Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Пастилки для рассасывания со вкусом лимона
Саудалық атауы
Ангал®
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Стоматит және гингивит сияқты ауыз қуысының шырышты қабығының, сондай-ақ фарингитті қоса, жұтқыншақтың инфекциялық қабынуын емдеу
Өндіруші
Квалифар Н.В./С.А.
Ел
Бельгия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сәл теңбілдеу, лимон дәмі бар пастилкалар. Диаметрі 15.8-ден 16.2 мм дейін, қалыңдығы 4.9-дан 5.3 мм дейін.
Ангал® пастилкалары микробқа қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді, сондықтан оларды келесі жағдайларда жергілікті қолдану ұсынылады:
- стоматит және гингивит сияқты ауыз қуысының шырышты қабығының, сондай-ақ фарингитті қоса, жұтқыншақтың инфекциялық қабынуын емдеу
- ауыз шырышты қабығының қабыну ауыруын басу
- ауырсынулы жұтыну мен тітіркенуді қоса, тамақ ауыруы симптомдарын жеңілдету
Ангал® тамақ ауыруын азайту және ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық қабынуын емдеу үшін қосымша дәрілік зат ретінде қолданылады.
Ангал® пастилкалары ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан асқан балаларға арналған.
Әсер ету механизмі
Ангал препаратының жергілікті жансыздандыратын немесе ауыруды басатын және бактерияға қарсы әсері бар. Препарат жұтқыншақ қабынуын азайтып, тамақтың ауырлау бактериялық инфекцияларының даму мүмкіндігін төмендете отырып, тітіркенген және жұтынған кездегі ауыруды жеңілдетеді.
Лидокаин гидрохлориді шеткері жергілікті әсер ететін амид типті анестетик түрінде болады. Ол қолданылған жердегі жүйке импульсінің өтуін бөгемей, беткейлік жансыздандыратын әсер көрсетеді. Анестезия беткейлік болып табылады және шырыш астындағы құрылымдарға таралмайды.
Дене температурасының жоғарылауымен бірге жүретін бактериялық инфекцияларда Ангал тамақтың ауырғанын азайтуға арналған қосымша дәрілік зат ретінде қолданылады. Хлоргексидин бактерияларға қарсы әсер ететін бис-бигуанидтік антисептик болып табылады. Дерматофиттер мен зеңдерге қатысты микозға қарсы әсері бар. Ол кейбір липофильді вирустардың (мысалы тұмау вирусы, герпес вирусы, АИТВ) инфекциялық белсенділігін жылдам бөгейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Жергілікті анестетик ретінде, лидокаин осы топтың басқа да препараттары сияқты әсер ету механизміне ие болады; ол сезімтал, қозғалтқыш және вегетативтік жүйке талшықтарында генерацияны және жүйке импульстерінің өтуін бөгейді. Ол жасушалар жарғақшаларына тікелей ықпалын тигізіп, натрий иондарының жарғақша арқылы жүйке талшықтарына түсуін тежейді. Жансыздандырғыш әсерінің үдемелі таралуына орай, шеткері жүйкелерде электрлі қозу шегі артады, жүйке импульсінің өтуі баяулайды, ал әсер ету қуатының жаңғыруы әлсірейді, бұл түпкілікті нәтижеде жүйке импульсінің толық бөгелуіне әкеп соғады. Жалпы алғанда, жергілікті анестетиктер вегетативтік жүйкелерді, миелинизацияға ұшырамаған (ауыруды сезіну) ұсақ және миелинизацияға ұшыраған (ауыру, температураны сезіну) ұсақ талшықтарды, миелинизацияға ұшыраған ірі талшықтарға (жанасу, қысылу сезімі) қарағанда, тезірек бөгейді.
Молекулалық деңгейде лидокаин белсенді емес жағдайдағы натрий ион өзектерін спецификалық бөгейді, бұл әсер ету қуатының өндірілуін кедергілеп, лидокаинді жүйкеге жақын жергілікті пайдаланғанда жүйке импульсінің өтуін болдырмайды.
Лидокаинді жергілікті ауыруды басатын дәрі ретінде пайдаланғанда шеткері жүйкелерге әсері маңызды болып табылады. Тиімділігі мен уыттылығы арасындағы арақатынас қолайлы болып табылады. Лидокаин туындатқан аллергиялық реакциялар өте сирек байқалады.
Бұдан басқа, шеткері жүйкелер өткізгіштігі бөгелген кезде жергілікті ауыруды басатын дәрілер өткізгіштік импульсі пайда болатын барлық ағзаларға ықпалын тигізеді. Орталық жүйке жүйесіне, автономды ганглийлерге, жүйке-бұлшықет қосылысына және бұлшықет талшықтарының барлық түрлеріне әсері байқалды. Лидокаин сондай-ақ аритмияға қарсы Ib класына жататын препарат болып табылады.
Хлоргексидин грамоң (мысалы, Micrococcus sp., Staphylococcus sp., Bacillus sp., Clostridium sp., Corinebacterium sp.) және аз дәрежеде грамтеріс микроорганизмдерге, көбіне вегетативті түрлеріне (ол бактериялық спораларға қатысты бөлме температурасында тиімсіз) бактерияларға қарсы әсер етеді.
Препарат бактериостатик ретінде төмен концентрацияларда әсер етеді, ал жоғары концентрацияларда бактерицидтік әсер көрсетеді.
Хлоргексидинде күшті оң заряд болады, осылайша, ол бактериялық жасуша қабырғасының теріс зарядталған бөліктерінде және жасушадан тыс құрылымдарда сіңіріледі. Сіңірілуі спецификалық және құрамында фосфаттары бар бактериялық жасуша қабырғасының тиісті бөліктерінде шоғырланады. Бұл жасушалық жарғақша тұтастығын бұзады және оның өткізгіштігінің артуына әкеледі.
Хлоргексидин тістердің беткейінде, тіс өңезінде немесе ауыздың шырышты қабығында сіңіріледі, бұл оның ауыз қуысында ұзақ болуына байланысты.
Антисептиктердің және дезинфекциялайтын заттардың тиімділігі концентрацияға, температураға және әсер ету уақытына байланысты.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: күніне 6-дан 10 пастилкаға дейін. Пастилкаларды әр 2,5-4 сағат сайын ауызда баяу сору керек.
Ересек адам үшін ең жоғары бір реттік доза-5 мг хлоргексидин (дене салмағының 0,08 мг/кг) және 1 мг лидокаинді (дене салмағының 0,02 мг/кг) құрайды, бұл бір пастилкаға сәйкес келеді.
Хлоргексидиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 50 мг, ал лидокаиндікі – 10 мг құрайды.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3-тен 5 пастилкаға дейін.
Пастилкаларды әр 5-8 сағат сайын ауызда баяу сору керек. Ұсынылатын доза ересектер үшін дозаның жартысын құрайды. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда хлоргексидиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 25 мг құрайды, ал лидокаиннің ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг құрайды, бұл 5 пастилка санына сәйкес келеді.
Ангал® пастилкалары әдетте тіс пасталарының құрамына кіретін кейбір заттармен үйлеспейді. Демек, Ангал® пастилкалары мен тіс пастасын қолдану арасындағы уақыт аралығы 30 минуттан кем болмауы тиіс.
Пастилкаларды тікелей тамақтанудан кейін немесе тамақтану кезінде қолдануға болмайды.
Препаратты 3-4 күннен артық үздіксіз және тым жиі пайдалануға болмайды. Егер осы дәрілік затты қолданған кезде пациенттің жағдайы жақсармаса немесе оның бактериялық инфекциясы дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін болса, қосымша инфекцияны да емдеу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Пастилкалар ауыз қуысында соруға арналған. Бір пастилка біртіндеп ауызда еріп, белсенді заттар баяу және біртіндеп босап шығып, лидокаинге байланысты жергілікті анестезиялық әсер көрсетеді, әсері – 2-5 минуттан кейін тез дамиды және 30-45 минутқа созылады.
Оның құрамында сахароза жоқ болғандықтан, препаратты қант диабеті бар пациенттерге қолдануға болады.
Дәрі қабылдағаннан кейін кем дегенде бір сағат бойы тамақ ішу немесе сусындарды ішу ұсынылмайды. Оңтайлы әсер ету үшін дәріні тістеріңізді тазалаудан бұрын немесе кейін қабылдау ұсынылмайды.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- фенилкетонурия
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
- 6 жастан кіші балалар
- жүктілік және лактация кезеңі (Арнайы ескертулер бөлімді қараңыз)
Жергілікті, шектеулі уақыт ішінде ауыз қуысында және жұтқыншақ аумағында препараттың ұсынылған дозасын қадағалаумен пайдаланғанда препарат дозасы жақсы көтерімді.
Жиі
- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары
- жүрек айнуы, құсу, іш аумағының ауыруы
Сирек
- анафилаксиялық шокты қоса, ауыр аллергиялық реакциялар
- жанаспалы дерматит
Өте сирек
- есекжем
Белгісіз
- метгемоглобинемия
- кешеуілдеген аллергиялық реакция (жанаспалы аллергия, фотосенсибилизация) немесе терідегі немесе тістегі басқа да жергілікті реакциялар
- үрейлену, қозу, эйфория
- ұйқышылдық, бас айналуы, бағдардан адасу, сананың шатасуы, (шатасып сөйлеуді қоса), вертиго, тремор, психоз, күйгелектік, парестезия, ұю, құрысулар, естен тану, кома
- жинақтап көре алмау және көзге қос көрінуді қоса, көрудің бұзылуы
- құлақтағы шуыл
- демікпе, ентігу, тыныс алудың жедел жеткіліксіздігі синдромы, тыныс алудың бәсеңдеуі, тыныстың тоқтауы
- жұтудың қиындауы, ауыз қуысының шырышты қабығындағы ойық жара
- тері шырышты қабығының қабыршықтануы, құлақ маңы бездерінің ісінуі - бұлшықет құрысулары немесе тремор
- жалпы әлсіздік, дәм сезудің уақытша бұрмалануы немесе тілдің ашуын сезіну, ысынуды сезіну немесе тоңу
Хлоргексидинді ауыз қуысында ұзақ және үздіксіз қолданғанда тістердің уақытша қоңыр түске боялуы пайда болуы мүмкін. Алайда бұл өңезденуді жоюға болады. Препаратты жұтқыншақ аумағында қолданғанда тістің түссіздену жағдайлары туралы сипатталмаған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары:
- орталық жүйке жүйесінің бұзылуы: бас ауыруы, елестеулер, бас айналуы, ұйқышылдық, қозу, құлақтағы шуыл, парестезиялар, дизартрия, естудің бұзылуы, периоральді ұю, метаболизмдік ацидоз, нистагм, бұлшықет дірілі, психоздар, құрысулар, тыныстың тоқтауы, эпилепсиялық кома, сана деңгейінің төмендеуі;
- жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері: жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі, ауыр брадикардия, жүрек ырғағы бұзылуы (синустық түйін тоқтап қалуы, тахиаритмия), жүрек тоқтауы: құсу, жұтқыншақ ісінуі, өңештің некроздық зақымдануы, қан сарысуындағы аминотрансферазалар концентрациясының артуы, белсенді атрофиялық гастрит аясында асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабығының эрозиясы, эйфория, көрудің бұзылуы және дәм сезудің толық жойылуы.
Препаратты тиісті түрде және пастилкадағы концентрацияларда қолданғанда лидокаиннің жүйелі әсерінің қаупі өте төмен және препаратты қолдану режимінің күрделі бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.
Емі:
- препарат қабылдауды дереу тоқтату, анионды заттар енгізген жөн
- асқазанды шаю және асқазан ішіндегісін аспирациялау, құстыру
- тыныс алу функциясын қамтамасыз ету, сусыздануды болдырмау және қан айналымын демеп тұру мақсатында ауруханаға жатқызу
- құрысуларда диазепам тағайындалады.
Ангал® препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінен немесе бауыр функциясы бұзылуынан зардап шегетін, сондай-ақ лидокаин аналогтарын (1 В класты аритмияға қарсы дәрілер) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге препарат тағайындалған кезде, лидокаиннің уыттылық әсерінің күшею қауіптілігіне орай, сақ болу қажет.
Аллергиялық реакциялар туындауына бейім пациенттерге бұл дәрілік затты қолдануда сақ болу керек.
Препаратты үздіксіз, 3-4 күннен ұзақ, немесе тым жиі қолдануға болмайды. Препаратты тек қабыну туындатқан ауыру және тамақтағы тітіркену симптомдарын жеңілдету қажеттілігі үшін ғана пайдалану қажет.
Препарат құрамында сорбитол бар, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препарат құрамында фенилаланиннің көзі саналатын аспартам бар, бұл фенилкетонуриямен зардап шегетін адамдарға зиян болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
6 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.
Уыттылықтың симптомдары жүктілік кезінде лидокаиннің фармакокинетикасына және/немесе фармакодинамикасына байланысты болуы мүмкін. Жүкті әйелдерге хлоргексидинді қолдану бойынша қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген.
Лидокаин метаболиттері емшек сүтіне өтеді, бірақ нәрестелерде лидокаин препараттарын қолданумен байланысты жанама әсерлер байқалмаған. Хлоргексидиннің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде, егер ана үшін күтілетін пайдасы шарана және сәби үшін потенциалды қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.
Лидокаин мен хлоргексидиннің репродуктивті функцияға әсері туралы деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автомобильді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару мүмкіндігіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Лидокаин CYP1A2 бауыр ферментінің жалпыға белгілі тежегіші, аз дәрежеде 2D6 және 3A4 изоферменттерінің тежегіші болып табылады, бірақ ұсынылған шамада қолданғанда осы ферменттермен өзара әрекеттесуі клиникалық тұрғыдан мардымсыз. Лидокаинді құрамында ауыр металдар бар басқа дезинфекцияға арналған ерітінділермен бірге қолданбаған жөн. Вазобелсенді заттардың ионофорезі лидокаиннің трансдермальды түрде жеткізілуіне елеулі ықпалын тигізуі мүмкін.
Әдебиеттерде лидокаиннің келесі дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан болмашы өзара әрекеттесуі сипатталған: жүйке-бұлшықет өткізгішінің блокаторлары, басқа да аритмияға қарсы препараттар, гидантоиндар (антиконвульсанттар), эпинефрин, апиындар, бета-блокаторлар, циметидин, сондай-ақ аритмияға қарсы мексилетин. Кокаинді қолдану әсерінен туындаған миокард инфарктісі бар пациенттерде де клиникалық тұрғыдан мардымсыз өзара әрекеттесу байқалған.
Пациенттер препаратты холинэстераза тежегіштерімен (мысалы, неостигмин, дистигмин, пиридостигмин) немесе миастенияны емдеуге арналған басқа дәрілік заттармен бірге қолданбағаны жөн.
Препаратты қолданған кезде пациенттерге бір мезгілде жергілікті әсер ететін басқа да антисептикалық препараттарды пайдалану ұсынылмайды. Бұл талап пастилка құрамындағы сияқты құрамына хлоргексидин және лидокаин кіретін жергілікті қолдануға арналған Ангал® С спрейіне қатысты емес. Пастилканың бір реттік дозасын спрейдің бір реттік дозасымен алмастырған жөн. Пациенттер спрей мен пастилканы біріктіре отырып қабылданатын препараттың тәуліктік дозасын арттырмауы тиіс.
Спрей мен пастилкалар біріктірілімін балаларға пайдалану ұсынылмайды.
Құрамында хлоргексидин бар ерітінділер сабынның кейбір түрлерімен және әдетте тіс пасталарының құрамында болатын басқа да анионбелсенді заттармен (мысалы, альгинаттар, трагаканттар, каолин сияқты іс жүзінде суда ерімейтін ұнтақтар, сондай-ақ іс жүзінде ерімейтін кальций, магний немесе мырыш қоспалары) үйлеспейді. Препаратты қабылдау мен тіс пастасын пайдалану арасындағы уақыт аралығы 30 минуттан кем болмауы тиіс.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.