Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Анаферон
Әсер етуші зат
Другие лекарственные препараты
Мақсаты
Кешенді терапия құрамында жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (оның ішінде тұмау) емдеу
Өндіруші
ООО «НПФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: адамның гамма интерферонына аффинді тазартылған антиденелер - 0,003 г*,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* лактоза моногидратына құрамы 10-15 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар тегіс жағында MATERIA MEDICA жазуы, басқа тегіс бетіне ANAFERON жазуы түсірілген.
Анаферон ересектерде қолдануға арналған.
• Кешенді терапия құрамында жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (оның ішінде тұмау) емдеу.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Препарат гомеопатиялық болып табылады.
Емдік қолданғанда препарат иммуномодуляциялық және вирусқа қарсы әсер етеді. Тұмау вирустарына және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялар қоздырғыштарына қатысты тәжірибелік және клиникалық тиімділігі анықталған. Препарат зақымданған тіндерде вирус концентрациясын төмендетеді, эндогенді интерферондар және олармен ілесетін цитокиндер жүйесіне әсер етеді, эндогенді "ертеректегі" интерферондардың (ИФН а/β) және гамма-интерферондардың (ИФН γ) түзілуін индукциялайды.
Гуморальді және жасушалы иммундық жауапты көтермелейді. Антиденелер өнімін (секрециялық IgA қоса) жоғарылатады, Т-эффекторлар, Т-хелперлер (Тх) функциясын белсендіреді, олардың арақатынасын қалпына келтіреді. Иммунды жауапқа қатысатын Тх және басқа жасушалардың функционалдық резервін жоғарылатады. Аралас Txl және Тх2-типті иммунды жауаптың индукторы болып саналады: Txl (ИФНγ, ИЛ-2) және Тх2 (ИЛ-4, 10) цитокиндердің өндірілуін жоғарылатады, Тх1/Тх2 белсенділігінің теңгерімін қалпына түсіреді (түрлендіреді). Фагоциттердің және табиғи киллер-жасушалардың (ТК жасушалар) қызметтік белсенділігін жоғарылатады. Антимутагенді қасиеттері бар.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеуде Анаферонның тиімділігі мен қауіпсіздігі көп орталықты салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын рандомизацияланған клиникалық зерттеу шеңберінде зерттелді. Real-timeRT-PCR әдісімен анықталатын пациенттердің назофарингиальді үлгілеріндегі респираторлық вирустардың этиологиясы келесі қоздырғыштармен: Influenza A virus, Influenza virus A+Influenza virus A/H1N1pdm2009, Influenza virus A+Influenza virus A/H1N1pdm2009+Influenza virus B±Human rhinovirus; Human rhinovirus; Human coronavirus, оның ішінде риновируспен бірге; Human parainfluenza virus; Human metapneumovirus; Human adenovirus; Human respiratory syncytial virus қоздырғыштарымен біріктірілімде анықталған.
Анаферонды қолдану ЖРВИ ұзақтығын қысқартуға әкеледі: емдеу аясында ЖРВИ барлық симптомдары қайтқанға дейінгі уақыт орташа 4,1 тәулікті құрайды, бұл плацебо-еммен салыстырғанда айтарлықтай аз. Анаферон препаратының ең жоғары тиімділігі респираторлық инфекцияның вирустық этиологиясы real-time RT-PCR әдісімен верификацияланған пациенттерде көрсетілген; Анаферонды қабылдау ауру ағымының ұзақтығын орташа бір тәулікке қысқартады. 5 күндік курс ішінде ЖРВИ-дан сауыққан пациенттердің үлесі плацебо-еммен салыстырғанда айтарлықтай көп. ЖРВИ диагнозы верификацияланған пациенттердің жартысынан көбі Анаферонмен емдегенде 4-ші күні сауыққан, бұл плацебо-еммен салыстырғанда 2 есеге көп.
Зерттеуде зерттелетін препаратпен белгілі бір байланысы бар бірде-бір жағымсыз реакция (НР) байқалған жоқ. Анаферонмен емдеу аясында жағымсыз құбылыстардың жиілігі плацебоны қолдану аясында ЖР жиілігімен ерекшеленбеді. Анаферон препаратының әр түрлі классты дәрілік заттармен жағымсыз өзара байланысу жағдайлары тіркелген жоқ. Препаратпен емдеу пациенттерге жақсы әсер етті және комплаенттілік көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне ие болды.
Дозалау режимі
Сызығы таблетканы бөліктерге бөлуге арналмаған.
Ішке, бірақ тамақ ішу кезінде емес. Таблетканы толық ерігенше ауызда ұстай тұру керек.
Емдеудің 1-ші күні 8 таблетканы мынадай сызба бойынша қабылдайды: бірінші 2 сағатта әрбір 30 минут сайын 1 таблеткадан (2 сағат ішінде барлығы 5 таблеткадан), содан кейін осы күн ішінде тең уақыт аралығында тағы да 1 таблеткадан 3 рет қабылдайды. 2-ші күні және одан әрі толық сауыққанға дейін күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды.
Препаратпен емдеудің үшінші күні жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жақсармаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезінде қажетті шаралар
Препараттың дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және басталған сызба бойынша препаратты қабылдау курсын жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу керек.
– әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;
– 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.
Препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін постмаркетингтік бақылау негізінде анықтау мүмкін емес.
Егер препарат қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар туындаса, қабылдауды тоқтатып және дәрігерге жүгіну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозаланған кезде препараттың құрамына кіретін қосымша заттарға байланысты диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея) болуы мүмкін. Емі препаратты қабылдауды тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау болып табылады, мысалы, пероральді регидратация (көп сұйықтық ішу).
Егер сізде кейбір қанттарға жақпаушылығы болса, осы препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Анаферон препараты балаларда қолдануға арналмаған. Балалар мен 18 жасқа толмаған адамдарға балаларға арналған Анаферон препаратын қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анаферон препаратының көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпалы байқалмады.
Анаферонды жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Препаратты қабылдау қажет болғанда «қауіп/пайда» арақатынасын ескерген жөн.
Осы уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген.
Қажет болғанда препаратты вирустарға қарсы, бактерияларға қарсы және симптоматикалық басқа дәрілермен бірге қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.