ATХ коды L01ЕG02
Әсер ету механизмі
Эверолимус mTOR (сүтқоректілердің рапамицин нысанасы) таңдаулы тежегіші болып табылады. mTOR адамның онкологиялық ауруларының көптеген түрлерінің дамуы кезінде белсенділігі артатын негізгі серин-треонин киназасы болып табылады. Эверолимус FKBP-12 жасушаішілік ақуызымен байланысады, кешен-1 mTOR (mTORC1) белсенділігін басатын кешен түзеді. mTORC1 сигнал беру жолының тежелуі рибосомалық протеинкиназа S6 (S6K1) белсенділігін және жасушалық циклге, ангиогенезге және гликолизге қатысатын ақуыздарды реттейтін 4e байланыстыратын ақуыздың эукариоттық элонгация факторын (4EBP-1) төмендету арқылы ақуыздардың трансляциясы мен синтезіне кедергі келтіреді. S6K1 рецепторлардың лиганд-тәуелді белсенділенуіне жауап беретін эстроген рецепторының белсендіру функциясының 1 доменін фосфорлайды деп саналады. Эверолимус ісік ангиогенезінің процестерін күшейтетін тамырлы эндотелийдің өсу факторының (VEGF) деңгейін төмендетеді. Эверолимус ісік жасушаларының, эндотелий жасушаларының, фибробласттардың және қантамырлардың тегіс бұлшықет жасушаларының өсуі мен көбеюінің күшті тежегіші болып табылады, ол in vitro және in vivo тығыз ісіктеріндегі гликолизді азайтады.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Сүт безінің кең таралған гормон-рецептор-оң обыры
BOLERO-2 (CRAD001Y2301), Афинитор + экземестан біріктірілімін плацебо + экземестан біріктірілімімен салыстыру мақсатында III фазадағы рандомизацияланған салыстырмалы жасырын көп орталықты зерттеу летрозолды немесе анастрозолды қолдана отырып, алдыңғы емнен кейін аурудың қайталануы немесе өршуі болған, HER2/neu теріс таралған сүт безінің обыры бар, эстроген-рецепторы оң постменопауза кезеңіндегі әйелдердің қатысуымен жүргізілді. Рандомизация алдыңғы гормональді емге және висцеральді метастаздардың болуына құжатпен расталған сезімталдық арқылы стратификацияланды. Алдыңғы гормональді емге сезімталдық (1) тіркелген клиникалық пайда (толық жауап [ТЖ], ішінара жауап [ІЖ], ≥ 24 апта ішінде аурудың тұрақтылығы) таралған ауру кезінде алдыңғы гормональді кем дегенде бір түрі немесе (2) рецидив пайда болғанға дейін кем дегенде 24 ай бойы қосымша гормональді емді қолдану ретінде анықталды.
Зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі зерттеушінің бағалауы негізінде (жергілікті радиологиялық зерттеу) «Тығыз ісіктер кезіндегі жауапты бағалау критерийлері» (RECIST) көмегімен бағаланатын аурудың өршуінсіз өміршеңдік (ҮӨ) болып табылады. ҮӨ қосымша талдаулары орталық радиологиялық зерттеулердің нәтижелеріне тәуелсіз шолуға негізделген.
Екінші соңғы нүктелердің ішінде - жалпы өміршеңдік (ЖӨ) деңгейі, объективті жауаптардың жиілігі, клиникалық тиімділік жиілігі, қауіпсіздік, өмір сүру сапасының өзгеруі (ӨС) және ECOG критерийлері бойынша функционалдық статусының нашарлауы басталғанға дейінгі уақыт (АҚШ-тың Шығыс Біріккен онкологиялық тобы).
Барлығы 724 пациент эверолимус (тәулігіне 10 мг) + экземестан (тәулігіне 25 мг) (n = 485) немесе плацебо + экземестан (тәулігіне 25 мг) (n = 239) біріктірілімін алған топтарға 2 : 1 қатынасында рандомизацияланды. ЖӨ-ны түпкілікті талдау кезінде эверолимусты қолданумен емдеудің орташа ұзақтығы 24,0 аптаны құрады (ауқымы 1,0–199,1 апта). Экземестанды қолданумен емдеудің орташа ұзақтығы эверолимус + экземестан тобында көп болды және плацебо + экземестан тобындағы 14,1 аптамен (1,0–156,0) салыстырғанда 29,5 аптаны (1,0–199,1) құрады.
Бастапқы соңғы нүкте үшін тиімділік нәтижелері ҮӨ түпкілікті талдау кезінде алынды (4-кестені және 1-суретті қараңыз). Плацебо + экземестан тобындағы пациенттер аурудың өршуі кезінде эверолимус тобына өтпеді.
4-кестеBOLERO-2 зерттеуі: тиімділік нәтижелері
Талдау — Афиниторa n = 485 — Плацебоa n=239 — Қауіптер қатынасы — P көрсеткіші
Аурудың өршуінсіз орташа өміршеңдік деңгейі (ай) (95% СА)
Зерттеуші жүргізген радиологиялық зерттеу — 7,8 (6,9–8,5) — 3,2 (2,8–4,1) — 0,45 (0,38–0,54) — < 0,0001
Тәуелсіз радиологиялық шолу — 11,0 (9,7–15,0) — 4,1 (2,9–5,6) — 0,38 (0,31–0,48) — < 0,0001
Орташа өміршеңдік деңгейі (айлар) (95% СА)
Орташа жалпы өміршеңдік — 31,0 (28,0–34,6) — 26,6 (22,6–33,1) — 0,89 (0,73–1,10) — 0,1426
Ең жақсы жалпы жауап (%) (95% СА)
Объективті жауаптардың жиілігі b — 12,6 % (9,8–15,9) — 1,7 % (0,5–4,2) — қ/е d — < 0,0001 e
Клиникалық тиімділік жиілігі c — 51,3 % (46,8–55,9) — 26,4 % (20,9–32,4) — қ/е d — < 0,0001 e
aПлюс экземестан. bОбъективті жауаптардың жиілігі = толық немесе ішінара жауап берген пациенттердің үлесі cКлиникалық тиімділік жиілігі = ≥ 24 апта ішінде толық немесе ішінара жауап берген немесе аурудың тұрақтылығы бар пациенттердің үлесі dҚатысты емес. ep көрсеткіші Кохран — Мантель — Хензельдің нақты өлшемі негізінде Кохран — Армитажды алмастыру критерийінің стратификацияланған нұсқасын пайдалана отырып алынды.
1-суретBOLERO-2 зерттеуі. Каплан-Мейердің үдемелі емес өміршеңдік қисықтары (зерттеуші жүргізген радиологиялық зерттеу)
Қауіптер қатынасы = 0,4595% СА [0,38, 0,54]Логрангтік критерий бойынша p көрсеткіші:Каплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус 10 мг + экземестан: 7,82 айПлацебо + эксеместан: 3,19 айҚауіптер қатынасы = 0,4595% СА [0,38, 0,54]Логрангтік критерий бойынша p көрсеткіші:Каплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус 10 мг + экземестан: 7,82 айПлацебо + эксеместан: 3,19 айОларға қатысты қауіп әлі де бар пациенттер саныОларға қатысты қауіп әлі де бар пациенттер саныУақыты (апта)ЭверолимусПлацебоУақыты (апта)ЭверолимусПлацебоЦензуралау мерзімдеріЭверолимус 10 мг + экземестан (n/N = 310/485)Плацебо + экземестан (n/N = 200/239)Цензуралау мерзімдеріЭверолимус 10 мг + экземестан (n/N = 310/485)Плацебо + экземестан (n/N = 200/239)Уақыты (апта)Уақыты (апта)Оқиғаның ықтималдығы (%)Оқиғаның ықтималдығы (%)
ҮӨ тұрғысынан емдеудің болжамды әсері зерттеушінің бағалауына байланысты ішкі топтар бойынша ҮӨ жоспарлы талдауымен расталды. Барлық талданған қосалқы топтарда (жасы, алдыңғы гормональді емге сезімталдығы, зардап шеккен ағзалардың саны, бастапқы деңгейде тек сүйек тінінің зақымдану жағдайы және ішкі ағзаларда метастаздардың болуы, сондай-ақ негізгі демографиялық және болжамдық қосалқы топтарда) эверолимус + экземестан біріктірілімін қолдану кезінде емнің оң әсері байқалды, бұл ретте плацебо + экземестан біріктірілімімен салыстырғанда есептік қауіптердің қатынасы (ҚҚ) 0,25-тен 0,60-қа дейінгі ауқымда ауытқып отырды.
Екі топта QLQ-C30 Ғаламдық және функционалды домендік сынақтардың нәтижелері бойынша ≥ 5% нашарлау басталғанға дейін уақыт айырмашылығы болған жоқ.
BOLERO-6 (CRAD001Y2201 зерттеуі) летрозолды немесе анастрозолды алдыңғы қабылдауда рецидивтен немесе үдеуден кейін эстроген-рецептор оң HER2/neu теріс жергілікті таралған рецидивті немесе метастаздық сүт безі обырына шалдыққан постменопаузадағы әйелдерді емдеу кезінде эверолимус пен капецитабин монотерапиясын және экземестан мен эверолимус үйлесімін салыстыру мақсатында үш топты II фазадағы рандомизацияланған ашық зерттеу.
Зерттеудің негізгі мақсаты эверолимус монотерапиясымен салыстырғанда эверолимус + экземестан біріктірілімі үшін ҮӨ ҚҚ-ны бағалау болды. Негізгі екінші мақсат капецитабинмен салыстырғанда эверолимус + экземестан біріктірілімі үшін ҮӨ ҚҚ бағалау болды.
Басқа екінші кезектегі міндеттерге ЖӨ бағалау, объективті жауаптың жиілігі, клиникалық пайда дәрежесі, қауіпсіздік, ECOG шкаласы бойынша көрсеткіштердің нашарлауына дейінгі уақыт, өмір сапасының нашарлауына дейінгі уақыт және дәрілік препаратқа қанағаттану дәрежесінің (TSQM) сауалнамасы негізінде емделуге қанағаттану кірді. Ресми статистикалық салыстырулар жоспарланбаған.
Жалпы алғанда 309 пациент эверолимус (тәулігіне 10 мг) + экземестан (тәулігіне 25 мг) (n = 104) біріктірілімін, эверолимус монотерапиясын (тәулігіне 10 мг) (n = 103) немесе капецитабинді (1250 мг/м2 доза тәулігіне екі рет 2 апта бойы келесі апталық демалыспен, 3 апталық циклмен) (n = 102) алған топтарға 1 : 1 : 1 қатынасында рандомизацияланды. Деректерді жинауды тоқтату сәтінде емдеудің орташа ұзақтығы эверолимус + экземестан тобында 27,5 аптаны (ауқымы 2,0–165,7), эверолимус тобында 20 аптаны (1,3–145,0) және капецитабин тобында 26,7 аптаны (1,4–177,1) құрады.
Жергілікті зерттеушінің бағалауы негізінде байқалған ҮӨ 154 жағдаймен ҮӨ қорытынды талдау нәтижесі эверолимус монотерапия тобымен салыстырғанда эверолимус + экземестан тобының пайдасына есептік ҚҚ 0,74 (90% СА: 0,57, 0,97) көрсетті. ҮӨ медианасы тиісінше 8,4 айды (90% СА: 6,6, 9,7) және 6,8 айды (90% СА: 5,5, 7,2) құрады.
2-суретBOLERO-6 зерттеуі. Каплан-Мейердің үдемелі емес өміршеңдік қисықтары (зерттеуші жүргізген радиологиялық зерттеу)
Уақыты (апта)Эверолимус/экземестанЭверолимусУақыты (апта)Эверолимус/экземестанЭверолимусҚаупі сақталған пациенттер саныҚаупі сақталған пациенттер саныЦензуралау мерзімдеріЦензуралау мерзімдеріЭверолимус/экземестан (n/N=80/104)Эверолимус/экземестан (n/N=80/104)Эверолимус (n/N=74/103)Эверолимус (n/N=74/103)Қауіптер қатынасы = 0,7490% СА [0,57; 0,97]Каплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус/экземестан: 36,57 [28,71; 42,29] аптаЭверолимус: 29,43 [24,00; 31,29] аптаҚауіптер қатынасы = 0,7490% СА [0,57; 0,97]Каплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус/экземестан: 36,57 [28,71; 42,29] аптаЭверолимус: 29,43 [24,00; 31,29] аптаУақыты (апта)Уақыты (апта)Оқиғаның ықтималдығы (%)Оқиғаның ықтималдығы (%)
ҮӨ негізгі екінші соңғы нүктесі үшін есептік ҚҚ жалпы алғанда ҮӨ байқалатын 148 жағдайдың негізінде эверолимус + экземестан біріктірілімімен салыстырғанда капецитабиннің пайдасына 1,26 (90% СА: 0,96, 1,66) құрады.
ЖӨ екінші соңғы нүктесінің нәтижелері ҮӨ бастапқы соңғы нүктесіне сәйкес келмеді, ал эверолимус монотерапиясын алған топтың пайдасына үрдісі байқалды. Есептеу ҚҚ эверолимуспен монотерапия алған топтағы және эверолимус + экземестан біріктірілімдегі ЖӨ салыстыру үшін 1,27 (90% СА: 0,95, 1,70) құрады. Капецитабин тобымен салыстырғанда эверолимус + экземестан біріктірілімдегі ҚҚ-ны салыстыру үшін есептік ҚҚ 1,33 (90% СА: 0,99, 1,79) құрады.
Ұйқы безінің жалпы нейроэндокринді ісіктері (ҰБ ЖНІ)
RADIANT-3 (CRAD001C2324), Афинитор препаратының біріктірілімін оңтайлы демеуші еммен (ОДЕ) және плацебо біріктірілімін ОДЕ-мен салыстыру мақсатында III фазаның көп орталықты рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеуі кең таралған ҰБ ЖНІ бар пациенттерде Афинитор препаратының плацебомен салыстырғанда аурудың өршуінсіз орташа өміршеңдік (ҮӨ) ұзақтығын 2,4 есеге (4,6 аймен салыстырғанда 11,04 ай) (ҚҚ 0,35; 95% СА: 0,27, 0,45; p < 0,0001)(5-кестені және 3-суретті қараңыз) ұлғайту түріндегі статистикалық шынайы клиникалық тиімділігін көрсетті.
RADIANT-3 зерттеуіне алдыңғы 12 ай ішінде ауру өршіген, жақсы және орташа сараланған кең таралған ҰБ ЖНІ шалдыққан пациенттер енгізілді. Соматостатин аналогтарын қолдану арқылы емдеуге ОДЕ бөлігі ретінде рұқсат етілді.
Зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі «Тығыз ісіктер кезінде жауапты бағалау критерийлері» (RECIST) арқылы бағаланатын аурудың өршуінсіз өміршеңдік (ҮӨ) болды. Радиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша аурудың өршуін тіркегеннен кейін зерттеуші пациенттерді салыстырмалы жасырын әдіспен алып тастай алады. Плацебо тобына рандомизацияланған пациенттер содан кейін бүркемеленбеген Афиниторды ала алды.
Екінші реттік соңғы нүктелер қатарына қауіпсіздік, объективті жауаптардың жиілігі, жауаптың ұзақтығы және жалпы өміршеңдік деңгейі кіреді.
Жалпы алғанда, 410 пациент тәулігіне 10 мг (n = 207) Афинитор немесе плацебо (n = 203) алған топтарға 1 : 1 қатынасында рандомизацияланды. Екі топтағы демографиялық көрсеткіштер тепе-тең болды (орташа жасы 58 жас, ерлер 55%, еуропеоидті нәсілді 78,5%). Екі топтағы пациенттердің елу сегіз пайызы бұрын жүйелі ем алған. Эверолимус қабылдаған пациенттер үшін жасырын режимде емдеудің орташа ұзақтығы 37,8 аптаны (диапазоны 1,1–129,9 апта) және плацебо қабылдаған пациенттер үшін 16,1 аптаны (диапазоны 0,4–147,0 апта) құрады.
Ауру өршіген немесе салыстырмалы жасырын әдіспен шығарылғаннан кейін бастапқыда плацебо тобына рандомизацияланған 203 пациенттің 172-сі (84,7%) бүркемеленбеген Афинитор препаратын қабылдауға көшті. Жасырын емес емдеудің орташа ұзақтығы барлық пациенттерде 47,7 аптаны құрады; эверолимус тобына рандомизацияланған және жасырын емес эверолимусты қабылдауға көшкен 53 пациентте 67,1 апта және плацебо тобына рандомизацияланған және жасырын емес эверолимусты қабылдауға көшкен 172 пациентте 44,1 апта.
5-кестеRADIANT-3 зерттеуі — тиімділік нәтижелері
Популяция — Афинитор n = 207 — Плацебо n = 203 — Қауіптер қатынасы (95% СА) — р-мәні
Аурудың өршуінсіз орташа өміршеңдік деңгейі (ай) (95% СА)
Зерттеуші жүргізген радиологиялық зерттеу — 11,04 (8,41; 13,86) — 4,60 (3,06; 5,39) — 0,35 (0,27; 0,45) — < 0,0001
Тәуелсіз радиологиялық шолу — 13,67 (11,17; 18,79) — 5,68 (5,39; 8,31) — 0,38 (0,28; 0,51) — < 0,0001
Орташа өміршеңдік деңгейі (айлар) (95% СА)
Орташа жалпы өміршеңдік — 44,02 (35,61; 51,75) — 37,68 (29,14; 45,77) — 0,94 (0,73; 1,20) — 0,300
3-суретRadiant-3 зерттеуі — Каплан-Мейердің үдеусіз емес өміршеңдік қисықтары (зерттеуші жүргізген радиологиялық шолу)
Қаупі сақталған пациенттер саныҚаупі сақталған пациенттер саныАфиниторПлацебоАфиниторПлацебоАфинитор (n = 207)Плацебо (n = 203)Афинитор (n = 207)Плацебо (n = 203)Цензуралау мерзімдеріЦензуралау мерзімдеріҚауіптер қатынасы = 0,3595% СА [0,27, 0,45]Логрангтік критерий бойынша p көрсеткіші = <0,001Каплан-Мейер қисығының медианаларыАфинитор: 11,04 айПлацебо 4,60 айҚауіптер қатынасы = 0,3595% СА [0,27, 0,45]Логрангтік критерий бойынша p көрсеткіші = <0,001Каплан-Мейер қисығының медианаларыАфинитор: 11,04 айПлацебо 4,60 айЫқтималдығы (%)Ықтималдығы (%)Уақыты (айлар)Уақыты (айлар)
Асқазан-ішек жолдарының немесе өкпенің жалпы нейроэндокринді ісіктері
RADIANT-4 (CRAD001T2302), Афинитор препаратының үйлесімін оңтайлы демеуші еммен (ОДЕ) және плацебо мен ОДЕ біріктірілімін салыстыру мақсатында III фазаның рандомизацияланған, жақсы сараланған (1-дәреже немесе 2-дәреже) асқазан-ішек жолының немесе өкпенің жұмыс істемейтін нейроэндокринді ісіктері бар, бұрын карциноидты синдром тіркелмеген және мұндай аурудың белсенді симптомдары болмаған пациенттерде III фазадағы рандомизацияланған салыстырмалы жасырын көп орталықты зерттеу.
Зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі тәуелсіз радиологиялық бағалау негізінде «Тығыз ісіктер кезінде жауапты бағалау критерийлері» (RECIST) бойынша аурудың өршуінсіз өміршеңдік (АӨӨ) болды. Қосымша ҮӨ талдаулары жергілікті зерттеуші жүргізген шолуға негізделген. Екінші соңғы нүктелердің ішінде — жалпы өміршеңдік (ЖӨ) деңгейі, жауаптардың жалпы жиілігі, ауруды бақылау жиілігі, қауіпсіздік, өмір сүру сапасының өзгеруі (обыр емін функционалдық бағалау бойынша - жалпы (FACT-G)) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ ФС) критерийлері бойынша функционалдық статустың нашарлауы басталғанға дейінгі уақыт.
Барлығы 302 пациент эверолимус (тәулігіне 10 мг) (n = 205) немесе плацебо (n = 97) алған топтарға 2 : 1 қатынасында рандомизацияланды. Екі топтағы демографиялық көрсеткіштер мен аурудың тән белгілері жалпы тепе-тең болды (орташа жасы — 63 жас [22-86 диапазон], еуропеоидты нәсіліндегі пациенттердің 76%, бұрын соматостатин аналогтары қолданылған [ACS]). Салыстырмалы жасырын режимдегі емдеудің орташа ұзақтығы Афиниторды қабылдаған пациенттер үшін 40,4 аптаны және плацебо қабылдаған пациенттер үшін 19,6 аптаны құрады. Алғашқы ҮӨ талдауынан кейін плацебо тобындағы 6 пациент эверолимусты ашық қабылдауға көшті.
ББЖ бастапқы соңғы нүктесі үшін тиімділік нәтижелері (тәуелсіз радиологиялық сараптама) ҮӨ түпкілікті талдау жүргізу кезінде алынды (6-кестені және 4-суретті қараңыз). ҮӨ үшін тиімділік нәтижелері (зерттеушінің радиологиялық шолуы) соңғы ЖӨ талдауынан алынды (6-кестені қараңыз).
6-кестеRADIANT-4 зерттеуі — аурудың өршуінсіз өміршеңдік бойынша нәтижелер
Популяция — Афинитор n = 205 — Плацебо n = 97 — Қауіптер қатынасы (95% СА) — р көрсеткішіа
Аурудың өршуінсіз орташа өміршеңдік деңгейі (ай) (95% СА)
Тәуелсіз радиологиялық шолу — 11,01 (9,2; 13,3) — 3,91 (3,6; 7,4) — 0,48 (0,35; 0,67) — < 0,001
Зерттеуші жүргізген радиологиялық зерттеу — 14,39 (11,24; 179,7) — 5,45 (3,71; 7,39) — 0,40 (0,29; 0,55) — < 0,001
а стратификацияланған логрангтік критерий бойынша бір жақты p-көрсеткіші
4-суретRADIANT-4 зерттеуі — Каплан-Мейердің үдеусіз өміршеңдік қисықтары (тәуелсіз радиологиялық шолу)
Оларға қатысты қауіп әлі де бар пациенттер саныОларға қатысты қауіп әлі де бар пациенттер саныУақыты (айлар)ЭверолимусПлацебоУақыты (айлар)ЭверолимусПлацебоҚауіптер қатынасы = 0,4895% СА [0,35; 0,67]Каплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус + ОДЕ: 11,01 [9,23; 13,31] айПлацебо + ОДЕ: 3,91 [3,58; 7,43] айЛогрангтік критерий бойынша p көрсеткіші = <0,001Қауіптер қатынасы = 0,4895% СА [0,35; 0,67]Каплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус + ОДЕ: 11,01 [9,23; 13,31] айПлацебо + ОДЕ: 3,91 [3,58; 7,43] айЛогрангтік критерий бойынша p көрсеткіші = <0,001Цензуралау мерзімдеріЭверолимус + ОДЕ (n/N = 113/205)Плацебо + ОДЕ (n/N = 65/97)Цензуралау мерзімдеріЭверолимус + ОДЕ (n/N = 113/205)Плацебо + ОДЕ (n/N = 65/97)Оқиғаның ықтималдығы (%)Оқиғаның ықтималдығы (%)Уақыты (айлар)Уақыты (айлар)
Қосымша талдаулар барысында емнің оң әсері мықын ішек ісіктің бастапқы көзі болған пациенттерді қоспағанда, барлық қосалқы топтарда байқалды (мықын ішек: ҚҚ= 1,22 [95% СА: 0,56–2,65]; мықын емес ішек: ҚҚ= 0,34 [95% СА: 0,22–0,54]; өкпе: ҚҚ= 0,43 [95% СА: 0,24–0,79]) (5-суретті қараңыз).
5-суретRADIANT-4 зерттеуі - пациенттердің алдын ала анықталған қосалқы топтары бойынша аурудың өршуінсіз өміршеңдік бойынша нәтижелер (тәуелсіз радиологиялық шолу)
NSE бастапқы деңгейіNSE бастапқы деңгейіCgA бастапқы деңгейіCgA бастапқы деңгейіБауырға ісік жүктемесіБауырға ісік жүктемесіІсік сатысыІсік сатысыІсіктің бастапқы көзіІсіктің бастапқы көзіБұрын химиотерапия жүргізілдіБұрын химиотерапия жүргізілдіБұрын АҚҚ алғанБұрын АҚҚ алған≤ 10 % (N = 228)> 10 % (N = 72)≤ 10 % (N = 228)> 10 % (N = 72)Иә (N = 77)Жоқ (N = 225)Иә (N = 77)Жоқ (N = 225)Өкпе (N = 90)Мықын ішек (N = 71)Мықын емес ішек * (N = 141)Өкпе (N = 90)Мықын ішек (N = 71)Мықын емес ішек * (N = 141)Барлығы (N = 302)Барлығы (N = 302)< 65 жыл (N = 159)≥ 65 жыл (N = 143)< 65 жыл (N = 159)≥ 65 жыл (N = 143)0 (N = 216)1 (N = 86)0 (N = 216)1 (N = 86)Иә (N = 157)Жоқ (N = 145)Иә (N = 157)Жоқ (N = 145)1 Дәреже (N = 194)2 Дәреже (N = 107)1 Дәреже (N = 194)2 Дәреже (N = 107)>2 x ҚЖШ (N = 139)≤ 2 x ҚЖШ (N = 138)>2 x ҚЖШ (N = 139)≤ 2 x ҚЖШ (N = 138)> ҚЖШ ( N = 87)≤ ҚЖШ (N = 188)> ҚЖШ ( N = 87)≤ ҚЖШ (N = 188)0,10,1Плацебо + ОДЕПлацебо + ОДЕПайдасынаПайдасынаЭверолимус + ОДЕЭверолимус + ОДЕДДҰ ФСДДҰ ФСЖасыЖасы
* Мықын емес ішек: асқазан, жуан ішек, тік ішек, аппендикс, соқыр ішек, он екі елі ішек, аш ішек, бастапқы оқшаулануы белгісіз карцинома және шығу тегі басқа АІЖ.
ҚЖШ: қалыптың жоғарғы шегі
CgA: Хромогранин А
NSE: Нейрон-спецификалық энолаза
Кокс регрессиясының стратификацияланған моделі бойынша қауіптер қатынасы (95% СА)
Жалпы өміршеңдіктің (ЖӨ) соңғы талдауы зерттеудің жасырын кезеңінде афинитор немесе плацебо алған пациенттер арасында статистикалық маңызды айырмашылықты көрсеткен жоқ (ҚҚ = 0,90 [95% СА: 0,66–1,22]).
Емдеудің екі тобы арасында ДДҰ ФС белгілі бір нашарлауына дейінгі кезең ұзақтығында (ҚҚ = 1,02; [95% СА: 0,65, 1,61] және өмір сапасының белгілі бір нашарлауына дейін (Обыр терапиясын функционалдық бағалау бойынша жалпы балл саны ≥ 7 — жалпы (FACT-G)) айырмашылықтар байқалған жоқ (FACT-G) ҚҚ = 0,74; [ 95% СА: 0,50, 1,10]).
Кейінгі сатылардағы бүйрек жасушаларының карциномасы
RECORD1 (CRAD001C2240), тәулігіне 10 мг эверолимусты және плацебоны салыстыру мақсатында халықаралық, көп орталықты рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын фазаны зерттеу, екі препарат та оңтайлы демеуші еммен үйлесімде тамырлық эндотелиалды өсу факторы (VEGFR-TKI) рецепторының тирозинкиназа тежегішін (сунитиниб, сорафениб немесе екі препарат) қолдану арқылы емдеу кезінде немесе одан кейін өршіген бүйрек-жасушалық карциномасы бар пациенттердің қатысуымен өткізілді. Бұрын бевацизумаб және интерферон-α қабылдаған пациенттерге де рұқсат етілді. Пациенттер Слон-Кеттеринг атындағы мемориалдық онкологиялық орталығының (MSKCC) болжамдық шкаласына сәйкес (жоғары қауіпті топтармен салыстырғанда аралық топтармен салыстырғанда қолайлы топтар) және бұрын ісікке қарсы ем алған (VEGFR-TKI 2 курстарымен салыстырғанда 1) сәйкес стратификацияланған.
Бастапқы соңғы нүкте тәуелсіз орталық сарапшылардың RECIST (Тығыз ісіктер кезінде жауапты бағалау критерийлері) және салыстырмалы жасырын бағалауына сәйкес анықталған аурудың өршуінсіз өміршеңдік болды. Кішігірім соңғы нүктелерге қауіпсіздік, ісіктің объективті реакциясының жиілігі, жалпы өміршеңдік деңгейі, аурумен байланысты симптомдар және өмір сүру сапасы кірді. Радиологиялық зерттеу жолымен аурудың өршуін тіркегеннен кейін пациенттерді салыстырмалы әдіспен зерттеуші шығаруы мүмкін: бастапқыда плацебо тобына рандомизацияланғандар күніне 10 мг жасырын емес эверолимусты қабылдауға ауыса алады.
Деректерді бақылау жөніндегі тәуелсіз комитет бастапқы соңғы нүктеге жету себебі бойынша екінші аралық талдау жүргізу сәтінде осы зерттеуді аяқтауды ұсынды.
Жалпы, 416 пациент Афинитор препараты (n=277) немесе плацебо (n=139) тобына 2:1 қатынасында рандомизацияланған. Екі топтағы демографиялық көрсеткіштер тепе-тең болды (жиынтық орташа жас [61 жас; ауқымы 27-85], еркектердің 78%, еуропеоидты нәсілінің 88%, бұрын жүргізілген VEGFR-TKI ем саны [1-74 %, 2-26 %]). Эверолимус қабылдаған пациенттер үшін соқыр режимде емдеудің орташа ұзақтығы 141 күнді (ауқымы 19-451 күнді) және плацебо қабылдаған пациенттер үшін 60 күнді (ауқымы 21-295 күнді) құрады.
Афинитор аурудың өршуінсіз өміршеңдіктің бастапқы соңғы нүктесі бойынша плацебоға қарағанда артықшылықты көрсетті, бұл ретте аурудың өршуі мен өлім қаупінің статистикалық сенімді 67% төмендегені байқалды (7-кестені және 6-суретті қараңыз).
7-кестеRECORD-1 зерттеуі — аурудың өршуінсіз өміршеңдік нәтижелері
Популяция — n — Афинитор n = 277 — Плацебо n = 139 — Қауіптер қатынасы (95% СА) — р-мәні
Аурудың өршуінсіз орташа өміршеңдік деңгейі (ай) (95% СА)
Бастапқы талдау
Барлығы (салыстырмалы жасырын тәуелсіз орталық шолу) — 416 — 4,9 (4,0–5,5) — 1,9 (1,8–1,9) — 0,33 (0,25–0,43) — < 0,0001 a
Қосымша талдаулар / сезімталдықты талдау
Барлығы (зерттеуші жүргізген жергілікті шолу) — 416 — 5,5 (4,6–5,8) — 1,9 (1,8–2,2) — 0,32 (0,25–0,41) — < 0,0001 a
MSKCC шкаласы бойынша болжамдық көрсеткіш (салыстырмалы жасырын тәуелсіз орталық шолу)
Қолайлы қауіп — 120 — 5,8 (4,0–7,4) — 1,9 (1,9–2,8) — 0,31 (0,19–0,50) — < 0,0001
Аралық қауіп — 235 — 4,5 (3,8–5,5) — 1,8 (1,8–1,9) — 0,32 (0,22–0,44) — < 0,0001
Жоғары қауіп — 61 — 3,6 (1,9–4,6) — 1,8 (1,8–3,6) — 0,44 (0,22–0,85) — 0,007
A стратификацияланған логрангтік критерий.
6-суретRECORD-1 зерттеуі — Каплан-Мейердің үдеусіз өміршеңдік қисықтары (тәуелсіз орталық шолу)
Қаупі сақталған пациенттер саныҚаупі сақталған пациенттер саныЛогрангтік критерий бойынша p көрсеткіші = <0,0001Логрангтік критерий бойынша p көрсеткіші = <0,0001Каплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус: 4,90 айПлацебо: 1,87 айКаплан-Мейер қисығының медианаларыЭверолимус: 4,90 айПлацебо: 1,87 айЦензуралау мерзімдеріЭверолимус (n/N = 155/277)Плацебо (n/N = 111/139)Цензуралау мерзімдеріЭверолимус (n/N = 155/277)Плацебо (n/N = 111/139)Қауіптер қатынасы = 0,3395% СА [0,25, 0,43]Қауіптер қатынасы = 0,3395% СА [0,25, 0,43]Уақыты (айлар)АфиниторПлацебоУақыты (айлар)АфиниторПлацебоЫқтималдығы (%)Ықтималдығы (%)Уақыты (айлар)Уақыты (айлар)
6 айлық ҮӨ көрсеткіштері плацебо үшін 9%-бен салыстырғанда Афинитор препараты үшін 36% құрады.
Афиниторды қабылдаған 5 пациентте (2%) ісіктің расталған объективті жауабы плацебо тобында байқалмады. Осылайша, аурудың өршуінсіз өміршеңдік көрсеткіші бойынша артықшылық, бірінші кезекте, аурудың тұрақтануы бар пациенттердің популяциясын көрсетеді (Афинитормен емдеу тобында 67% сәйкес келеді).
Емдеу түрімен байланысты жалпы өміршеңдік көрсеткіштерінде статистикалық сенімді айырмашылық байқалған жоқ (қауіптер қатынасы 0,87; сенімді аралық: 0,65–1,17; p = 0,177). Плацебо тобына бөлінген пациенттердің аурудың өршуінен кейін бүркемеленбеген Афинитор препаратын қабылдауға көшуі нәтижелерді бұрмалаусыз емдеуге байланысты жалпы өміршеңдік көрсеткіштеріндегі кез келген айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік бермеді.
Басқа зерттеулер
Пациенттерде. Афиниторды қабылдайтын, ең жиі қолайсыз реакция стоматит болып табылады (4.4 және 4.8 бөл. қараңыз). Кейінгі сатыларда сүт безі обырымен ауыратын постменопаузадағы әйелдердің қатысуымен тіркеуден кейінгі бақыланбайтын зерттеуде (n = 92) пациенттер стоматиттің жиілігі мен ауырлығын төмендету үшін Афинитормен (тәулігіне 10 мг) емдеуді бастаған сәтте дексаметазонмен (0,5 мг/5 мл) құрамында спирті жоқ ауызды шаюға арналған ерітінді түрінде (емдеудің алғашқы 8 аптасында күніне 4 рет шаю) жергілікті ем алды (тәулігіне 25 мг). ≥ 2 дәрежедегі стоматиттің жиілігі 8 аптада 2,4% құрады (бағалау үшін қолжетімді N = 2/85 пациент), бұл белгілі жиіліктен төмен. 1 дәрежедегі стоматиттің жиілігі 18,8 % (n=16/85) құрады, 3 немесе 4 дәрежелі стоматит жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Осы зерттеудегі жалпы қауіпсіздік бейіні 2,2% пациенттерде (92-ден 2 пациент) хабарланған ауыз қуысының кандидозының біршама жоғары жиілігін қоспағанда, онкологиялық ауруларды және туберозды склероз кешенін (TSC) емдеу кезінде эверолимус үшін белгіленген бейінге ұқсас болды.
Балалар мен жасөспірімдер
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік ұйқы безінің, кеуде қуысы ағзаларының нейроэндокринді ісіктері және бүйрек-жасушалық карциномасы бар балалар жасындағы пациенттердің барлық қосалқы топтарында Афинитор препаратын қолдана отырып, зерттеу нәтижелерін ұсыну қажеттілігінен босатты (препаратты балаларда қолдану жөніндегі ақпаратты 4.2 бөлімнен қараңыз).