Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Лиофилизат для приготовления концентрата для приготовления раствора для инфузий
Дозасы
100 мг
Саудалық атауы
Анидулафунгин
Әсер етуші зат
Анидулафунгин
Мақсаты
Ересектерде және 1 айдан 18 жасқа дейінгі балалар жасындағы пациенттерде инвазиялық кандидозды емдеу
Өндіруші
ООО "Фармидея"
Ел
Латвия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
30 мл препарат құрамында
белсенді зат – анидулафунгин, 100,0 мг,
қосымша заттар – фруктоза, маннитол, полисорбат 80, (S)-сүт қышқылы, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған масса немесе ұнтақ.
Ересектерде және 1 айдан 18 жасқа дейінгі балалар жасындағы пациенттерде инвазиялық кандидозды емдеу.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы басқа препараттар. Анидулафунгин.
АТХ коды: J02AX06
Әсер ету механизмі
Анидулафунгин Aspergillus nidulans ферментациия өнімінен синтезделген жартылай синтетикалық эхинокандид, липопептид болып табылады.
Анидулафунгин 1,3-ß-D гликан синтетазаны селективті тежейді, зеңдер жасуша қабырғасының маңызды компоненті. Сүтқоректілердің жасушаларында 1,3-ß-D гликан синтетаза болмайды. Анидулафунгиннің Candida spp. қатысты фунгицидтік белсенділігі бар екендігі анықталды, сонымен қатар Aspergillus fumigatus жасушалық өсуін бәсеңдетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
In vitro белсенділігі
Candida spp. анидулафунгинге сезімтал, соның ішінде C. albicans, C. glabrata, C. krusei, C. parapsilosis, C. tropicans, C. dubliniensis, C. lusitaniae және C. guilliermondii, сондай-ақ Aspergillus spp., оның ішінде A. fumigatus, A. flavus, A. niger және A. terreus бар. Анидулафунгин басқа класс зеңге қарсы препараттарға резистентті микоз қоздырғыштарына қатысты белсенді.
ЕТТК ашытқы үшін стандартты CLSI M27 және M28 әдісімен анықталды. Анидулафунгиннің in vitro белсенділігі мен клиникалық нәтиже арасындағы байланыс анықталған жоқ.
In vivo белсенділігі
Экспериментте парентеральді түрде енгізілген анидулафунгин Сandida spp. қатысты қалыпты да және бұзылған иммунитетпен де тиімді болды. Анидулафунгинмен емдеу тіршілікке қабілеттілікті арттыра түсті, сондай-ақ Candidа spp. туындатқан ағзалар зақымдануын азайтқан. Тәжірибеде нейтропения аясында дамыған С. albicans тудырған диссеминацияланған инфекцияны, флуконазолға төзімді С. albicans тудырған өңеш/ауыз қуысының кандидозын, сондай-ақ флуконазолға төзімді С. glabrata тудырған диссеминацияланған инфекцияны модельдеді.
Анидулафунгин сонымен қатар А. fumigatu. тудырған эксперименттік аспергиллезде тиімді болды.
Басқа зеңге қарсы препараттармен біріктірілімі
In vitro зерттеулер флуконазолмен, интраконазолмен және амфотерицин В үйлесіміндегі анидулафунгин Candida spp. штаммдарына қатысты көрсетілген препараттардың антагонисті болып табылмайтынын көрсетті. Бұл нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз.
In vitro зерттеулерінде анидулафунгинге Aspergillus spp.сезімталдығы интраконазолмен, вориконазолмен және амфотерицин В біріктірілімде бағаланды. Анидулафунгин мен амфотерицин В біріктірілімі кезінде 26 изоляттың 16-сында препараттар арасында өзара әрекеттесудің жоқтығы көрсетілген, 26 изоляттың 18-інде анидулафунгинді интраконазол немесе вориконазолмен біріктірген кезде синергизм байқалды. Бұл нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз.
Балалар жасындағы пациенттер
• Кандидемияны (ИКК) қоса алғанда, инвазиялық кандидозы бар 1 айдан < 18 жасқа дейінгі балалар жасындағы 68 пациентте анидулафунгиннің қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау бойынша проспективті ашық салыстырылмалы емес халықаралық зерттеу. Пациенттер жасы бойынша (1 айдан < 2 жасқа дейін, 2 жастан < 5 жасқа дейін және 5 жастан < 18 жасқа дейін) стратификацияланды және кейіннен флуконазолмен пероральді емге міндетті емес ауысумен (тәулігіне 612 мг/кг, ең жоғары доза 800 мг/тәулік) ұзақтығы 35 күнге дейінгі кезең ішінде вена ішіне тәулігіне бір рет анидулафунгин алды. Пациенттер ем аяқталғаннан кейін 2-ден 6 аптаға дейінгі кезең ішінде бақыланды.
Анидулафунгин қабылдаған 68 пациенттің ішінде 64 пациентте Candida тектес зеңдерден туындаған инфекция микробиологиялық зерттеулермен расталған және осы пациенттерде «ем тағайындалған пациенттер» (modified intent-to-treat — MITT) модификацияланған іріктеме шегінде препараттың тиімділігі бағаланды. Жалпы алғанда, Candida тектес зеңдер тек 61 пациенттің (92,2%) қанынан септі. Көбінесе Candida albicans (пациенттердің 25 [39,1%]), Candida parapsilosis (пациенттердің 17 [26,6%]) және Candida tropicalis (пациенттердің 9 [14,1%]) сияқты патогендер себілді. Сәтті жалпы жауап клиникалық жауаптың (емделу немесе жақсару) және микробиологиялық жауаптың (эрадикация немесе болжамды эрадикация) болуы ретінде анықталды.
Дозалау режимі
Бірінші тәулікте Анидулафунгин препаратын 200 мг дозада бір рет, одан әрі тәулігіне 100 мг дозада енгізеді. Емдеу ұзақтығы пациенттің клиникалық жауабына байланысты. Зеңге қарсы емді инфекция симптомдары жоғалғаннан және қоздырғыштың эрадикациясынан кейін кемінде 14 күн жалғастыру керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Ересек пациенттерде олардың жасына, жынысына, салмағына, нәсіліне және АИТВ-инфекциясының болуына байланысты Анидулафунгин препаратының дозасын түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Гемодиализ алатын пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігінің кез келген дәрежесі бар пациенттерде Анидулафунгин препаратының дозасын түзету талап етілмейді.
Препарат гемодиализ жүргізу уақытына қарамастан қолданылуы мүмкін.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл, орташа және ауыр дәрежесі бар (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А, В және С класы) пациенттерде Анидулафунгин препаратының дозасын түзету талап етілмейді.
Балалар (1 айдан < 18 жасқа дейін)
Балалар мен жасөспірімдерде (1 айдан 18 жасқа дейінгі) емдеуді бірінші күні 3 мг/кг дозадан (200 мг аспайтын) бастайды (жүктеме дозасы). Содан кейін препаратты күн сайын 1,5 мг/кг (100 мг аспайтын) келесі күндері енгізеді (демеуші дозасы). Емдеудің ұзақтығы пациентте бақыланатын емдеуге клиникалық жауаптың салмағына байланысты. Зеңге қарсы емдеуді өсірінді сеппенің соңғы оң нәтижесінен кейін кемінде 14 күн жалғастыру керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Анидулафунгин препаратын инъекцияға арналған сумен қалпына келтіру керек, содан кейін ТЕК инфузияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе инфузияға арналған 5% декстроза ерітіндісімен сұйылту керек. Асептикалық жағдайларда құтыға инъекцияға арналған 30 мл су қосылады және құрамында шамамен 3,33 мг/мл концентрациядағы анидулафунгин бар ерітінді алынады. Қалпына келтіруге шамамен 5 минут кетуі мүмкін.
Қалпына келтірілген ерітіндіні 25 ОС температурада 24 сағат бойы сақтауға болады. Көрінетін бөлшектер және/немесе көзге көрінетін боялу анықталған кезде ерітіндіні жою керек.
Сұйылту және инфузия
Асептикалық жағдайларда анидулафунгиннің қажетті концентрациясына қол жеткізу үшін қалпына келтірілген ерітінді құрамында инфузияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе инфузияға арналған 5% декстроза ерітіндісі бар құтыдан инфузиялық пакетке (немесе құтыға) ауыстырылады. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: қалпына келтірілген анидулафунгин ерітіндісінің венаішілік енгізуге арналған басқа да препараттармен, сондай-ақ басқа да ерітінділермен үйлесімділігі белгісіз.
Төмендегі кестеде ерітінді мен еріткіштің қажетті көлемі, сондай-ақ инфузия жылдамдығы және инфузияның ең аз ұзақтығы көрсетілген.
Инфузияға арналған дайын ерітіндіні 25 О С температурада сақтау және 48 сағат бойы пайдалану керек.
Инфузия үшін ерітінді дайындау
Дозалау — Қалпына келтірілген ерітіндінің қажетті көлемі — Еріткіштің қажетті көлемі — Инфузиялық ерітіндінің толық көлемі — Инфузия жылдамдығы — Инфузияның ең аз ұзақтығы
100 мг — 30 мл — 100 мл — 130 мл — 1,4 мл/мин = 1,1 мг/мин — 90 мин
Бала пациенттер
1 айдан < 18 жасқа дейінгі балалар жасындағы пациенттер үшін препараттың дозасын енгізу үшін талап етілетін инфузияға арналған ерітіндінің көлемі пациенттің дене салмағына байланысты ерекшеленеді. Қалпына келтірілген ерітіндіні инфузияға арналған дайын ерітіндіні алу үшін 0,77 мг/мл концентрацияға дейін қосымша сұйылту керек. Бағдарламаланатын шприцті немесе инфузиялық помпаны пайдалану ұсынылады.
• анидулафунгинге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;
• эхинокандидтер класының басқа препараттарына (мысалы, каспофунгинге) жоғары сезімталдық;
• фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы;
• жүктілік және лактация кезеңі;
• 1 айға дейінгі нәрестелер.
Кез келген дәрілік заттар сияқты, Анидулафунгин препараты барлық пациентте болмаса да, жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін. Осы жағымсыз әсерлердің кейбірін емдеуші дәрігер Сіздің емге жауабыңыз бен жағдайыңызды бақылау кезінде белгілейді.
Сирек жағдайларда анидулафунгин препаратымен емдеу кезінде өмірге қауіп төндіретін аллергиялық реакциялардың туындағаны туралы хабарланды, олар ысқырықты тыныс тарылуы немесе бұрыннан бар бөртпенің ауырлауын қамтуы мүмкін.
Ауыр жағымсыз әсерлер — аталған жағдайлардың кез-келгені туындаған кезде дереу дәрігерге немесе басқа білікті медицина қызметкеріне хабарлаңыз:
• құрысулар (құрысу ұстамалары)
• тері гиперемиясы
• бөртпе, қышу
• ысынулар
• есекжем
• ысқырып тыныс алуға немесе жөтелге әкелетін тыныс алу жолдарының айналасындағы бұлшықеттердің кенеттен жиырылуы
• тыныс тарылуы
Өте жиі
• қандағы калий деңгейінің төмендеуі (гипокалиемия)
• диарея
• жүрек айнуы
Жиі
- құрысулар (құрысу ұстамалары)
- бас ауыруы
- құсу
- бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі
- бөртпе, қышу
- бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі
- өт қабынан ішекке өттің бөлінуінің бұзылуы
- қандағы қант деңгейінің жоғарылауы
- жоғары артериялық қысым
- төмен артериялық қысым
- ысқырып тыныс алуға немесе жөтелге әкелетін тыныс алу жолдарының айналасындағы бұлшықеттердің кенеттен жиырылуы
- тыныс тарылуы
Жиі емес
- қан ұюының бұзылуы
- тері гиперемиясы
- ысынулар
- іштің ауыруы
- есекжем
- инъекция орнындағы ауырсыну
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- өмірге қауіп төндіретін аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
Анидулафунгиннің артық дозалануында симптоматикалық ем қолдану қажет. Анидулафунгинді қанықтыру дозасы ретінде 400 мг дозада кездейсоқ бір реттік енгізу кезінде клиникалық маңызды жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ
Анидулафунгинді дені сау еріктілерге 260 мг қаныққан дозада енгізген кезде, кейіннен тәулігіне 130 мг дозада препарат жағымдылығы жақсы болды. Дозаға тәуелді уыттылық анықталған жоқ. Бірнеше сыналушыларда трансаминазалар деңгейінің өткінші симптомсыз жоғарылауы (қалыптан 3 есе артуынан аздау) байқалды.
Анидулафунгин гемодиализ кезінде шығарылмайды.
Терапия басталғанға дейін аурудың қоздырғышын бөліп алу және сәйкестендіру үшін сеппеге және басқа зертханалық зерттеулерге (гистологиялық зерттеуді қоса) материал алу керек. Емдеуді зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады. Алайда, осы нәтижелерді алғаннан кейін зеңге қарсы емді түзету қажет.
Бауыр функциясы бұзылуының зертханалық белгілері дені сау адамдарда және анидулафунгин қабылдаған пациенттерде байқалды. Бауыр функциясының елеулі бұзылулары анидулафунгинмен қатар басқа препараттармен бірге ем қабылдаған ауыр аурулары бар пациенттерде байқалды. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, гепатит немесе бауыр жеткіліксіздігі өршуінің жекелеген жағдайлары сипатталған, бірақ бұл бұзылулардың анидулафунгинді қабылдаумен байланысы анықталған жоқ. Анидулафунгинмен емдеу кезеңінде бауыр жеткіліксіздігі дамыған пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс және анидулафунгинмен емдеуді жалғастыру туралы шешім қауіп-пайда арақатынасын бағалағаннан кейін қабылдануы тиіс.
Арнайы ескертулер
Нейтропениясы бар пациенттерде анидулафунгинді қолдану туралы деректер шектеулі.
Егер инфузия жылдамдығы 1,1 мг/мин аспаса, Анидулафунгин препаратының инфузиясымен байланысты жағымсыз құбылыстар сирек туындайды.
Кез келген анафилаксиялық реакциялар дамыған кезде анидулафунгинмен емдеуді тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.
Анидулафунгин препаратының ерітіндісін инфузияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісін (9 мг/мл) немесе инфузияға арналған 5% декстроза ерітіндісін (50 мг/мл) қоспағанда, басқа препараттармен немесе электролиттермен бірге араластыруға немесе енгізуге болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анидулафунгиннің автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ. Неврологиялық бұзылулардың даму қаупіне (бас айналу, құрысулар, көру қабілетінің бұзылуы) байланысты Анидулафунгин препаратын көлік жүргізетін және жоғары зейін қою мен жылдам қимылдау реакциясын талап ететін қызмет түрлерімен айналысатын адамдарға сақтықпен тағайындау керек.
Эксперименттік зерттеулерде анидулафунгиннің репродуктивті уыттылығы анықталған жоқ. Адам үшін мүмкін болатын қауіп белгісіз. Жүкті әйелдерде анидулафунгиннің қауіпсіздігі туралы бақыланатын зерттеу деректері жоқ. Сондықтан жүктілік кезінде анидулафунгинді, егер ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып кетсе ғана, қолданған жөн.
Эксперименттік модельдерде анидулафунгин сүтпен бөлінетіні көрсетілген. Анидулафунгин әйелдерде емшек сүтімен бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Анидулафунгинмен емді жалғастыру/тоқтату туралы шешімді бала үшін емшек емізудің пайдасы мен ана үшін анидулафунгинмен емнің пайдасын ескере отырып, қабылдау керек.
Анидулафунгин препаратының құрамында 100 мг/30 мл фруктоза бар
Егер сіздің емдеуші дәрігеріңіз кейбір қанттарға жақпаушылық бар екенін хабарлаған болса, осы препаратты қолданар алдында дәрігерге қаралыңыз.
Егер Сізде (немесе Сіздің балаңызда) фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылық (ФТЖ), сирек кездесетін генетикалық ауру болса, Сізге (немесе Сіздің балаңызға) бұл дәріні қабылдауға болмайды. ФТЖ бар пациенттер бұл препаратта фруктозаны ыдырата алмайды, бұл елеулі жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Бұл дәріні қабылдамас бұрын, егер сізде (немесе сіздің балаңызда) ФТЖ болса немесе Сіздің балаңыз жүрек айну, құсу немесе іштің кебуі, асқазан түйілуі немесе диарея сияқты жағымсыз әсерлерге байланысты тәтті тамақ немесе сусын іше алмаса, емдеуші дәрігеріңізге хабарлауыңыз керек.
Анидулафунгин препаратының құрамында натрий бар
Бұл препараттың бір құтысында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
In vitro және in vivo клиникаға дейінгі зерттеулер, сондай-ақ клиникалық зерттеулер анидулафунгин Р 450 цитохромы изоферменттерінің клиникалық маңызды субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайтындығын көрсетті. Дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересек пациенттерде жүргізілді. Анидулафунгин бүйрек клиренсінің (< 1 %) шамалы мөлшерін көрсетті. Біріккен терапия кезінде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
In vitro зерттеулер анидулафунгин адамның Р 450 цитохромымен немесе адамның оқшауланған гепатоциттерімен метаболизденбейтінін және клиникалық маңызды концентрацияларда анидулафунгин адамның Р 450 цитохромы изоферменттерінің (CYP1A2, CYP2D6, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP3A) белсенділігін елеусіз ғана тежейтінін көрсетті.
Анидулафунгинмен бірге қолданған кезде мынадай дәрілік заттармен ешқандай клиникалық маңызы бар дәрілік өзара әрекеттесулер байқалмаған
Циклоспорин (CYP3A4 цитохромы изоферментінің субстраты)
Дені сау еріктілерге анидулафунгинді тәулігіне 200 мг қаныққан дозадан кейін тәулігіне 100 мг дозада немесе тәулігіне 2 рет 1,25 мг/кг дозада циклоспоринмен біріктіріп енгізген кезде циклоспорин тек Сmax анидулафунгинмен тепе-теңдікке болмашы ғана әсер етті, алайда AUC бұл ретте 22%-ға өсті. In vitro зерттеуі анидулафунгин циклоспориннің метаболизміне әсер етпейтінін көрсетті. Байқалған жағымсыз құбылыстар тек анидулафунгин зерделенген басқа зерттеулерде сипатталғанмен сәйкес келді. Бірге қолданғанда бірде-бір препарат үшін дозаны түзету талап етілмейді.
Вориконазол (СҮР2С19, CYP2C9, CYP3A4 цитохром изоферменті тежегіші және субстраты)
Сипатталған зерттеулерде дені сау еріктілер тәулігіне 200 мг қанықтыратын дозадан кейін тәулігіне 100 мг дозада анидулафунгинді; тек вориконазолды 200 мг тәулігіне 2 рет бірінші тәулікте 2 рет 400 мг қанықтыратын дозадан кейін пероральді; содан кейін екі препаратты да алған. Бұл ретте препараттарды бірге қолданған кезде тепе-тең Сmax және AUC шамалы өзгерген. Бірге қолданған кезде препараттардың ешқайсысы үшін дозаны түзету талап етілмейді.
Такролимус (CYP3A4 цитохромы изоферментінің субстраты)
Зерттеуде дені сау еріктілер такролимусты 5 мг дозада бір рет пероральді қабылдады, содан кейін 200 мг екпінді дозасынан кейін тәулігіне 100 мг дозада анидулафунгинді; содан кейін екі препаратты да алды. Препараттарды бірге қолданған кезде анидулафунгин және такролимустың тепе-тең Сmax және AUC шамалы өзгерді. Бірге қолданған кезде препараттардың ешқайсысы үшін дозаны түзету талап етілмейді.
Липосомалық амфотерицин В
Анидулафунгиннің фармакокинетикасын тәулігіне 100 мг дозада анидулафунгин қабылдаған, сондай-ақ тәулігіне 5 мг/кг дейінгі дозада липосомалық амфотерицин енгізген пациенттерде зерттеген. Популяциялық фармакокинетикалық талдау липосомалық амфотерицинді біріктірілген қабылдау анидулафунгиннің фармакокинетикасына болмашы әсер еткенін көрсетті. Анидулафунгин дозасын түзету қажет емес.
Рифампицин (қуатты Р 450 цитохромды индуктор)
Анидулафунгин фармакокинетикасын тәулігіне 50 мг немесе тәулігіне 75 мг дозада анидулафунгин қабылдаған, сондай-ақ рифампицинді тәулігіне 600 мг дейінгі дозада енгізген пациенттерде зерттеді. Рифампицинді біріктіріп қабылдау анидулафунгиннің фармакокинетикасына болмашы әсер еткен. Анидулафунгин дозасын түзету қажет емес.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
2°-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Препарат 96 сағат бойы 25 °C температурада сақтауға, содан кейін оны қайтадан тоңазытқышқа салуға болады.
Қаптаманы алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі
Қалпына келтірілген ерітіндіні 25 ºС-ден аспайтын температурада 24 сағаттан асырмай сақтайды.
Инфузияға арналған ерітіндіні 25 ºС-ден аспайтын температурада 48 сағаттан асырмай немесе мұздатып қатырғанда 72 сағаттан асырмай сақтайды. Ерітінді ерігеннен кейін және бөлме температурасында (25 °C) тұрақтанғаннан кейін 48 сағат ішінде қолданылады.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.