Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: Әдетте байқалатын жағымсыз құбылыстардың көпшілігі – асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар. Асқазан ойық жарасы, тесілуі немесе АІЖ қан кету кейде өлімге әкелуі мүмкіндері, әсіресе егде жастағы пациенттерде туындауы мүмкін. ҚҚСП қабылдаған кезде жүрек айну, құсу, диарея, ішектің кебуі, іш қату, диспепсия, асқазанның ауыруы, мелена, қан құсу, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы байқалды. Гастрит жиі байқалмады.
ҚҚСП қабылдаумен байланысты ісінудің, артериялық гипертензияның және жүрек жеткіліксіздігінің дамығаны туралы хабарланды.
Ацеклофенактың диклофенакпен құрылымдық және метаболизмдік жағынан жағындығы бар, бұл клиникалық және эпидемиологиялық деректердің көптігі көрсеткендей, жалпы артерия тромбоздарының (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт, әсіресе жоғары дозада немесе ұзақ уақыт қолданғанда) арту қаупін туындатуы мүмкін. Эпидемиологиялық деректер сонымен қатар ацеклофенакты қолданумен байланысты жедел коронарлық синдром мен миокард инфарктісі қаупінің жоғарылағанын көрсетеді.
Жиі
- бастың айналуы
- жүрек айну, диспепсия, іштің ауыруы, диарея
- «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы
Жиі емес
- құсу, іштің кебуі, іш қату, ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жаралануы, гастрит
- қышыну, бөртпе, дерматит, есекжем
- қан сарысуында мочевина және креатинин концентрацияларының жоғарылауы
Сирек
- анемия
- анафилаксиялық реакциялар (шокты қоса), аса жоғары сезімталдық
- көрудің бұзылуы
- артериялық гипертензия, артериялық гипертензия ағымының нашарлауы
- ентігу
- мелена, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының ойық жаралануы, геморрагиялық диарея, асқазан-ішек жолындағы геморрагиялар
- ангионевроздық ісіну
Өте сирек
- сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеу, гранулоцитопения, тромбоцитопения, нейтропения, гемолиздік анемия
- гиперкалиемия
- депрессия, әдеттен тыс түстер көру, ұйқысыздық
- парестезия, тремор, ұйқышылдық, бас ауыру, дисгевзия (дәм сезудің бұрмалануы)
- вертиго, құлақтың шыңылдауы
- жүрек соғуын сезіну
- тері гиперемиясы, қан кернеу, васкулит
- бронх түйілуі
- стоматит, қан құсу, ішектің тесілуі, Крон ауруы ағымының және ойық жаралы колиттің нашарлауы, панкреатит
- бауырдың зақымдануы (гепатитті қоса), қандағы сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы
- пурпура, экзема, тері және шырышты қабықтар тарапынан болатын ауыр реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса)
- нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі
- қатты қажу, бұлшықеттердің түйілуі (аяқтарда), ісіну
- дене салмағының артуы
ҚҚСП қабылдаған кезде байқалатын басқа класс-әсерлер:
Өте сирек (<1/10 000):
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: интерстициальді нефрит.
Тері мен теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар: Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, буллезді реакциялар.
Айрықша жағдайларда желшешек ауруы кезінде ҚҚСП қабылдаған кезде терінің ауыр инфекциялары және жұмсақ тіндердің инфекциясы байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz