Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки жевательные
Саудалық атауы
АСКОЦИН®
Әсер етуші зат
Аскорбиновая кислота (витамин С), комбинации
Мақсаты
Цинга профилактикасы мен емдеуде, с дәрумені гипо- және авитаминозында
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
аскорбин қышқылы 100 мг,
натрий аскорбаты 450 мг
(аскорбин қышқылына баламалы) (400.00 мг),
мырыш тотығы 18.67 мг
(мырышқа баламалы) (15.00 мг)
қосымша заттар: маннитол, повидон (PVP K 30), кроссповидон, «күн батар түстес» сары (E 110)**, этилцеллюлоза, аспартам, магний стеараты, апельсин хош иістендіргіші
** - құрамы: «күн батар түстес» сары, алюминий гидроксиді, алюминий хлориді
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді екі жақ беті дөңес біркелкі жайылған дақтары бар ашық- қызғылт сары түсті таблеткалар.
- цинга профилактикасы мен емдеуде
- С дәрумені гипо- және авитаминозында
- аскорбин қышқылына жоғары қажеттілік жағдайында.
Әсер ету механизмі
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) антиоксиданттық, метаболизмдік және тотығу-тотықсыздану процестерін реттейтін дәрі ретінде организмнің бейімделу мүмкіндігін арттырады, оның инфекцияларға қарсылығын күшейтеді. Тотығу-тотықсыздану процестерін реттеуге, көмірсулардың, амин қышқылдарының, пигменттердің және холестериннің алмасуына, стероидтық гормондардың, катехоламиндердің синтезіне, қанның ұю процесіне қатысады. Коллаген синтезін күшейтеді, регенерация процесін стимуляциялайды, капиллярлардың өткізгіштігін тұрақтандырады. Бауырда тыныс алу ферменттерінің белсенділенуі есебінен, оның уытсыздандыратын және ақуыз түзетін функциясын күшейтеді, коллагеннің және протромбиннің синтезін арттырады. Өттің бөлініп шығуын жақсартады, ұйқыбездің сыртқы секрециялық функциясын қалпына келтіреді. Гистаминнің босап шығуын тежейді және деградациясын жылдамдатады, простагландиндердің және қабыну мен анафилаксияның басқа да медиаторларының түзілуін тежейді. Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антидене, комплементтің С3-компоненті, интерферон синтезін белсенді етеді), фагоцитозға әсер етеді, организмнің инфекцияларға қарсылығын арттырады. Қабынуға қарсы әсері бар.
Фармакодинамикалық әсерлері
Аскорбин қышқылына тәуліктік қажеттілік ересектерде 70–100 мг, жүкті әйелдерде және бала емізу кезеңінде 100–120 мг, балаларда жасына байланысты 30–70 мг құрайды.
Мырыш биологиялық жарғақшалардың, жасушалық рецепторлардың, протеиндердің құрылымдық компоненті болып табылады, 200-ден астам энзимдік жүйе құрамына кіреді. Иммундық және антиоксиданттық қорғаныш реакцияларына, қан түзуге, амин қышқылдарының синтезіне, генетикалық ақпараттың сақталуы мен берілуіне қатысады. Ретинолды тасымалдайтын ақуыздың болашақ компоненті бола отырып, мырыш А дәруменімен және С дәруменімен бірге иммун тапшылығының туындауына кедергі жасайды, антидене синтезін стимуляциялайды және вирусқа қарсы әсерін жүзеге асырады. Ол эритроциттердің және қанның басқа да пішінді элементтерінің түзілуі үшін қажет. Мырыш май алмасуды тұрақтандырады, эндокриндік бездердің, соның ішінде инсулиннің, өсу гормонының, кортикотропиннің және соматотропиннің қалыпты функциясын қамтамасыз етеді. Жыныстық және ұрпақ өрбіту функциясын демейді – Е дәруменінің метаболизмі үшін қажет, ол жыныстық гормондардың ізашары болып табылады және тестостерон өндіруге қатысады; мырыш қуықасты безінің қалыпты қызмет атқаруы үшін де маңызды. Мырыштың тәуліктік қажеттілігі 15 мг
құрайды.
Дозалау режимі
Ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындайды. Айқын авитаминозды және инфекциялық ауруларды емдегенде қысқа мерзім ішінде (5–7 тәулік бойы) күніне 2 рет 1 таблеткадан қабылдауға болады. Емдеу мерзімі аурудың сипатына және ағымына байланысты.
Енгізу әдісі мен жолы
АСКОЦИН® препаратын тамақтан соң қабылдайды; таблетканы шайнап, судың аздаған мөлшерімен ішеді.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тромбофлебит, тромбозға бейімділік
- қант диабеті
- фенилкетонуриясы бар адамдарға
- несеп-тас ауруы, нефролитиаз,
- гипероксалурия, оксалоз,
- бүйрек жеткіліксіздігі (диализде жүрген пациенттер),
- гемохроматоз, талассемия, сидеробластты анемия,
- қан ұюының жоғарылауы,
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы,
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы,
- бүйрек жеткіліксіздігі,
- үдемелі қатерлі аурулар
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Препараттың жағымдылығы, әдетте жақсы. Жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда келесі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін:
Асқорыту жолы тарапынан
- жүректің айнуы, құсу, қыжыл, іш өту
ОЖЖ тарапынан:
- орталық жүйке жүйесі қозғыштығының артуы, бас ауыру, ұйқысыздық
Несеп шығару жүйесі тарапынан
-конкременттердің түзілуі
Тері және оған жақын тіндер тарапынан
- аллергиялық реакциялар: терінің қышуы, бөртпе
Қантамыр жүйесі тарапынан:
- қан денешіктері глюкоза-6-фосфатдегидрогеназасы жеткіліксіздігі бар науқастарда эритроциттердің гемолизін туындатуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, ішектің түйілуі, диарея, болуы ықтимал аллергиялық реакциялар, бүйрек функциясының бұзылуы, артериялық қысымның жоғарылауы, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының артуы, ұйқының бұзылуы.
Емі: симптоматикалық ем.
АСКОЦИН® препаратын үлкен дозаларда қолданғанда бүйрек функциясын және артериялық қысымды, сондай-ақ ұйқы безі функциясын бақылау қажет.
Глюкоза-6-фосфатдегидро-геназа тапшылығы кезінде сақтықпен қолданылады, осы пациенттерде аскорбин қышқылымен артық дозаланғанда гемолиздік анемияға әкелуі мүмкін.
Басқа препараттарды қабылдаған жағдайда дәрілік препараттарды қабылдаулар арасында 4 сағат үзіліс жасау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуларында сақтықпен қолдану қажет.
Препарат әртүрлі зертханалық тестілердің нәтижелерін (қандағы глюкоза, билирубин мөлшерін, трансаминазалар, лактатдегидрогеназа белсенділігін) өзгертуі мүмкін. Ұзақ емдеу кезінде глюкоза деңгейін бақылау қажет.
Аскорбин қышқылы темірдің сіңуін арттыратын болғандықтан, оны жоғары дозаларда қолдану гемохроматозы, талассемиясы, полицитемиясы, лейкемиясы және сидеробластты анемиясы бар пациенттерде қауіпті болуы мүмкін. Организмде темір мөлшері көп пациенттерде аскорбин қышқылын өте аз дозаларда қолдану қажет.
АСКОЦИН® препаратын үдемелі обыр аурулары бар пациенттерге абайлап тағайындау қажет, өйткені оны қолдану процесс барысын жылдамдатуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Препарат құрамында орташа іш жүргізетін әсер тудыруы мүмкін маннитол бар, сонымен қатар күн батар түстес сары бояғышы (E110) бар, ол аллергиялық реакцияны туындатуы мүмкін.
Осы дәрілік препараттың құрамында әрбір 950 мг таблеткада 12 мг аспартам бар, ол 12 мг таблеткаға баламалы. Аспартам фенилаланиннің көзі болып табылады. Егер сізде фенилаланин жинақталатын фенилкетонурия (PKU), сирек генетикалық ауру байқалса, ол қауіпті болуы мүмкін, сондықтан организм оны дұрыс шығара алмайды.
Препараттың құрамында 1 мг-де 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни шын мәнінде натрий жоқ. Натрийдің келіп түсуін шектейтін диетада жүрген пациенттер ескеруі қажет.Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде С дәруменін жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдану шарана дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Жүктілік кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Аскорбин қышқылы емшек сүтіне енеді, сондықтан препаратты қабылдаған кезде бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жүргізушілерге немесе күрделі техникамен жұмыс істейтін адамдарға теріс әсер ететініне қатысты нұсқаулар жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
АСКОЦИН® қандағы салицилаттардың, этинилэстрадиолдың, бензилпенициллиннің және тетрациклиндердің концентрациясын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді. Кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады. Ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады. Этил спиртінің жалпы клиренсін арттырады. Хинолонды қатардағы препараттар, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ қолданылғанда С дәруменінің қорын азайтады. Кортикостероидтар С дәруменінің және мырыштың деңгейін азайтады.
Аскорбин қышқылын және дефероксаминді бір мезгілде қолдану, әсіресе жүрек бұлшықетінде, темірдің тіндік уыттылығын арттырады, бұл қанайналым жүйесінің декомпенсациясына әкеп соғуы мүмкін. Оны дефероксамин инъекциясынан кейін 2 сағаттан соң ғана қабылдауға болады.
Препараттың үлкен дозалары трициклді депрессанттардың тиімділігін азайтады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.