Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
100 мг/мл
Саудалық атауы
Аскорбин қышқылы
Әсер етуші зат
Аскорбин қышқылы
Мақсаты
Препарат ересектер мен балаларға цинганың алдын алу және емдеу үшін, сондай-ақ С дәруменін қабылдауды қажет ететін басқа жағдайларда, оның жедел тапшылығымен немесе пероральді…
Өндіруші
ФКП "Армавирская биофабрика"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл құрамында
белсенді зат - Аскорбин қышқылы – 50 мг немесе 100 мг
қосымша заттар - Натрий гидрокарбонаты, натрий дисульфиті,
инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Препарат ересектер мен балаларға цинганың алдын алу және емдеу үшін, сондай-ақ С дәруменін қабылдауды қажет ететін басқа жағдайларда, оның жедел тапшылығымен немесе пероральді қабылдау қиын болған кезде қолдануға арналған.
Дәрумендер. Аскорбин қышқылы. Біріктірілімдерді қоса, аскорбин қышқылы. Аскорбин қышқылы (С дәрумені), қарапайымдар. Аскорбин қышқылы (С дәрумені).
АТХ коды А11GA01
Әсер ету механизмі
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) адам организмінде түзілмейді, тек тамақпен бірге түседі. Фармакологиялық әсерлері: тәуліктік қажеттіліктен едәуір асатын мөлшерде (90 мг) гипо - және авитаминоз (цинга) симптомдарын тез жоюды қоспағанда, ешқандай дерлік әсер етпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Физиологиялық функциялар: гидроксилдену және амидтенудің кейбір реакцияларының кофакторы болып табылады - электрондарды ферменттерге тасымалдайды, оларды қалыпқа келтіру эквивалентімен қамтамасыз етеді. Гидроксипролин мен гидроксилизин түзе отырып, проколлагеннің пролин және лизин қалдықтарының гидроксилдену реакцияларына (коллагеннің пострансляциялық модификациясы), гидрокситриметиллизин түзе отырып ақуыздардағы лизиннің бүйірлік тізбектерінің тотығуына (картинит синтезі процесінде), фолий қышқылының фолинге дейін тотығуына, бауыр микросомаларында дәрілік заттың метаболизміне және норадреналин түзе отырып, дофаминнің гидроксилденуіне қатысады.
Окситоцин, диурезге қарсы гормон (ДҚГ) және холицистокинин процесингіне қатысатын амидтейтін ферменттердің белсенділігін арттырады. Бүйрекүсті безі қыртыстарындағы стероидогенезге қатысады.
Тіндердегі негізгі рөлі - тістердің, сүйектердің және капиллярлардың эндотелийінің жасушааралық затының коллаген, протеогликандар және басқа да органикалық компоненттерінің синтезіне қатысу.
Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты
Ересектерге арналған тәуліктік доза тәулігіне 100-ден 500 мг-ге дейін (2-10 мл 5% ерітінді) құрайды, цинганы емдеу кезінде тәулігіне 1000 мг-ге дейін артады.
Балалар
- тәулігіне 100-ден 300 мг-ге дейін (2-6 мл 5% ерітінді).
Балаларда цинганы емдеу кезінде – тәулігіне 500 мг-ге дейін (10 мл 5% ерітінді).
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне, вена ішіне (баяу).
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Қатысты емес
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Шарана жүкті әйел қабылдайтын аскорбин қышқылының жоғары дозаларына бейімделе алатындығын, содан кейін жаңа туған нәрестеде "тоқтату" синдромының дамуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда (500 мг астам):
- қант диабеті
- гипероксалурия
- нефроуролитиаз
- гемохроматоз
- талассемия
-глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан: вена ішіне тез енгізгенде - бас айналу, шаршау сезімі, үлкен дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда (1 г - ден астам) - бас ауыруы, ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқысыздық.
Несеп шығару жүйесі тарапынан: орташа поллакиурия (тәулігіне 600 мг астам дозаны қолданғанда), үлкен дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда - гипероксалурия, нефроуролитиаз (кальций оксалатынан), бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: үлкен дозаларды ұзақ қолданғанда-капиллярлардың өткізгіштігінің төмендеуі (тіндер трофикасының нашарлауы, артериялық қысымның жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатиялардың дамуы мүмкін).
Аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, тері гиперемиясы.
Зертханалық көрсеткіштер: тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия, глюкозурия.
Жергілікті реакциялар: бұлшықет ішіне енгізген жердегі ауырсыну.
Басқалары: үлкен дозаларды ұзақ уақыт қолданған кезде (1 г - ден астам) - ұйқы безінің инсулярлы аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия), үлкен дозаларда вена ішіне енгізгенде - жүктілікті үзу қаупі (эстрогенемия салдарынан), эритроциттердің гемолизі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: нефроуролитиаз, ұйқысыздық, ашушаңдық, гипогликемия.
Емі: симптоматикалық, қарқынды диурез.
Сақтықпен
- сидеробласттық анемия
- несептас ауруы
Арнайы ескертулер
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондардың синтезіне көтермелейтін әсеріне байланысты бүйрекүсті бездерінің функциясы мен артериялық қысымды бақылау қажет.
Аскорбин қышқылының жоғары дозалары бүйректегі тастардың түзілуіне ықпал ете отырып, оксалаттардың экскрециясын күшейтеді. Аналары аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қабылдаған жаңа туған нәрестелерде және жоғары дозаларды қабылдаған ересектерде "рикошеттік" цинга байқалуы мүмкін. Үлкен дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда ұйқы безінің инсулярлы аппаратының функциясы бәсеңдеуі мүмкін, сондықтан емдеу процесінде оны үнемі бақылау қажет.
Организмде темірдің мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең төменгі мөлшерде қолдану керек.
Аскорбин қышқылы, қалыпқа келтіргіш ретінде, әртүрлі зертханалық тестілердің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін (қан мен несептегі глюкоза, билирубин мөлшері, "бауыр" трансаминазаларының белсенділігі және лактатдегидрогеназа).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын талап ететін автокөлік құралдарын, механизмдерді басқару және қызметтің әлеуетті қауіпті түрлерімен айналысу кезінде сақ болу қажет.
Жүктілік кезінде және лактация кезінде, егер ана үшін болжамды пайдасы шарана немесе бала үшін ықтималды қауіптен асып кетсе ғана қолданылады.
Жүктіліктің II-III триместрінде аскорбин қышқылына ең төменгі күнделікті қажеттілік шамамен 60 мг құрайды. Шарана жүкті әйел қабылдайтын аскорбин қышқылының жоғары дозаларына бейімделе алатындығын, содан кейін жаңа туған нәрестеде "тоқтату" синдромының дамуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Лактация кезеңіндегі ең төменгі күнделікті қажеттілік - 80 мг. Аскорбин қышқылының талапқа сай мөлшері бар ананың диетасы емшектегі нәрестеде оның тапшылығының алдын алу үшін жеткілікті. Теориялық тұрғыдан алғанда, анасы аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қолданған кезде балаға қауіп төнеді (емізетін ананың аскорбин қышқылына деген күнделікті қажеттілігінен аспау ұсынылады).
Бензилпенициллин мен тетрациклиндердің қандағы концентрациясын арттырады; тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиолдың (оның ішінде пероральді контрацептивтердің құрамына кіретін) биожетімділігін арттырады.
Гепарин мен жанама антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.
Ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданғанда несеппен аскорбин қышқылының шығарылуын арттырады және ацетилсалицил қышқылының шығарылуын төмендетеді.
Қысқа әсер ететін салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеу кезінде кристаллурияның даму қаупін арттырады, қышқылдардың бүйрек арқылы шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттың (оның ішінде алкалоидтардың) шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді.
Этанолдың жалпы клиренсін арттырады, ол өз кезегінде организмдегі аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.
Хинолин қатарындағы дәрілік заттар, кальций хлориді, салицилаттар, глюкокортикостероидты препараттар ұзақ уақыт қолданғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.
Бір мезгілде қолданған кезде изопреналиннің хронотропты әсерін азайтады. Ұзақ уақыт қолданғанда немесе жоғары дозаларда қолданғанда дисульфирам мен этанолдың өзара әрекеттесуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрекпен шығарылуын арттырады.
Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады.
Психозға қарсы дәрілік заттардың (нейролептиктердің) - фенотиазин туындыларының емдік әсерін, амфетаминнің және трициклді антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын азайтады.
Аминофиллинмен, блеомицинмен, цефазолинмен, цефапиринмен, хлородиазепоксидпен, эстрогендермен, декстранмен, доксапраммен, эритромицинмен, метициллинмен, нафциллинмен, бензилпенициллинмен, варфаринмен фармацевтикалық үйлесімсіз.
Сақтау мерзімі
50 мг/мл дозадағы ерітінді үшін 1,5 жыл.
100 мг / мл дозадағы ерітінді үшін 1,5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.