Әсер ету механизмі
Аторвастатин - ГМГ-КоА-редуктазаның селективті бәсекелес тежегіші, 3-гидрокси-3-метил-глутарил-коэнзим А холестеринді қоса, мевалонат- стероидтардың ізашарына айналуына жауапты жылдамдығын лимиттеуші фермент. Бауырдағы триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ӨТТЛП) құрамына қосылады, қан плазмасына түседі және шеткері тіндерге тасымалданады. ӨТТЛП-дан тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) түзіледі, олар көбінесе жоғарыаффинді ТТЛП рецептормен (ТТЛП рецепторы) өзара әрекеттесу арқылы катаболизденеді.
Фармакодинамикалық тиімділігі
Аторвастатин ГМГ-КоА-редуктазаны тежеу және бауырдағы холестериннің бұдан әрі биосинтезі арқылы қан сарысуындағы липопротеиндер мен плазмадағы холестерин концентрациясын төмендетеді, сондай-ақ Хс-ТТЛП қармауын және катаболизмін күшейте отырып, жасушалардың бетіндегі ТТЛП бауыр рецепторларының санын арттырады.
Аторвастатин ТТЛП бөлшектерінің концентрациясы мен санын төмендетеді. Аторвастатин ТТЛП айналымдағы бөліктерінің сапасының жағымды өзгерістері болатын үйлесіммен ТТЛП-рецепторлардың белсенділігінің айқын және тұрақты жоғарылауын тудырады. Аторвастатин әдетте гиполипидемиялық дәрілік заттарға жауап бермейтін гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде ХС-ТТЛП деңгейін тиімді төмендетеді.
Доза-әсер арақатынасын зерттеу бір мезгілде XС-ЖТЛП және аполипопротеин А деңгейінің сол немесе өзге дәрежеде артуын туындата отырып, аторвастатиннің жалпы ХС (30-46%-ға), ХС - ТТЛП (41-61%-ға), аполипопротеин В (34-50%-ға) және триглицеридтер (14-33%-ға) деңгейін төмендететінін көрсетті. Бұл нәтижелер инсулинге тәуелді қант диабеті бар пациенттерді қоса, гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның тұқым қуаламайтын түрі және аралас гиперлипидемиясы бар пациенттерде ұқсас болды.
Жалпы ХС, ХС-ТТЛП және аполипопротеин В деңгейінің төмендеуі жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін және тиісінше өліммен аяқталу қаупін төмендететіні расталды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Көп орталықты 8 апталық ашық зерттеуде ауыспалы ұзындықтың факультативтік кеңею фазасы бар жаңа тіркелмеген препаратты қайырымдылық-сынау мақсатында қолдана отырып, 335 пациент қосылды, оның 89-ында гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия болды. Осы 89 пациенттің ішінде ХС-ТТЛП төмендеуінің орташа пайызы шамамен 20%-ды құрады. Аторвастатинді тәулігіне 80 мг дозада қабылдаған.
Атеросклероз
REVERSAL (Reversing Atherosclerosis with Aggressive Lipid-Lowering Study) зерттеуінде, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде 80 мг аторвастатинмен қарқынды гиполипидемиялық емнің және 40 мг правастатинмен стандартты гиполипидемиялық емнің коронарлық атеросклероз динамикасына әсерін тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу (ТІУДЗ) және ангиография көмегімен бағалады. Бұл рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, бақыланатын клиникалық зерттеулерде ТІУДЗ-дегі 502 пациентте зерттеу басында және 18 айдан кейін жүргізілді. Аторвастатин (n = 253) тобында атеросклероздың үдеуі байқалмады.
Бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда орташа пайыздың өзгеруі аторвастатин тобындағы атероманың (бастапқы зерттеу критерийлері) жалпы көлемінде -0.4% (р = 0,98) және правастатин (N = 249) тобында
2,7% (р = 0,001) құрады.
Правастатинмен салыстырғанда, аторвастатиннің әсері статистикалық маңызды болды (р = 0,02). Жүрек-қантамыр жүйесінің соңғы нүктелеріне липидтердің қарқынды төмендеуінің әсері (мысалы, реваскуляризация қажеттілігі, фатальді емес миокард инфарктісі, коронарлық аурудан өлім) бұл зерттеуде зерттелмеген.
Аторвастатинді қабылдау тобында ТТЛП ХС деңгейі бастапқы 3,89 ммол/л ± 0,7 (150 мг/дл ± 28) орташа 2,04 ммол/л ± 0,8 (78,9 мг/дл ± 30) дейін төмендетілді және правастатинді қабылдау тобында ТТЛП ХС деңгейі бастапқы 3,89 ммол/л ± 0,7 (150 мг/дл ± 26) (р <0,000 1) орташа 2,85 ммол/л ± 0,7 (110 мг/дл ± 26) дейін төмендетілді. Аторвастатин сондай - ақ ОХ орташа деңгейін 34,1% (правастатин: -18,4%, р <0,0001), ТГ орташа деңгейін 20% (правастатин: -6,8%, р <0,0009), аполипопротеин B орташа деңгейін 39,1% (правастатин: - 22,0%, р <0,0001) айтарлықтай төмендетті. Аторвастатин ТТЛП ХС орташа деңгейін 2,9% - ға көтерді (правастатин: +5.6%, p = NS). Правастатинді қабылдау тобымен салыстырғанда - 5,2% (р <0,0001) аторвастатинді қабылдау тобында СРА (С-реактивті ақуыз) деңгейінің орташа төмендеуі 36,4% құрады.
Правастатинді қабылдау тобындағымен - 5,2% (р <0,0001) салыстырғанда аторвастатинді қабылдау тобында СРА (С-реактивті ақуыз) деңгейінің орташа төмендеуі 36,4% құрады.
Зерттеу нәтижелері 80 мг дозада алынды. Сондықтан олардың төменірек дозаға болжауының мүмкіндігі жоқ.
Екі емдеу тобындағы қауіпсіздік және көтерімділік бейіндері салыстырмалы болды.
Бұл зерттеуде жүрек-қантамыр жүйесінің негізгі соңғы нүктелерінде липидтердің қарқынды төмендеуі әсері зерттелмеген. Сондықтан, жүрек-қан тамырлары асқынуларының бастапқы және қайталама профилактикасына қатысты визуализация нәтижелерінің клиникалық маңыздылығы белгісіз.
Жедел коронарлық синдромы
MIRACL зерттеулерінде 80 мг аторвастатиннің тиімділігі жедел коронарлық синдромы бар (Q-түзбейтін миокард инфарктісі немесе тұрақсыз стенокардия) 3086 пациентте бағаланды (аторвастатин n = 1538: плацебо n = 1548). Емдеу ауруханаға жатқызылғаннан кейін жедел фаза кезінде басталып, 16 апта бойы жалғасты.
Тәулігіне 80 мг аторвастатинмен емдеу кез келген себеп бойынша өлім түрінде анықталатын біріктірілген бастапқы соңғы нүкте, миокард фатальді емес инфарктісі, реанимацияланған жүректің тоқтауы немесе емдеуге жатқызуды қажет ететін миокардиальді ишемия белгілері бар стенокардия пайда болу уақытын арттырды, бұл қауіптің 16% төмендегенін көрсетеді (р = 0,048). Бұл негізінен миокардиальді ишемия (р = 0,018) белгілері бар стенокардия нәтижесінде қайта емдеуге жатқызудың 26% - ға төмендеуі есебінен болды. Басқа екінші соңғы нүктелері статистикалық маңыздылыққа өз бетінше жеткен жоқ (барлығы: плацебо 22,2%, аторвастатин 22,4%).
MIRACL зерттеуіндегі аторвастатиннің қауіпсіздік бейіні 4.8-бөлімде сипатталғандай болды.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы
Аторвастатиннің жүректің фатальді және фатальді емес ишемиялық ауруына әсері рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын ASCOT-LLA (Anglo-Scandinavian Cardiac Оutcomes Trial Lipid Lowering Arm) зерттеуінде бағаланды. Пациенттер артериялық гипертензиясы бар, 40-79 жастағы, алдында миокард инфаркті болмаған немесе стенокардияның емінсіз, ОХ ≤6.5 ммол/л (251 мг/дл) деңгейімен болған. Барлық пациенттерде 3-тен кем емес алдын ала анықталған жүрек-қантамыр қауіп факторлары болды: ер жынысты, жасы ≥ 55 жас, темекі шегу, қант диабеті, жақын туысының анамнезінде ЖИА, ОХ: СС ЖТЛП> 6 деңгейі, шеткері қан тамырларының аурулары, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, ерте цереброваскулярлық бұзылулар, ЭКГ спецификалық ауытқулары, протеинурия/альбуминурия. Зерттеуге енгізілген барлық пациенттерде бастапқы жүрек-қантамыр асқынуының дамуының жоғары қаупі байқалмады.
Пациенттер антигипертензиялық емді (амлодипинмен немесе атенололмен) немесе тәулігіне 10 мг аторвастатинмен (n = 5168) немесе плацебо (n = 5137) ем алды.
Аторвастатинмен абсолютті және салыстырмалы қауіптің келесі төмендеуі болды:
Оқиғалар — Салыстыр-малы қауіптің төмендеуі (%) — Оқиғалар саны (аторвастатин плацебоға қарсы) — Абсолюттік қауіптің төмендеуі1 (%) — р-мәні
Фатальді ЖИА плюс фатальді емес МИ — 36 — 100 қарсы 154 — 1.1 — 0.0005
Барлық жүрек-қан тамыр ауруларының оқиғалары және реваскуляризация емшаралары — 20 — 389 қарсы 483 — 1.9 — 0.0008
Барлық коронарлық оқиғалар — 29 — 178 қарсы 247 — 1.4 — 0.0006
1Бақылау медианасында 3,3 жыл жүретін оқиғалардың шамамен жиілігінің айырмасы негізінде.
ЖИА = жүректің ишемиялық ауруы; МИ = миокард инфарктісі
Жүрек-қан тамырлары ауруларының нәтижесінде жалпы өлім-жітім мен өлім азайған (185 қарсы 212 оқиға, р = 0.17 және 74 қарсы 82 оқиға, р = 0,51). Қосалқы топтар талдауында жыныстарға қатысты (81% ер адамдар, 19% әйел адамдар) аторвастатиннің оң әсері ерлерде байқалды, бірақ әйелдерде аторвастатиннің оң әсері анықталмаған, бұл әйелдердің қосалқы тобындағы оқиғалардың төмен жиілігіне байланысты болуы мүмкін. Жүрек-қантамырлары ауруларының нәтижесінде жалпы өлім-жітім мен өлім әйелдерде сан жағынан жоғары болды (38 -30-ға қарсы және 17- 12-ге қарсы), бірақ бұл статистикалық маңызды емес. Антигипертензиялық препараттармен емдеудің айтарлықтай өзара әрекеттесуі байқалды. Бастапқы соңғы нүкте (фатальді ЖИА плюс фатальді емес МИ) амлодипин (СҚ 0,47 (0.32-0.69), р = 0,00008) алған пациенттерде аторвастатинмен едәуір төмендеген, бірақ атенололмен емделген пациенттерде емес (СҚ 0,83 (0.59-1.17), р = 0,287).
Аторвастатиннің фатальды және фатальді емес жүрек-қантамыр ауруларына әсері сондай-ақ рандомизирленген, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, плацебо-бақыланатын CARDS зерттеулерінде (диабет кезінде аторвастатинді бірлескен зерттеу) 2 типті қант диабеті бар пациенттерде, жасы 40-75 жас, анамнезінде жүрек-қантамырлары ауруларынсыз және ХС-ТТЛП ≤4.14 ммол/л (160 мг/дл) және ТГ 6,78 ммол/л (600 мг/дл) деңгейінде бағалады. Барлық пациенттерде келесі қауіп факторларының ең болмағанда бірі болды: артериялық гипертензия, темекі шегу, ретинопатия, микроальбуминурия немесе макроальбуминурия.
Пациенттер тәулігіне 10 мг дозада аторвастатинді (N = 1428), немесе 3,9 жастағы бақылау медианында плацебо (N = 1410) алды.
Аторвастатинмен абсолютті және салыстырмалы қауіптің төмендеуі келесідей болды:
Оқиғалар — Салыс-тырмалы қауіптің төмендеуі (%) — Оқиғалар саны (аторвастатин қарсы плацебо) — Абсолюттік қауіптің төмендеуі1 (%) — p-мәні
Негізгі жүрек-қантамыр аурулары (фатальді және фатальді емес ЖМИ, жасырын МИ, жедел ЖИА болатын өлім, тұрақсыз стенокардия, АКШ, ТАТКA, реваскуляризация, инсульт) — 37 — 83 қарсы 127 — 3.2 — 0.0010
МИ (фатальді және фатальді емес ЖМИ, жасырын МИ) — 42 — 38 қарсы 64 — 1.9 — 0.0070
Инсульт (фатальді және фатальді емес) — 48 — 21 қарсы 39 — 1.3 — 0.0163
1Бақылау медианасы 3,9 жыл жүретін оқиғалардың шамамен жиілігінің айырмасы негізінде.
ЖМИ = жедел миокард инфарктісі; АКШ = аортокоронарлық шунттау; ЖИА = жүректің ишемиялық ауруы; МИ = миокард инфарктісі; ТАТКА = тері арқылы транслюминалды коронарлық ангиопластика.
Пациенттің жынысы, жасы немесе СЖ-ТТЛП бастапқы деңгейі бойынша емдеу әсерінің айырмашылығын растайтын мәліметтер жоқ. Қолайлы үрдіс өлім жиілігіне қатысты байқалды (плацебо қабылдау тобындағы 82 өлім жағдайына қарсы аторвастатинді қабылдау тобындағы 61 өлім жағдайы, р = 0,0592).
Қайталанған инсульт
SPARCL зерттеуінде (холестерин деңгейін агрессиялы төмендету арқылы инсультті профилактикалау), тәулігіне 80 мг аторвастатиннің немесе инсультқа плацебо әсер етуін инсульт немесе 6 ай ішінде транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) және анамнезінде жүректің ишемиялық ауруынсыз (ЖИА) бастан өткерген 4731 пациентте бағалады. Пациенттер 21-92 жастағы ерлердің 60% - ы (орташа жасы 63 жасты құрады) ТТЛП орташа бастапқы деңгейі 133 мг/дл (3,4 ммол/л) болды. Аторвастатинмен емдеу кезінде ХС-ТТЛП орташа деңгейі 73 мг/дл (1,9 ммол/л) және плацебомен емдеу кезінде 129 мг/дл (3,3 ммол/л) құрады. Орташа бақылау кезеңі 4,9 жылды құрады.
80 мг дозадағы аторвастатин плацебомен салыстырғанда фатальді және фатальді емес инсульттің бастапқы соңғы нүктесінің қаупін 15%-ға (СҚ 0,85, 95% СА, 0.72-1.00, р = 0,05 немесе 0,84, 95% СА, 0.71-0.99, р = 0,03 бастапқы факторларды түзетуден кейін) төмендетті. Жалпы өлім плацебо тобындағы 8,9% (211/2366) салыстырғанда аторвастатин қабылдау тобында 9,1% (216/2365) құрады.
Ретроспективті талдауда 80 мг дозада аторвастатин ишемиялық инсульттің даму жиілігін төмендетті (274/2366, 11,6%, р = 0,01 қарсы 218/2365, 9.2%) және плацебомен салыстырғанда геморрагиялық инсульттің (33/2366, 1,4%, р = 0,02 қарсы 55/2365, 2,3%,) даму жағдайларының санын арттырды.
- Геморрагиялық инсульт қаупі зерттеуге қосылғанға дейін геморрагиялық инсульт бастан кешкен пациенттерде (плацебо тобындағы 2/48-мен салыстырғанда аторвастатин тобында 7/45; СҚ 4,06, 95% СА, 0,84-19.57) жоғарылаған, ал екі топта ишемиялық инсульт қаупі бірдей болды (плацебо тобындағы 2/48-мен салыстырғанда аторвастатин тобында 3/45; СҚ 1,64, 95% СА, 0.27-9.82).
- Геморрагиялық инсульт қаупі зерттеуге қосылғанға дейін лакунарлық инфаркті бастан кешкен пациенттерде жоғарлады (плацебо тобындағы 4/701-мен салыстырғанда аторвастатин тобында 20/708; СҚ 4,99, 95% СА, 1.71-14.61) бірақ осы науқастарда ишемиялық инсульт қаупі төмендеді (плацебо тобындағы 102/701-мен салыстырғанда аторвастатин тобында 79/708; СҚ 0,76, 95%СА, 0.57-1.02). Инсульттің таза қаупі лакунарлық инфарктпен ауырған, аторвастатинді тәулігіне 80 мг дозасында алған пациенттерде артуы мүмкін.
Геморрагиялық инсультпен ауырған пациенттердің қосалқы тобындағы жалпы өлім плацебо қабылдау тобында 10,4% (5/48) салыстырғанда аторвастатинді қабылдау тобында 15,6% (7/45) құрады. Лакунарлық инфарктпен ауырған пациенттердің қосалқы тобында плацебо қабылдау тобындағы 9,1% (64/701) салыстырғанда аторвастатинді қабылдау тобында жалпы өлім 10,9% (77/708) құрады.
Балалар
6-17 жас арасындағы балалардағы гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
8 апталық, фармакокинетиканы, фармакодинамиканы, аторвастатиннің қауіпсіздігі мен көтерімділігін бағалаудың ашық зерттеуі генетикалық расталған гетерозиготты отбасылық гиперхолестеринемиясы және ХС-ТТЛП ≥ 4 ммол/л бастапқы деңгейі бар балалар мен жасөспірімдерде жүргізілді. Зерттеуге 6-17 жас аралығындағы 39 бала мен жасөспірімдер қатыстырылған. А когортасы Таннер 1 сатысындағы 6 жастан 12 жасқа дейінгі15 баланы қамтыды. B когортасы 10-17 жас аралығындағы, Таннер ≥ 2 сатысындағы 24 баланы қамтыды.
Аторвастатиннің шайнайтын таблеткасының бастапқы дозасы А когортасында тәулігіне 5 мг және В когортада тәулігіне 10 мг құрады.
Егер пациентте 4-аптада ХС - ТТЛП <3,35 ммол/л нысаналы деңгейіне жетпесе және егер аторвастатин жағымдылығы жақсы болса аторвастатин дозасын екі есе ұлғайтуға болады.
Барлық пациенттерде ХС - ТТЛП, ОХ, ХС - ТӨТЛП және Аро В деңгейінің орташа мәндері 2-аптада төмендеді. Дозаны ұлғайтқаннан кейін алғашқы бағалау кезінде қос дозасы бар пациенттерде қосымша төмендеу 2 аптадан кейін байқалды. Екі топта липидті параметрлердің орташа төмендеу пайызы пациенттердің бастапқы дозаны қабылдағанына немесе оны екі еселегеніне қарамастан бірдей болды. 8-ші аптада ХС - ЛПНП және ОХ бастапқы деңгейімен салыстырғанда орташа пайыздық өзгеріс тиісінше 40% және 30% - ды құрады.
Гетерозиготалық отбасылық гиперхолестеринемиямен (HeFH) 6 жастан 15 жасқа дейінгі 271 ұлдар мен қыздардың қатысуымен екінші ашық, салыстырылмайтын клиникалық зерттеулерге ұзақтығы үш жылға дейінгі аторвастатинмен емдеу курсы енгізілді. Зерттеуге қосу үшін HeFH мен LDL-C ≥ 4 ммоль / л (шамамен 152 мг / дл) бастапқы деңгейін растауды талап етті. Зерттеуге 1 Таннер даму сатысының бағалауына сәйкес 139 бала (әдетте 6-дан 10 жасқа дейін) енгізілді. Аторвастатинді (күніне бір рет) қолдану 10 жасқа толмаған балаларда 5 мг дозада (шайнайтын таблеткалар) басталды. 10 және одан жоғары жастағы балаларға аторвастатинді 10 мг-нан (күніне бір рет) енгізді. Барлық балалар ТТЛП <3,35 ммоль / л нысанасына жету үшін неғұрлым жоғары дозаға дейін түзетілуге тиіс. 6 жастан 9 жасқа дейінгі балалар үшін орташа өлшемді доза 19,6 мг құрады, ал 10 және одан жоғары жастағы балалар үшін орташа өлшемді доза 23,9 мг құрады.
LDL-C бастапқы орташа (+/- SD) мәні 6,12 (1,26) ммоль / л болды, бұл шамамен 233 (48) мг / дл болды. Төмендегі 3 кестеде соңғы нәтижелерді қараңыз.
Алынған деректер клиникалық зерттеу барысында 3 жыл бойы аторвастатинмен ем қабылдаған, HeFH бар балалар мен жасөспірімдерде бойы өсуі мен дамудың бірде-бір параметріне (яғни өсуі, салмағы, ДСИ, Таннер сатысы, зерттеушінің жалпы жетілуі мен дамуын бағалауы) дәрілік әсер етпеуіне сәйкес. Зерттеушінің қаралу барысында бой өсуі, салмақ, ДСИ көрсеткіштерін бағалауында жасына немесе жынысына сәйкес қандай да бір әсер анықталмады.
3-кесте Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар жасөспірім жастағы ұлдар мен қыздардағы аторвастатиннің липид төмендететін әсері (ммоль / л)
Уақыт-тың сәті — N — TC (S.D.) — LDL-C (S.D.) — HDL-C (S.D.) — TG (S.D.) — Apo B (S.D.)#
Бастап-қы дерек-тер — 271 — 7.86(1.30) — 6.12(1.26) — 1.314(0.2663) — 0.93(0.47) — 1.42(0.28)**
Month 30 — 206 — 4.95(0.77)* — 3.25(0.67) — 1.327(0.2796) — 0.79(0.38)* — 0.90(0.17)*
Month 36/ET — 240 — 5.12(0.86) — 3.45(0.81) — 1.308(0.2739) — 0.78(0.41)
TC= жалпы холестерин; LDL-C = тығыздығы төмен липопротеинді холестерин; HDL-C = тығыздығы жоғары липопротеинді холестерин; TG = tтриглицеридтер; ApoB = аполипопротеин В; Month 36 / ET = 36 айға жоспарланған мерзімге дейін қатысуды үзген субъектілер үшін соңғы бару туралы деректерді, сондай-ақ 36 айлық зерттеуге қатысуды аяқтаған субъектілер үшін 36 айға толық деректерді қосты; “*”= Month 30 N осы параметр үшін 207 құрады; “**”=Осы параметр үшін бастапқы көрсеткіш деректері 270 құрады; “***” = Month 36/ETN осы параметр үшін 243 құрады; for Apo B үшін “#”= г/л.
10-17 жастағы балалардағы гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Аторвастатинді (n = 140) немесе плацебо (n = 47) қабылдау тобына кейінгі ашық фазасы бар салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде 26 апта ішінде гетерозиготты отбасылық гиперхолестеринемиясы (СГ) немесе гиперхолестеринемияның ауыр түрі бар 10-17 жастағы (орташа жасы 14,1 жасты құрады) 187 ер балалар мен етеккірі болған қыздар рандомизацияланған, содан кейін олардың барлығы 26 апта ішінде аторвастатинді қабылдаған.
Аторвастатиннің дозасы (тәулігіне бір рет) алғашқы 4 апта ішінде 10 мг құрады, егер СС-ТТЛП деңгейі > 3,36 ммол/л болса, онда оны 20 мг дейін арттырды. 26 апталық жасырын салыстырмалы фазаның барысында аторвастатин қан плазмасындағы жалпы ХС, ХС-ТТЛП, триглицеридтер мен аполипопротеиннің деңгейін айтарлықтай төмендетті.
26 апталық жасырын салыстырмалы фаза барысында аторвастатинді қабылдау тобында ХС-ТТЛП орташа мәні 3,38 ммол/л-ге жетті (диапазон: 1.81-6.26 ммол/л), плацебо қабылдау тобында 5,91 ммол/л-ге (диапазон: 3.93-9.96 ммол/л) салыстырғанда.
10-18 жастағы гиперхолестеринемиясы бар балалардағы колестиполмен салыстырғанда аторвастатинді қосымша зерттеу аторвастатин (n = 25) колестиполмен (n = 31) салыстырғанда 26-ші аптада (р <0,05) ХС-ТТЛП деңгейін айтарлықтай төмендегенін көрсетті.
Ауыр гиперхолестеринемиясы бар науқастарда (гомозиготикалық гиперхолестеринемияны қоса алғанда) қайырымдылық-сынау мақсатында жаңа тіркелмеген препаратты қолдана отырып зерттеуге жауапты реакцияға сәйкес дозаны титрлеу арқылы аторвастатинді алған 46 бала қатысты (кейбір пациенттер тәулігіне 80 мг аторвастатинді алды). Зерттеу 3 жыл жалғасты: ХС-ТТЛП 36% төмендеді.
Ересек жастағы аурушаңдық пен өлімді төмендететін балалық жастағы аторвастатинмен ұзақ мерзімді емдеу тиімділігі анықталмаған.
Дәрілік заттар жөніндегі Еуропалық агенттік 0-6 жастағы балалардағы аторвастатинді гетерозиготалы гиперхолестеринемияны емдеуде және 0-18 жастағы балалардағы гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияны, аралас (аралас) гиперхолестеринемияны, бастапқы гиперхолестеринемияны емдеуде және жүрек - қантамырлары ауруларының профилактикасында зерттеу нәтижелерін беруден бас тартты (препаратты балаларда қолдану туралы ақпаратты 4.2 - бөлімде қараңыз).