Меропенем.
АТХ коды J01DH02
Әсер ету механизмі
Архимакс - карбапенемдер тобының антибиотигі, парентеральды қолдануға арналған, адамның дегидропептидаза-1-ге (ДГП-1) салыстырмалы төзімді, ДГП-1 тежегішін қосымша енгізуді талап етпейді.
Архимакстың бактериялардың жасушалық қабырғасының синтезіне әсер ету есебінен бактерицидтік әсері бар. Архимакстың аэробты және анаэробты бактерияларға қарсы бактерицидтік әсері бактериялардың жасушалық қабырғасы арқылы жоғары ену қабілеттілігімен, -лактамазалардың көпшілігіне жоғары тұрақтылық деңгейімен және пенициллинді байланыстыратын ақуыздарға (БПА) едәуір аффинділігімен түсіндіріледі. Ең аз бактерицидтік концентрациялар (ЕБК) әдетте ең төмен тежегіш концентрациялар (ЕТТК) сияқты. Тестіленген бактериялардың 76% үшін ЕБК/ЕТТК қатынасы 2 немесе одан аз болды.
Резистенттілігі
Архимакс қоздырғыштың сезімталдығын анықтау тестілерінде тұрақты. Әртүрлі бактерияға қарсы препараттармен синергиялы әсер етеді, сондай-ақ пост-антибиотиктік әсері бар.
Архимаксқа сезімталдықтың жалғыз ұсынылатын критерийлері препараттың фармакокинетикасына және клиникалық және микробиологиялық деректердің корреляциясына - тиісті қоздырғыштар үшін анықталатын аймақ пен ЕТТК диаметріне негізделеді.
Бағалау — әдісі
Қоздырғыш санаты — Аймақ диаметрі (мм) — ЕТТК (мг/мл)
Сезімтал — 14 — 4
Аралық — 12-ден 13-ке дейін — 8
Резистентті — 11 — 16
Архимакстың in vitro бактерияға қарсы белсенділігі ауқымының клиникалық маңызы бар Грам-оң және Грам-теріс аэробты және анаэробты бактериялардың штамдарының көпшілігін қамтиды, атап айтқанда:
Грам - оң аэробалар
Enterococcus фекальды, Staphylococcus aureus (метициллин сезімтал), Staphylococcus epidermidis, Streptococcus agalactiae (B тобы), Streptococcus milleri ((S. anginosus, S. constellatus, және S. intermedius), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes(А тобы)
Грам-теріс аэробтар
Citrobacter freudii, Citrobacter koseri, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenza, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumonia, Morganella morganii, Neisseria meningitides, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Serratia marcescens
Грам-оң анаэробтар
Clostridium Perfringens, Peptoniphilus asaccharolyticus, Peptostreptococcus түрлері (соның ішінде P. micros, p anaerobius, P. magnus)
Грам-теріс анаэробтар
Bacteroides caccae, Bacteroides fragilis, топ
Prevotella bivia, Prevotella disiens.
Жүре пайда болған тұрақтылығы емдеу кезінде қиындықтар туындатуы мүмкін микроорганизмдердің түрлері
Enterococcus faecium, Acinetobacter species, Burkholderia cepacia, Pseudomonas aeruginosa
Табиғатынан төзімді микроорганизмдер
Stenotrophomonas maltophilia, Legionella species
Басқа микроорганизмдер
Chlamydophila pneumoniae, Chlamydophila psittaci, Coxiella burnetii, Mycoplasma pneumoniae
• Фармакокинетикалық қасиеттері
Абсорбциясы
Меропенемнің бір дозасын 30 мин ішінде вена ішіне енгізу қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияны туындатады, ол шамамен 250 мг доза үшін 11 мкг/мл, 500 мг доза үшін 23 мкг/мл және 1 г доза үшін 49 мкг/мл тең.
Алайда, ең жоғары концентрацияға (Cmax) және фармакодинамикалық қисық астындағы ауданға (AUC) қатысты енгізілген дозаға байланысты абсолютті фармакокинетикалық пропорциялы тәуелділік жоқ. 250 мг-нан 2 г-ға дейін дозалар үшін плазмалық клиренстің 287-ден 205 мл/мин-ге дейін азаятыны байқалды.
Меропенемнің бір дозасын 5 мин ішінде вена ішіне болюсті инъекциялау 500 мг дозасы үшін шамамен 52 мкг/мл және 1 г дозасы үшін 112 мкг/мл тең плазмадағы ең жоғары концентрацияға әкеледі.
Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациялар 1 г препаратты 2 мин, 3 мин және 5 мин ішінде вена ішіне енгізгенде тиісінше 110, 91 және 94 мкг/мл құрады.
500 мг вена ішіне енгізгеннен кейін 6 сағаттан кейін қан плазмасындағы меропенем деңгейі 1 мкг/мл және одан төмен мәнге дейін төмендейді.
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге 8 сағат аралықпен меропенемді бірнеше рет енгізгенде препараттың жинақталуы байқалмайды. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды.
Таралуы
Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы шамамен 2% құрайды.
Меропенем организм тіндері мен сұйықтықтарының көпшілігіне, оның ішінде бактериялық менингитпен ауыратын науқастардың ми-жұлын сұйықтығына жақсы енеді, көптеген бактерияларды тежеу үшін талап етілгеннен жоғары концентрацияға жетеді.
Биотрансформациясы
Меропенемнің жалғыз метаболиті микробиологиялық тұрғыдан белсенді емес.
Элиминациясы
Меропенемнің венаішілік дозасының 70% - ға жуығы өзгермеген күйінде 12 сағат ішінде несеппен бірге шығады, содан кейін несеппен бірге шамалы экскрециялайтыны анықталады. Меропенемнің несептегі 10 мкг/мл-ден асатын концентрациялары 500 мг дозаны енгізгеннен кейін 5 сағат бойы сақталады. 500 мг енгізу режимі кезінде әрбір 8 сағат сайын немесе 1 г әрбір 6 сағат сайын бүйрек функциясы қалыпты еріктілердің қан плазмасында және несебінде меропенемнің жинақталуы байқалған жоқ.
Балалардағы және ересектердегі меропенемнің фармакокинетикасы ұқсас. Меропенемнің жартылай шығарылу кезеңі 2 жасқа дейінгі балаларда шамамен 1,5 - 2,3 сағат, 10 мг/кг-40 мг/кг дозалар диапазонында дозаға тәуелділік байқалады.
Пациенттердің ерекше топтарының фармакокинетикасы
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттердің фармакокинетикасын зерттеу меропенем клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысатынын көрсетті. Мұндай науқастардың дозасын түзету қажет.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдардың фармакокинетикасын зерттеу меропенем клиренсінің төмендегенін анықтады, ол креатинин клиренсінің жас бойынша төмендеуімен байланысты болды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауыр аурулары бар пациенттердегі фармакокинетиканы зерттеу осы патологиялық өзгерістердің меропенем фармакокинетикасына әсер етпейтінін көрсетті.
• Клиникаға дейінгі қауіпсіздік деректері
Қатысы жоқ.