Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суппозитории ректальные
Саудалық атауы
Анестезол®
Әсер етуші зат
Местные анестетики
Мақсаты
Геморройда, артқы өтіс сызатында
Өндіруші
АО "Нижфарм"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: бензокаин, 100 мг,
висмут субгаллаты, 40 мг,
левоментол, 4 мг,
мырыш тотығы, 20 мг,
қосымша заттар: Макрогол 1500, Макрогол 400.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді сары немесе жасылдау-сары түсті суппозиторийлер. Беткейінің кесіндіде әуе өзекшесі мен шұңғыма тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.
Дәрілік препарат ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолдануға арналған:
• геморройда
• артқы өтіс сызатында
Біріктірілген препарат, жергілікті жансыздандырғыш, антисептикалық, тұтқырлық және құрғатқыш әсер береді.
Бензокаин – беткейлік жансыздандыруға арналған жергілікті анестетик. Жасушалық жарғақшаның натрий үшін өткізгіштігін азайтады, жарғақшаның ішкі бетінде орналасқан рецепторлардан ығыстырып шығарады, жергілікті импульстардың өтуін бөгейді. Сезімтал жүйке ұштарында ауру импульстарының пайда болуына және олардың жүйке талшықтары бойымен өтуіне кедергі жасайды.
Висмут субгаллаты – антисептикалық дәрі, тұтқырлық, құрғатқыш, жансыздандырғыш әсер береді. Жасушадан тыс сұйықтықтың, шырыштың, экссудаттың, жасушалық жарғақшалардың коллоидтарын (ақуыздардың коагуляциясы) қатайтады. Мұндайда түзілетін үлбір сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды, ауырсынуды азайтады, ісінудің дамуын шектейді немесе кедергі жасайды. Қантамырларды жергілікті тарылтады, олардың өткізгіштігін, экссудациясын төмендетеді, қабыну үдерісінің қарқындылығын азайтады. Тіндерді тітіркендірмейді (пайда болған альбуминаттар әлсіз диссоциацияланады).
Мырыш тотығы – қабынуға қарсы жергілікті дәрі, құрғатқыш, сіңіргіш, тұтқырлық және антисептикалық әсер береді. Альбуминаттарды түзеді және ақуыздарды денатурациялайды. Зақымданған жерге салған кезде экссудация құбылысын, тіндердің қабынуын және тітіркенуін азайтады, тітіркендіргіш факторлардың әсерінен қорғаныш бөгетін түзеді.
Левоментол – жергілікті тітіркендіргіш дәрі, оның әсері негізінен шырышты қабықтардың сезімтал рецепторларының тітіркенуімен байланысты рефлекторлы реакциялармен жүзеге асады. Жергілікті жеңіл жансыздандырғыш ("аулақтатқыш") әсер береді, әлсіз антисептикалық әсері бар.
Дозалау режимі
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 суппозиторийден тәулігіне 1-2 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді түрде, ішек өздігінен босағаннан кейін немесе тазартқыш клизмадан кейін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 10 күн.
Егер емдеуден кейін жақсару байқалмаса немесе симптомдар өршісе, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер Сізде осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
• әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
• 12 жасқа дейінгі балалар
Жиілігі белгісіз:
• артқы өтістің ашып күйдіруі
• іш жүргізетін әсері
• аллергиялық реакциялар
Құрамында бензокаин бар препараттарды қолдану арқылы метгемоглобинемияның дамуы туралы жекелеген хабарламалар бар.
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені күшейсе немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлер байқалса дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Жоқ.
Арнайы ескертулер
Препаратты қолданған кезде анальды аймақтың гигиенасын сақтау керек, шамадан тыс кернеуден аулақ болу керек, нәжістің жұмсақ консистенциясын сақтау үшін шаралар қабылдау керек.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және лактация кезеңінде, егер препаратты қолданудың ана үшін күтілетін пайдасы оның шарана және нәресте үшін ықтимал қаупінен басым болса, қолданылуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі немесе үйлесімсіздік жағдайлары сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.