Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
100 мг
Саудалық атауы
Арбидол®
Әсер етуші зат
Умифеновир
Мақсаты
Ересектердегі профилактика және емдеуге: А және В тұмауы, басқа ЖРВИ
Өндіруші
Фармстандарт-Лексредства
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат -Умифеновир (умифеновир гидрохлориді моногидраты умифеновир гидрохлоридіне шаққанда) 100 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), повидон (коллидон 25), кальций стеараты.
Капсулалар № 1:
Титанның қостотығы (Е 171), күн батар түстес сары бояғыш (Е 110), хинолинді сары бояғыш (Е 104), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
№ 1 капсулалар ақ түсті, қақпағы сары түсті.
Капсулалардың ішіндегісі-ақ немесе ақ түстен жасылдау-сарыдан ашық-сары немесе жасылдау реңкті ашық-сары ақ түске дейінгі түйіршіктері мен ұнтағы бар қоспа.
• ересектердегі профилактика және емдеуге: А және В тұмауы, басқа ЖРВИ
• операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алуда
ATХ коды J05AX13
Әсер ету механизмі
Вирустарға қарсы әсер ету ауқымы кең. Жоғары патогенді A(H1N1)pdm09 және A(H5N1) қосымша типтерін қоса, А және В тұмау вирустарын (Influenzavirus A, B), сондай-ақ басқа да вирустарды – ауыр жедел респираторлық синдроммен (АЖРС) астасқан жедел респираторлық синдром (жедел респираторлық вирус инфекцияларының (ЖРВИ) (коронавирус (Сoronavirus) қоздырғыштарын, риновирусты (Rhinovirus), аденовирусты (Adenovirus), респираторлық-синцитиальді вирусты (Pneumovirus) және парагрипп вирустарын (Paramyxovirus)) спецификалық тұрғыдан in vitro басады. Механизмі бойынша, вирустарға қарсы әсерінің біріккен тежегіштерге (фузиялар) қатысы бар, вирустың гемагглютининімен өзара әрекеттеседі және вирустың липидтік қабығының және жасушалық жарғақшалардың бірігуіне кедергі жасайды.
Орташа иммуномодуляциялайтын әсер береді, организмнің вирус инфекцияларына төзімділігін арттырады. Интерферон-индукциялайтын белсенділігі бар – тышқандарға жүргізілген зерттеулерде интерферонның индукциясы 16 сағаттан кейін-ақ білінді, ал енгізуден кейін интерферондардың жоғары титрлері қанда 48 сағатқа дейін сақталды. Иммунитеттің жасушалық және гуморальді реакцияларын стимуляциялайды: қанда лимфоциттер санын, әсіресе Т-жасушалардың (СD3) санын арттырады, Т супрессорлар (CD8) деңгейіне ықпалын тигізбей, Т-хелперлерінің (CD4) санын арттырады, иммунитетті реттейтін индексті қалыпқа келтіреді, макрофагтардың фагоцитарлық функциясын стимуляциялайды және олардың табиғи киллерлерінің (NK-жасушалары) санын арттырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Вирустардың кең ауқымына қатысты вирустарға қарсы әсер береді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Вирустық инфекцияларда емдік тиімділігі ауру барысы ұзақтығының және ауырлығының және оның негізгі симптомдарының азаюымен, сондай-ақ вирустық инфекциямен байланысты асқынулардың даму және созылмалы бактериялық аурулардың өршу жиілігінің төмендеуімен көрініс береді.
Клиникалық зерттеулерде ересек пациенттердегі тұмауды немесе ЖРВИ-ді емдегенде Арбидол препаратының әсері ересек пациенттерде көбірек білінетінін және ауру симптомдарының қайту мерзімдерінің қысқаруымен, ауру біліністері ауырлығының төмендеуімен және вирус элиминациясы мерзімінің қысқаруымен көрініс беретінін көрсетті.
Арбидол препаратымен емдеу, плацебомен салыстырғанда, емдеудің үшінші тәулігінде ауру симптомдарының басылу жиілігінің көбірек жоғарылауына әкеледі. Емдеуді бастағаннан кейін 60 сағаттан соң зертханалық түрде айғақталған тұмаудың барлық симптомдарының қайтуы плацебо тобындағы ұқсас көрсеткіштерден 5 есе артық болады.
Арбидол препаратынң тұмау вирусы элиминациясының жылдамдығына елеулі ықпалын тигізбейтіндігі, бұл, атап айтқанда, 4-ші тәулікте вирус РНҚ-ның біліну жиілігінің азаюымен көрініс беретіндігі анықталды.
Балалар
Бұл дәрілік түр 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге қолдануға арналмаған.
Дозалау режимі
Ішке, тамақ ішкенге дейін.
Препараттың бір реттік дозасы — 200 мг (2 капсула)
Ең жоғары бір реттік доза — 200 мг (2 капсула)
Ең жоғары тәуліктік доза — 800 мг (8 капсула)
Енгізу әдісі және жолы
Ішке
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты тамақ ішкенге дейін қабылдау керек.
Көрсетілімі — Препаратты қабылдау сызбасы
Тұмау және басқа ЖРВИ эпидемиясы кезеңінде спецификалық емес профилактика — 3 апта бойы аптасына 2 рет бір реттік доза
Тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен тікелей қарым-қатынас кезінде спецификалық емес профилактика — 10–14 күн бойы күніне 1 рет бір реттік доза
Тұмауды және басқа ЖРВИ-ді емдеу — 5 тәулік бойы тәулігіне 4 рет (әрбір 6 сағат сайын) бір реттік доза
Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы — операциядан 2 тәулік бұрын бір реттік доза, содан кейін операциядан соң 2 және 5 тәулік
Препаратты қабылдауды тұмау және басқа ЖРВИ ауруларының алғашқы симптомдары пайда болған сәттен, дұрысы ауру басталғаннан бастап 3 тәуліктен кешіктірмей бастайды.
Емдеу ұзақтығы
Дәрілік препаратты әр түрлі көрсеткіштер бойынша қолдану кезіндегі емдеу ұзақтығы "Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі" тармағында көрсетілген»
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препараттың бір дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда-өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдап, басталған сызба бойынша препаратты қабылдау курсын жалғастыру керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер тұмауды және басқа да ЖРВИ-ді емдеген кезде үш тәулік бойы Арбидол® препаратын қолданудан кейін аурудың симптомдарының айқындылығы, соның ішінде жоғары температура (38°С және одан астам) сақталса, онда препаратты қабылдаудың негізділігіне баға беру үшін дәрігерге қаралу қажет.
Тұмауды және ЖРВИ-ді емдегенде, қызуды төмендететін препараттарды, муколитикалық және жергілікті қантамырларды тарылтатын дәрілерді қоса, симптоматикалық ем қатар жүргізілуі мүмкін.
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктіліктің алғашқы триместрі
- емшек емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Арбидол® препараты уыттылығы аз препараттарға жатады және жағымдылығы әдетте жақсы.
Жағымсыз әсерлері сирек туындайды, әдетте әлсіз немесе орташа білінеді және өткінші сипатқа ие.
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктемесіне сәйкес белгіленеді: өте жиі (жиілігі 1/10-нан астам), жиі (жиілігі кемінде 1/100, бірақ 1/10-нан кем), жиі емес (жиілігі кемінде 1/1000, бірақ 1/100-ден кем), сирек (жиілігі кемінде 1/10000, бірақ 1/1000-нан кем), өте сирек (жиілігі кемінде 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Сирек
-терінің қышуы
-бөртпе
-ангионевроздық ісіну
-есекжем
Өте сирек
- анафилаксиялық реакциялар
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені өршісе, немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, оны дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалану жағдайлары байқалмаған. Артық дозалану туындаған жағдайда емі симптоматикалық.
- жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері
Арнайы сақтандырулар
Арбидол® препаратын жүрек-қантамыр жүйесінің, бауыр мен бүйректің қатар жүретін аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.
Препаратты қабылдаудың нұсқаулықта ұсынылған сызбасын және ұзақтығын орындау қажет. Препараттың бір дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және емдеу курсын басталған сызба бойынша жалғастыру керек.
Егер тұмауды және басқа да ЖРВИ-ді емдегенде Арбидол® препаратын қолданудан кейін үш тәулік ішінде аурудың симптомдарының айқындылығы, соның ішінде жоғары температура (38°С және одан астам) сақталса, онда препаратты қабылдаудың негізділігіне баға беру үшін дәрігерге қаралу қажет.
Педиатрияда қолдану
Бұл препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орталықтық нейротроптық белсенділігі білінбейді және медициналық практикада әртүрлі мамандықтағы, оның ішінде көп көңіл бөлуді және қозғалыстарды үйлестіруді талап ететін адамдарда (көлік жүргізушілері, операторлар және т.б.) қолданылуы мүмкін.
Арбидол® препаратын жүктіліктің алғашқы триместрінде қолдануға болмайды.
Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде Арбидол® препаратын тек тұмауды емдеуге және профилактика жүргізуге және ана үшін болжамды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Пайда/қауіп арақатынасын емдеуші дәрігер анықтайды.
Лактация кезеңінде әйелдердің емшек сүтіне Арбидол® препаратын өтетіндігі-өтпейтіндігі белгісіз. Арбидол® препаратын қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату керек.
Арбидол® препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін зерттеуге арналған арнайы клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Клиникалық зерттеулер жағдайында қызуды төмендететін, муколитикалық және жергілікті қантамырларды тарылтатын дәрілік заттармен жағымсыз өзара әрекеттесулердің болғаны туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.