеңесті қарастыру керек.
Сақтықпен
• жүрек резерві жеткіліксіз
• теріс инотропты әсері бар кальций өзекшелерінің блокаторларымен (мысалы, верапамил, дилтиазем) бірге қолданғанда
• шеткері артериялық қан айналымының онша ауыр емес бұзылулары
• I дәрежелі жүрек блокадасы
• қант диабеті
• феохромоцитома
• анамнезінде аллергиялық реакциялар
• бауырдың және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі
• декомпенсацияланған циррозы
• портальді гипертензия
Арнайы ескертулер
Анаприлин, басқа бета-адреноблокаторлар сияқты:
• декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді болғанына қарамастан, жүрек жеткіліксіздігінің көріністері бақылауға алынған пациенттерде қолданылуы мүмкін. Жүрек резерві жеткіліксіз пациенттерде сақтықпен қолдану керек
• теріс инотропты әсері бар кальций өзекшелерінің блокаторларымен (мысалы, верапамил, дилтиазем) бірге қолданбаған жөн, өйткені бұл әсіресе қарыншалық функциясы бұзылған және/немесе синоатриальды (SA) немесе атриовентрикулярлық (AV) түйіннің өткізгіштігі бұзылған пациенттерде бұл әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Бұл ауыр гипотензияның, брадикардияның және жүрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін. Бета-адреноблокаторларды да, кальций өзекшелерінің блокаторларын да басқасын тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде вена ішіне енгізбеген жөн
• шеткері артериялық қан айналымының ауыр бұзылулары кезінде қарсы көрсетілімді болса да, сонымен қатар шеткері артериялық қан айналымының онша ауыр емес бұзылуларын күшейтуі мүмкін
• импульсті өткізу уақытына теріс әсер ететіндіктен, I дәрежелі жүрек блокадасы бар пациенттерге тағайындау кезінде сақ болу керек
• гипогликемияның (әсіресе тахикардия) көріністері мен симптомдарын бөгеуі/өзгертуі мүмкін. Анаприлин кейде тіпті диабеттен зардап шекпейтін пациенттерде, мысалы, жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда, егде жастағы пациенттерде, гемодиализдегі пациенттерде немесе созылмалы бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерде, сондай-ақ артық дозаланғанда гипогликемияны туындатады. Анаприлинді қолданумен байланысты ауыр гипогликемия жекелеген пациенттерде құрысулар және/немесе комамен сирек көрінеді. Диабеті бар пациенттерде Анаприлин мен гипогликемиялық дәрілерді бірге қолданғанда сақ болу керек. Анаприлин инсулинге гипогликемиялық жауапты ұзартуы мүмкін
• тиреотоксикоз белгілерін бүркемелеуі мүмкін
• емделмеген феохромоцитома кезінде қолданбаған жөн. Алайда, феохромоцитомасы бар пациенттер альфа-адреноблокаторларды бір уақытта қолдануы мүмкін
• фармакологиялық әсерінің нәтижесінде жүректің жиырылуы жиілігін төмендетеді. Сирек жағдайларда, ем қабылдап жүрген пациенттерде баяу жүрек ырғағымен байланысты симптомдар дамыған жағдайда кезде, дозаны азайтуға болады
• анамнезінде осы аллергендерге анафилаксиялық реакциялары бар пациенттер қабылдаған кезде әртүрлі аллергендерге едәуір ауыр реакция туындатуы мүмкін. Бұл пациенттер аллергиялық реакцияларды емдеу үшін қолданылатын адреналиннің әдеттегі дозаларына сезімтал емес болуы мүмкін
Бета-адреноблокаторларды күрт тоқтатудан аулақ болу керек. Дозаны 7-14 күн ішінде біртіндеп азайту керек. Тоқтату кезінде пациенттер, әсіресе жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегетін бақылауда болуы тиіс.
Егер пациентке операция жасау жоспарланған болса және бета-адреноблокаторлармен емді тоқтату туралы шешім қабылданса, бұл операциядан кемінде 24 сағат бұрын жасалуы керек. Әрбір пациент үшін бета-адреноблокаторларды тоқтатудың пайда/қауіп арақатынасын бағалау керек.
Бауыр немесе бүйректің елеулі жеткіліксіздігі бар пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі ұлғаюы мүмкін болғандықтан, емдеуді бастағанда және бастапқы дозаны таңдағанда сақ болу керек.
Анаприлинді декомпенсацияланған циррозы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Портальді гипертензиясы бар пациенттерде бауыр функциясы төмендеп, бауыр энцефалопатиясы дамуы мүмкін. Пропранололмен емдеу бауыр энцефалопатиясының даму қаупін арттыруы мүмкін деген хабарламалар келді.
Зертханалық көрсеткіштерге әсері
Анаприлин сарысулық билирубинді диазометодпен анықтауға және флуоресцентті әдістермен катехоламиндерді анықтауға кедергі келтіретіні хабарланды.
Сирек туа біткен галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдамаған жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анаприлин көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді. Дегенмен, кейде бас айналу немесе әлсіздік пайда болуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Барлық дәрілік препараттар сияқты, Анаприлинді жүктілік кезінде қолданбаған жөн, бұл өмірлік көрсетілімдер бойынша қажет жағдайларды қоспағанда. Анаприлиннің тератогендік әсерінің дәлелі жоқ. Алайда, бета-адреноблокаторлар плаценталық қан ағымын төмендетеді, бұл шарананың өліміне, түсік тастауға немесе мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін (әсіресе жаңа туған нәрестелердегі гипогликемия және брадикардия және шаранадағы брадикардия). Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестелерде жүрек және өкпе асқынуларының даму қаупі жоғары.
Бета-адреноблокаторлардың көпшілігі, әсіресе липофильді қосылыстар, әр түрлі көлемде болса да, емшек сүтіне енеді. Нәтижесінде, осы препараттарды қолданғаннан кейін емшек емізу ұсынылмайды.
Анаприлин гипогликемия кезіндегі тахикардияның түрін өзгертеді. Диабеті бар пациенттерде Анаприлин мен гипогликемиялық препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. Анаприлин инсулинге гипогликемиялық жауапты ұзартуы мүмкін.
Ризатриптан мен пропранололды бір мезгілде қолдану "концентрация-уақыт" қисығының (AUC) астындағы ауданның ұлғаюын және ризатриптанның ең жоғары концентрациясының (Cmax) шамамен 70-80 % артуын туындатуы мүмкін. Ризатриптан экспозициясының жоғарылауы моноаминоксидаза-А бәсеңдетуі есебінен бауыр арқылы бірінші өту кезінде метаболизмнің бәсеңдеуі нәтижесінде орын алады деп болжануда. Егер екі препаратты да қолдану қажет болса, ризатриптанның ұсынылатын дозасы 5 мг құрайды.
I кластың аритмияға қарсы дәрілері (мысалы, дизопирамид) және амиодарон жүрекшелердегі импульс өту уақытына потенциалды әсер етуі және теріс инотропты әсерді күшейтуі мүмкін.
Оймақгүл гликозидтері бета-адреноблокаторлармен бірге импульстің атриовентрикулярлық өткізу уақытын арттыруы мүмкін. Бета-адреноблокаторларды теріс инотропты әсері бар кальций өзекшелерінің блокаторларымен бірге қолдану (мысалы, верапамил, дилтиазем) әсіресе қарынша функциясы бұзылған және/немесе SA немесе AV бұзылулары бар пациенттерде бұл әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Бұл ауыр гипотензияның, брадикардияның және жүрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін. Бета-адреноблокаторларды да, кальций өзекшелерінің блокаторларын да басқасын тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде вена ішіне енгізбеген жөн.
Кальций өзекшелерінің дигидропиридинді блокаторларымен, мысалы, нифедипинмен бір мезгілде қолдану гипотонияның даму қаупін арттыруы мүмкін, ал латентті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жедел жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Симпатомиметиктерді, мысалы, адреналинді бір мезгілде қолдану бета-адреноблокаторлардың әсерін бейтараптандыруы мүмкін. Бета-адреноблокаторларды қабылдайтын пациенттерге құрамында адреналин бар препараттарды парентеральды енгізу кезінде сақ болу керек, өйткені сирек жағдайларда бұл қан тамырларының тарылуына, гипертензияға және брадикардияға әкелуі мүмкін.
Лидокаин инфузиясы кезінде Анаприлинді қолдану қан плазмасындағы лидокаин концентрациясының шамамен 30 % жоғарылауына әкелуі мүмкін. Анаприлинді қолданатын пациенттерде бақылау тобындағы пациенттерге қарағанда лидокаин деңгейі едәуір жоғары болады. Бұл біріктірілімді қолданудан аулақ болу керек.
Циметидинді немесе гидралазинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы пропранолол деңгейінің жоғарылауына әкеледі, сонымен қатар алкогольді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы пропранолол деңгейін жоғарылатуы мүмкін.
Бета-адреноблокаторлар клонидинді тоқтатқаннан кейін пайда болуы мүмкін рикошетті гипертонияны нашарлатуы мүмкін. Егер екі препарат бір уақытта қолданылса, бета-адреноблокаторды клинидинді тоқтатқанға дейін бірнеше күн бұрын тоқтату керек. Клонидинді бета-адреноблокаторларға ауыстырған жағдайда, бета-адреноблокаторларды енгізу клонидинді қолдануды тоқтатқаннан кейін бірнеше күнге кейінге қалдырылуы керек.
Эрготаминді, дигидроэрготаминді немесе оған ұқсас қосылыстарды Анаприлинмен бірге сақтықпен тағайындау керек, өйткені кейбір пациенттерде вазоспастикалық реакциялардың дамуы туралы хабарламалар болған.
Простагландин-синтетаза тежегіштерімен, мысалы, ибупрофен және индометацинді бір мезгілде қолдану Анаприлиннің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.
Анаприлин мен хлорпромазинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы екі дәрілік заттың деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл хлорпромазиннің психозға қарсы әсерінің күшеюіне және Анаприлиннің гипертензияға қарсы әсерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Анаприлинмен анестезияға арналған дәрілерді қолданғанда сақ болу керек. Анестезиологқа ең аз теріс инотропты әсері бар анестезиялайтын дәріні таңдау керектігі туралы ескерту керек. Анестезиялайтын дәрілер бета-адреноблокаторларды қолдану рефлекторлық тахикардияның әлсіреуіне және гипотония қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Кардиодепрессиялық әсер ететін анестезиялайтын дәрілерді қолданудан аулақ болу керек.
Фармакокинетикалық зерттеулер көрсеткендей, келесі препараттар пропранололмен пропранолол және осы препараттар метаболизміне қатысатын бауыр фермент жүйелеріне әсер ету арқылы өзара әрекеттесуі мүмкін: хинидин, пропафенон, рифампицин, теофиллин, варфарин, тиоридазин және нифедипин, низолдипин, никардипин, исрадипин және лакидипин сияқты кальций өзекшелерінің дигидропиридинді блокаторлары. Бұл қандағы кез келген препараттың концентрациясына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, клиникалық бағалау негізінде дозаны түзету қажет болуы мүмкін (сонымен қатар кальций өзекшелерінің дигидропиридинді блокаторларымен бір мезгілде қолдану туралы ақпаратты жоғарыдан қараңыз).
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.