Анафилаксия, инфекция, тромбоцитопения, лейкопения, артралгия, ісіну, брадикардия және бауыр мен бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқулары клиникалық маңызы басымырақ жағымсыз реакциялар болып табылады.
Препаратты клиникалық зерттеулерде қолдану тәжірибесі
Клиникалық зерттеулер әртүрлі жағдайларда жүргізілетіндіктен, препараттың клиникалық зерттеулерінде байқалатын жағымсыз реакцияларының жиілігін басқа препараттың клиникалық зерттеулеріндегі жиілікпен тікелей салыстыруға болмайды және олар клиникалық практикада байқалатын жиілігінің көрсеткіштерді көрсетпеуі мүмкін.
Атгам® препаратының қауіпсіздігі бүйрек аллотрансплантаты қабылданбай-ажыраған 367 пациентте және аплазиялық анемиясы бар 109 пациентте қатысуымен жүргізілген зерттеулерде бағаланды.
Бүйрек аллотрансплантаты қабылданбай-ажыраған пациенттер мен аплазиялық анемиясы бар пациенттер дозалаудың ұқсас режимін алды; бұл деректер төмендегі 1 және 2-кестелерде берілген жағымсыз құбылыстардың даму жиілігінің мәндерін алу үшін біріктірілді.
Ең көп таралған жағымсыз реакциялар (пациенттердің 10% - дан астамында тіркелген) пирексия, қалтырау, бөртпе, тромбоцитопения, лейкопения және артралгия болып табылады.
1-кесте.Атгам® препаратын қабылдаған пациенттердің ≥ 1% - ында тіркелген жағымсыз реакциялар
Жағымсыз реакциялара, б — Атгам® Туындау жиілігі (%) (N = 476)
Пирексия — 39,5
Қалтырау — 26,5
Бөртпе — 25,6
Тромбоцитопения — 21,6
Лейкопения — 17,9
Артралгия — 17,2
Есекжем — 9,2
Бас ауыру — 5,3
Қышыну — 4,6
Жүрек айнуы — 4,2
Инфекция — 3,4
Құсу — 3,4
Тромбофлебит — 3,2
Гипертензия — 2,9
Гипотензия — 2,9
Диарея — 2,9
Іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы — 2,7
Кеуде ауыруы — 2,7
Инфузия орнының ауыруы — 2,1
Ісіну — 2,1
Брадикардия — 1,5
Арқаның ауыруы — 1,5
Лимфаденопатия — 1,3
Артерия-веналық фистула тромбозы — 1,3
Бас айналу — 1,1
Ентігу — 1,1
Тахикардия — 1,1
Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы — 1,0
аПайыздық қатынастар — емдеу басталғаннан кейін пайда болған кез келген шартты себептік құбылыс. б Реттеу қызметіне арналған медициналық терминология сөздігінің таңдаулы терминдері (MedDRA).
2-кесте.Атгам® препаратын қабылдаған пациенттердің < 1% - ында тіркелген жағымсыз реакциялар
Жағымсыз реакциялара,б — Атгам® Туындау жиілігі (%) (N = 476)
Құрысулар — 0,8
Плевра жалқығы — 0,8
Түнгі тершеңдік — 0,8
Сарысу құю ауруы — 0,6
Гипергликемия — 0,6
Стоматит — 0,6
Бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы — 0,6
Қарапайым герпес — 0,4
Үрейлі қозу — 0,4
Ықылық — 0,4
Протеинурия — 0,4
Астения — 0,4
Дімкәстік — 0,4
Жараның ажырауы — 0,4
Анафилаксиялық реакция — 0,2
Энцефалит — 0,2
Парестезия — 0,2
Бүйрек артериясының тромбозы — 0,2
Мықын венасының окклюзиясы — 0,2
Ларингоспазм — 0,2
Өкпе ісінуі — 0,2
Аллергиялық дерматит — 0,2
Периорбиталық ісіну — 0,2
Уыттық эпидермалық некролиз — 0,2
аПайыздық қатынастар — емдеу басталғаннан кейін пайда болған кез келген шартты себептік құбылыс. б Реттеу қызметіне арналған медициналық терминология сөздігінің таңдаулы терминдері (MedDRA).
Препаратты тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі
Атгам® препаратын тіркеуден кейінгі қолдану кезінде төменде келтірілген жағымсыз реакциялар байқалды. Бұл реакциялар туралы саны белгісіз популяциядан ерікті түрде хабарланатындықтан, олардың жиілігін сенімді бағалау немесе препараттың әсерімен себеп-салдарлық байланысты анықтау әрдайым мүмкін бола бермейді.
Инфекциялар және инвазиялар: сепсис, вирустық гепатит, оқшауланған инфекция, жүйелік инфекция (бактериялық, вирустық, зеңдік).
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: анемия, эозинофилия, гранулоцито- пения, гемолиз, гемолиздік анемия, нейтропения, панцитопения.
Психикалық бұзылыстар: сананың шатасуы, бағдардан адасу.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: дискинезия, естен тану, тремор.
Жүрек тарапынан бұзылулар: жүрек функциясының іркілісті жеткіліксіздігі.
Қантамырлар тарапынан бұзылулар: терең веналар тромбозы, васкулит.
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: апноэ, жөтел, мұрыннан қан кету, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы.
Асқазан-ішек бұзылулары: іштің ауыруы, АІЖ қан кету, АІЖ тесілуі, ауыз қуысының ауыруы.
Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар: гипергидроз.
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тін тарапынан бұзылулар: бүйірдің ауыруы, бұлшықеттердің сіресуі, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: бүйрек гипертрофиясы, бүйректің жарылуы, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі.
Туа біткен, отбасылық және генетикалық бұзылулар: аплазия.
Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен реакциялар: инфузия орнындағы эритема, инфузия орнының ісінуі, ауырсыну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz