Әсер ету механизмі
Апиксабан - Ха факторының белсенді орталығының (FXa) күшті пероральді қайтымды, тікелей және жоғары селективті тежегіші. Тромбозға қарсы белсенділігі үшін III антитромбиннің болуы талап етілмейді. Апиксабан бос түрінде, сондай-ақ ұйындымен байланысты Хa факторын, сондай-ақ протромбиназа белсенділігін тежейді. Апиксабан тромбоциттердің агрегациясына тікелей әсер етпейді, бірақ тромбин туындататын тромбоциттердің агрегациясын жанама түрде тежейді. Ха факторын тежеу арқылы апиксабан тромбиннің пайда болуына және тромбтың қалыптасуына жол бермейді. Жануарлар модельдеріне жүргізілген апиксабанның клиникаға дейінгі зерттеулері гемостаз сақталатын дозаларда артериялық және веналық тромбоздың профилактикасында тромбозға қарсы тиімділікті көрсетті.
Фармакодинамикалық әсерлері
Апиксабанның әсер ету механизмі (Xa факторының тежелуі) оның фармакодинамикалық әсерінен көрінеді. Апиксабанның Хa факторын тежеу нәтижесінде протромбиндік уақыт (ПУ), ХҚҚ және ішінара белсендірілген тромблопластин уақыты (ІБТУ) сияқты қанның ұю көрсеткіштерінің мәндері артады. Күтілетін емдік дозада қанның ұюының бұл тестілерінде байқалған өзгерістер аз және өзгергіштіктің жоғары дәрежесіне ұшыраған. Апиксабанның фармакодинамикалық әсерін осы көрсеткіштер бойынша бағалау ұсынылмайды. Тромбиннің түзілуін талдауда апиксабан эндогендік тромбиннің әлеуетін төмендетті, бұл адам плазмасындағы тромбиннің түзілу көрсеткіші.
Апиксабан сонымен қатар Ха факторына қарсы белсенділікті көрсетеді, бұл Ха факторының белсенділігінің тежелуін анықтау үшін бірнеше коммерциялық жинақтарда Ха факторы ферментінің белсенділігінің төмендеуімен дәлелденеді, бірақ әртүрлі жиынтықтарды пайдаланудан алынған нәтижелер әртүрлі. Бүгінгі күні клиникалық зерттеулер барысында алынған Rotachrom® гепаринін қолданатын хромогендік талдау деректері ғана қолжетімді. Ха факторының белсенділігінің тежелуі апиксабанның плазмадағы концентрациясына тікелей желілік тәуелділікті көрсетеді, шекті концентрация кезінде ең жоғары мәндерге жетеді. Қан плазмасындағы апиксабан концентрациясы мен Ха факторының белсенділігінің тежелуі арасындағы байланыс дозалардың кең ауқымында тәуелділігін сақтайды.
3-кестеде тепе-теңдік жағдайдағы болжамды әсер және әр көрсеткіш үшін Ха факторына қарсы белсенділік көрсетілген. Ұршықбуынды немесе тізе буынын ауыстыру операциясынан кейін ВТА профилактикасы үшін апиксабан қабылдаған пациенттерде нәтижелер деңгейдің шыңнан минимумға дейін 1,6 еседен аз ауытқуын көрсетеді. Инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы үшін апиксабан қабылдайтын жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциясы бар пациенттерде нәтижелер ең жоғары және ең төмен деңгейлердің 1,7 еседен аз ауытқуын көрсетеді. ТВТ және ӨАТЭ емдеу немесе ТВТ және ӨАТЭ қайталануының профилактикасы үшін апиксабан қабылдаған пациенттерде нәтижелер деңгейдің шыңнан ең төменге дейін 2,2 еседен аз ауытқуын көрсетеді.
3-кесте. Апиксабанның жүйелі әсерінің күтілетін деңгейі және оның тепе-теңдік жағдайында күтілетін анти-Xa-факторлық белсенділігі
Апиксабан Cmax, нг/мл — Апиксабан Cmin (нг/мл) — Апиксабан Ең жоғары анти-Xa-факторлық белсенділік (ХБ/мл) — Апиксабан Ең төменгі анти-Xa-факторлық белсенділік (ХБ/мл)
Медиана (5-ші процентиль, 95-ші процентиль)
ВТА профилактикасы: ұршықбуынды немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеу
Тәулігіне 2 рет 2,5 мг — 77 (41, 146) — 51 (23, 109) — 1,3 (0,67, 2,4) — 0,84 (0,37, 1,8)
Инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы: ЖКЕФ
Тәулігіне 2 рет 2,5 мг* — 123 (69, 221) — 79 (34, 162) — 1,8 (1,0, 3,3) — 1,2 (0,51, 2,4)
Тәулігіне 2 рет 5 мг — 171 (91, 321) — 103 (41, 230) — 2,6 (1,4, 4,8) — 1,5 (0,61, 3,4)
ТВТ емі, ӨАТЭ емі және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ (ВТАе) профилактикасы
Тәулігіне 2 рет 2,5 мг — 67 (30, 153) — 32 (11, 90) — 1,0 (0,46, 2,5) — 0,49 (0,17, 1,4)
Тәулігіне 2 рет 5 мг — 132 (59, 302) — 63 (22, 177) — 2,1 (0,91, 5,2) — 1,0 (0,33, 2,9)
Тәулігіне 2 рет 10 мг — 251 (111, 572) — 120 (41, 335) — 4,2 (1,8, 10,8) — 1,9 (0,64, 5,8)
* Доза бойынша түзетілген популяция ARISTOTLE зерттеуінде дозаны төмендетудің 3 критерийінің 2-іне негізделген.
Апиксабанмен жүргізілетін ем оның қандағы концентрациясын үнемі бақылауды қажет етпесе де, кейде Апиксабанның әсері туралы деректер клиникалық шешімдер қабылдауға ықпал етуі мүмкін ерекше жағдайларда, мысалы, артық дозаланғанда және жедел хирургиялық араласым кезінде, калибрлеу сандық талдау арқылы анти-Ха-факторлық белсенділікті талдау қажет болуы мүмкін.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
ВТА профилактикасы (ВТАп): ұршықбуынды немесе тізе буынын алмастыру бойынша жоспарлы операция
Апиксабанның клиникалық бағдарламасы ұршықбуынды немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеуден өткен көптеген ересек пациенттерде ВТА профилактикасы үшін апиксабанның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсету үшін әзірленген. Жалпы алғанда, 8464 пациент тәулігіне екі рет пероральді 2,5 мг дозада апиксабанды (4236 пациент) және тәулігіне бір рет 40 мг дозада эноксапаринді (4228 пациент) салыстырған екі негізгі көпұлтты салыстырмалы жасырын зерттеулерде рандомизацияланды. Бұл жалпы санға 75 жастағы және одан асқан 1262 пациент (апиксабан тобында 618), дене салмағы төмен (≤60 кг) 1004 пациент (апиксабан тобында 499), ДСИ ≥ 33 кг/м2 бар 1495 пациент (апиксабан тобында 743) және бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар 415 пациент (апиксабан тобында 203) кірген.
ADVANCE-3 зерттеуіне 5407 пациент қатысты, оларға ұршықбуынды жоспарлы алмастыру жасалды, ал ADVANCE-2 зерттеуіне тізе буынына жоспарлы алмастыру жүргізілген 3057 пациент қатысты. Пациенттер апиксабанды тәулігіне екі рет пероральді 2,5 мг дозада немесе эноксапаринді тері астына 40 мг дозада тәулігіне бір рет қабылдады. Апиксабанның бірінші дозасын операциядан кейін 12-24 сағаттан соң енгізді, ал эноксапаринді енгізуді операцияға дейін 9-15 сағат бұрын бастады. Апиксабан да, эноксапарин де ADVANCE-3 зерттеуінде 32-38 күн ішінде және ADVANCE-2 зерттеуінде 10-14 күн ішінде тағайындалды.
Сырқатнама негізінде ADVANCE-3 және ADVANCE-2 зерттелген популяцияда (8464 пациент) пациенттердің 46%-ында артериялық гипертензия, 10%-ында гиперлипидемия, 9%-ында қант диабеті және 8% -ында жүректің ишемиялық ауруы болды.
Апиксабан біріктірілген болып табылатын, бастапқы нүкте көрсеткіштерінің статистикалық тұрғыдан жақсы төмендеуін көрсетті және кез келген себеппен ВТА/өлімнің барлық жағдайларын қамтыды, сонымен қатар ұршықбуынға немесе тізе буынға жоспарлы операция жасау жағдайында эноксапаринмен салыстырғанда проксимальді ТВТ, өлімге әкелмейтін ӨАТЭ және ВТА байланысты өлімнің біріктірілім болып табылатын ауқымды ВТА-ның соңғы нүктесі болды (4-кестені қараңыз).
4-кесте. III фазаның тірек зерттеулеріндегі тиімділікті бағалау нәтижелері
Зерттеу — ADVANCE-3 (ұршықбуын) — ADVANCE-2 (тізе буын)
Зерттелетін ем Доза Емдеу ұзақтығы — Апиксабан Тәулігіне екі рет 2,5 мг п/ді 35 күн ± 3 күн — Эноксапарин Тәулігіне бір рет 40 мг т/а 35 күн ± 3 күн — p-мәні — Апиксабан Тәулігіне екі рет 2,5 мг п/ді 12 күн ± 2 күн — Эноксапарин Тәулігіне бір рет 40 мг т/а 12 күн ± 2 күн — p-мәні
Кез келген себеп бойынша барлық ВТА/өлім жағдайы
Құбылыстардың/ пациентдің саны Құбылыстар жиілігі — 27/1949 1,39% — 74/1917 3,86% — <0,0001 — 147/976 15,06% — 243/997 24,37% — <0,0001
Салыстырмалы қауіп 95% СА — 0,36 (0,22, 0,54) — 0,62 (0,51, 0,74)
Ауқымды ВТА
Құбылыстардың/ пациентдің саны Құбылыстар жиілігі — 10/2199 0,45% — 25/2195 1,14% — 0,0107 — 13/1195 1,09% — 26/1199 2,17% — 0,0373
Салыстырмалы қауіп 95% СА — 0,40 (0,15, 0,80) — 0,50 (0,26, 0,97)
Ауыр және клиникалық маңызы бар шағын қан кету (КМШҚ) жағдайларының біріктірілімі болып табылатын ауыр қан кетуге қатысты қауіпсіздікті бағалаудың соңғы нүктелері, сондай-ақ қан кету жағдайларының жалпы саны 2,5 мг дозада апиксабан және 40 мг дозада эноксапарин қабылдаған пациенттер үшін ұқсас жиіліктерді көрсетті (5-кестені қараңыз). Қан кетудің барлық критерийлері хирургиялық араласым орнында қан кетуді қамтыды.
5-кесте. ІІІ фазаны негізгі зерттеулердегі қан кетуді бағалау нәтижелері*
ADVANCE-3 — ADVANCE-2
Апиксабан Тәулігіне екі рет 2,5 мг п/ді 35 күн ± 3 күн — Эноксапарин Тәулігіне бір рет 40 мг т/а 35 күн ± 3 күн — Апиксабан Тәулігіне екі рет 2,5 мг п/ді 12 күн ± 2 күн — Эноксапарин Тәулігіне бір рет 40 мг т/а 12 күн ± 2 күн
Барлық ем алғандар — n=2,673 — n=2,659 — n=1,501 — n=1,508
Емдеу кезеңі 1
Күшті — 22 (0,8%) — 18 (0,7%) — 9 (0,6%) — 14 (0,9%)
Өліммен аяқталған жағдай — 0 — 0 — 0 — 0
Күшті + КМШҚ — 129 (4,8%) — 134 (5,0%) — 53 (3,5%) — 72 (4,8%)
Барлық — 313 (11,7%) — 334 (12,6%) — 104 (6,9%) — 126 (8,4%)
Операциядан кейінгі емдеу кезеңі 2
Күшті — 9 (0,3%) — 11 (0,4%) — 4 (0,3%) — 9 (0,6%)
Қан кетуден болған өлім — 0 — 0 — 0 — 0
Ауыр+КМШҚ — 96 (3,6%) — 115 (4,3%) — 41 (2,7%) — 56 (3,7%)
Барлық — 261 (9,8%) — 293 (11,0%) — 89 (5,9%) — 103 (6,8%)
Қан кетудің барлық критерийлері хирургиялық араласым аймағында қан кетуді қамтыды.
1 Эноксапариннің бірінші дозасынан кейін пайда болған құбылыстарды қамтиды (операцияға дейін)
2 Апиксабанның бірінші дозасынан кейін пайда болған құбылыстарды қамтиды (операциядан кейін)
Апиксабан қабылдаған пациенттерде қан кету, анемия және трансаминаза деңгейінің бұзылуы (мысалы, АЛТ деңгейі) түріндегі жағымсыз реакциялардың жалпы жиілігі ұршықбуыны мен тізе буынды алмастырубойынша жоспарлы операция кезінде II фазаны және III фазаны зерттеулердегі эноксапаринмен салыстырғанда сандық түрде төмен болды.
Жоспарлы емдеу кезеңінде тізе буынын алмастыру бойынша зерттеуде апиксабан тобында 4 ӨАТЭ жағдайы тіркелді, ал эноксапарин тобында мұндай жағдайлар болған жоқ. ӨАТЭ-ның осы анағұрлым жоғары жиілігін түсіндіру мүмкін емес.
Жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциясы (ЖКЕФ) бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы
Клиникалық бағдарламаға барлығы 23799 пациент рандомизацияланды (ARISTOTLE: варфаринмен салыстырғанда апиксабан, AVERROES: АСҚ-мен салыстырғанда апиксабан), оның ішінде апиксабан тобына рандомизацияланған 11927 пациент. Бағдарлама жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциясы және мынадай бір немесе бірнеше қосымша қауіп факторлары бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы үшін апиксабанның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсету үшін әзірленген:
• алдыңғы инсульт немесе өтпелі ишемиялық шабуыл (ӨИШ);
• жасы ≥ 75 жас;
• гипертония;
• қант диабеті;
• симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі (НЮКҚ жіктеуі бойынша II немесе одан жоғары функционалдық класс).
ARISTOTLE зерттеу
ARISTOTLE зерттеуінде жалпы алғанда салыстырмалы жасырын белсенді затқа экспозициясының схема бойынша ұзақтығы орта есеппен 20 ай бойы 18 201 пациент тәулігіне екі рет 5 мг дозада апиксабан (немесе таңдалған пациенттерде тәулігіне екі рет 2,5 мг (4,7 %), 4.2–бөлімді қараңыз) немесе варфарин (ХҚҚ нысаналы ауқымы: 2,0-3,0) алу үшін рандомизацияланды. Пациенттердің орташа жасы — 69,1 жас, CHADS2 шкаласы бойынша орташа балл — 2,1, инсультпен немесе анамнезінде ӨИШ бар пациенттер — 18,9 %.
Зерттеуде апиксабан варфаринмен салыстырғанда инсульттің (геморрагиялық немесе ишемиялық) және жүйелі эмболияның (6-кестені қараңыз) профилактикасының бастапқы нүктесіне қатысты статистикалық маңызды басымдықты көрсетті.
6-кесте. ARISTOTLE зерттеуінде жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттердегі тиімділіктің нәтижелері
Апиксабан N=9120 n (%/жыл) — Варфарин N=9081 n (%/жыл) — Қауіптер қатынасы (95% СА) — p-мәні
Инсульт немесе жүйелі эмболия — 212 (1,27) — 265 (1,60) — 0,79(0,66, 0,95) — 0,0114
Инсульт
Ишемиялық немесе анықталмаған типті — 162 (0,97) — 175 (1,05) — 0,92(0,74, 1,13)
Геморрагиялық — 40 (0,24) — 78 (0,47) — 0,51(0,35, 0,75)
Жүйелі эмболия — 15 (0,09) — 17 (0,10) — 0,87(0,44, 1,75)
Варфаринді қабылдау үшін рандомизацияланған пациенттерде емдік ауқымда (ЕАУ) (ХҚҚ: 2-3) болу уақытының орташа пайызы 66%-ды құрады.
Апиксабан зерттеу орталығының ЕАУ әртүрлі деңгейлеріндегі варфаринмен салыстырғанда инсульт пен жүйелі эмболия жиілігінің төмендегенін көрсетті; зерттеу орталығының деректері бойынша ең жоғары квартиліндегі ЕАУ апиксабан мен варфарин үшін қауіптер қатынасы 0,73 құрады (95% СА: 0,38-1,40).
Кез келген себеппен күшті қан кету мен өлімнің негізгі қайталама нүктелері зерттеуде I типтегі жалпы қателіктің ықтималдығын азайту үшін алдын-ала берілген иерархиялық сынақ стратегиясына сәйкес тексерілді. Статистикалық маңызды артықшылыққа кез келген себеппен қан кетудің де, өлімнің де негізгі қайталама соңғы нүктелері арқылы қол жеткізілді (7-кестені қараңыз). ХҚҚ мониторингі күшейген сайын апиксабанның варфариннен байқалатын артықшылығы кез келген себеппен өлімге қатысты төмендейді.
7-кесте. ARISTOTLE зерттеуінде жүрекшелердің фибрилляциясы бар пациенттердегі қайталама соңғы нүктелер
Апиксабан N=9088 n (%/жыл) — Варфарин N=9052 n (%/жыл) — Қауіптер қатынасы (95% СА) — p-мәні
Қан кету нәтижелері
Күшті* — 327 (2,13) — 462 (3,09) — 0,69 (0,60, 0,80) — <0,0001
Өліммен аяқталған жағдай — 10 (0,06) — 37 (0,24)
Бассүйекішілік — 52 (0,33) — 122 (0,80)
Ауыр + КМАЕҚ — 613 (4,07) — 877 (6,01) — 0,68 (0,61, 0,75) — <0,0001
Барлық — 2356 (18,1) — 3060 (25,8) — 0,71 (0,68, 0,75) — <0,0001
Басқа соңғы нүктелер
Кез келген себептен болған өлім — 603 (3,52) — 669 (3,94) — 0,89 (0,80, 1,00) — 0,0465
Миокард инфарктісі — 90 (0,53) — 102 (0,61) — 0,88 (0,66, 1,17)
*Күшті қан кету Тромбоз және гемостаз бойынша халықаралық қоғамның (ISTH) өлшемдеріне сәйкес анықталады
КМАҚ - клиникалық маңызды аз қан кету.
ARISTOTLE зерттеуінде жағымсыз реакцияларға байланысты емдеуді тоқтатудың жалпы жиілігі апиксабан үшін 1,8 %-ды және варфарин үшін 2,6%-ды құрады.
CHADS2 шкаласы бойынша баллы, жасы, дене салмағы, жынысы, бүйрек функциясының статусы, инсульт немесе ӨИШ және қант диабеті бойынша анықталған қосалқы топтар үшін тиімділікті бағалау нәтижелері зерттеуде зерттелген жалпы популяция үшін тиімділікті бағалаудың алғашқы нәтижелеріне сәйкес келді.
Апиксабанды қолдану кезінде ISTH критерийлері бойынша (АІЖ жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі қан кетулерді және тік ішектен қан кетулерді қоса) үлкен асқазан-ішектен қан кетулердің туындау жиілігі жылына 0,76%, ал варфаринді қолдану кезінде — жылына 0,86% құрады.
CHADS2 шкаласы бойынша баллы, жасы, дене салмағы, жынысы, бүйрек функциясының статусы, анамнезінде инсульт немесе ӨИШ және қант диабеті бойынша анықталған алдын ала құрылған қосалқы топтар үшін ауыр қан кетуді бағалау нәтижелері зерттеуде зерттелген жалпы популяциядағы нәтижелерге сәйкес келді.
AVERROES зерттеу
AVERROES зерттеуінде зерттеушілер КДА қолдану мүмкін емес деп таныған 5598 пациент тәулігіне екі рет 5 мг дозада апиксабан алу үшін рандомизацияланды (немесе таңдалған пациенттерде тәулігіне екі рет 2,5 мг (6,4 %) «Дозалау режимі және қолдану тәсілі» 4.2- бөлімді қараңыз) немесе АСҚ. АСҚ зерттеушінің қалауы бойынша тәулігіне бір рет 81 мг (64 %), 162 мг (26,9 %), 243 мг (2,1 %) немесе 324 мг (6,6 %) дозада қолданылды. Пациенттер зерттелетін белсенді затты орта есеппен 14 ай бойы алды. Пациенттердің орташа жасы — 69,9 жас, CHADS2 шкаласы бойынша орташа балл - 2,0, анамнезінде инсульт немесе ӨИШ бар пациенттер - 13,6%.
AVERROES зерттеуіндегі АВК емінің мүмкінсіздігінің кең таралған себептері талап етілетін аралықтарда ХҚҚ алудың мүмкінсіздігі/екіталай болуын (42,6 %), АВК көмегімен емделуден пациенттердің бас тартуын (37,4 %), CHADS2 = 1 шкаласы бойынша балл және дәрігердің тарапынан АВК қолдану бойынша ұсынымның болмауын (21,3 %), пациент АВК дәрілік препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулықты сақтайтынына сенімділіктің болмауын (15,0 %), сондай-ақ дозаны шұғыл өзгерту қажет болған жағдайда, пациентпен байланысқа қатысты қиындықтарды / болжанатын қиындықтарды (11,7 %) қамтиды.
AVERROES зерттеуі қолайлы қауіпсіздік бейінінде инсульт пен жүйелік эмболия санының айқын төмендеуіне байланысты деректерді бақылау жөніндегі тәуелсіз комитеттің ұсынымы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.
AVERROES зерттеуінде жағымсыз реакцияларға байланысты емдеуді тоқтатудың жалпы жиілігі апиксабан үшін 1,5%-ды және АСҚ үшін 1,3%-ды құрады.
Зерттеуде апиксабан АСҚ-мен салыстырғанда инсульттің (геморрагиялық, ишемиялық немесе анықталмаған типті) және жүйелі эмболияның профилактикасы бастапқы соңғы нүктесіне қатысты статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жақсы нәтижелер көрсетті (8-кестені қараңыз).
8-кесте. AVERROES зерттеуінде жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерде тиімділіктің негізгі нәтижелері
Апиксабан N=2807 n (%/жыл) — АСҚ N=2791 n (%/жыл) — Қауіптер қатынасы (95% СА) — p-мәні
Инсульт немесе жүйелі эмболия* — 51 (1,62) — 113 (3,63) — 0,45(0,32, 0,62) — <0,0001
Инсульт
Ишемиялық немесе анықталмаған типті — 43 (1,37) — 97 (3,11) — 0,44(0,31, 0,63)
Геморрагиялық — 6 (0,19) — 9 (0,28) — 0,67(0,24, 1,88)
Жүйелі эмболия — 2 (0,06) — 13 (0,41) — 0,15(0,03, 0,68)
Инсульт, жүйелі эмболия, МИ немесе тамырлы асқыну себебінен өлім*† — 132 (4,21) — 197 (6,35) — 0,66(0,53, 0,83) — 0,003
Миокард инфарктісі — 24 (0,76) — 28 (0,89) — 0,86(0,50, 1,48)
Қантамырлардың асқынуына байланысты өлім — 84 (2,65) — 96 (3,03) — 0,87(0,65, 1,17)
Кез келген себептен болған өлім† — 111 (3,51) — 140 (4,42) — 0,79(0,62, 1,02) — 0,068
* Зерттеудегі I типтегі жалпы қателіктің ықтималдығын азайту үшін әзірленген жүйелі сынақтардың стратегиясын қолдану арқылы бағаланды
† Екінші соңғы нүкте
Апиксабан мен АСҚ арасында ауыр қан кетудің туындау жиілігінде статистикалық маңызды айырмашылықтар болған жоқ (9-кестені қараңыз).
9-кесте. AVERROES зерттеуінде жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерде қан кету көріністері
Апиксабан N=2798 n (%/жыл) — АСҚ N=2780 n (%/жыл) — Қауіптер қатынасы (95% СА) — p-мәні
Күшті* — 45 (1,41) — 29 (0,92) — 1,54 (0,96, 2,45) — 0,0716
Өліммен аяқталған жағдай, n — 5 (0,16) — 5 (0,16)
Бассүйекішілік, n — 11 (0,34) — 11 (0,35)
Ауыр+КМШҚ† — 140 (4,46) — 101 (3,24) — 1,38 (1,07, 1,78) — 0,0144
Барлық — 325 (10,85) — 250 (8,32) — 1,30 (1,10, 1,53) — 0,0017
*Күшті қан кету Тромбоз және гемостаз бойынша халықаралық қоғамның (ISTH) өлшемдеріне сәйкес анықталады
† Клиникалық маңызды аз қан кету
Жедел коронарлық синдромы бар және/немесе ТАКА болған ЖКЕФ бар пациенттер
AUGUSTUS, ашық, рандомизацияланған, бақыланатын, 2-ден 2-ге дейінгі екі факториалды дизайнмен ЖКЕФ бар жедел коронарлық синдромға (ЖКС) шалдыққан (43%) және/немесе ТАКА (56%) бастан өткерген 4614 пациентті қамтыды. Барлық пациенттер жергілікті емдеу стандарттарына сәйкес тағайындалған P2Y12 тежегішімен (клопидогрел: 90,3%) негізгі ем алды.
Пациенттер К дәруменінің антагонисін (КДА) немесе ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) (тәулігіне бір рет 81 мг) немесе плацебо (егер дозаны төмендетудің екі немесе одан да көп критерийі сақталса, тәулігіне екі рет 2,5 мг) немесе тәулігіне екі рет 5 мг дозада апиксабан алу үшін жедел коронарлық синдром және/немесе ТАКА-дан кейін 14 күн ішінде рандомизацияланды. Пациенттердің орташа жасы 69,9 жасты құрады, рандомизацияланған пациенттердің 94%-ында CHA2DS2-VASc > 2, ал 47% - ында HAS-BLED>> 3 балл болды. КДА бойынша рандомизацияланған пациенттер үшін емдік ауқымда (ЕАУ) (ХҚҚ 2-3) халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) мәндерінің болу уақытының үлесі 56% құрады, бұл ретте уақыттың 32% - ы ХҚҚ-ның нысаналы мәндері ЕАУ-дан төмен және 12% ЕАУ-дан жоғары болды.
AUGUSTUS зерттеуінің негізгі мақсаты Тромбоз және гемостаз бойынша халықаралық қоғамның (International Society on Thrombosis and Haemostasis — ISTH) критерийлері бойынша күшті қан кетудің дамуына қатысты бастапқы соңғы нүктесі бар қауіпсіздікті бағалау немесе клиникалық маңызды шамалы қан кету (КМШҚ) болды. 6 айдан кейін ISTH немесе КМШҚ критерийлері бойынша үлкен қан кетулер апиксабан тобындағы 241 (10,5%) пациентте және КДА тобындағы 332 (14,7%) пациентте пайда болды (салыстырмалы қауіп= 0,69, 95% СА: 0,58, 0,82; төмен емес екі жақты тиімділік үшін р-мәні <0,0001 және артықшылығын көрсету үшін p-мәні <0,0001). КДА алған топта ЕАУ бойынша қосалқы топтарды қолданумен қосымша талдаулар қан кетудің ең жоғары жиілігі ЕАУ-ның ең төменгі квартилімен байланысты екенін көрсетті. Қан кету жиілігі апиксабан мен ЕАУ жоғарғы квартилінің арасында бірдей болды.
6 айдан кейін үлкен қан кетулер немесе ISTH критерийлері бойынша КМШҚ тобындағы 367 (16,1%) пациенттерде және плацебо тобындағы 204 (9,0%) пациенттерде (салыстырмалы қауіп= 1,88, 95% СА:1,58, 2,23; екіжақты р-мәні <0,0001) туындады.
Атап айтқанда, апиксабан алған пациенттерде ауқымды қан кетулер немесе КМШҚ АСҚ тобында және плацебо тобында 157 (13,7%) және сәйкесінше 84 (7,4%) пациентте пайда болды. КДА ем қабылдаған пациенттерде ауыр қан кетулер немесе КМАЕҚ АСҚ тобында және плацебо тобында 208 (18,5%) және сәйкесінше 122 (10,8%) пациентте пайда болды.
Емдеудің басқа әсерлері біріктірілген соңғы нүктелермен зерттеудің екінші мақсаты ретінде бағаланды.
Біріктірілген болып табылған және өлімді немесе қайта ауруханаға жатқызуды қамтыған екінші соңғы нүкте апиксабан тобындағы 541 пациентте (23,5%) және сәйкесінше КДА тобындағы 632 (27,4%) пациентте орын алды. Апиксабан тобындағы 170 (7,4%) пациентте және сәйкесінше КДА тобындағы 182 (7,9%) пациентте біріктірілген соңғы нүкте ретінде өлім немесе ишемиялық құбылыс (инсульт, миокард инфарктісі, стент тромбозы немесе жедел реваскуляризация) байқалды.
АСҚ және плацебоны салыстыру кезінде өлімді немесе қайта ауруханаға жатқызуды қамтыған біріктірілген соңғы нүкте АСҚ және плацебо тобындағы 604 (26,2%) және сәйкесінше 569 (24,7%) пациентте байқалды. Өлім немесе ишемиялық құбылыс (инсульт, миокард инфарктісі, стент тромбозы немесе жедел реваскуляризация) біріктірілген соңғы нүкте ретінде АСҚ және плацебо тобындағы 163 (7,1%) және сәйкесінше 189 (8,2%) пациенттерде байқалды.
Кардиоверсия жасалған пациенттер
EMANATE — бұрын пероральді антикоагулянттық ем алмаған немесе оны 48 сағаттан аз қабылдаған және ЖКЕФ бойынша кардиоверсия жоспарланған 1500 пациенттің қатысуымен ашық көп орталықты зерттеу болып табылады. Пациенттер жүрек-қантамыр құбылыстарының профилактикасы үшін апиксабан немесе гепарин және (немесе) КДА алу үшін 1:1 қатынасында рандомизацияланған. Электрлік және (немесе) фармакологиялық кардиоверсияны пациенттерге қабылдау режимінде тәулігіне екі рет (немесе жекелеген пациенттер үшін тәулігіне екі рет 2,5 мг (4.2- бөлімді қараңыз)) 5 мг-дан апиксабанның кемінде 5 дозасын алғаннан кейін немесе егер кардиоверсияны бұрын жүргізу қажет болса, 10 мг [немесе жекелеген пациенттер үшін 5 мг жүктеме дозасын (4.2-бөлімді қараңыз) алғаннан кейін кемінде 2 сағаттан кейін жүргізді. Апиксабан тобында 342 пациент препараттың жүктеме дозасын алды (331 пациент 10 мг дозаны алды және 11 пациент 5 мг дозаны алды).
Апиксабан тобында инсульт тіркелген жоқ (0 %) (n = 753), ал гепарин және/(немесе) КДА тобында инсульттің 6 (0,80 %) жағдайы тіркелді (n = 747; ҚҚ 0,00, 95% СА 0,00-0,64). Барлық себептерден болған өлім апиксабан тобындағы 2 пациентте (0,27 %) және гепарин және/(немесе) АВК тобындағы 1 пациентте (0,13%) орын алды. Жүйелі эмболия жағдайлары тіркелген жоқ.
Күшті қан кету және КМШҚ апиксабан тобындағы 3 (0,41%) және 11 (1,50%) пациентте және гепарин және/(немесе) сәйкесінше КДА тобындағы 6 (0,83%) және 13 (1,80%) пациентте болды.
Осы интервенциялық зерттеу кардиоверсияға ұшыраған пациенттерде апиксабан мен гепарин және/(немесе) КДА салыстырмалы тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті.
ТВТ емдеу, ӨАТЭ емдеу және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактикасы (веналық тромбоэмболияны емдеу - ВТАе)
Клиникалық зерттеулер бағдарламасы (AMPLIFY: апиксабан мен эноксапаринді/варфаринді салыстыру, AMPLIFY-EXT: апиксабан мен плацебоны салыстыру) ТВТ және/немесе ӨАТЭ емдеу кезінде(AMPLIFY) және ТГВ және/немесе ӨАТЭ антикоагулянтармен (AMPLIFY-EXT) 6-12 айлық емдеу курсынан кейін қайталанатын ТВТ және/немесе ӨАТЭ профилактикасы үшін ұзақ қабылдау кезінде апиксабанның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсету үшін әзірленген. Екі зерттеу де клиникалық айқын проксимальді ТВТ немесе клиникалық айқын ӨАТЭ пациенттерінде параллель топтарда рандомизацияланған салыстырмалы жасырын халықаралық зерттеулер болды. Қауіпсіздік пен тиімділікті бағалаудың барлық негізгі нүктелерін тәуелсіз жабық комитет бағалады.
AMPLIFY зерттеуі
AMPLIFY зерттеуінде жалпы алғанда 5395 пациент 7 күн бойы тәулігіне екі рет 10 мг дозада апиксабанмен, содан кейін 6 ай бойы пероральді тәулігіне екі рет 5 мг дозада апиксабанмен немесе кемінде 5 күн бойы (ХҚҚ≥ 2 жеткенге дейін) эноксапаринмен 1 мг/кг тері астына тәулігіне екі рет 6 ай бойы (ХҚҚ ≥ 2 жеткенге дейін) және варфаринмен (ХҚҚ нысаналы ауқымы: 2,0-3,0) емдеу үшін рандомизацияланды.
Пациенттердің орташа жасы 56,9 жасты құрады, ал рандомизацияланған пациенттердің 89,8% -ында ВТА-ның өршітілмеген құбылыстары болды.
Варфаринді қабылдау үшін рандомизацияланған пациенттерде емдік ауқымда болудың орташа уақыты (ХҚҚ: 2,0–3,0) 60,9% - ды құрады. Апиксабан зерттеу орталығының ЕАУ әртүрлі деңгейлерінде ВТА себебінен клиникалық айқын ВТА және өлім нәтижесінің қайталану жиілігінің төмендегенін көрсетті; зерттеу орталығының деректері бойынша ЕАУ ең жоғары квартилінде апиксабан және эноксапарин/варфарин үшін салыстырмалы қауіп 0,79 құрады (95% СА: 0,39–1,61).
Осы зерттеуде эноксапаринмен/варфаринмен салыстырғанда апиксабанның қайталамалы клиникалық симптоматикалық ВТА (өлімге әкелмейтін ТВТ немесе өлімге әкелмейтін ӨАТЭ) сараптамалық бағалау арқылы расталған немесе ВТА байланысты өлімнің расталған сараптамалық бағалау арқылы расталған түрдегі біріктірілген бастапқы соңғы нүктеге қатысты ең төмен емес тиімділігі көрсетілді (10-кестені қараңыз).
10-кесте: AMPLIFY зерттеуіндегі тиімділікті бағалау нәтижелері
Апиксабан N=2,609 n (%) — Эноксапарин/варфарин N=2,635 n (%) — Салыстырмалы қауіп (95% СА)
ВТЭ немесе ВТА байланысты өлім — 59 (2,3) — 71 (2,7) — 0,84 (0,60, 1,18)*
ТВТ — 20 (0,7) — 33 (1,2)
ӨАТЭ — 27 (1,0) — 23 (0,9)
ВТА-ға байланысты өлім — 12 (0,4) — 15 (0,6)
ВТА немесе кез келген себептен болған өлім — 84 (3,2) — 104 (4,0) — 0,82 (0,61, 1,08)
ВТЭ немесе ЖҚА байланысты өлім — 61 (2,3) — 77 (2,9) — 0,80 (0,57, 1,11)
ВТА, ВТА салдарынан болған өлім немесе қатты қан кету — 73 (2,8) — 118 (4,5) — 0,62 (0,47, 0,83)
* Эноксапаринмен/варфаринмен салыстырғанда нашар емес (р мәні <0,0001).
Апиксабанның ВТА бастапқы емдеудегі тиімділігі ӨАТЭ [салыстырмалы қауіп 0,9; 95% СА (0,5, 1,6)] немесе ТВТ [салыстырмалы қауіп 0,8; 95% СА 0,5, 1,3)] бойынша ем қабылдаған пациенттерде бірдей болды. Жасы, жынысы, дене салмағының индексі (ДСИ), бүйрек функциясы, индекстік ӨАТЭ таралуы, ТВТ кезінде тромбтың орналасу және гепаринді алдыңғы парентеральді енгізу бойынша ерекшеленетін әртүрлі қосалқы топтағы пациенттер арасындағы тиімділік жалпы алғанда сәйкес келді.
Қауіпсіздікті бағалаудың бастапқы нүктесі күшті қан кету болды. Зерттеуде апиксабан эноксапариннен/варфариннен қауіпсіздікті бағалаудың бастапқы соңғы нүктесіне қатысты статистикалық тұрғыдан асып түсті (салыстырмалы қауіп: 0,31, 95% сенімділік аралығы 0,17-0,55, p-мәні < 0,0001) (11-кестені қараңыз).
10-кесте: AMPLIFY зерттеуіндегі қан кетулерді бағалау нәтижелері
Апиксабан N=2676 n (%) — Эноксапарин/варфарин N=2689 n (%) — Салыстырмалы қауіп (95% СА)
Күшті — 15 (0,6) — 49 (1,8) — 0,31 (0,17, 0,55)
Күшті + КМШҚ — 115 (4,3) — 261 (9,7) — 0,44 (0,36, 0,55)
Елеусіз — 313 (11,7) — 505 (18,8) — 0,62 (0,54, 0,70)
Барлық — 402 (15,0) — 676 (25,1) — 0,59 (0,53, 0,66)
Аноксапарин/варфарин тобымен салыстырғанда апиксабан тобында ауыр қан кетулер мен КМШҚ сараптамалық бағалаумен расталған барлық шоғырлану жиілігі төмен болды. Сараптамалық бағалаумен расталған, ISTH критерийлері бойынша ауыр ретінде жіктелген асқазан-ішектен қан кету апиксабан алған 6 (0,2 %) және эноксапарин/варфарин алған 17 (0,6%) пациенттерде тіркелген.
AMPLIFY-EXT зерттеуі
AMPLIFY-EXT зерттеуінде жалпы алғанда 2482 пациент тәулігіне екі рет пероральді 2,5 мг дозада апиксабанды, тәулігіне екі рет пероральді 5 мг дозада апиксабанды немесе ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі антикоагулянттармен емдеудің бастапқы курсын аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде плацебо қабылдау үшін рандомизацияланды. Оның ішінде 836 пациент (33,7 %) AMPLIFY-EXT зерттеуіне енгізілгенге дейін AMPLIFY зерттеуіне қатысты.
Пациенттердің орташа жасы 56,7 жасты құрады, ал рандомизацияланған пациенттердің 91,7% -ында ВТА-ның өршітілмеген оқиғалары болды.
Бұл зерттеуде апиксабанды дозалаудың екі режимі клиникалық айқын ВТА (өлімге әкелмейтін ТВТ немесе өлімге әкелмейтін ӨАТЭ) қайталануы немесе кез келген себеп бойынша өлім түріндегі бастапқы соңғы нүктеге қатысты плацебодан статистикалық маңызды асып түсті (12-кестені қараңыз).
12-кесте. AMPLIFY-EXT зерттеуіндегі тиімділікті бағалау нәтижелері
Апиксабан — Апиксабан — Плацебо — Салыстырмалы қауіп (95% СА)
2,5 мг (N=840) — 5,0 мг (N=813) — (N=829) — Апиксабан 2,5 мг плацебомен салыстырғанда — Апиксабан 5,0 мг плацебомен салыстырғанда
n (%)
ВТА қайталануы немесе кез келген себептен болған өлім — 19 (2,3) — 14 (1,7) — 77 (9,3) — 0,24 (0,15, 0,40)¥ — 0,19 (0,11, 0,33)¥
ТВТ* — 6 (0,7) — 7 (0,9) — 53 (6,4)
ӨАТЭ* — 7 (0,8) — 4 (0,5) — 13 (1,6)
Кез келген себептен болған өлім — 6 (0,7) — 3 (0,4) — 11 (1,3)
ВТЭ қайталануы немесе ВТА байланысты өлім — 14 (1,7) — 14 (1,7) — 73 (8,8) — 0,19(0,11, 0,33) — 0,20 (0,11, 0,34)
ВТЭ қайталануы немесе ЖҚА байланысты өлім — 14 (1,7) — 14 (1,7) — 76 (9,2) — 0,18 (0,10, 0,32) — 0,19 (0,11, 0,33)
Өлімге әкелмейтін ТВТ† — 6 (0,7) — 8 (1,0) — 53 (6,4) — 0,11 (0,05, 0,26) — 0,15 (0,07, 0,32)
Өлімге әкелмейтін ӨАТЭ† — 8 (1,0) — 4 (0,5) — 15 (1,8) — 0,51 (0,22, 1,21) — 0,27 (0,09, 0,80)
ВТА-ға байланысты өлім — 2 (0,2) — 3 (0,4) — 7 (0,8) — 0,28 (0,06, 1,37) — 0,45 (0,12, 1,71)
¥ p-мәні < 0,0001
* Біріктірілген соңғы нүктеге кіретін бірнеше құбылысы бар пациенттер үшін тек бірінші құбылыс туралы хабарланады (мысалы, егер пациентте ТВТ, содан кейін ӨАТЭ болса, тек ТВТ туралы хабарланады).
† Жекелеген пациенттерде екі жіктелуде де бірнеше құбылыстар тіркеліп, ұсынылуы мүмкін.
Апиксабанның ВТА қайталануының алдын алу үшін тиімділігі жасын, жынысын, ДСИ және бүйрек функциясын қоса, барлық қосалқы топтарда сақталды.
Емдеу кезеңі ағымында күшті қан кету қауіпсіздіктің бастапқы соңғы нүктесі болды. Бұл зерттеуде апиксабанның екі дозасы үшін де күшті қан кету жиілігі плацебо жиілігінен статистикалық тұрғыдан ерекшеленбеді. Тәулігіне екі рет 2,5 мг апиксабан топтары мен плацебо арасында үлкен қан кетулер + КМШҚ, болмашы және барлық қан кетулер туындау жиілігінде статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ (13-кестені қараңыз).
13-кесте. AMPLIFY-EXT зерттеуіндегі қан кетуді бағалау нәтижелері
Апиксабан — Апиксабан — Плацебо — Салыстырмалы қауіп (95% СА)
2,5 мг (N=840) — 5,0 мг (N=811) — (N=826) — Апиксабан 2,5 мг плацебомен салыстырғанда — Апиксабан 5,0 мг плацебомен салыстырғанда
n (%)
Күшті — 2 (0,2) — 1 (0,1) — 4 (0,5) — 0,49 (0,09, 2,64) — 0,25 (0,03, 2,24)
Күшті + КМШҚ — 27 (3,2) — 35 (4,3) — 22 (2,7) — 1,20 (0,69, 2,10) — 1,62 (0,96, 2,73)
Елеусіз — 75 (8,9) — 98 (12,1) — 58 (7,0) — 1,26 (0,91, 1,75) — 1,70 (1,25, 2,31)
Барлық — 94 (11,2) — 121 (14,9) — 74 (9,0) — 1,24 (0,93, 1,65) — 1,65 (1,26, 2,16)
Сараптамалық бағалаумен расталған, ISTH критерийлері бойынша күшті ретінде жіктелген асқазан-ішектен қан кету тәулігіне екі рет 5 мг дозада апиксабан алған 1 (0,1 %) пациентте тіркелген, тәулігіне екі рет 2,5 мг дозада апиксабан қабылдаған пациенттер тобында тіркелмеген және плацебо қабылдаған 1 (0,1%) пациентте тіркелген.
Балалар
Бекітілген көрсетімдер жоқ (4.2-бөлімді қараңыз).
Жедел лимфобластты лейкозы немесе лимфобластты лимфомасы (ЖЛЛ, ЛЛ) бар балаларда ВТА-ның профилактикасы
PREVAPIX-ALL зерттеуінде орталық веналық қол жеткізілген тұрақты құрылғысы арқылы аспарагиназаны қамтитын индукциялық химиотерапиядан өткен, алғаш ЖЛЛ немесе ЛЛ диагнозы қойылған ≥ 1 жастан < 18 жасқа дейінгі жалпы 512 пациент апиксабанмен ашық тромбопрофилактикаға немесе стандартты емдеуге (жүйелі антикоагуляциясыз) 1:1 рандомизацияланды. Апиксабан тәулігіне екі рет 2,5 мг қабылдаған ересектердегі байқалған әсермен салыстыруға болатын әрекетке қол жеткізуге арналған, дене салмағына есептелген тұрақты дозалау сызбасы бойынша енгізілді (14-кестені қараңыз). Апиксабан 2,5 мг, 0,5 мг таблетка немесе пероральді қолдануға арналған 0,4 мг/мл ерітінді түрінде қолданылды. Апиксабан тобындағы әсер етудің орташа ұзақтығы 25 күн болды.
14-кесте: PREVAPIX-ALL зерттеуіндегі апиксабанның дозасы
Салмақ диапазоны — Дозалау сызбасы
6-дан < 10,5 кг-ға дейін — күніне екі рет 0,5 мг
10,5-тен < 18 кг-ға дейін — күніне екі рет 1 мг
18-ден < 25 кг-ға дейін — күніне екі рет 1,5 мг
25-тен < 35 кг-ға дейін — күніне екі рет 2 мг
≥ 35 кг — күніне екі рет 2,5 мг
Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі анықталған терең веналардың симптоматикалық және симптомсыз өлімге әкелмейтін тромбоздардың, өкпе артериясы тромбоэмболиясының, мидың веналық синусының тромбозының және веналық тромбоэмболиямен байланысты өлімнің жиынтығы болды. Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесінің жиілігі стандартты емдеу тобындағы 45 (17,6%) салыстырғанда апиксабан тобында 31 (12,1%) құрады. Салыстырмалы қауіптің төмендеуі маңызды болмады.
Қауіпсіздіктің соңғы нүктелері ISTH критерийлеріне сәйкес анықталды. Қауіпсіздіктің бастапқы соңғы нүктесі — күшті қан кету — әр емдеу тобындағы пациенттердің 0,8%-ында байқалды. КМШҚ қан кетуі апиксабан тобындағы 11 пациентте (4,3%) және стандартты емдеу тобындағы 3 пациентте (1,2%) болды. Емдеудегі айырмашылыққа әсер ететін КМШҚ-дан ең жиі қан кету жеңілден орташа қарқындылыққа дейінгі мұрыннан қан кету болды. Кішігірім қан кетулер апиксабан тобындағы 37 пациентте (14,5%) және стандартты ем тобындағы 20 пациентте (7,8%) болды.
Туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балалардағы тромбоэмболияның (ТЭ) профилактикасы.
SAXOPHONE рандомизацияланған, ашық, көп орталықты, салыстырмалы зерттеуіне (2:1 қатынасы) антикоагулянттық ем қажет туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақаулары бар 28 күннен <18 жасқа дейінгі пациенттер қатысты. Пациенттер апиксабан немесе К дәрумені антагонистерімен немесе төмен молекулалы гепаринмен стандартты тромбопрофилактика алды. Апиксабанды тәулігіне екі рет 5 мг дозада қабылдаған ересек пациенттерде байқалғанмен салыстырмалы әсерді алу үшін апиксабанды белгіленген, дене салмағы негізінде есептелген, бекітілген доза сызбасы бойынша енгізді (15-кестені қараңыз). Апиксабан 5 мг таблетка, 0,5 мг таблетка немесе 0,4 мг/мл пероральді қолдануға арналған ерітінді түрінде шығарылды. Апиксабан тобындағы емдеудің орташа ұзақтығы 331 күн болды.
15-кесте: SAXOPHONE зерттеуіндегі апиксабанның дозасы
Салмақ диапазоны — Дозалау сызбасы
6-дан < 9 кг-ға дейін — күніне екі рет 1 мг
9-дан < 12 кг-ға дейін — күніне екі рет 1,5 мг
12-ден < 18 кг-ға дейін — күніне екі рет 2 мг
18-ден < 25 кг-ға дейін — күніне екі рет 3 мг
25-тен < 35 кг-ға дейін — күніне екі рет 4 мг
≥ 35 кг — күніне екі рет 5 мг
ISTH расталған күшті қан кетуді және КМШҚ анықтаудан тұратын қауіпсіздіктің бастапқы соңғы нүктесі апиксабан тобындағы 126 пациенттің 1 -інде (0,8%) және стандартты емдеу тобындағы 62 пациенттің 3-інде (4,8%) туындады. Мойындалған КМШҚ және қан кетудің барлық жағдайларының қауіпсіздігінің қайталама соңғы нүктелері емдеудің екі тобында ұқсас болды. Қауіпсіздіктің қайталама соңғы нүктесі-жағымсыз құбылысқа, жақпауына немесе қан кетуге байланысты препаратты тоқтату — апиксабан тобындағы 7 (5,6%) пациентте және стандартты емдеу тобындағы 1 (1,6%) пациентте тіркелді. Екі емдеу тобында бір де бір пациентте тромбоэмболиялық асқынулар байқалмады. Емдеу топтарының ешқайсысында өлім жағдайлары болған жоқ.
Осы популяцияда ТЭ жағдайлары мен қан кетулердің күтілетін төмен жиілігіне байланысты бұл зерттеу тиімділік пен қауіпсіздікті сипаттау үшін проспективті түрде әзірленді. ТЭ байқалған төмен жиілігіне байланысты бұл зерттеуде қауіп пен пайданың түпкілікті бағасын анықтау мүмкін болмады.
• Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік веналық немесе артериялық эмболиясы және тромбозы бар балалар жасындағы пациенттерді бір немесе одан да көп қосымша іріктеуде апиксабан қолдануды зерттеу нәтижелерін ұсыну туралы міндеттемені орындауды кейінге қалдырды (4.2-бөлімнен қараңыз).