Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок с малиновым вкусом
Саудалық атауы
Антифлу® Кидс
Әсер етуші зат
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Мақсаты
2-ден 12 жасқа дейінгі балалар
Өндіруші
Контракт Фармакал Корпорейшн
Ел
Соединённые Штаты Америки
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 пакеттің ішінде
белсенді заттар: 160 мг ацетаминофен,
50 мг аскорбин қышқылы,
1 мг хлорфенирамин малеаты;
қосымша заттар: қант (қант ұнтағы), қант (сахароза), таңқурай хош иістендіргіші, лимон қышқылы, кремнийдің қостотығы, кремнийдің қостотығы (силоид), үш негізді натрий цитраты (үш натрий цитраты дигидраты), титанның қостотығы (Е 171), үш кальций фосфаты (үш негізді кальций фосфаты), жүгері крахмалы, бояғыш FD&C қызыл №40 (Е 129).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жеңіл таңқурай хош иісті кристалл бөлшектері бар аздаған реңді ақ сусымалы ұнтақ.
• 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар
• ЖРВИ, тұмау мен суық тию симптомдарын жою үшін:
- дене температурасының жоғарылауында, қалтырауда
- мұрын бітелуінде, түшкіруде
- көзден жас аққанда
- бас және бұлшықет-буын ауыруларында
- тамақтың ауыруларында, жоғары тыныс жолдары мен маңындағы қосалқы қойнау қабынуының басқа да симптомдарында.
Анальгетиктер. Басқа анальгетик-антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол, біріктірілімдері, психолептиктерді қоспағанда.
АТХ коды N02BE51
Фармакодинамикалық әсерлер және әсер ету механизмі:
Ацетаминофен (парацетамол) орталық жүйке жүйесінде простагландиндердің синтезін тежеуге және термореттеу орталығына әсер етуі есебінен ауыруды және ыстықты басатын, әлсіз білінетін қабынуға қарсы әсер етеді.
Хлорфенирамин малеаты – Н1-гистаминорецепторларының блокаторы, қабынудың негізгі медиаторларының бірі – гистаминнің әрекетіне кедергі келтіреді. Капиллярлар қабырғаларының өткізгіштігін төмендете отырып, жергілікті экссудативті білінулердің айқындығын, мұрынның, мұрынжұтқыншақтың, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы ісуін, жас ағуды азайтады.
Аскорбин қышқылының (С дәрумені) антиоксидантты қасиеттері бар, қорғаныс механизмдерін белсенділендіреді, организмнің инфекцияға қарсыластық қабілетін арттырады.
Тотығу-тотықсыздану үдерістерін белсенділендіреді, регенерация үдерісін, глюкокортикоидтар және катехоламиндер синтезін көтермелейді; капиллярлар қабырғасын тығыздандырады (жасушааралық заттар түзілуін ұлғайту және гиалуронидаза белсенділігін төмендету есебінен).
Антифлу Кидс бас ауыруын, бұлшықет-буын ауыруларын, тамақтың ауыруын азайтады, ринореяны, көз бен мұрын қышуын басады.
Дозалау режимі
Ас ішуге байланысты емес ішке қабылдау керек. Қабылдар алдында бір пакеттің ішіндегісін 150 мл жылы суда еріту керек. 2-6 жастағы балаларға арналған бір реттік доза 1 пакеттің ішіндегісін құрайды, 6-12 жастағы балаларға - 2 пакеттің ішіндегісін құрайды. Қажет кезде әр 4-6 сағат сайын қайталауға болады, бірақ 4 дозадан асырмай қабылдау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.
• белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
• бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары
• глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферменттерінің тапшылығы
• Жильбер синдромы
• қан түзілуінің бұзылуы
• моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін қабылдайтын пациенттер
• фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі
• 2 жасқа дейінгі балалар
Аталған жағымсыз дәрілік реакциялар өздігінен келіп түскен хабарламаларға негізделген, сондықтан оларды СММНО III жиілік санаттарына сәйкес жіктеу қатысы жоқ.
Көптеген жағдайларда препарат жақсы көтерімді. Мынадай жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін:
Қан түзу жүйесі тарапынан: анемия, гемолиздік анемия (егер пациентте глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы болғанда), тромбоцитопения немесе агранулоцитоз, тромбоцитопениялық пурпура, лейкопения.
Тыныс алу жүйесі тарапынан: ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да ҚҚСП сезімталдығы бар пациенттерде бронх түйілуі.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғап кетуі, эпигастрий аумағының ауыруы, тәбеттің нашарлауы, диспепсия, диарея.
Эндокриндік жүйе тарапынан: гипогликемиялық комаға дейін апаратын гипогликемия.
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан: бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (әдетте сарғаю пайда болмағанда), бауыр некрозы (дозаға тәуелді әсер).
Иммундық жүйе тарапынан: аса жоғары сезімталдық, (аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок).
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы, талапқа сай емес мінез-құлық, конвульсия, кома.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, стенокардия, гипертония, аритмия.
Көру мүшесі тарапынан: көрудің бұзылуы, көздің құрғауы, мидриаз, көзішілік қысымның жоғарылауы.
Несеп шығару жүйесі тарапынан: несеп шығарудың қиындауы, дизурия.
Тері және теріасты шелі тарапынан: қышыну, бөртпе, есекжем, шырышты қабықтағы өзгерістер, жедел жайылған экзантематозды пустулез тәрізді, мультиформалы эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы) және уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Парацетамолдың артық дозалану симптомдары: алғашқы 24 сағатта бозаңдану, жүрек айнуы, құсу, анорексия және іштің ауыруы. Артық дозаланған жағдайда қозу, бас айналуы, ұйқының бұзылуы байқалуы мүмкін. Парацетамолмен артық дозаланған кезде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жекелеген жағдайлары жөнінде мәліметтер түскен. Ауыр жағдайларда бауырдың зақымдануы (гепатоцеллюлярлы некроз) және бауыр функциясының бұзылуы пайда болуы мүмкін, ол энцефалопатияға, бауыр комасына әкелуі және өліммен аяқталуы мүмкін. Бауыр зақымдануының клиникалық белгілері артық дозаланғаннан кейін 12-ден 48 сағат аралығында байқалмауы мүмкін. Глюкоза метаболизмінің және метаболизмдік ацидоздың бұзылуы байқалуы мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі 150 мг/кг астам қолданғаннан кейін дамуы мүмкін. Хлорфенирамин малеатымен артық дозалану антимускариндік, экстрапирамидалық, асқазан-ішек және ОЖЖ-әсерлеріне байланысты. Сәбилер мен балаларда ОЖЖ қозуы атаксияны, қозуды, треморды, психозды, елестеулерді және құрысуларды туғыза отырып, ОЖЖ бәсеңдетеді. Балалардағы артық дозаланудың басқа да симптомдары қарашықтың ұлғаюын, ауыздың құрғап кетуін, беттің бозаруын, терең команы және кардиореспираторлық коллапсты қамтиды.Емі: парацетамолмен артық дозаланғаннан кейін алғашқы 6 сағаттың ішінде асқазанды шаю. Цитоуытты әсерлер метионинді ішке қабылдаудың немесе артық дозаланғаннан кейін сегіз сағаттың ішінде N-ацетилцистеинді вена ішіне енгізудің салдарынан азаюы мүмкін. Симптоматикалық ем.
Ұсынылған дозаны аспауы керек және емдеу ұзақтығы 3 күннен аспауы керек.
Арнайы ескертулер
Тыныштандыратын және ұйықтататын препараттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды.
Дәрі тек дәрігердің пайда-қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін қолданылуы тиіс:
• артериялық гипертензия
• жүрек ырғағының бұзылулары
• бронх демікпесі
• пилородуоденальді стеноз
• бауыр бұзылулары
• Жильбер синдромы
• глаукома
• қант диабеті
• эпилепсия
• тиреотоксикоз
• несеп шығуының бұзылуы
• глутатион тапшылығы
• оксалатурия.
Ұсынылған дозаны және емдеу ұзақтығын арттыруға болмайды. Жоғары дозаны ұзақ пайдалану бауыр мен бүйректің зақымдалуына әкеп соқтыруы мүмкін; алкоголизм аясында, алкогольдік бауыр ауруы, сепсис немесе қант диабеті кезінде көптеген дәрілерді қатар қолдану парацетамолды емдік дозада тағайындаған кезде бауырдың уытты зақымдалу қаупін арттыруы мүмкін. Парацетамол мен аскорбин қышқылы зертханалық зерттеу көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін (глюкоза мөлшерін және плазмадағы несеп қышқылын сандық анықтау).
Әр пакетте 11,59 г сахароза бар, бұны қанттың төмен мөлшерімен диета ұстағанда немесе қант диабеті жағдайында күнделікті қолданған кезде назарда ұстау қажет. Аса жоғары сезімталдық белгілері мен симптомдары хлорфенирамин малеатымен бүркемеленуі мүмкін. Хлорфенирамин малеаты тері тестілерінің нәтижелеріне әсер етуі мүмкіндігін ескеру қажет.
Қолданылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың ұйықтататын әсеріне байланысты дәріні қабылдағаннан кейін 4 сағат бойы балаларға жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыстар жасамау ұсынылады.
Жекелеген белсенді ингредиенттер үшін мынадай өзара әрекеттесулер белгілі.Ацетаминофен:
• құрысуға қарсы дәрілер (фенитоин, барбитураттар, карбамазепин), рифампицин және спирт парацетамолдың гепатоуыттылығын арттыруы мүмкін;
• парацетамолдың жоғары дозаларын изониазидпен немесе рифампицинмен бір мезгілде пайдалану гепатоуытты синдромның даму қаупін арттыруы мүмкін;
• парацетамолдың сіңу жылдамдығы метоклопрамидпен және домперидонмен артуы мүмкін және холестираминмен төмендеуі мүмкін;
• кумарин туындыларын бір мезгілде ұзақ пайдалану (мысалы, варфарин) қан кету қаупін арттыра отырып, олардың әсерін күшейтуі мүмкін; пероральді антикоагулянттар қабылдайтын пациенттер дәрігермен кеңесулері қажет. Қан ұюына мониторинг жүргізу ұсынылады;
• тропиcетрон және гранисетрон, 3 типті 5-гидрокситриптамин антагонистері парацетамолдың ауыруды басатын әсерін бөгеуі мүмкін;
• парацетамол мен зидовудинді бір мезгілде пайдалану лейкоциттер санының төмендеуіне (нейтропения) әкелуі мүмкін.
Хлорфенирамин малеаты:
• моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін антигистаминді дәрілермен біріктіріп енгізуге болмайды. Олар антигистаминді дәрілердің антихолинергиялық әсерін ұзартуы және күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.