Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель
Дозасы
2,5 %
Саудалық атауы
Артрокол
Әсер етуші зат
Кетопрофен
Мақсаты
Спорттық жарақаттар, шығып кету, созылу және cоғылу сияқты жарақаттан туындаған қаңқа-бұлшықет жүйесінің жедел ауырсыну жағдайларын жеңілдету
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г гельдің құрамында
белсенді зат – кетопрофен 25 мг,
қосымша заттар: карбомер 980, троламин, этанол 96% 320 мг, метилпарагидроксибензоат 1 мг, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спирттің аздап иісі бар, мөлдір түссіз біртекті гель
- спорттық жарақаттар, шығып кету, созылу және cоғылу сияқты жарақаттан туындаған қаңқа-бұлшықет жүйесінің жедел ауырсыну жағдайларын жеңілдету;
- ауыр емес артрит кезіндегі ауырсыну.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Кетопрофен – қабынуға қарсы стериодты емес дәрі, пропион қышқылы тобының туындысы. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеуімен байланысты. Анальгетикалық және қабынуға қарсы әсері бар.
Дозалау режимі
Ересектер: препаратты тәулігіне 2-4 рет 7 күнге дейін дененің ауыратын немесе қабынған дене бөлігінің терісіне жағады. Абайлап жағып, гельдің теріге енуі үшін жақсылап ысқылау керек. Гельдің әдеттегі ұсынылатын тәуліктік дозасы - 15 г (7,5 г шамамен 14 см гельге сәйкес келеді).
Егде жастағы пациенттер: егде жастағы пациенттерге арналған дозалау бойынша ерекше ұсынымдар анықталмаған.
Балалар: балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені осы жас тобында қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат сыртқа қолдануға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- анамнездегі фотосезімталдық реакциялары
- демікпе симптомдары, аллергиялық ринит сияқты, кетопрофенге, фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП)
- анамнезде кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УК-блокаторларға немесе хош иісті заттарға терінің аллергиялық реакциялары
- күн сәулесінің әсеріне ұшыраған пациенттер, тіпті күн тұманы кезінде, сондай-ақ солярийдегі УК-сәуледе, емдеу кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін 2 апта бойы
- жүктіліктің үшінші триместрі
- экзема немесе акне сияқты терінің патологиялық өзгерістері бар пациенттер.
Препаратты инфекция жұқтырған теріге немесе ашық жараларға, шырышты қабықтарға, артқы өтіс пен гениталий аймағына, көзге жағуға немесе окклюзиялық таңғыштармен қолдануға болмайды.
Жиі емес
- қызару, экзема, қышыну, күйдіру сияқты жергілікті тері реакциялары
Сирек
- фотосенсибилизация және есекжем. Сирек жағдайларда таралуға немесе жайылуға қабілетті буллезді немесе фликтенулезді экзема сияқты ауырлау реакциялар пайда болған
Өте сирек
- бүйрек жеткіліксіздігінің өршу жағдайлары
Жиілігі белгісіз
- Стивенс-Джонсон синдромы
- анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Сыртқы қолдану кезінде артық дозалану ықтималдығы аз.
Кездейсоқ жұтылған кезде гель қабылданған мөлшерге байланысты жүйелік жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Егер олар пайда болса, демеуші және симптоматикалық ем жүргізілуі керек.
Гельді әр қолданудан кейін қолды мұқият жуу қажет.
Гельдің шырышты қабықтармен және көзбен жанасуын болдырмау керек.
Арнайы ескертулер
Құрамында октокрилен бар препараттарды бір мезгілде қолданғаннан кейін тері реакцияларын қоса, тері реакциясы пайда болған кезде емдеуді дереу тоқтату керек.
Фотосенсибилизация қаупін болдырмау үшін гельді қолданудың барлық кезеңінде және емдеу аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде терінің өңделген жерлерін киіммен қорғау ұсынылады.
Ұсынылған емдеу ұзақтықтығынан асырмау керек (4.2 бөлімін қараңыз), өйткені уақыт өте келе жанаспалы дерматит және фотосенсибилизация реакцияларының даму қаупі артады.
Құрамында кетопрофен бар гельді қоса, ҚҚСП қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) сияқты ауыр тері реакцияларының дамуы туралы хабарланды. Пациенттерге терінің ауыр көріністерінің белгілері мен симптомдары туралы хабарлау қажет. Тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері пайда болған кезде емдеуді тоқтату керек.
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен бірге жүретін демікпесі бар пациенттерде басқа пациенттерге қарағанда аспиринге және/немесе ҚҚСП аллергиясы туындау қаупі барынша жоғары.
Балаларда кетопрофенді гель түрінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.
Жүйелік әсерлер өте аз болса да, гельді жүрек, бауыр немесе бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде сақтықпен қолдану керек: бүйректің зақымдануы болып табылатын жүйелік жағымсыз реакциялардың жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Егер гельді қолданғаннан кейін тері бөртпесі пайда болса, емдеуді тоқтату керек.
Гельді окклюзиялық таңғыштардың астына жағуға болмайды.
Фотоуыттылық пен фотоаллергия реакцияларының дамуын болдырмау үшін емдеу кезінде және препаратты қолдану аяқталғаннан кейін екі апта ішінде солярийде препаратпен өңделген тері аймақтарын тікелей күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәуленің әсеріне ұшыратпау керек.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында аллергиялық реакциялар (баяу типі болуы мүмкін) тудыруы мүмкін метилпарагидроксибензоат бар.
Препарат құрамында этанол бар, бірақ этанолдың дозасына және оны қолдану жолына байланысты ешқандай сақтық шаралары қажет етілмейді.
Препаратты ашық от көздерінен алыс сақтау керек. Өртеуге болмайды.
Сықпаны пайдаланғаннан кейін жабу керек.
Гельді сұйылтуға болмайды.
Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде кетопрофенді қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Жүктіліктің үшінші триместрінде барлық простагландин синтетаза тежегіштері, оның ішінде кетопрофен шаранада жүрек-өкпе және бүйрек уыттылығын тудыруы мүмкін. Жүктіліктің соңында ана мен баланың қан кету уақыты артуы мүмкін. ҚҚСП толғатуды баяулатуы мүмкін. Осы себепті кетопрофен жүктіліктің үшінші триместрінде қолдануға болмайды.
Жүктілік кезеңінде әйелдерде кетопрофенді жергілікті қолдануға арналған дәрілік түрінде пайдалану туралы клиникалық деректер жоқ. Препараттың жүйелік әсері пероральді қабылдау кезіндегі осындай әсермен салыстырғанда төмен болса да, кетопрофеннің жергілікті қолдану кезіндегі қол жеткізілетін жүйелік әсер кезінде эмбрионға/шаранаға теріс әсер етуі мүмкін екендігі белгісіз. Кетопрофенді әйелдерде жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде аса қажет болған жағдайда ғана пайдалану керек. Бұл ретте препаратты барынша қысқа уақыт ішінде ең аз дозада қолдану қажет.
Простагландин синтезінің тежегіштері, соның ішінде кетопрофен, жүктіліктің III триместріндегі әйелдерде жүйелі түрде қолданылған кезде, шарананың жүрек-өкпе жүйесі мен бүйрегіне уытты әсер етуі мүмкін. Жүктіліктің соңында анада да, сондай-ақ балада да қан кету ұзақтығы, сондай-ақ босану ұзақтығы ұлғаюы мүмкін. Сондықтан жүктіліктің соңғы триместрінде әйелдерде кетопрофенді қолдану болмайды.
Лактация
Кетопрофеннің аз мөлшері емшек сүтіне бөлінеді, сондықтан бала емізу кезінде Артрокол гель препаратын қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Өзара әрекеттесу ықтималдығы аз, өйткені препараттың қан сарысуындағы концентрациясы сыртқа қолданғаннан кейін төмен болады.
Кетопрофенді қоса, ҚҚСП жүйелі қолдану кезінде метотрексаттың жоғары дозаларымен күрделі өзара әрекеттесулер тіркелген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.