Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Саудалық атауы
Антигриппин
Әсер етуші зат
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Мақсаты
Тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекцияларды симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Эйкос-Фарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: аскорбин қышқылы - 0.30 г,
кальций глюконаты - 0.10 г,
димедрол - 0.02 г,
рутин - 0.02 г,
қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жасыл-сары немесе сары түсті аздаған теңбілдері, дөңгелек, тегіс беткейлі, ойығы және сызығы бар таблеткалар.
- тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекцияларды симптоматикалық емдеу
Фармакодинамикалық әсерлері
Аскорбин қышқылы организмде С дәруменінің тапшылығын толықтырады, айқын антиоксидантты қасиетке ие, тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейді, организмнің инфекцияларға төзімділігін жоғарылатады.
Кальций глюконаты аллергияға қарсы, гемостатикалық әсер көрсетеді, қантамырының сынғыштығы мен өткізгіштігін, организмдегі кальций жеткіліксіздігі симптомдарын азайтады, бұлшықет дистрофиясында, миастенияда бұлшықет жиырылуын жақсартады.
Димедролдың аллергияға қарсы белсенділігі, жергілікті жансыздандыратын, спазмолитикалық және орташа ганглий бөгегіш әсері бар. Ішке қабылдағанда седативті және ұйықтататын әсер көрсетеді, құсуға қарсы орташа әсер етеді.
Рутин ангиопротекторы Р дәрумендер тобына жатады, аскорбин қышқылымен бірге капиллярлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтады, тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, антиоксидантты қасиеті бар.
Дозалау режимі
Ересектерге ішке күніне 3 рет 1 таблеткадан; 7 жастан асқан балаларға тамақтан кейін 3-5 күн бойы ½ таблеткадан күніне 3 реттен тағайындайды. Ересектерге арналған ең жоғарғы бір реттік доза – 2 таблетка, тәуліктік – 6 таблетка; 7 жастан асқан балаларға – 1 таблетка және сәйкесінше 3 таблетка. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса дәрігерге қаралу керек.
Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты iшке тамақтан соң қабылдайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- эпилепсия
- 7 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңінде
Жиі
- диспепсиялық құбылыстар, эпигастрийдегі ауырулар, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы
Сирек
- есекжем, тері бөртпесі, қышыну, анафилаксиялық шок
Өте сирек
- бас ауыруы, шаршау сезімі, ұйқышылдық, ОЖЖ қозуының артуы, ұйқының бұзылуы, психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі, балаларда димедрол ұйқысыздықтың парадоксальді дамуын, ашушаңдық пен эйфория тудыруы мүмкін
- тромбоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, анемия, гемолиздік анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер үшін), гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия
Белгісіз
- жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия және кальций оксалатынан несеп тастарының түзілуі
- гиперкальциемия (жүрек айну, құсу, диарея, брадикардия) бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе D дәруменін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ішке қабылдағаннан кейін байқалуы мүмкін
- дозалануынан асып кеткенде: артериялық қысымның көтерілуі, микроангиопатияның дамуы, миокардиодистрофия
- несеп шығарудың қиындауы (әсіресе, қуық асты безі үлкейген ерлерде)
Барлық жағымсыз әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары болған жағдайда емделуші дәрігерге хабарлап, препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, тершеңдік, тері жабындарының бозаруы, тахикардия. Жеңіл уыттануда – құлақтың шыңылдауы. Ауыр уыттануда – ұйқышылдық, коллапс, құрысулар, анурия, қан кету, тыныс тарылуы, тыныс алудың үдемелі салдануы, респираторлық ацидоз. Гиперкальциемияның белгілері: анорексия, сананың бұзылуы, нефрокальциноз, кальциурия және күрделі жағдайларда аритмия мен кома.
Улануға күмәнданғанда дереу дәрігерлік көмекке жүгіну қажет.
Емі: препаратты тоқтату, сусыздануды және электролиттік теңгерімсіздікті түзеу, қажет болған жағдайда ілмектік диуретиктерді тағайындау. Ауыр жағдайларда, кальцийдің айтарлықтай мөлшерін перитонеальді диализ арқылы жоюға болады. Кальциймен артық дозаланған кезде бүйрек және бауыр функциясы бұзылған пациенттерге айырықша көңіл бөлу қажет.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса дәрігерге қаралу керек.
Арнайы ескертулер
Емдеу кезінде алкогольді ішуден аулақ болған жөн. Ұйықтататын дәрілермен араластыруға болмайды.
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондардың синтезіне стимуляциялайтын әсерін ескере отырып, бүйрек функциясын және АҚ бақылап отыру қажет. Аскорбин қышқылы жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісіктері бар пациенттерде ауру ағымын қиындатуы мүмкін.
Аскорбин қышқылы әртүрлі зертханалық тесттердің (қан плазмасындағы глюкоза, билирубин мөлшерін және бауыр трансаминазалары, ЛДГ белсенділігін, анықтау) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Организмде темір мөлшері жоғары пациенттерге аскорбин қышқылын ең аз дозасында қабылдау қажет.
Кальций глюконатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе D дәруменінің жоғары деңгейімен байланысты ауруларда, саркоидоз типті ауруларда сақтықпен тағайындайды.
Барлық жағымсыз (ерекше) әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Хал-ахуалы жақсармаса препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Егер пациентке хирургиялық араласу керек болса, ол препаратты қабылдағаны туралы дәрігерге ертерек ескерту қажет.
Препаратты қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданатын пациенттерде сақтықпен қолданылады.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі жиі аскорбин қышқылын үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда пайда болады.
Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттар (кристаллурия қаупін жоғарлатады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады.
Эстрогендермен – қан сарысуындағы гормон деңгейі артады.
Құрамында эстрогендер бар оральді контрацептивтермен - контрацепциялық әсері азаяды.
Кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады.
Темір препараттарының ішекте сіңірілуін жақсартады.
Этил спиртінің жалпы клиренсін жоғарылатады.
Хинолиндік қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ уақыт қолданылғанда аскорбин қышқылының қоры азаяды.
Ацетилсалицил қышқылы, пероральді контрацептивтер, жаңа жасалған шырындар және сілтілік сусындар аскорбин қышқылының сіңуін және сіңірілуін төмендетеді.
Аскорбин қышқылын изопреналинмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының хронотроптық әсері төмендейді.
Барбитураттар мен пиримидин аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады.
Сіңірілмейтін кешендердің түзілу мүмкіндігіне байланысты кальций эстрамустиннің, этидронаттың және басқа да бисфосфонаттардың, фенитоиннің, хинолондардың сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
Кальцийдің АІЖ сіңірілуі тағамның бірнеше түрі, мысалы, асжапырақ, рауғаш, кебек және астықтарды бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Оймақгүл препараттарын қабылдайтын пациенттерге кальцийдің жоғары дозаларын тағайындау кезінде аритмия туындау қаупі ұлғаюы мүмкін. Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен экскрециясын азайтады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемия даму қаупін ескеру керек.
Кальций бір мезгілде қабылдағанда тетрациклиндік антибиотиктердің және фтор препараттарының сіңуін төмендетуі мүмкін. D дәруменін бір мезгілде қабылдау кальцийдің сіңуін жоғарылатады.
Бір мезгілде қабылдағанда димедрол этанол және ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың, барбитураттардың, ұйықтататындар, апиындық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Сондықтан бұл препараттарды біріктіріп қолданғанда әсерінің потенцирлеуіне жол бермеу үшін дәрігермен кеңесу қажет.
МАО тежегіштері димедролдың антихолинергиялық әсерін күшейтеді.
Антагонистік өзара әрекеттестігі психостимуляторлармен бір мезгілде тағайындағанда байқалады.
Улануды емдегенде құстыратын дәрі ретінде апоморфиннің тиімділігін төмендетеді.
Холинді бөгейтін белсенділігі бар препараттардың антихолинергиялық әсерін күшейтеді.
Аскорбин қышқылы рутиннің фармакологиялық әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.