Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки жевательные со вкусом мяты
Дозасы
800 мг
Саудалық атауы
Антарейт®
Әсер етуші зат
Магалдрат
Мақсаты
Асқазан қышқылын байланыстыруды қажет ететін жағдайларды симптоматикалық емдеу: қыжыл, қышқылдық регургитация
Өндіруші
"Валента Фарм"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Жалбыз дәмі бар шайнайтын бір таблеткада
белсенді зат – магалдрат 800,00 мг (сусыз магалдратқа шаққанда)
қосымша заттар: Макрогол-4000, сукралоза, жалбыз хош иістендіргіші, сорбитол, натрий стеарилфумараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті, өзіне тән жалбыз иісі бар, сегіз қырлы пішінді, шеттері қиғашталған, бір жағында «А» әрпі түрінде өрнегі бар, екі беті дөңес таблеткалар. Болмашы мәрмәрліктің болуына жол беріледі.
Асқазан қышқылын байланыстыруды қажет ететін жағдайларды симптоматикалық емдеу: қыжыл, қышқылдық регургитация.
Қолдана бастауға дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
ATХ коды A02AD02
Әсер ету механизмі
Магалдраттың әсер ету механизмі асқазан сөлінің қышқылдығын лезде реттеуге негізделген.
Магалдрат белгілі бір торлы-қабатты кристалдық құрылымы бар тұрақты зат болып табылады және бір молекулада алюминий мен магний гидроксидтері бар. Антацидтік әсері протондарды тор құрылымының түйіндерінде орналасқан сульфат және гидроксид иондарымен бейтараптандыруға байланысты. Бейтараптандырудан кейін магалдраттың торлы құрылымы бұзылады.
Магалдрат асқазанның моторикасына әсер етпейді. Осыған байланысты, препарат 20-40 минут ішінде емдік оңтайлы аралықта (рН 3–5) рН мәнін сақтайтындықтан, ол қышқылды рикошет тудырмайды.
800 мг сусыз магалдрат 18–25 мЭкв хлорлысутек қышқылын бейтараптандырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат дозаға және рН мәніне байланысты антацидтік әсерге ие: қышқылдың мөлшерін азайтады және сонымен бірге пепсинді, өт қышқылдарын және лизолецитинді бір мезгілде байланыстырады, осылайша асқазан сөлінің агрессивті әсерін төмендетеді.
Дозалау режимі
Бір қабылдауға 1-2 таблеткадан.
Ең жоғары тәуліктік доза: күніне 6400 мг магалдрат (800 мг-ден 8 таблеткаға дейін).
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке.
Таблеткаларды жақсылап шайнап, содан кейін сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішеді немесе толық ерігенше ауызда ұстау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тамақтанғаннан кейін 1 сағаттан соң және тікелей ұйықтар алдында.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қолдану ұзақтығы шектелмейді. Алайда, антацидтік препараттар симптоматикалық терапияға арналғанын ескеру қажет. Егер симптомдар қайталанбаса немесе одан әрі қолданудың медициналық орындылығы болмаса, онда препаратты 2 аптадан артық қабылдауға болмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер сіз препаратты уақытында қабылдауды ұмытып кетсеңіз, бұл дозаны өткізіп жіберіп, келесі дозаны жоспарланған уақытта қабылдаңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Осы кезге дейін тоқтату симптомдарының жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (препарат құрамында сорбитол бар)
• 15 жасқа дейінгі балалар
Жағымсыз әсерлердің жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиілігі/ жүйелік-ағзалық класы — Өте жиі — Сирек — Өте сирек — Белгісіз
Метаболизм мен тамақтанудың бұзылулары — Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин), әсіресе диализдегі пациенттерде және ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қолданғанда алюминий мен магниймен улану пайда болуы мүмкін, ол жүрек-қантамыр жүйесі мен ОЖЖ-де жағымсыз реакциялармен гипермагниемия түрінде көрінеді * — Алюминий мен магниймен уланудың көріністері гипофосфатемияны да қамтуы мүмкін
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Нейроуыттылық, энцефалопатия **
Асқазан-ішек бұзылулары — Қоймалжың нәжіс, дефекация жиілігінің жоғарылауы — Диарея (әсіресе жоғары дозаны қабылдаған кезде) — Іштің ауыруы, іш қату, жүрек айнуы, құсу. Диарея мен асқазанның бұзылыстары сорбитолдың мөлшеріне да байланысты пайда болуы мүмкін
* Сондықтан пациенттер қан сарысуындағы алюминий деңгейінің жоғарылауын бақылауы керек.
** Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде және ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қолданған кезде магний тұздары орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін тудыруы мүмкін. Алюминий, әсіресе сүйектерде және орталық жүйке жүйесінде жинақталуы мүмкін, соңынан сөйлеудің бұзылуымен, бұлшықеттердің жиырылуымен және есте сақтау қабілетінің нашарлауымен бірге жүретін энцефалопатияға әкеледі. Фосфат қорларының сарқылуы мүмкін.
Фосфатпен және кальциймен босап шығарылатын магний мен натрий иондарының ішектік кешентүзілуінің салдарынан, препаратты жоғары дозада ұзақ уақыт қолдану кальций мен фосфаттар сіңуінің төмендеуіне байланысты, рахит типіндегі сүйектердің остеопениялық өзгерістеріне әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (іс-қимылдар) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары байқалмады. Белсенді компонент рН мәні 5-тен жоғары болған кезде ерімейтіндігіне байланысты, артық дозалану салдарынан препаратпен улану екіталай.
Айрықша нұсқаулар
2 аптадан астам симптомдардың жойылмауы
Егер препаратпен терапия жүргізген кезде симптомдар 2 аптадан астам уақыт бойы жойылмаса, қатерлі аурудың болуын жоққа шығару үшін пациентті клиникалық тексеру жүргізу қажет.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі – кемінде 30 мл/мин) препаратты қан плазмасындағы алюминий және магний иондарының құрамын тұрақты мониторингтей отырып, қабылдау қажет. Қан плазмасындағы алюминий иондарының концентрациясы 40 нг/мл-ден аспауы керек. Тұрақты немесе жиі қайталанатын бұзылыстар жағдайында рецидивтің себебін, яғни негізгі аурудың бар-жоғын анықтау қажет.
Асқазанның немесе 12 елі ішектің ойық жарасы бар пациенттер
Асқазанның немесе 12 елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде Helicobacter pylori бар-жоғына тест жүргізу керек. Тестілеудің оң нәтижесі кезінде Helicobacter pylori эрадикация бойынша стандартты терапияны жүргізу керек.
Қандағы алюминий мен магний иондары концентрациясының жоғарылауы
Жоғары дозаларда ұзақ уақыт бойы қолдану салдарынан, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат қандағы алюминий мен магний иондары концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл алюминийдің негізінен жүйке және сүйек тіндерінде жинақталуына, сондай-ақ сүйек тініндегі фосфаттар мөлшерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Қан плазмасындағы алюминийдің жоғары концентрациясы мен энцефалопатияның дамуы арасындағы мүмкін болатын өзара байланыстың салдарынан диализдегі пациенттерге ерекше назар аудару қажет.
Ұзақ уақыт қолдану
Құрамында алюминий бар препараттарды ұзақ уақыт қолдану фосфаттың сіңуін төмендетуі мүмкін.
Сақтықпен
Бала жасындағыларға.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Сорбитол
Антарейт® препаратының құрамында сорбитол бар (сорбитол мөлшері магалдраттың нақты мөлшеріне байланысты өзгеруі мүмкін). Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.
Натрий
Натрий, Антарейт® препаратында қосымша зат натрий стеарилфумаратының құрамында болады. Препараттың құрамында бір таблеткаға 1 ммольден аз (23 мг) натрийден тұрады, яғни құрамында натрий жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерделенбеген, бірақ әсер ету механизмі мен болуы мүмкін жағымсыз реакциялардың бейінін ескере отырып, препарат көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді деп болжауға болады.
Жүктілік кезеңінде алюминий иондарының шарана тініне енуіне жол бермеу үшін, препаратты қолдану қысқа уақытқа ғана жүргізілуі керек.
Бала емізу кезеңінде препаратты емшек сүтімен алюминий иондарының бөлінуі салдарынан сақтықпен қабылдау керек. Алайда, препараттың төмен сіңуіне салдарынан нәрестеге негативті әсері дәлелденбеген.
Антацидтер бір мезгілде қабылданатын дәрілік препараттардың сіңуін бұзуы мүмкін болғандықтан, магалдрат пен басқа дәрілік препараттарды қабылдау арасындағы 2 сағаттық аралықты әрқашан сақтау қажет.
Атап айтқанда, антацидтерді қабылдау кезінде тетрациклиндер мен хинолон туындыларының (ципрофлоксацин, офлоксацин, норфлоксацин) сіңуінің айтарлықтай төмендеуі байқалды, сондықтан осы антибиотиктермен емдеу кезінде антацидтерді қабылдау ұсынылмайды. Сонымен қатар, темір, изониазид, хлорпромазин, дигоксин және индометацин препараттарының сіңуі біршама нашарлайды.
Сондай-ақ бензодиазепиндердің, хено- және урсодезоксихол қышқылы мен циметидиннің сіңуі бұзылады.
Магалдратты бір мезгілде қолдану кумарин туындыларының антикоагулянттық әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Құрамында алюминий бар антацидтер мен қышқыл сусындарды (жеміс шырындарын, шарапты және т.б.) бір мезгілде қабылдауға жол бермеу керек, өйткені олар алюминий тұздарының ішекке сіңуін күшейтеді. Бұл қасиет сондай-ақ құрамында лимон немесе шарап қышқылы бар көпіршитін таблеткаларға да қатысты.
Магний гидроксидін қабылдағаннан кейін несепті сілтілеу кейбір дәрілік препараттардың шығарылуын өзгертуі мүмкін; салицилат шығарылуының жоғарылауы байқалды.
Гемодиализдегі пациенттерде фосфатты байланыстыратын дәрі ретінде фамотидинмен бір мезгілде қолданғанда кальций карбонатының тиімділігін жоғалту қаупі бар.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.