Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Саудалық атауы
Аспаркам-Здоровье
Әсер етуші зат
Прочие минеральные вещества
Мақсаты
Магний мен калий тапшылығын толтыруға арналған қосымша дәрі ретінде
Өндіруші
«Фармацевтическая компания «Здоровье»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: магний аспарагинаты тетрагидраты (D,L-аминоянтарь қышқылы тетрагидраты магний тұзы) 175 мг,
калий аспарагинаты ½ гидраты (D,L-аминоянтарь қышқылы ½ гидраты калий тұзы) 175 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы немесе жүгері крахмалы, кальций стеараты,тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Тегіс беткейлі, сызығы және ойығы бар ақ түсті таблеткалар. Таблеткалар беткейінде мәрмәрлікке жол беріледі.
ДП ересектерде қолдануға арналған:
• магний мен калий тапшылығын толтыруға арналған қосымша дәрі ретінде
• емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша жүректің созылмалы аурулары (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінен кейінгі жай-күй), жүрек ырғағының бұзылуы (негізінен қарыншалық аритмия) кезінде кешенді ем құрамында
• емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша оймақгүл препараттарымен емге қосымша
Магний және калий иондары маңызды жасушаішілік катиондар болып табылады және көптеген энзимдер қызметінде, макромолекулалар және жасушаішілік құрылымдар арасында байланыстар түзуде, сондай-ақ бұлшықет жиырылуының молекулалық механизмінде шешуші рөл атқарады. Калий, кальций, натрий және магний иондарының жасушаішілік және жасушадан тыс арақатынасы миокардтың жиырылуына әсер етеді. Эндогенді аспарагинат иондардың өткізгіші ретінде әрекет етеді: оның тұздарының шамалы диссоциациялануына байланысты жасушаларға ұқсастыққа ие, кешенді қосылыстар түріндегі иондар жасуша ішіне енеді. Магний аспарагинаты мен калий аспарагинаты миокард метаболизмін жақсартады. Магний/калий тапшылығы артериялық гипертензия, коронарлық артериялар атеросклерозы, аритмиялар және миокардта метаболизмдік өзгерістердің даму қаупін арттырады.
Дозалау режимі
Ересектерге арналған әдеттегі тәуліктік доза тәулігіне 3 рет 1-2 таблетканы құрайды. Дозаны тәулігіне 3 рет 3 таблеткаға дейін арттыруға болады. Асқазан сөлі препараттың тиімділігін төмендетуі мүмкін, сондықтан таблеткаларды тамақтан кейін қабылдау ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
ДП қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• гиперкалиемия
• гипермагниемия
• миастения
• бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі, бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі
• ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
• айқын артериялық гипотензия, кардиогендік шок (90 мм с.б. қарағанда төмен систолалық артериялық қысым)
• Аддисон ауруы
• гемолиз
• анурия
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша дәлелді негіздемелер жоқ)
Сирек
• жүрек айнуы, құсу, диарея, ауыздың құрғауы, шөлдеу, эпигастральді аумақтағы жайсыздық немесе күйдіру сезімі, іш тұсының ауыруы
• миокард өткізгіштігінің бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, атриовентрикулярлық блокада
• гиперкалиемия, гипермагниемия
Өте сирек
• гипорефлексия, парестезия, құрысулар
• жүйке-бұлшықет блокадасы, тыныстың тарылуы
• ас қорыту жолдарының шырышты қабығының ойық жарасы, ас қорыту ағзаларынан қан кету
• аллергиялық реакциялар (жоғары сезімталдығы бар адамдарда - қышыну, терінің қызаруы, бөртпе)
• терлеу
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Аспаркам-Здоровье препаратының артық дозалануы туралы ақпарат жоқ, тіпті жоғары дозаларды қабылдаған кезде де.
Бүйректің калийдің көп мөлшерін шығару қабілетін ескере отырып, препарат дозасын арттыру калийді шығарудың жедел немесе айқын бұзылулары аясында ғана гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.
Магний ауқымды емдік «тереземен» сипатталады және бүйрек жеткіліксіздігі болмаған кезде ауыр жағымсыз әсерлер аса сирек кездеседі.
Әдебиет деректері бойынша магний қоспаларын ішке қабылдау диарея түріндегі жеңіл жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін. Аспаркам-Здоровье препаратының жоғары дозалары оның құрамындағы магнийге байланысты нәжістің жиілеуін тудыруы мүмкін.
Гиперкалиемия симптомдары: жалпы әлсіздік, парестезия, брадикардия, салдану, аритмия.
Гипермагниемия симптомдары: жүрек айнуы, құсу, летаргиялық ұйқы, артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия, әлсіздік, гипорефлексия.
Артық дозалану кезінде препаратты қабылдауды тоқтату керек; симптоматикалық ем ұсынылады (вена ішіне кальций хлоридін енгізу; қажет болған жағдайда – гемодиализ).
Гиперкалиемиямен қатар жүретін аурулары бар пациенттерге аса сақтықпен тағайындайды: қан сарысуындағы электролиттердің құрамын үнемі бақылау ұсынылады.
Қосымша заттар:
Бұл ДЗ әр таблеткасы құрамында 37,97 мг калий бар. Бұл бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе калий препараттарын немесе құрамында калий бар тағамдық қоспаларды қабылдайтын пациенттерде ескерілуі тиіс.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балалар мен жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану кезінде көлік құралдарын немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет.
Осы уақытқа дейін пациенттердің осы санатында препаратты қолдану кезінде қандай да бір қауіптің туындағаны туралы хабарланған жоқ.
Аспаркам-Здоровье препаратымен дәрілік өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ. Ғылыми әдебиеттердің деректері бойынша, калий мен магний кейбір ДЗ-мен өзара әрекеттесуге түсуі мүмкін. Калий жинақтаушы диуретиктермен, ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштерімен, бета-адреноблокаторлармен, циклоспоринмен, гепаринмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қолданған кезде гиперкалиемияның даму қаупі артады.
Тетрациклиндер (пероральді қабылдаған кезде), темір тұзы және натрий фториді бұл ДЗ сіңірілуін төмендетеді. Жоғарыда аталған препараттар мен Аспаркам-Здоровье препаратын қабылдау арасындағы үзіліс кемінде 3 сағат болуы керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.