Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суппозитории ректальные
Саудалық атауы
Анузол
Әсер етуші зат
Прочие препараты и их комбинации
Мақсаты
Геморрой, артқы өтіс сызаттары
Өндіруші
АО "Нижфарм"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторий құрамында
белсенді заттар:итжидек қою экстрактісі (1,5 % гиосциаминге шаққанда құрамында 0,3 мг алкалоидтар қосындысы бар) 20 (0,3) мг
ксероформ(висмут трибромфеноляты және висмут тотығы кешені) 100 мг
мырыш сульфаты гептагидраты 50 мг,
қосымша заттар: глицерол, тазартылған су, дистилляцияланған моноглицеридтер, қатты май (Витепсол (Н 15, W 35 маркасы), Суппосир (NA 15, NAS 50 маркасы)).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді, өзіне тән иісі бар, жасылдау сары немесе қоңырқай реңді жасылдау сары немесе ақшыл қоңыр түсті суппозиторийлер.
Суппозиторийдің бетінде ақ өңездің пайда болуына және қимасында әуе өзегі мен шұңқыр тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.
Дәрілік препарат ересектерде келесі жағдайларда қолдануға арналған:
- геморрой
- артқы өтіс сызаттары
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Геморройға қарсы біріктірілген дәрі. Анузолдың спазмолитикалық, қабынуға қарсы, антисептикалық, ауырғанды басатын, жергілікті қабынуға қарсы, тұтқыр және құрғататын әсері бар.
Ксероформ (висмут трибромфеноляты) – антисептикалық, қабынуға қарсы, тұтқыр және құрғататын дәрі. Итжидек экстрактісі – М-холинбөгегіш және спазмолитикалық әсер береді, асқазан-ішек жолы (АІЖ) бұлшықеттері тонусын төмендетеді. Мырыш сульфаты – тұтқыр дәрі, антисептик. Глицерол әртүрлі тіндерде осмостық қысымды өзгерту, ісінулерді азайту, осмостығын жоғарылату үшін пайдаланылады.
Дозалау режимі
Бір реттік доза тәулігіне 1-2 рет 1 суппозиторийді құрайды.
Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы - 7 суппозиторий.
Енгізу әдісі мен жолы
Ректальді. Ішектің өздігінен босауынан немесе тазарту клизмасынан кейін суппозиторий пішінді ұяшықты қаптамасынан босатылып, тік ішекке енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 10-14 күнді құрайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, кеңес алу үшін дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
• препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• ішек атониясы
• декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, тахиаритмия, миастения
• жабықбұрышты глаукома
• несеп ағып шығуының бұзылуымен қуықасты безінің гипертрофиясы
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар
Белгісіз
- аллергиялық реакциялар
- артқы өтіс тұсын ашыту
- ауыздың құрғауы
- іш қатуы, диарея
- тахикардия, жүректің қағуы
- қарашықтардың кеңеюі, көрудің өткінші бұзылуы (аккомодация парезі)
- бас ауыруы, бас айналуы
- ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық
Мұндай жағдайларда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге көріну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайында дозаға тәуелді жанама әсерлердің жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, тершеңдіктің төмендеуі, гипертермия болуы мүмкін; неғұрлым ауыр жағдайларда - психомоторлық қозу, құрысулар, несепті жедел ұстап тұру. Артық дозалану жағдайында препаратты қабылдауды тоқтату керек және дәрігермен кеңесу керек.
Емі: симптоматикалық.
Анузол препаратын мынадай жағдайларда сақтықпен қолдану керек: вегетативті нейропатия, гипертиреоз, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, митральді стеноз, бүйрек аурулары, диафрагма өңеш саңылауының жарығы, рефлюкс-эзофагит, дене температурасының жоғарылауы (тер бездерінің белсенділігін басу салдарынан қызба мен ыстық өтудің даму ықтималдығы).
Итжидек алкалоидтарының гематоэнцефалдық бөгет арқылы енуі және орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсер ететін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін екенін ескеру қажет. Емдік дозаларда итжидек алкалоидтары орталық жүйке жүйесіне орташа көтермелеуші әсер етеді, үлкен дозаларда - қоздырғыш әсер етеді, уытты дозаларда - ажитация, тежеу және коматозды жағдаймен ауысып отыратын елестеулер. Суппозиторийлерді итжидек экстрактісімен және антихолинергиялық белсенділігі бар басқа препараттармен бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек, өйткені жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығы артады.
Итжидек экстрактісі асқазан-ішек жолдарының моторлы функциясының тежелуіне байланысты бірге қолданылатын дәрілік және басқа да заттардың сіңу жылдамдығын төмендетуге ықпал етеді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде көлік құралдарын басқарудан және зейіннің жоғарылауын, психомоторлық реакциялардың жылдамдығын және жақсы көруді қажет ететін басқа қауіпті жұмыстардан аулақ болу керек.
Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.
Трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда препараттың М-холинбөгегіш әсерінің күшеюі мүмкін (ауыздың құрғауы, аккомодацияның бұзылуы, тахикардия, іш қатуы және т.б.).
Жүрек жиырылу жиілігін арттыратын препараттармен (оның ішінде прокаинамид) қолданғанда – айқын тахикардия болуы мүмкін.
Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері жағымсыз әсерлердің дамуы мен оң хроно - және батмотропты әсерін күшейтеді; жүрек гликозидтерімен бірге қолданғанда – оң батмотропты әсердің күшеюі қаупін арттырады .
Этанолды (алкогольді) итжидек (белладонна) препараттарымен бір мезгілде қабылдаған кезде ОЖЖ тежеу әсерінің күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.