Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания со вкусом ментола
Саудалық атауы
АНЗИБЕЛ®
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Ауыз қуысы мен тамақтың жұқпалы-қабынбалы ауруларында
Өндіруші
Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар - 5,00 мг хлоргексидин гидрохлориді,
4,00 мг бензокаин,
3,00 мг эноксолон
қосымша заттар - сорбитол (Сорбидекс S 16606), калий ацесульфамы, ментол хош иістендіргіші, магний стеараты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ментол дәмі бар ақ түсті, бір жағында «ƞ» таңбасы бар таблеткалар
Ауыз қуысы мен тамақтың жұқпалы-қабынбалы ауруларында.
Жергілікті және симптоматикалық емдеу
5.1.1 Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Хлоргексидин катионды қосылыс болып табылады, оның бактерияға қарсы белсенділігі оң зарядталған хлоргексидинді бактериялық жасуша бетінің теріс зарядына тарту нәтижесі болып табылады. Хлоргексидин сезімтал микроорганизмдердің жасушалық қабырғаларында адсорбцияланады, құрамында фосфор бар қосылыстарды қатты және ерекше адсорбциялайды. Бұл әрекет жасуша мембранасының тұтастығын бұзады, оның өткізгіштігін арттырады.
Бензокаин жергілікті қолдануға арналған эфир түріндегі жергілікті анестетик болып табылады, ол жүйке импульстарының басталуын да, өткізілуін де тежейді, натрий иондары үшін нейрондық жарғақшаның өткізгіштігін төмендетеді және осылайша оны қалпына келтіреді.
Эноксолон шырышты қабыққа жергілікті қабынуға қарсы әсер етеді. Кортикостероидтарға құрылымдық ұқсастық олардың минерокортикоидты және қабынуға қарсы белсенділігін анықтайды, бірақ бұл стероид емес құрылым глюкокортикоидтарды тудыратын белгілі бір жағымсыз әсерлердің болмауын түсіндіреді.
Осы препараттардың әсер етуші заттары хлоргексидиннің антисептикалық әсерін, эноксолонның ауызжұтқыншақтың шырышты қабығына қабынуға қарсы әсерін және бензокаиннің жергілікті анестетикалық әсерін толықтырып әсер етеді, осылайша тамақтың жергілікті тітіркенуінен туындаған әдеттегі ыңғайсыздықты басады.
Хлоргексидин әртүрлі аэробты және анаэробты грам-оң және грам-теріс бактерияларға қарсы белсенді антисептик болып табылады. Төмен концентрацияда ол бактериостатикалық, жоғары концентрацияда - бактерицидті әсерге ие.
Хлоргексидинге ең жоғары сезімталдығы бар микроорганизмдерге кейбір стафилококктар жатады: Streptococcus mutans, salivarius және Streptococcus sanguis. Ол сонымен қатар Acinetobacter baumannii, Escherichia coli, Klebsiella , Salmonella және Pseudomonas сияқты кейбір грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділігін көрсетеді. Осы бактериялардың және басқа грам-теріс бактериялардың көптеген штамдары белсенділікті көрсету үшін хлоргексидиннің жоғары концентрациясын қажет етеді.
Хлоргексидин Bacteroides, Propionibacterium, Selenomonas анаэробты бактериялардың кейбір штаммдарына қарсы белсенділік білдіреді, бірақ Veillonella-ға қарсы аз белсенді.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Таблетканы 2-3 сағ. үзіліспен ауыз қуысында баяу сорады (шайнамай). Ауыз қуысы және жұтқыншақтың жедел қабыну аурулары мен созылмалы аурулар асқынған кезде ең жоғарғы тәуліктік доза – тәулігіне 8 таблетка. Емдеу курсы 7 күннен көп емес.
Пациенттердің ерекше топтары
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар
Таблетканы 4-5 сағ. үзіліспен ауыз қуысында баяу сорады (шайнамай). Ауыз қуысы және жұтқыншақтың жедел созылмалы қабыну ауруларын емдеу және профилактикасы және асқынған кезде ең жоғарғы тәуліктік доза – 6 таблетка. Емдеу курсы 7 күннен көп емес.
Егде жастағы пациенттер
АНЗБИБЕЛ® бензокаиннің жүйелі уыттылығын тудыруы мүмкін, сондықтан бұл препараттың төмен концентрациялары қажет болуы мүмкін. Егде жастағы адамдарда эноксолон жоғары дозада және үздіксіз емдеу кезінде натрийдің іркілісін, ісінуді және гипертензияны тудыруы мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды толық ерігенге дейін аузында ұстау керек.
Емдеу ұзақтығы
АНЗИБЕЛ® препаратын қабылдаудың барынша көп ұзақтығы 7 күннен аспайды.
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- фенилкетонурия
- 6 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдар үшін
Сирек
- ас қорытудың, дәмнiң бұзылулары, тiс пигментациялары
- гипертензия
- аса жоғары сезiмталдық реакциясы: бөртпе, қышыну, терiнiң iciнyi, ауыр
тыныс алу (бензокаинге аса жоғары сезiмталдығы бар пациенттерде
(эфирлi түрдегi 4-аминобензойлық қышқыл)
- эфирлi түрдегi басқа 4- аминобензойлық қышқылға тоғыспалы аса жоғары сезiмталдық мумкiндiгi бар (мысалы, прокаин, тетракаин).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: Эноксолонмен артық дозаланғанда натрийдің кідіруі және калийдің жоғалуы, ісіну, артериялық қысымның жоғарылауы және альдостерон-ренин-ангиотензин жүйесінің бәсеңдеуі бар гиперминералокортицизм көрінісі пайда болуы мүмкін.
Хлоргексидиннің артық дозалануы, әсіресе балаларда, алкогольді мас болу симптомдарын тудырады (түсініксіз сөйлеу, ұйқышылдық немесе тәлтіректеп жүру). Бензокаиннің сіңуі өте аз болғанымен, шамадан тыс жүйелік сіңу жағдайында симптомдар көрудің анықтылығының төмендеуімен, бас айналумен, құрысулармен, құлақтағы шуылмен, қозумен (ОЖЖ-ны стимуляциясы), кейіннен ұйқышылдықпен (ОЖЖ-ны бәсеңдеумен), қатты терлеумен, төмен қан қысымымен, брадикардиямен, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесінің бәсеңдеуімен көрінеді.
Емі: симптоматикалық. Емдеу оттегін немесе қажет болған жағдайда қосымша тыныс алуды енгізуді, ал қан айналымы бәсеңделгенде тамыр тарылтатын дәрілер мен венаішілік сұйықтықтарды енгізуді қамтиды. Сондай-ақ емдеуі метилен көгін енгізуді құрайтын метгемоглобинемия (ентігу, бас айналу, шаршау, шаршау, әлсіздік) пайда болу мүмкін.
Ұсынылған дозадан артық қолдануға болмайды.
Күрделі эфир түріндегі жергілікті анестетиктер (әсіресе парааминобензой қышқылының туындылары (ПАБҚ), парабендер немесе парафенилендиамин (шашқа арналған бояу) жақпаушылығы бар адамдарға сақтықпен қолдану керек. АНЗИБЕЛ® препаратын қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн:
• Шырышты қабықтың ауыр жарақаты (анестетиктің сіңуін арттырады).
• Кескіштердің пломбалары; егер пломбаның беті немесе оның шеттері кедір-бұдыр болса, хлоргексидин осы аймақты түспен бояу мүмкін
Пародонтитпен ауыратын пациенттерде хлоргексидин қызылиек үсті тастың көбеюіне әкеледі.
Ауыз қуысының гигиенасын сақтау, хлоргексидиннен туындаған тіс тасының жиналуы мен тістің түспен боялуын азайту үшін тіс тасының пайда болуына қарсы арнайы тіс пастасын қолдану ұсынылады.
Таблеткаларды шайнауға немесе жұтуға болмайды, өйткені олардың әрекеті толығымен жергілікті және олардың белсенділігі өнім зардап шеккен аймақпен тікелей байланыста болған жағдайда ғана көрінеді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
АНЗИБЕЛ® препаратын балаларда сақтықпен қолдану керек, өйткені олар бензокаиннің жүйелі уыттылығына аса сезімтал және метгемоглобинемия пайда болуы мүмкін.
Қосымша заттар
Сорбитол
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Ол орташа әлсірететін әсер етуі мүмкін.
Калий
Бүйрек функциясы нашарлаған адамдарға немесе калийдің тамақпен түсуі бақыланатын пациенттерге сақтықпен қабылдау керек
Жүкті әйелдерде препаратты қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан оны жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Препаратты емшек сүтімен шығару бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Адам үшін ықтимал қауіп белгісіз, сондықтан қолдану ұсынылмайды.
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозада препарат автокөлікті басқару қабілетіне және жоғары зейін аударуды талап ететін өзге де қызметке әсер етпейді.
АНЗИБЕЛ® таблеткаларын құрамында антисептиктер бар басқа препараттармен бірге қолдануға болмайды. Эноксолон мен гидрокортизонды бір мезгілде жергілікті енгізу соңғысының теріге әсерін күшейтетін жануарларды зерттеу бойынша библиографиялық сілтемелер бар.
Холинестераза тежегіштері бензокаиннің метаболизмін оның жүйелік уыттылығы қаупінің жоғарылауымен бәсеңдетеді.
Бензокаин метаболиттері сульфаниламидтердің бактерияға қарсы белсенділігіне қарсы әсер ете алады.
Диагностикалық сынақтарға араласу
Сондай-ақ, ұйқы безінің функциясын анықтау үшін диагностикалық тестке бентиромидті қолдану арқылы араласу бар. Нәтижелер жарамсыз, өйткені бензокаин ариламиндерге де метаболизденеді және қалпына келтірілген ПАБҚ көрінетін мөлшерін көбейтеді. Емді тексеруден кем дегенде 3 күн бұрын тоқтату ұсынылады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.