Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Саудалық атауы
Антигриппин-П
Әсер етуші зат
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Мақсаты
Қызба, тамақ ауруы, бас ауруымен қатар жүретін тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекцияларды симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Эйкос-Фарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол - 0.25 г,
аскорбин қышқылы - 0.15 г,
кальций глюконаты - 0.05 г,
димедрол - 0.01 г,
рутин - 0.01 г,
қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарғыш түсті, аздаған теңбілі бар жазық беткейлі, ойығы және сызығы бар таблеткалар.
- қызба, тамақ ауруы, бас ауруымен қатар жүретін тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекцияларды симптоматикалық емдеу
Фармакодинамикалық әсерлері
Парацетамол ауыруды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әлсіз әсері бар. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезі тежелуімен, негізінен гипоталамустағы жылу реттегіш орталығына әсер етуіне байланысты.
Аскорбин қышқылы организмде С дәруменінің тапшылығын толықтырады, айқын антиоксидантты қасиетке ие, тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейді, организмнің инфекцияларға төзімділігін жоғарылатады.
Кальций глюконаты аллергияға қарсы, гемостатикалық әсер көрсетеді, қантамырдың сынғыштығы мен өткізгіштігін, организмдегі кальций жеткіліксіздігі симптомдарын азайтады, бұлшықет дистрофиясында, миастенияда бұлшықет жиырылуын жақсартады.
Димедролдың аллергияға қарсы белсенділігі бар, жергілікті жансыздандыратын, спазмолитикалық және орташа ганглий бөгегіш әсері бар. Ішу арқылы қабылдағанда тыныштандырғыш және ұйықтататын әсер көрсетеді, құсуға қарсы орташа әсер етеді.
Рутин ангиопротекторы Р дәрумендер тобына жатады, аскорбин қышқылымен бірге капиллярлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтады, тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, антиоксидантты қасиеті бар.
Дозалау режимі
Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға ішке күніне 3 рет 1 таблеткадан тамақтан соң 3-5 күн аралығында тағайындайды. Таблеткаларды қабылдау аралығы 4 сағаттан кем болмауы қажет. Ең жоғарғы бір реттік доза – 2 таблетка, тәуліктік – 6 таблетка. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса дәрігерге қаралу керек.
Анальгетик және ыстық түсіретін дәрі ретінде қолданғанда емнің ең жоғары ұзақтығы 3 күннен артық емес. Ұсынылған дозалардан асыруға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты iшке тамақтан соң қабылдайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу жөнінде нұсқаулар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.
- препараттың құрамына кіретін кез келген компоненттің жекелей жақпаушылығы
- асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы (өршу сатысында)
- эпилепсия
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуында
- қан құйылуға бейім қан аурулары
- 15 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңінде
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Жиі
- диспепсиялық құбылыстар, эпигастрияның ауыруы, жүрек айнуы, құсу
- аллергиялық реакциялар: есекжем, қышыну, тері гиперемиясы
Өте сирек
- анафилаксиялық шок, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)
- агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения
Белгісіз
- жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия және кальций оксалатынан несеп тастарының түзілуі, бүйрек гломерулярлық аппаратының зақымдануы
- дене температурасының жоғарылауымен қосылған тер бөлінудің төмендеуі, сексуалдық дисфункция, глаукома кезінде жай-күйдің төмендеуі
- гиперкальциемия (жүрек айну, құсу, диарея, брадикардия) бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе D дәруменін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ішке қабылдағаннан кейін байқалуы мүмкін
- дозалануынан асып кеткенде: артериялық қысымның көтерілуі, микроангиопатияның дамуы, миокардиодистрофия
- несеп шығарудың қиындауы (әсіресе, қуық асты безі үлкейген ерлерде)
- тыныс алу жолы сөлдерінің жоғары тұтқырлығы
- жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда гепатоуытты, нефроуытты әсер етуі мүмкін
Барлық жағымсыз әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары болған жағдайда емделуші дәрігерге хабарлап, препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Симптомдары: диарея, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну және құсу, іштің жайсыздығы және ауыруы, тершеңдік. Ауыр улануда – бауыр жетіспеушілігі, коллапс, құрысулар, анурия, қан кетулер, тыныс тарылуы, тыныс алудың үдемелі салдануы, респираторлық ацидоз. Гиперкальциемияның белгілері анорексияны, сананың нашарлауын, нефрокальцинозды, кальциурияны және күрделі жағдайларда жүрек аритмиясы мен команы қамтиды.
Уланудан күмәнданғанда дереу дәрігерлік көмекке жүгіну қажет.
Емі: құстыру, асқазанды шаю, тұзды іш жүргізетін дәрілерді, белсендірілген көмірді қабылдау. Емдеу мекемесі жағдайларында - қарқынды диурез, гемодиализ жүргізу, құрысу синдромы дамығанда – құрысуға қарсы препараттарды вена ішіне енгізу.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса дәрігерге қаралу керек.
Арнайы ескертулер
Парацетамолды созылмалы бауыр және бүйрек ауруларында, асқазан мен он екі елі ішектің ойық-жаралы ауруында (анамнезде) сақтықпен тағайындайды. Аталған ағзалардағы функционалдық өзгерістердің сипаты мен дәрежесін ескеру керек, өйткені бұл науқастарда парацетамолдың жартылай шығарылу уақытының ұлғаюы мүмкін. Парацетамол қабылдау фосфор-вольфрам қышқылының көмегімен қандағы несеп қышқылын анықтау және глюкоза-оксидаза-пероксидаза тәсілімен гликемияны анықтау нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін. Препаратты қабылдағанда және әсерінің байқалу барысында алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынады. Ұйықтататын дәрілермен араластыруға болмайды.
Аскорбин қышқылының кортикостериоидтық гормондардың синтезіне көтермелегіш әсерін ескере отырып, бүйрек функциясын және АҚ бақылап отыру қажет. Аскорбин қышқылы жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісіктері бар пациенттерде ауыру ағымын қиындатуы мүмкін. Аскорбин қышқылы әртүрлі зертханалық тесттердің (глюкоза мөлшерін, билирубинді және бауыр трансаминазалары белсенділігін, қан плазмасындағы ЛДГ анықтау) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Аскорбин қышқылын гипероксалатуриясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды.
Кальций глюконатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе D дәруменінің жоғары деңгейімен байланысты ауруларда, саркоидоз типті ауруларда сақтықпен тағайындайды.
Барлық жағымсыз (ерекше) әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емделуші дәрігерге хабарлау керек.
Жағдайы жақсармаса препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Егер пациентке хирургиялық араласу керек болса, ол препаратты қабылдағаны туралы дәрігерге ертерек ескерту қажет.
Препаратты қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданатын пациенттерде сақтықпен қолданылады.
Құрамында парацетамол бар басқа дәрілік препараттармен бірге қабылдағанда парацетамолмен артық дозалануға алып келуі мүмкін.
Дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға көтеріп, гепатоуытты қауіпті тудыруы мүмкін.
Бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторларымен, гепатоуытты әсері бар заттармен (салициламидтер, барбитураттар, эпилепсияға қарсы дәрілер, трициклдық антидепресанттар, алкоголь, рифампицин) бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың гепатоуытты әсерінің күшею қаупі (уытты метаболиттердің деңгейі артады) туындайды.
Доксорубицинмен бір мезгілде қолданғанда бауыр функциясының бұзылу қаупі ұлғаяды.
Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен бір мезгілде қабылдағанда парацетамолдың организмнен шығарылуы жылдамдайды және оның ауруды басатын әсері азаюы мүмкін.
Белсендірілген көмір парацетамолдың биожетімділігін төмендетеді.
Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда протромбиндік уақыттың аздап немесе орташа артуы мүмкін, қан кету қаупі өседі.
Метаклопромидпен және домперидонмен бір мезгілде қолданғанда парацетамол абсорбциясының ұлғаюы және оның қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін, ал холестирамин парацетамол концентрациясын төмендетеді.
Изониазидпен бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың уытты әсерінің байқалған жағдайлары сипатталған, парацетамол клиренсін төмендетеді.
Парацетамол мен фенобарбиталды бір мезгілде қолданғанда гепатоуыттылық жағдайлары хабарланған. Гепатоуытты әсері этанол болғанда күшейеді.
Карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, примидон парацетамолдың тиімділігін азайтады.
Дәрілермен өзара әрекеттестігі аскорбин қышқылын үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда жиі пайда болады.
Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттар (кристаллурия қаупін жоғарлатады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады.
Эстрогендермен – қан сарысуындағы гормон деңгейі артады.
Құрамында эстрогендер бар оральді контрацептивтермен – контрацептивтік әсері азаяды.
Кумарин және гепарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады.
Темір препараттарының ішекте сіңірілуін жақсартады.
Этил спиртінің жалпы клиренсін жоғарылатады, ол өз кезегінде аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.
Хинолиндік қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтер ұзақ уақыт қолданылғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.
Ацетилсалицил қышқылы, пероральді контрацептивтер, жаңа жасалған шырындар және сілтілік сусындар аскорбин қышқылының сіңуін және сіңірілуін төмендетеді. Аскорбин қышқылын изопреналинмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының хронотроптық әсері төмендейді. Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрек арқылы шығуын арттырады. Барбитураттар мен пиримидин аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады. Аскорбин қышқылы психозға қарсы ДЗ (нейролептиктер) – фенотиазин туындыларының емдік әсерін, амфетамин мен трициклдық антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді.
Бір мезгілде қабылдағанда димедрол этанол және ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың, барбитураттардың, ұйықтататын дәрілердің, апиынды анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Сондықтан бұл препараттарды біріктіріп қолданғанда әсерінің әлеуеттенуіне жол бермеу үшін дәрігермен кеңесу қажет.
МАО тежегіштері димедролдың антихолинергиялық әсерін күшейтеді.
Антагонистік өзара әрекеттестігі психостимуляторлармен бір мезгілде тағайындағанда байқалады.
Улануды емдегенде құстыратын зат ретінде апоморфиннің тиімділігін төмендетеді.
Холинді бөгейтін белсенділігі бар препараттардың антихолинэргиялық әсерін күшейтеді.
Кальций бір мезгілде қабылдағанда тетрациклиндік антибиотиктердің және фтор препараттарының сіңуін төмендетуі мүмкін. D дәруменін бір мезгілде қабылдау кальцийдің сіңуін жоғарылатады. Сіңірілмейтін кешендердің түзілу мүмкіндігіне байланысты кальций эстрамустиннің, этидронаттың және басқа да бисфосфонаттардың, фенитоиннің, хинолондардың сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Кальцийдің АІЖ сіңірілуі тағамның бірнеше түрі, мысалы, асжапырақ, рауғаш, кебек және астықтарды бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Оймақгүл препараттарын қабылдайтын пациенттерге кальцийдің жоғары дозаларын тағайындау кезінде аритмия туындау қаупі ұлғаюы мүмкін. Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен экскрециясын азайтады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемия даму қаупін ескеру керек.
Аскорбин қышқылы рутиннің фармакологиялық әсерін күшейтеді. Рутин аскорбин қышқылы мен адреналинді тотығудан сақтандырады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.