Пациенттер препараттың өкпеге оңтайлы жетуін қамтамасыз ету үшін, дем алған сәтте ингалятор клапанын баса отырып, ингаляторды дұрыс пайдалануы тиіс. Пациенттерге ингаляция кезінде олардың алдыңғы ингалятормен салыстырғанда, басқа дәмді сезінуі мүмкін екендігі ескертілуі тиіс.
Бронходилататорлар тұрақсыз немесе ауыр ағымды бронх демікпесі емінің жалғыз немесе негізгі компоненті болмауы тиіс. Демікпенің ауыр түрін өкпе функциясын тексеруді қоса, жүйелі түрде медициналық бағалауды қажет етеді, өйткені, пациенттер ауыр ұстамалар және тіпті, өлім қаупіне ұшырайды. Ондай науқастарға қатысты, дәрігерлер ингаляциялық кортикостероидтардың ұсынылған ең жоғарғы дозасын және/немесе кортикостероидтармен пероральді емдеуді пайдалану мәселесін қарастыруы тиіс.
Дозасын немесе қолдану жиілігін тек дәрігердің ұсынысы бойынша арттыру керек. Егер ингаляциялық сальбутамолдың бұрынғы тиімді дозасы кемінде үш сағатқа созылатын жеңілдікті қамтамасыз етпесе, пациентке медициналық көмекке жүгіну туралы кеңес беру керек.
Тұрақты қабынуға қарсы ем тағайындалған пациенттерге (мысалы, ингаляциялық кортикостероидтар) тіпті симптомдар жақсарса және сальбутамол ингаляторын қажет етпесе де, қабынуға қарсы препараттарды қабылдауды жалғастыру туралы кеңес беру керек.
Қысқа әсер ететін бета-агонистерді шамадан тыс қолдану негізгі аурудың үдеуін бүркемелеуі және демікпені бақылаудың нашарлауына ықпал етуі мүмкін, бұл демікпенің ауыр өршуі мен өлім қаупінің жоғарылауына әкеледі.
Жаттығу алдындағы профилактикалық қабылдауды есептемегенде, салбутамолды «қажеттілігіне қарай» аптасына екі реттен көп қабылдайтын пациенттер, емдеуді дұрыс түзету үшін қайта тексеруден өтуі керек (яғни, күндізгі симптомдар, түнде ояну және демікпеге байланысты белсенділіктің шектелуі), бұл пациенттер салбутамолды шамадан тыс қолдану қаупіне ұшырайды.
Демікпенің ауыр өршулерін әдеттегідей тәртіппен емдеу керек.
Арнайы сақтандырулар
Симпатомиметиктерді, соның ішінде сальбутамолды қолданғанда, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан симптомдар байқалуы мүмкін. Маркетингтен кейінгі зерттеулерде және жарияланған әдебиеттерде, сальбутамолды қабылдауға байланысты жүректің ишемиялық ауруы жағдайлары туралы хабарланған. Жүректің негізгі ауыр ауруы (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі) бар, сальбутамолды қабылдап жүрген пациенттерге, егер олар кеуденің ауыруын немесе жүрек ауруының нашарлауының басқа симптомдарын сезінсе, дәрігерге қаралу қажеттілігі ескертілуі тиіс. Ентігу және кеуденің ауыруы сияқты симптомдардың бағалануына көңіл бөлу керек, өйткені олар респираторлық немесе жүрек-қантамыр ауруларына қатысты болуы мүмкін.
Демікпені емдеу, әдетте, сатылап жүргізіледі, бұл кезде пациенттің реакциясын клиникалық тұрғыдан және өкпенің функционалдық тестілері бойынша бақылап отыру керек.
Дозасын немесе қолданылу жиілігін тек, дәрігердің ұсынымы бойынша ғана арттыруға болады. Әсері қысқа β2-агонистерді қабылдау қажеттілігінің жоғарылауы демікпенің бақылануының нашарлағанын білдіруі мүмкін және пациентке ескерту және мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгіну туралы нұсқау беру керек. Ондай жағдайларда, дәрігерге қаралу және егер, әсері қысқа бронходилататормен емдеудің тиімділігі азая түссе немесе ингаляциялардың әдеттегіден көп мөлшерде қажеттілігі туындаса, пациентті емдеу жоспарын қайта қарау керек. Бұл жағдайда пациенттің жағдайына баға беру және қабынуға қарсы күшейтілген емнің (мысалы ингаляциялық кортикостероидтардың жоғарырақ дозалары немесе пероральді кортикостероидтар курсы) қажеттілігін қайта қарау керек.
Препаратты тиреотоксикозы бар пациенттерде сақтықпен қолданады.
2-адренорецепторлардың агонистерімен емдеу, әсіресе, оларды парентеральді немесе небулайзердің көмегімен енгізгенде, гипокалиемияға алып келуі мүмкін. Бронх демікпесінің ауыр ұстамаларын емдеу кезінде айрықша сақтық таныту ұсынылады, өйткені, ондай жағдайларда ксантин туындыларын, глюкокортикостероидтарды, диуретиктерді бір мезгілде қолданудың нәтижесінде, сондай-ақ, гипоксияның салдарынан гипокалиемия күшеюі мүмкін. Ондай жағдайларда, қан сарысуынағы калий деңгейін бақылау қажет.
Басқа ингаляциялық препараттар қолданылған жағдайлардағы сияқты, дозасын енгізгеннен кейін тікелей ентігудің артуымен, парадоксальді бронх түйілуі дамуы мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуі туындаған жағдайда, оны дереу баламалы препараттың немесе басқа фармакологиялық топқа жататын, жылдам әсер ететін ингаляциялық бронходилататордың көмегімен қайтару қажет. Асталин препаратымен емдеуді дереу тоқтатып, пациенттің жағдайына баға беру және қажет болған жағдайда, ары қарай пайдалану үшін, жылдам әсер ететін басқа бронходилататорларды тағайындау керек.
Фертильділік
Препараттың адамдағы фертильділікке ықпалы туралы мәліметтер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректері жоқ.