Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Дозасы
0,05 %
Саудалық атауы
Афлодерм
Әсер етуші зат
Алклометазон
Мақсаты
Афлодерм, сыртқа қолдануға арналған крем, кортикостероидтарды жергілікті қолдануына жауап беретін дерматоздарды емдеуде қолданылады
Өндіруші
БЕЛУПО, лекарства и косметика д.д.
Ел
Хорватия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г кремнің құрамында
белсенді зат – алклометазон дипропионаты 0,500 мг,
қосымша заттар: пропиленгликоль, хлорокрезол, натрий дигидрофосфат дигидраты, концентрацияланған фосфор қышқылы, ақ жұмсақ парафин, макрогол цетостеараты, цетостеарил спирті, глицерил стеарат ПЭГ-100 стеараты, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті біртекті крем.
Афлодерм, сыртқа қолдануға арналған крем, кортикостероидтарды жергілікті қолдануына жауап беретін дерматоздарды емдеуде қолданылады
Алклометазон дипропионаты – жергілікті қолдануға арналған белсенділігі орташа дәрежедегі фторланбаған синтетикалық кортикостероид. Алклометазон дипропионаттың бірнеше әсері бар: қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, иммуносупрессивтік, тамыр тарылтатын және антипролиферативтік.
Әсер ету механизмі
Қабынуға қарсы әсері қабыну процестерін тудыратын хинин, гистамин, липосомальды ферменттер, простагландиндер және лейкотриендер сияқты қабыну медиаторлар синтезінің, секрециясының және белсенділігінің төмендеуіне байланысты.
Кортикостероидтар қан тамырларының дилатациясын және олардың өткізгіштігін арттырады, бұл зақымдалған тіндерге қабыну жасушаларының миграциясын азайтады. Тамырларды тарылтатын әсер сарысудың экстравазациясын, ісінуді және ауырсынуды төмендетеді. Иммуносупрессивтік әрекеті деп кейіннен білінетін немесе өте ерте туындайтын аса жоғары сезімталдық реакциясына (3 және 4 типті) жауап төмендеуі ретінде түсіндіріледі. Аталған әсер ету механизмі қан тамырларының қабырғаларына шөгу арқылы терілік аллергиялық васкулитті тудырады, сондай-ақ аллергиялық жанаспалы дерматит реакциясын туындататын лимфокиндердің, мақсатты жасушалардың және макрофагтардың белсенділігін тежеуде антиген-антиденелер кешенінің уытты әсерін тежеуден тұрады. Кортикостероидтар сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер мен макрофагтардың нысана- жасушаларына кіруіне жол бермейді.
Алклометазонның антипролиферативті әсері псориазға тән тіндердің гиперплазиясының азаюынан көрінеді.
Дозалау режимі
Зақымданған аймақты жабу үшін қажетті мөлшерін күніне 2-3 рет жұқалап жағып және теріге абайлап ысқылау керек. Аурудың ремиссиясына жеткеннен кейін алклометазон дипропионатын қолдануды тоқтату керек.
Енгізу жолы және тәсілі
Тек сыртқа қолдану үшін. Ауыр және тұрақты дерматоздарды емдеу жағдайларын қоспағанда, окклюзиялық таңғышпен алклометазон дипропионатынның жоғары сіңуін болдырмау үшін Афлодерм крем жағылған тері беткейін жабуға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Балалар
Дене салмағымен салыстырғанда тері жабындарының беткейі үлкен және балаларда терінің мүйізгекті қабаты жеткілікті жетілмеген болуынан алклометазон дипропионаты көп мөлшерде сіңуі мүмкін. Бұл жүйелік уыттылықтың пайда болуына әкелуі мүмкін. Осы себептен препаратты балаларға аса сақтықпен және мүмкін болатын ең қысқа мерзімге (2-3 апта) тағайындайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу бойынша ұсынымдар
Препаратты мүмкіндігінше аз мерзімге қолдану керек. Емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына байланысты емдеуші дәрігер анықтауы керек.
-белсенді затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімде тізбеленген препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-акне
-тері туберкулезі
-әсіресе қарапайым герпес вирусы туындатқан көптеген вирустық тері инфекциялары
-сиыр шешегі, желшешек
-периоральді дерматит
-розацеа
-терінің зеңдік немесе бактериялық инфекциялары.
Туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз әсерлер былай жіктеледі:
Жиі (≥1/100 және <1/10):
- қышыну, күйдіру, эритема немесе терінің құрғауы, тітіркенуі, папулезді бөртпе.
Өте сирек (<10000):
- акне түріндегі тері өзгерістері, гипопигментация, милиумдар, фолликулит, тері атрофиясы, стрийлер, қантамырлардың беткейлік (әсіресе беттегі) кеңеюі, гипертрихоз, аллергиялық жанаспалы дерматит, салдарлы тері инфекциясы.
Белгісіз (жиілігі қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес):
-көрудің бұлыңғырлануы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Алклометазон дипропионатын өткізігіштігі мол зақымданған терінің ауқымды беткейіне жергілікті ұзақ қолданғанда, окклюзиялық таңғыш қолданғанда немесе балаларда ұзақ уақыт қолданғанда жүйелік қан ағымына сіңуі және гипергликемия, гликозурия, өсудің іркілуімен гипоталамус-гипофизарлық-бүйрек үсті бездері жүйесі функциясының басылуы, балаларда бассүйекішілік қысымның жоғарылауы және Кушинг синдромы сияқты жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болуы мүмкін. Балаларда гипоталамус-гипофизарлы-бүйрек үсті бездері жүйесінің басылуы бой өсуінің кідіруін, салмақ қосуды азайтады, плазма мен несептегі кортизол деңгейінің төмендеуін, сондай-ақ АКТГ стимуляциясына жауаптың болмауын қамтиды. Бассүйекішілік гипертензия, енбегінің протрузиясын, бас ауыруы және екі жақты папиллоэдема түрінде көрінеді. Аталған әсер өте сирек кездеседі және әдетте қайтымды сипатта болады және препарат қолдануды тоқтатқаннан кейін жоғалады.
Шұғыл ем шаралар
Артық дозалану жағдайында препарат қолдануды тоқтатқан жөн. Организмнің қалыпты жұмысын қолдау бойынша стандартты шараларды қолдана отырып, тиісті симптоматикалық ем көрсетіледі. Өте сирек жағдайларда абстиненттік хал-жағдай симптомдары (дене қызуы, миалгия, артралгия, әлсіздік) пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда кортикостероидтармен жүйелік орын басу емін жүргізген жөн. Препарат құрамында аздаған мөлшерде кортикостероид бар, сондықтан оны кездейсоқ жұтып қойғанда препараттың жығымсыз әсер ету қауіптілігі жоқ.
Алклометазон креммен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциясы (қышыну, күйдіру және қызару түрінде көрінетін терінің қатты тітіркенуінің туындауы) туындаған кезде емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Алклометазон дипропионатын, әсіресе окклюзиялық таңғышпен, терінің ауқымды бөліктеріне ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл сіңуді жоғарылатуы және жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болуын туындатуы мүмкін.
Алклометазон дипропионатын қолданғанда жүйелік жағымсыз құбылыстардың пайда болу ықтималдығы жоғары пациенттер (балалар, бауыр функциясы төмендеген пациенттер, сондай-ақ ұзақ емдеуді қажет ететін пациенттер) гипоталамус-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесі функциясын бақылау үшін тестілеуден (несептегі бос кортизолға тест және АКТГ стимуляциясына тест) мезгіл-мезгіл өтіп тұрулары тиіс. Аталған жүйені бәсеңдететін симптомдар анықталса, препарат қолдануды тоқтату немесе оны қолдану жиілігін азайту қажет.
Глаукома немесе катаракта пайда болуы мүмкіндігімен препаратты көзге және көз айналасына қолдануға болмайды.
Терінің салдарлы бактериялық және зеңдік инфекциялары пайда болғанда алклометазон дипропионатын жергілікті қолдануды тоқтату және антибактериялық немесе антимикоздық препарат қолдануды бастау қажет.
Терінің табиғи окклюзия болатын кейбір бөліктері (шап аймағы, қолтық асты, перианальді аймақ) алклометазон дипропионатымен жергілікті емдеу кезінде стриялар пайда болуына жоғары дәрежеде бейім болып келеді. Препаратты мұндай бөліктерде пайдалану шектеулі болуы тиіс.
Көрудің нашарлауы
Көрудің нашарлауы туралы кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде хабарлануы мүмкін. Егер пациенттерде көрудің бұлыңғырлануы немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар пайда болса, катарактаны, глаукоманы немесе олар туралы жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды пайдаланғаннан кейін хабарланған орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін пациент офтальмологқа қаралуға жіберу керек.
Қосымша зат
Афлодерм крем құрамында терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін пропиленгликоль бар.
Педиатрияда қолдану
Кремді балалар жаялығының астына қолдану ұсынылмайды, өйткені ол окклюзиялық таңғыш әсеріне ұқсас әсер береді және алклометазонның жүйелік сіңуін арттыруы мүмкін.
Ересек пациенттермен салыстырғанда, балаларда дене салмағына тері беткейі аумағының арақатынасының жоғарырақ болуына байланысты абсорбция жоғарылауы себебінен жергілікті кортикостероидтардың әсерінен және экзогендік кортикостероидтардың басқа да әрекеттерінен пайда болатын гипоталамус-гипофизарлы-бүйрек үсті безінің жүйесін бәсеңдету ықтималдылығы артады.
Жергілікті кортикостероидтармен ем алатын балаларда өсудің дозаға тәуелді тежелуі, бассүйекішілік гипертензия және Кушинг синдромы тіркелген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жергілікті қолдану кезінде көлік құралдары мен жабдықтарды басқаруға алклометазон дипропионатының әсері туралы деректер жоқ.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда тератогенді әсерге тиісті және жақсы бақыланатын зерттеулер жоқ. Жүкті әйелдерде алклометазон ана үшін болжамды пайдасы шарана үшін ытимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда препарат қысқа мерзімді және терінің шағын бөлігінде қолданылуы тиіс.
Лактация
Жергілікті қолданғанда кортикостероидтардың жүйелі абсорбциясы ана сүтінде табылған мөлшерлерді өндіру үшін жеткілікті екені белгісіз. Дегенмен, жүйелі түрде қолданылатын кортикостероидтар балаға зиян келтірмейтін мөлшерде емшек сүтіне бөлінеді. Дәрігердің шешімі негізінде алклометазон кремді бала емізу алдында препаратты кеудеге жағуға болмайды деген ескертумен емізулі аналарда қолдануға болады.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.