Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
5 %
Саудалық атауы
Аскорбин қышқылы (С дәрумені)
Әсер етуші зат
Аскорбин қышқылы
Мақсаты
Цинга, сондай-ақ, С дәруменін қабылдауды қажет ететін басқа жағдайлардың профилактикасы және емі үшін, оның жедел тапшылығында немесе пероральді қабылдау қиын болған кезде
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
2 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 100.0 мг аскорбин қышқылы,
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, натрий сульфиті, динатрий эдетаты, натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден сарғыштау түске дейінгі мөлдір ерітінді.
• цинга, сондай-ақ, С дәруменін қабылдауды қажет ететін басқа жағдайлардың профилактикасы және емі үшін, оның жедел тапшылығында немесе пероральді қабылдау қиын болған кезде
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) адам организмінде түзілмейді, тек тамақпен бірге келеді. Фармакологиялық әсерлері: гипо- және авитаминоз (цинга) симптомдарын тез жоюды қоспағанда, тәуліктік қажеттіліктен едәуір асатын мөлшерде (90 мг) іс жүзінде әсер етпейді. Физиологиялық функциялары: гидроксилдену мен амидтеудің кейбір реакцияларының кофакторы болып табылады - электрондарды ферменттерге тасымалдап, оларды қалпына келтіру баламасымен қамтамасыз етеді. Гидроксипролин мен гидроксилизин түзе отырып (коллагеннің пострансляциялық модификациясы) проколлагеннің пролинді және лизинді қалдықтарының гидроксилдену реакцияларына, гидрокситриметиллизин түзе отырып (карнитин синтезі үдерісінде), ақуыздардағы лизиннің бүйірлік тізбектерінің тотығуына, фолий қышқылының фолинге дейін тотығуына, бауыр микросомаларында дәрілік заттардың метаболизміне және норадреналин түзе отырып, дофаминнің гидроксилденуіне қатысады. Окситоцин, антидиурездік гормон және холицистокинин процессингіне қатысатын амидтейтін ферменттердің белсенділігін арттырады. Бүйрек үсті бездеріндегі стероидогенезге қатысады. Тіндердегі негізгі рөлі - коллаген, протеогликандар және тістердің, сүйектердің және капиллярлардың эндотелийінің жасушааралық затының басқа да органикалық компоненттерінің синтезіне қатысу.
Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антиденелер синтезін, комплементтің С3-компонентін, интерферонды белсендіреді), фагоцитозға ықпал етеді, организмнің инфекцияларға қарсыласуын арттырады. Гистаминнің шығарылуын тежейді және деградациясын тездетеді, простагландиндер мен басқа қабыну медиаторларының түзілуін тежейді.
Дозалау режимі
Бір реттік және тәуліктік дозалар. Балаларға арналған ең жоғары бір реттік және тәуліктік дозалар жасын, салмағын және (немесе) дене беткейін ескере отырып көрсетіледі.
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Ересектерге күніне 1-2 рет 50–250 мг-ден (1-5 мл).
Ең жоғары тәуліктік доза –1000 мг.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6 айға дейінгі балаларға тәулігіне 20-30 мг (0,4-0,6 мл), 6-12 айлық балаларға – тәулігіне 35 мг (0,7 мл), 1-3 жастағыларға – тәулігіне 40 мг (0,8 мл), 4-10 жастағыларға – тәулігіне 45 мг (0,9 мл), 11-14 жастағыларға – тәулігіне 50 мг (1 мл), 15 жастан асқан балалар үшін тәулігіне 1 рет 60-100 мг (1,2-2 мл) тағайындалады.
Енгізу әдісі және жолы
Бұлшықет ішіне және вена ішіне қолданылады
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• қазіргі кездегі немесе анамнездегі гиперкоагуляция, тромбофлебит және тромбоэмболия жағдайлары
• 2 типті қант диабеті
• гипероксалурия
• бүйрек жеткіліксіздігі
• үдемелі қатерлі аурулар
• гемохроматоз
• талассемия
• полицитемия
• лейкемия
• сидеробластық анемия
• орақ тәрізді жасушалы анемия
• глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
• анафилаксиялық шок дамуына дейін аллергиялық реакциялар
• вена ішіне жылдам енгізгенде – бас айналуы, шаршау сезімі, үлкен дозаларын (1 г артық) ұзақ уақыт қолданғанда – бас ауыруы, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының артуы, ұйқысыздық
• үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда - капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндердің трофикасы нашарлауы, артериялық қысымның жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатия дамуы мүмкін)
• үлкен (1 г артық) дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда – ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)
• ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қолданғанда және кейіннен аскорбин қышқылын әдеттегі дозаға дейін азайтқанда С дәрумені тапшылығының симптомдары дамуы мүмкін
• миокардиодистрофия
• орташа поллакиурия (тәулігіне 600 мг асатын дозасын қолданғанда), үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда - гипероксалурия, нефролитиаз (кальций оксалатынан), бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы
• вена ішіне енгізгенде – жүктіліктің үзілу қаупі (эстрогенемия салдарынан), эритроциттер гемолизі
• бұлшықет ішіне енгізген жердің ауыруы
• тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофилдік лейкоцитоз, гипокалиемия, глюкозурия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: диарея, жүрек айнуы, құсу, түйілу сипатындағы абдоминальді ауырсыну, несеп шығарудың жиілеуі, бас ауыруы, нефролитиаз, гипогликемия, глюкозурия, метаболизмдік ацидоз.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем, қарқынды диурез.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамау керек.
Препарат қосымша дәрі ретінде кеңінен қолданылатындықтан, жағдайдың жақсаруының алғашқы белгілері аурудың сипаты мен ағымына және емдеудің тиімділігіне байланысты.
Үлкен дозаларда қолданғанда бүйрек функциясы мен артериялық қысымды (аскорбин қышқылының кортикостероидтар түзілуін стимуляциялауы), сондай-ақ, ұйқы безінің функциясын (инсулярлық аппараттың бәсеңдеуі) бақылау қажет.
Аскорбин қышқылын тәулігіне 500 мг-ден асатын дозаларда қолдану глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, орақ тәрізді жасушалы анемиясы бар адамдарда гемолиздік кризге түрткі болуы, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігінің дамуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Онкологияда қолданылуы
Жылдам пролиферацияланатын және кеңінен диссеминацияланатын ісіктері бар пациенттерде жоғары дозалардағы аскорбин қышқылын қолдану үдеріс ағымын ушықтыруы мүмкін. Сондықтан, пациенттердің бұл тобында аскорбин қышқылын сақтықпен қолдану керек.
Зертханалық көрсеткіштерге әсері
Аскорбин қышқылының үлкен дозаларын қолдану қан мен несептегі глюкоза деңгейін анықтаудың нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Аскорбин қышқылы қалпына келтіргіш ретінде билирубин деңгейін, трансаминаза белсенділігін және ЛДГ анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамында қосымша заттар ретінде әрбір ампулада 47,7 мг натрий гидрокарбонаты, 4,0 мг натрий сульфиті және 0,5 мг динатрий эдетаты бар. Сондықтан, тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындаған кезде сақ болған жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Аскорбин қышқылы плацента арқылы өтеді және ана сүтіне бөлініп шығады. Жүктілік және лактация кезеңінде аскорбин қышқылын жоғары дозаларында пайдалану жаңа туған нәрестелерде тоқтату реакциясы ретінде аскорбин ауруының (цинга тәрізді жағдайдың) дамуына алып келуі мүмкін. Жүктілік (тәулігіне 60 –70 мг) және лактация (тәулігіне 80 –90 мг) кезінде аскорбин қышқылын қажеттілік нормасынан асырмау ұсынылады.
Аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қолдану несептегі рН төмендеуіне алып келуі мүмкін, ол қышқылдарға жататын дәрілік препараттардың өзекшелік кері сіңірілуінің және кумуляциясының жоғарылауына әкеліп соқтыруы ықтимал, сонымен қатар, негіздерге жататын қосылыстардың өзекшелік кері сіңірілуі төмендеуі мүмкін, бұл олардың фармакологиялық белсенділігінің төмендеуіне алып келеді.
Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану реакциялары негізіндегі түрлі зертханалық тестілердің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін екендігін ескеру қажет. Темірдің қан плазмасындағы концентрациясы шамадан тыс пациенттерде оның бүйректік экскрециясын стимуляциялау үшін аскорбин қышқылы мен дефероксаминді бір мезгілде тағайындау темірдің кардиоуытты әсерінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, жүрек функциясы қалыпты пациенттерге десфероксаминді енгізудің алғашқы айы ішінде аскорбин қышқылын тағайындауға болмайды, ал жүрек аурулары бар пациенттерде аскорбин қышқылы мен дефероксаминді бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Аскорбин қышқылының инъекциялық ерітіндісін аминофиллинмен, блеомицин сульфатымен, эритромицин лактобионатымен, нафциллинмен, нитрофурантоинмен, конъюгацияланған эстрогендермен, натрий бикарбонатымен, сульфафуразол диэтаноламинмен, темір тұздарымен, ауыр металдардың тотықтырғыштарымен және тұздарымен, әсіресе мыспен араластыруға болмайды.
Сондай-ақ, ерітінділердің концентрациясына және еріткіштегі pH байланысты, хлорамфеникол натрий сукцинатымен үйлесімсіз болуы мүмкін.
Салицилаттардың қандағы концентрациясын жоғарылатады және оксалурияның даму қаупін арттырады.
Этинилэстрадиолдың, тетрациклиннің және пенициллиндердің сіңірілуін арттырады.
Темірдің сіңірілуіне және оның қалпына келген күйде жинақталуына ықпал етеді.
Аскорбин қышқылы мен біріктірілген оральді контрацептивтер өзара бір-бірінің концентрациясын төмендетеді.
Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен экскрециялануын күшейтеді.
Жоғары дозаларында аскорбин қышқылы амфетамин мен трициклдық антидепрессанттардың экскрециясын артырады.
Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін күшейтеді және темірдің экскрециясын арттырады.
Тікелей емес антикоагулянттардың (фениндионның, варфариннің, неодикумариннің) және гепариннің әсерлерін әлсіретеді.
Ұзақ уақыт қолданғанда хинолондар, кальций хлориді, салицилаттар және глюкокортикостероидтар аскорбин қышқылының плазмадағы деңгейін және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.
Шылым шегу мен этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жеделдетеді және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.
Құрамында қияр, кәді және ақжелкен бар тағам өнімдері аскорбин қышқылының емдік әсерін әлсіретеді.
Сақтау мерзімі
1 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.