шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге
сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде
бағалау мүмкін емес).
Жиі
- назофарингит
- аллергиялық реакциялар
- гипергликемия
- бас ауыруы
- фаринголарингеальді ауырсыну, мұрыннан қан кету
- іш қату, метеоризм, диспепсия, жүрек айну, диарея
- миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет спазмы, буындардың ісінуі, арқаның ауыруы
- бауыр функциясын көрсететін көрсеткіштердің бұзылуы, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес
- гипогликемия, дене салмағының жоғарылауы, анорексия
- түнгі қорқыныш түстер, ұйқысыздық
- бас айналу, парестезия, гипестезия, дисгевзия, амнезия
- көрудің бұлаңғырлануы
- құлақтың шуылдауы, құсу, іштің жоғарғы және төменгі бөлігінің ауыруы, кекіру, панкреатит
- гепатит
- есекжем, тері бөртпесі, қышыну, алопеция
- мойынның ауыруы, бұлшық еттің талуы
- дімкәстік, астения, кеуде қуысының ауыруы, шеткері ісіну, қатты қажу, қызба
- несептегі лейкоциттер мөлшерін талдауының оң нәтижесі
Сирек
- тромбоцитопения
- шеткері нейропатия
- көру қабілетінің бұзылуы
- холестаз
- ангионевроздық ісіну, буллезді дерматит, мультиформалы эритеманы қоса, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз
- миопатия, миозит, рабдомиолиз, тендинопатия, кейде сіңірлердің үзілуімен асқынған
- теріде пайда болуы мүмкін бөртпе немесе ауыз қуысында жаралар (лихеноидты дәрілік реакция)
- терінің күрең қызыл түсті зақымдануы (қан тамырларының қабыну белгілері, васкулит)
Өте сирек
- анафилаксия
- есту қабілетінің жоғалуы
- бауыр жеткіліксіздігі
- гинекомастия
Белгісіз
- иммунитетпен байланысты болатын некроздық миопатия
- миастения грависі (жалпы бұлшықет әлсіздігін, кейбір жағдайларда тыныс алу бұлшықеттерінің әлсіздігін тудыратын ауру)
- миастенияның көздегі түрі (көз бұлшықеттерінің әлсіздігін тудыратын ауру).
Егер сіз белсенділік кезеңінен кейін қолдарыңызда немесе аяқтарыңызда күшейетін әлсіздік, көзге қос көріну, немесе қабақтың түсіп кетуі, жұтынудың қиындауы немесе ентігу болса, дәрігерге қаралуыңыз керек.
ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштеріндегі жағдай сияқты, аторвастатинмен емдеген кезде пациенттерде сарысуда трансаминазаның жоғары деңгейлері байқалды. Осы өзгерулер, әдеттегідей, әлсіз, өткінші сипатта болды және емдеуді тоқтатуды қажет еткен жоқ.
Статиндер тобының препараты сияқты, Аторвастатинді қабылдаған кезде келесі әсерлер де байқалды:
- сексуальды дисфункция
- депрессия
- әсіресе ұзақ емдеген кезде өкпенің интерстициялық ауруларының дамуының сирек жағдайлары
- қант диабеті: даму жиілігі қауіп факторларының болуына немесе болмауына байланысты болады (ашқарында глюкоза ≥5.6; дене салмағының индексі >30 кг/м2; триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы; анамнездегі гипертензия).
Бала жасындағы пациенттер
Жиі
- бас ауыруы, іштің ауыруы, аланинаминтрансфераза деңгейлерінің жоғарылауы, қандағы креатинфосфокиназа деңгейлерінің жоғарылауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz