Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
1 мг/мл
Саудалық атауы
Атропин сульфаты
Әсер етуші зат
Атропин
Мақсаты
Сілекей және бронх сөліністерін азайту үшін операция алдындағы дәрі ретінде
Өндіруші
Фармацевтическая компания Здоровье
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - атропин сульфаты 1,0 мг;
қосымша заттар: 0,1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
• сілекей және бронх сөліністерін азайту үшін операция алдындағы дәрі ретінде
• синустық брадикардияны немесе асистолияны емдеу үшін жүрек-өкпе реанимациясы кезінде
• дәрілік заттар немесе пилокарпин, органфосфаттық пестицидтер, Amanita muscaria саңырауқұлақтары сияқты уытты заттардан туындаған симптоматикалық синустық брадикардияны емдеу
• жедел миокард инфарктісі кезінде брадикардияны емдеу
• операция кезінде жүрекке холинергиялық әсерлердің (мысалы, аритмиялар, брадикардиялар) профилактикасы
• деполяризацияламайтын миорелаксанттардың әсерін тоқтатуға арналған антагонист ретінде неостигминмен үйлесімде.
Фармакодинамикалық әсерлер және әсер ету механизмі
Атропин антимускариндік зат болып табылады, ол постганглионарлық жүйке ұштарындағы ацетилхолинге қарсы бәсекелестік әсер береді, бұл экзокриндік бездердің, тегіс бұлшықеттердің, жүрек бұлшықетінің және орталық жүйке жүйесінің рецепторларына әсер етеді.
Шеткері әсерлер сілекейдің, тердің, мұрын, көз жасы және асқазан секрециясының түзілуінің азаюы, ішек моторикасының төмендеуі және несеп шығарудың тежелуі кіреді.
Атропин синусоидтық қарқындылықты, синоатриальді және атриовентрикулярлық (АV) өткізгіштікті арттырады. Әдетте, жүректің жиырылу жиілігі жоғарылайды, бірақ бастапқы брадикардия болуы мүмкін.
Атропин барлық тыныс алу жолдарындағы бөліністерді тежейді және бронхтардың тегіс бұлышқеттерін босаңсытып, бронхтардың кеңеюіне алып келеді.
Дозалау режимі
Операция алдында:
Ересектерге: вена ішіне: бірден анестезияны бастар алдында 0,3-0,6 мг. Бұлшықет ішіне немесе тері астына: 0,3-тен 0,6 мг дейін, анестезия басталғанға дейін бір сағат бұрын.
Балалар. Анестезия басталғанға дейін 30 минут бұрын тері астына.
Шала туылған балалар — 65 мкг (0,065 мг – 0,065 мл 0,1 % ерітінді)
Дене салмағы 3 кг дейінгі балалар – 100 мкг (0,1 мг – 0,1 мл 0,1 % ерітінді)
Дене салмағы 7-9 кг балалар – 200 мкг (0,2 мг – 0,2 мл 0,1 % ерітінді)
Дене салмағы 12-16 кг балалар – 300 мкг (0,3 мг – 0,3 мл 0,1 % ерітінді)
Дене салмағы 20-27 кг балалар – 400 мкг (0,4 мг – 0,4 мл 0,1 % ерітінді)
Дене салмағы 32 кг балалар – 500 мкг (0,5 мг – 0,5 мл 0,1 % ерітінді)
Дене салмағы 41 кг балалар – 600 мкг (0,6 мг – 0,6 мл 0,1 % ерітінді)
Анестезия қолданғанға дейін 30-60 минут бұрын бұлшықет ішіне.
1 жастан асқан балалар үшін баламалы доза: анестезия қолданғанға дейін 30-60 минут бұрын 10-20 мкг/кг.
Холинэстераза тежегіштеріне антидот ретінде.
Ересектерге: 2 мг, дұрысы вена ішіне.
Балаларға: вена ішіне/бұлшықет ішіне 50 мкг/кг (0,05 мг/кг).
Дозаны енгізуді атропинизация белгілері пайда болғанға дейін әр 5-10 минут сайын қайталайды.
Органфосфаттық пестицидтерге антидот ретінде және саңырауқұлақтармен уланған кезде.Ересектерге: вена ішіне/бұлшықет ішіне 2 мг.
Балаларға: вена ішіне/бұлшықет ішіне 50 мкг/кг.
Дозаны енгізуді мускариндік көріністер мен симптомдар жойылғанға дейін әр 10-30 минут сайын қайталайды.
Деполяризацияламайтын миорелаксанттардың әсерін тоқтату.
Ересектерге:неостигмин метилсульфатымен үйлесімде вена ішіне 0,6-1,2 мг. Жүрек-өкпе реанимациясы кезінде.
Ересектерге: бір реттік 3 мг доза вена ішіне.
Балаларға:бір реттік 20 мкг/кг доза вена ішіне.
Аритмия кезінде. Брадикардия кезінде, әсіресе, егер ол гипотониямен асқынған болса, бастапқы доза вена ішіне 0,3 мг құрайды, қажет болса 1 мг дейін арттырылады. Енгізу әдісі мен жолы
Енгізу жолы
препаратты вена ішіне, бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекция түрінде енгізеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жабық бұрышты глаукома
• қуықасты безінің ұлғаюы
• миастения (антихолинэстеразамен байланысты жағдайлардан басқасында)
• ішектің салданумен бітелуі немесе пилориялық стеноз және ауыр ойық жаралы колит.
Анағұрлым жиі хабарланатын жағымсыз құбылыстар атропиннің мускариндік және жоғары дозаларында, никотиндік рецепторларға әсерімен байланысты. Бұл әсерлер дозамен байланысты және әдетте, емді тоқтатқан кезде қайтымды.
Иммундық жүйе тарапынан:
Белгісіз
• анафилаксиялық шок.
Жүйке жүйесі тарапынан/психика бұзылулары:
Белгісіз
• бас айналу, сананың шатасуы, әсіресе егде жастағы адамдарда. Жоғарырақ дозалар кезінде - елестеулер, мазасыздық, делирий.
Көру мүшесі тарапынан:
Белгісіз
• орналасу қалпының бұзылуымен қарашықтың кеңеюі және көз қарығуы, көзішілік қысымның жоғарылауы.
Жүрек тарапынан:
Белгісіз
• тахикардиямен, жүрек соғысының күшеюімен, аритмиямен қатар жүретін өтпелі брадикардия. Әсіресе, жүрек трансплантациясынан кейін парадоксальді атриовентрикулярлық блокада туралы хабарланды.
Қантамырлар тарапынан:
Белгісіз
• қан кернеулері.
Тыныс алу мүшелері тарапынан:
Белгісіз
• бронх секрециясының төмендеуі бронхтарда тыныс алу жолдарынан шығарылуы қиын тығызданған тығындардың түзілуіне алып келуі мүмкін.
Асқазан-ішек жолы тарапынан:
Белгісіз
• жұтынудың қиындауымен жүретін ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іш қату, асқазан секрециясының тежелуі, асқазан рефлюксі салдарынан төс артының ауыруы.
Тері және тері асты тіндері тарапынан:
Белгісіз
• терінің құрғауы, есекжем, бөртпе, терінің қабыршықтануы.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан:
Белгісіз
• несеп шығарудың қиындауы.
Жалпы:
Белгісіз
• шөлдеу, қызба.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ысыну және терінің құрғауы, қарашықтардың кеңеюі, ауыз бен тілдің құрғауы, тахикардия, тыныс алудың жиілеуі, гиперпирексия, гипертония, жүрек айнуы, құсу. Бетте немесе дененің жоғарғы бөлігінде бөртпе пайда болуы мүмкін. ОЖЖ стимуляциясы симптомдарына мазасыздық, сананың шатасуы, елестеулер, параноидтық және психоздық реакциялар, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, делирий және кейде құрысулар кіреді. Қатты артық дозалану кезінде ОЖЖ депрессиясының артынан кома, қан айналымының жеткіліксіздігі мен тыныс алу жеткіліксіздігі, және өлім туындауы мүмкін.
Ем демеуші болуы тиіс. Тыныс алу жолдарын тиісті түрде демеп отыру қажет. Қозу мен құрысуларды бақылауда ұстау үшін диазепамды қолдануға болады, бірақ, орталық жүйке жүйесінің депрессиясы қаупін ескеру керек. Гипоксия мен ацидозды түзету керек.
Дизритмия туындаған кезде, аритмияға қарсы препараттарды қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Атропин сульфатын балаларда, егде жастағы адамдарда және Даун синдромы бар науқастарда сақтықпен пайдалану керек. Бұны диареясы, несептің іркілуі немесе қызбасы бар пациенттерде, сондай-ақ, қоршаған орта температурасы жоғары кезде сақтықпен қолдану керек. Ишемиялық миокард сияқты жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде, артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сақтықпен қолданылады.
Сондай-ақ, препаратты тиреотоксикоз, жүрек жеткіліксіздігі немесе жүрек ақауы сияқты тахикардиямен сипатталатын жағдайлары бар пациенттерде, сонымен қатар, кардиохирургияда пайдаланғанда сақтық таныту қажет. Жүрек трансплантациясынан кейінгі бірнеше пациентте атропинді енгізгеннен кейінгі парадокстық атриовентрикулярлық блокада немесе синустық түйіннің тоқтап қалуы туралы хабарламалар бар.
Атропинді жүрек трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде емдеу немесе диагностика емшаралары үшін пайдалану ерекше сақтықпен жүргізілуі тиіс және ЭКГ мониторингі мен шұғыл уақытша кардиостимуляцияға арналған жабдықтар қолжетімді болуы тиіс.
Атропинді өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар пациенттерде жүйелі түрде қолданған кезде сақтық таныту қажет, өйткені, бронхтар секрециясының төмендеуі бронхтық тығындар түзілуіне алып келуі мүмкін.Атропин сияқты антимускариндік дәрілер асқазанның босатылуын кідіртуі, асқазан перистальтикасын азайтуы және эзофагальді сфинктерді босаңсытуы мүмкін. Оларды аталған әсерлерден жағдайы ушығуы мүмкін пациенттерде, мысалы, рефлюкстік эзофагит кезінде сақтықпен пайдалану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Атропин сульфаты ұйқышылдықты немесе бұлыңғыр көруді туғызуы мүмкін, және пациенттер бұдан хабардар болуы тиіс.
Атропин сульфаты плацента арқылы енеді. Атропиннің адамда жүктілік кезіндегі қауіпсіздігін растайтын мәліметтер жеткіліксіз. Сондықтан, оны жүктілік кезінде тек, егер дәрігер оны қажет деп тапса ғана пайдалану керек.
Атропин сульфаты емшек сүтімен шығарылады, ал емшек еметін сәбилерде препараттың кейбір әсерлері болуы мүмкін. Сәбилер әдетте, антихолинергиялық препараттардың әсеріне өте сезімтал. Сондықтан, атропинді бала емізу кезінде тек, егер дәрігер оны қажет деп тапса ғана пайдалану керек.
Атропиннің әсері фенотиазиндерді, амантадинді, трициклдік антидепресанттарды, МАО тежегіштерін, кейбір антигистаминді дәрілерді және дизопирамидті қоса, антимускариндік белсенділікке ие басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін.
Атропиннен туындаған АІЖ перистальтикасының төмендеуі мексилетин және кетоконазол сияқты басқа дәрілердің сіңірілуіне әсер етуі мүмкін.
Атропиннен туындаған ауыздың құрғауы, нитраттар сияқты тіл астына салатын препараттардың еруін болдырмауы мүмкін, бұл олардың тиімділігін төмендетеді.
Пациент пропофолды бір мезгілде қабылдап жүрсе, анестезия кезінде жүрек ырғағының атропинді вена ішіне енгізуге сезімталдығы төмендеуі мүмкін (және атропиннің көп дозасымен де тиімді басылмаған); бұл симпатикалық жүйке жүйесінің пропофол-индукциялаған бәсеңдеуімен байланысты болуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.