Багеда препаратын қолдану контрацепцияның сенімді әдістерін қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдерде қарсы көрсетілген. Бала туатын жастағы әйелдерге қан плазмасындағы белсенді метаболиттің концентрациясы 0,02 мг/л асқанға дейін препаратпен емдеуден кейін контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану керек. Емдеуді бастау алдында жүктіліктің болуын анықтау қажет.
Арнайы ескертулер
Багеда препаратын гепатоуытты немесе гематоуытты АМРҚП (мысалы, метотрексат) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Лефлуномидтің белсенді метаболитінің (А771726) жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, ол әдетте бір аптадан төрт аптаға дейін.
Ауыр жағымсыз реакциялар (мысалы, гепатоуыттылық, гематоуыттылық немесе аллергиялық реакциялар, төменде қараңыз) лефлуномидпен емдеуді тоқтатқаннан кейін де туындауы мүмкін. Сондықтан, мұндай жағымсыз реакциялар дамыған кезде немесе А771726-ны организмнен тез шығару қажет болғанда «шайылу» емшарасын жүргізу керек. Емшараны клиникалық көрсетілімдер бойынша қайта жүргізуге болады.
«Шайылу» емшарасы және қаланған немесе абайсызда жүктілік жағдайында қабылдануы тиіс басқа да ұсынылған шаралар.
Бауыр тарапынан реакциялар
Лефлуномидпен емдеу кезінде бауырдың ауыр зақымдануының сирек жағдайлары, оның ішінде өліммен аяқталғаны туралы хабарланды.
Бұл жағдайлардың көпшілігі емдеудің алғашқы алты айында тіркелген. Көбінесе пациенттер бір уақытта басқа гепатоуытты препараттарды қабылдады. Багеда препаратын қолдану кезінде пациенттердің мониторингі бойынша ұсынымдарды қатаң ұстану қажет.
Қандағы АЛТ (СГПТ) деңгейлерін лефлуномидпен емдеуді бастар алдында және емдеудің алғашқы алты айы ішінде, сосын 8 апта ішінде қанның толық талдауымен (екі апта сайын) бірдей жиілікпен бақылау қажет.
Егер қандағы АЛТ (СГПТ) концентрациясы қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен 2-ден 3 есеге дейін асып кетсе, лефлуномид дозасын 20 мг-ден 10 мг дейін төмендету мүмкіндігі туралы мәселені қарау керек, бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге апта сайын мониторинг жүргізу қажет. Егер қандағы АЛТ (СГПТ) концентрациясының мәндері қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен 2 еседен артық тұрақты асып кетсе немесе қандағы АЛТ деңгейі қалыпты мәндердің жоғарғы шегінен 3 еседен артық асып кетсе, лефлуномидпен емдеуді тоқтатып, «шайылу» емшарасын жүргізуді бастау керек. Лефлуномидті тоқтатқаннан кейін олардың қалыпқа келуіне дейін қандағы бауыр ферменттерінің деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Ықтимал аддитивті гепатоуытты әсерге байланысты пациенттерге лефлуномидпен емдеу кезінде алкоголь қабылдаудан бас тарту ұсынылады.
Лефлуномидтің белсенді метаболиті А771726 қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары болғандықтан және бауыр метаболизмі және өтпен секреция арқылы шығарылатындықтан, қан плазмасындағы А771726 концентрациясы гипопротеинемиясы бар пациенттерде жоғарылауы мүмкін деп болжанады. Багеда препаратын қолдану ауыр гипопротеинемиясы немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдануға болмайды.
Гематологиялық реакциялар
Қандағы АЛТ деңгейімен бірге лефлуномидпен емдеуді бастар алдында, сондай-ақ емдеудің алғашқы алты айы ішінде 2 апта сайын, содан кейін 8 апта сайын лейкоцитарлық формуланы және тромбоциттер санын анықтауды қоса, қанның жалпы ашық талдауын бақылау қажет.
Анемиясы, лейкопениясы және/немесе тромбоцитопениясы бұрыннан бар пациенттерде, сүйек кемігі функциясы бұзылған пациенттерде немесе сүйек кемігі функциясының бәсеңдеу қаупі бар пациенттерде гематологиялық бұзылулардың туындау ықтималдығы артады. Осындай бұзылулар пайда болған кезде қан плазмасындағы А771726 деңгейін төмендету үшін «шайылу» емшарасын жүргізу керек.
Панцитопенияны қоса, ауыр гематологиялық жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда Багеда препаратын және басқа миелосупрессиялық емді пайдалануды тоқтатып, «шайылу» емшарасын жүргізуді бастау қажет.
Басқа препараттармен біріктіріп қолдану
Лефлуномидті ревматизмдік ауруларды емдеуде қолданылатын безгекке қарсы препараттармен (мысалы, хлорохин және гидроксихлорохин), алтын препараттарымен (пероральді және бұлшықет ішіне енгізетін формалары), D-пеницилламинмен, азатиопринмен және альфа ісіктерінің некроз факторының тежегіштерін қоса, басқа да иммуносупрессиялық препараттармен қолдану рандомизацияланған зерттеулерде (метотрексатқа қатысты емес) әлі күнге дейін жеткілікті зерттелген жоқ. Біріктірілген, әсіресе ұзақ еммен байланысты қауіп белгісіз.
Багеда препаратын басқа АМРҚП (мысалы, метотрексат) бірге пайдалану ұсынылмайды, себебі бұл аддитивті немесе синергиялық уытты әсерге (мысалы, гепатоуыттылық немесе гематоуыттылық) әкелуі мүмкін.
Терифлуномидті лефлуномидпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені лефлуномид терифлуномидтің ізашары болып табылады.
Басқа препараттармен емге ауысу
Лефлуномид организмде ұзақ уақыт бойы болатындықтан, басқа АМРҚП (мысалы, метотрексат) еміне ауысу кезінде «шайылу» емшарасын жүргізбеген кезде, тіпті ауысқаннан кейін ұзақ уақыт өткеннен кейін де (мысалы, фармакокинетикалық өзара әрекеттесу, ағзалық уыттылық) аддитивті қауіптердің ықтималдығы артуы мүмкін.
Сол сияқты гепатоуытты немесе гематоуытты препараттармен (мысалы, метотрексат) алдыңғы емдеу кезінде лефлуномидті қабылдау аясында жағымсыз реакциялар саны артуы мүмкін, сондықтан лефлуномидпен емдеуді бастар алдында дәрілік затты пайдаланумен байланысты пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет, сондай-ақ ауысудан кейінгі бастапқы кезеңде пациенттерге анағұрлым мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Тері реакциясы
Ойық жаралы стоматит дамыған жағдайда лефлуномид қабылдауды тоқтату керек. Лефлуномид қабылдаған пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) дәрілік реакция туындауының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Жоғарыда көрсетілген ауыр реакциялардың жоғары даму қаупімен байланысты тері реакциялары және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар туындаған жағдайда, Багеда препаратын пайдалануды және осындай реакцияларды тудыруы мүмкін кез келген басқа емді тоқтату қажет, сондай-ақ «шайылу» емшарасын жүргізуді дереу бастау керек. Осы жағдайларда дәрілік затты организмнен толық шығару қажет. Мұндай жағдайларда лефлуномидті қайта қолдануға болмайды.
Лефлуномидті қолданғаннан кейін пустулезді псориаздың пайда болуы және псориаз симптомдарының нашарлауы туралы хабарланды. Мұндай жағдайларда пациенттің жағдайын және оның анамнезін ескере отырып, емдеуді тоқтату мүмкіндігі туралы мәселені қарастырған жөн.
Лефлуномидпен ем алатын пациенттерде терінің ойық жаралары дамуы мүмкін. Егер лефлуномидті қолданумен байланысты терінің ойық жарасына күдік болса немесе тиісті емге қарамастан терінің ойық жарасының жазылуы байқалмаған жағдайларда лефлуномидті қолдануды тоқтату және «шайылу» емшарасын жүргізу қажет. Лефлуномидпен емдеуді кейіннен қайта бастау туралы шешім терінің ойық жарасының тиісті жазылуын клиникалық бағалауға негізделуі керек.
Инфекциялар
Лефлуномид сияқты иммуносупрессиялық қасиеттерді иеленетін препараттарды қолданған кезде пациенттер инфекцияларға, соның ішінде оппортунистік инфекцияларға анағұрлым бейім болуы мүмкін екендігі белгілі. Инфекциялық аурулардың ағымы ауыр болуы мүмкін, сондықтан ерте және қарқынды емдеуді қажет етеді. Ауыр бақыланбайтын инфекциялық ауру дамыған жағдайда лефлуномидпен емдеуді тоқтату және «шайылу» емшарасын жүргізу қажет болуы мүмкін.
Лефлуномид пен басқа да иммуносупрессанттарды қабылдаған пациенттерде үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия (ҮКЛ) туындауының сирек жағдайлары туралы хабарланды.
Багеда препаратымен емдеуді бастар алдында барлық пациенттер жергілікті нұсқауларға сәйкес туберкулездің белсенді және белсенді емес («латентті») түріне қатысты тексеруден өтуі тиіс. Ол анамнезді толық жинауды, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуы мүмкін бұрынғы байланыстары туралы хабарламаларды және/немесе тиісті скринингті, мысалы, өкпені рентгенологиялық тексеруді, туберкулин сынамасын және/немесе нақты жағдайға байланысты гамма-интерферонның босап шығу тестін қамтуы мүмкін. Дәрігер, әсіресе ауруы күрделі пациенттерде немесе иммунитеті бұзылған пациенттерде терідегі туберкулин сынамаларының жалған теріс нәтижелерін алу қаупін ескеруі тиіс. Инфекцияның ықтимал реактивациясына байланысты анамнезінде туберкулезбен ауыратын пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Тыныс алу ағзалары тарапынан реакциялар
Өкпенің интерстициальді ауруының пайда болуы және лефлуномидпен емдеу кезінде өкпе гипертензиясы дамуының сирек жағдайлары туралы хабарланды. Бұл аурулардың туындау қаупі анамнезінде өкпенің интерстициальді ауруы бар пациенттерде артуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруы емдеу кезінде жедел формада пайда болуы мүмкін өлімге әкелетін ауру болып табылады. Жөтел және ентігу сияқты өкпеге қатысты симптомдар емдеуді тоқтатуға және қажет болса одан әрі тексеруге себеп болуы мүмкін.
Шеткері нейропатия
Лефлуномид қабылдаған пациенттерде шеткері нейропатияның даму жағдайлары туралы хабарланды. Дәрілік затты пайдалануды тоқтатқаннан кейін пациенттердің көпшілігінің жағдайы жақсарды. Дегенмен, аурудың соңғы нәтижесі айтарлықтай дәрежеде ауытқып отырды, яғни кейбір пациенттерде нейропатия жоғалып кетті, ал кейбіреулерінде тұрақты симптомдар сақталды. 60 жастан асқан егде жастағы пациенттерде, бір мезгілде нейроуытты препараттарды қабылдайтын пациенттерде және қант диабеті бар пациенттерде шеткері нейропатияның пайда болу қаупі артуы мүмкін. Лефлуномидпен ем алатын пациентте шеткері нейропатия дамыған жағдайда дәрілік затты қабылдауды тоқтату және «шайылу» емшарасын жүргізу туралы мәселені қарау керек.
Колит
Лефлуномид қабылдаған пациенттерде микроскопиялық колитті қоса, колиттің даму жағдайлары туралы хабарланды. Лефлуномидті қолдану аясында түсініксіз созылмалы диарея байқалатын пациенттерде тиісті диагностикалық тексеру жүргізу қажет.
Артериялық қысым
Лефлуномидпен емдеуді бастар алдында және емдеу барысында мезгіл-мезгіл пациенттердің артериялық қысымын бақылау қажет.
Ұрпақ өрбіту (еркектерге нұсқаулар)
Еркек пациенттер дәрілік заттың еркектің организмі арқылы болатын шаранаға ықтимал уытты әсері туралы хабардар болуы тиіс; оларға лефлуномидпен емдеу кезінде контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану қажет.
Дәрілік заттың еркектің организмі арқылы шаранаға уытты әсер ету қаупіне қатысты нақты деректер жоқ. Баланың әкесі болғысы келетін еркектерге ықтимал қауіпті азайту үшін лефлуномидпен емдеуді тоқтатып, 11 күн ішінде тәулігіне 3 рет 8 г дозада колестирамин немесе 11 күн ішінде тәулігіне 4 рет 50 г дозада белсендірілген көмір ұнтағын қабылдау керек.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгенінде кейіннен қан плазмасындағы А771726 концентрациясының екі өлшемін бірінен соң бірі жүргізген жөн (екінші өлшеуді кемінде 14 күннен кейін жүргізу қажет). Егер қан плазмасындағы А771726 концентрациясының мәндері екі өлшемде де 0,02 мг/л-ден аз болса, онда кемінде үш ай күту кезеңінен кейін шаранаға уытты әсер ету қаупі өте төмен болады.
«Шайылу» емшарасы
Колестирамин 8 г дозада күніне 3 рет қолданылады. Альтернативті нұсқа тәулігіне 4 рет 50 г дозада белсендірілген көмір ұнтағын қолдану болып табылады. Толық «шайылу» емшарасының ұзақтығы, әдетте, 11 күнді құрайды, ол клиникалық немесе зертханалық көрсеткіштерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Қандағы иондалған кальций деңгейін анықтау кезінде зерттеу нәтижелеріне әсері
Қандағы иондалған кальций деңгейін өлшеу кезінде пайдаланылатын иондалған кальций анализаторының типіне байланысты (мысалы, қан газының анализаторы) лефлуномидпен және/немесе терифлуномидпен (лефлуномидтің белсенді метаболиті) емдеу кезінде жалған төмен көрсеткіштер байқалуы мүмкін. Осы себепті лефлуномидпен немесе терифлуномидпен емдеу аясында пациенттерде қандағы иондалған кальций концентрациясының алынған төмен мәндерінің дұрыстығына күмән келтірілуі мүмкін. Өлшеу нәтижелері күмән тудыратын жағдайларда, жалпы альбумин бойынша түзетілген қан сарысуындағы кальций концентрациясын анықтау ұсынылады.
Қосымша заттар
Багеда препаратының құрамында лактоза бар, сондықтан галактоза көтере алмаушылығымен, лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.
Багеда препаратының құрамында бір таблеткада 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни оның құрамында «натрий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік затты қолдану аясында бас айналуы сияқты жағымсыз реакциялар туындаған кезде пациенттерде көңіл қою қабілеті және реакция жылдамдығы бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттер автокөлік жүргізуден немесе механизмдерді басқарудан бас тартуы керек.