Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: мырыш бацитрацині 0.00367651 г (250 ХБ сәйкес),
неомицин сульфаты 0.00749622 г (5000 ХБ сәйкес)
қосымша заттар: жүннің шайыры 0.110 г, ақ жұмсақ парафин 0.8782689 г.
1 – құрамында + 5% артық мөлшері бар және 1 мг мырыш бацитрациніне 68 ХБ бацитрацин сәйкес келеді
2 – құрамында + 5% артық мөлшері бар және 1 мг неомицинге 667 ХБ неомицин сульфаты сәйкес келеді
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары түсті, өзіне тән әлсіз иісі бар біртекті жақпамай.
Банеоцин® неомицинге және/немесе бацитрацинге сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларға тиімді:
- фурункулдар, карбункулдар (хирургиялық емшаралардан кейін), стафилококк туындатқан сикоз, терең фолликулит, іріңді гидраденит, жалған фурункулез, паронихия сияқты терінің ошақтық инфекцияларында
- контагиозды импетиго, аяқтағы инфекция түскен ойық жаралар, екінші қайтара инфекция түскен экзема, жыртылған немесе кесілген жарақаттарда, күйіктерде, косметикалық хирургияда және теріні трансплантациялау кезінде екінші қайтара түскен инфекцияда (сондай-ақ профилактика мақсатында және таңғыштарға сіңдіру үшін) терідегі жайылуы шектеулі бактериялық инфекцияларда.
- операциядан кейінгі кезеңде үлкен немесе кіші хирургиялық емшараларда қосымша ем ретінде: инфекция түскен қуыстар немесе жараларда арнайы жергілікті ем ретінде (мысалы, сыртқы құлақ отитінде, хирургиялық тыртықтарға қайтара инфекция түскен жағдайда).
Қолдануды басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Банеоцин бактерияға қарсы біріктірілген препарат. Жергілікті қолданғанда тиімді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Бацитрацин
Бацитрацин грамоң және кейбір грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының синтезін тежейді.
Бацитрацин ең алдымен гемолиздік стрептококктар, стафилококктар, Clostridium spp., Corynebacterium diphtheria, сондай-ақ Treponema pallidum сияқты грамоң микроорганизмдерге және Neisseria spp. мен Haemophilus infuenzae сияқты кейбір грамтеріс патогенді микроорганизмдерге қатысты белсенді. Актиномицеттер мен фузобактерияларға қатысты тиімді. Бацитрацинге төзімділік өте сирек дамиды.
Неомицин
Неомициннің әсері жасушалық жарғақшаның өтімділігімен, ішінара рибосомалардың ақуыздары синтезін тежелуіне негізделеді. Неомицин Staphylococcus, Proteus, Enterobacter aerogenes, Klebsiella pneumoniae, Salmonella, shigella, Haemophilus influenzae, Pasteurella, Neisseria meningitidis, Vibrio cholerae, Bordetella pertussis, Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae, Streptococcus faecalis, Listeria monocytogenes, Escherichia coli, Mycobacterium tuberculosis сияқты грамоң және грамтеріс патогенді микроорганизмдерге қатысты тиімді.
Сонымен қатар, Borrelia, Leptospira interrogans (L. icterohaemorrhagicae) қатысты тиімді. Стафилококктың кейбір штамдары неомицинге төзімді.
Бацитрацин мен неомицинді біріктіре қолданудан әсер ауқымы және синергиялық әсері ұлғаяды. Алайда, бұл біріктірілім Pseudomonas, Nocardia spp, зеңдер мен вирустарға қатысты белсенді емес.
Бацитрацин мен неомицинді жүйелі қолданбайды. Банеоцин препаратын жергілікті қолдану әлеуетті қажетті жүйелі антибиотиктерге қатысты сенсибилизация қаупін едәуір төмендетеді.
Тері жабындары бүтіндінің ауқымды бұзылуында, Банеоцин препаратының сіңірілу мүмкіндігін және оның ықтимал салдарын ескеру керек.
Дозалау режимі
Ересектер мен туылған күнінен бастап 18 жасқа дейінгі балалар: Банеоцин® препараты тәулігіне 2-3 рет қолданылады.
Банеоцин® препаратын қолданудың ұзақтығы 7 күннен аспауы керек.
Банеоцин® препаратын жағу ауқымы дене беті ауқымының 1%-нан (ол пациенттің алақаны мөлшеріне сәйкес келеді) аспауы керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек жергілікті (сыртқа) қолдануға арналған. Банеоцин® препаратын жұқа етіп зақымданған бөліктеріне жағады, окклюзиялық емес таңғыш пайдаланылуы мүмкін.
- бацитрацинге және/немесе неомицинге немесе басқа аминогликозидті антибиотиктерге, қосымша заттарға жоғары сезімталдықта
- тері бөліктерінің ауқымды зақымданулары (өйткені сіңірілуі естуден айрылумен қатар жүретін отоуытты әсер өршуін туғызуы мүмкін)
- егер бацитрацин және/немесе неомициннің белсенді заттары сіңірілетін болса, вестибулярлы және кохлеарлы жүйенің орын алған зақымданулары бар пациенттерде жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан бөлу функциясының айқын бұзылуларында
- дыбыс жарғағы тесілген кезде құлақтың сыртқы есту жолына пайдалануға болмайды
- көз ауруларын емдеуде қолданылмайды
Жалпы алғанда, Банеоцин® препаратын тері, шырышты қабық және жарақат бетіне жаққанда жағымдылығы жақсы.
Сирек:
- неомицинге аллергия шамамен 50% жағдайда басқа аминогликозидті антибиотиктерге болатын айқаспалы аллергиямен байланысты
- аллергиялық жанаспалы экзема
Белгісіз:
- неомицинді қоса, түрлі заттарға сенсибилизация, созылмалы дерматоздарды (мысалы, іркілген дерматоз немесе созылмалы ортаңғы құлақ отиті) емдеу үшін пайдаланғанда байқалады. Жараны жазатын әсерінің болмауы аллергиялық реакцияның көрінісі болуы мүмкін
- вестибулярлы жүйкенің зақымдануы, нейробұлшықеттік блокада
- естудің бұзылуы
- Банеоцин® препаратын ұзақ қолданғанда терінің қызаруы, сусыздануы және қабыршықтануы, бөртпе және қышыну сияқты аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Зақымданудың таралуы немесе әсердің болмауы аллергиямен байланысты болуы мүмкін
- нефроуыттылық
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Банеоцин® препаратын ұсынылған дозадан едәуір артатын дозаларда пайдаланғанда, белсенді заттар ықтимал сіңірілуі салдарынан нефро- және/немесе отоуытты реакцияларды көрсететін симптомдарға аса назар аудару керек.
Дәрілік препаратты қолдану әдісін түсіндіру үшін дәрігер кеңесіне жүгінген жөн.
Банеоцин® құрамында бактерияға қарсы (бактерицидті әсері бар) екі зат – неомицин мен бацитрацин бар олар, синергиялық әсер етiп, препараттың кең спектріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жинақталған уыттылық қаупінен аминогликозидтердің жергілікті және жүйелі сіңірілуіне біріктіре қолдануға жол бермеу керек.
Банеоцин® препаратының тіндік жағымдылығы жақсы деп бағаланады, секреция, қан немесе тін элементтерімен белсенділігін жоғалту орын алмаған. Банеоцин® препаратының ықтимал сіңірілуі (тері жабындары бүтіндігінің ауқымды бұзылуларында), әсіресе ацидозы, ауыр миастениясы немесе басқа нейробұлшықет бұзылулары бар пациенттерге нейробұлшықет блокадасы белгілерінің ықтимал пайда болуын бақылау керек. Нейробұлшықет блокадасы өршіген жағдайда кальций препараттары немесе холинэстераза (неостигмин) тежегіштерін қабылдау керек. Егер сіңірілуі орын алса, неомицин мен бацитрациннің қан cарысуынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 2-3 сағатты құрайды.
Ұзақ емдегенде тұрақты микроорганизмдердің ықтимал өсуіне назар аударылуы керек. Микроорганизмдердің неомицинге төзімділігі баяу және аз дәрежеде дамиды. Банеоцин® препаратын ұзақ қолдану неомицинге төзімді бактериялар және зеңдердің штамдары ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тиісті ем тағайындау керек.
Аллергия немесе суперинфекция дамыған пациенттерде Банеоцин® препаратын қолдануды тоқтату керек.
Күн сәулесі немесе ультракүлгін сәулелер әсерінің салдарынан фотосенсибилизация немесе фотоуытты реакциялар дамуы ықтимал.
Банеоцин® препаратының құрамында жергілікті тері реакцияларын туғызуы мүмкін (жанаспалы дерматит) жүннің шайыры бар.
Арнайы ескертулер
Балалар
Препарат жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналған. Банеоцин® препаратының әсіресе балалардың аузына түсуіне жол бермеу керек.
Егде жастағы пациенттерде
65 жаста және одан асқан пациенттерге Банеоцин® препаратының дозасын түзету қажет емес.
Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттер
Ұсынылғаннан едәуір жоғары дозаларда қолданғанда, белсенді заттар ықтимал сіңірілуіне орай, нефро- және/немесе отоуытты реакцияларды көрсететін симптомдарға аса зейін қою керек.
Бауыр және/немесе бүйрек функциясы төмендегенде уытты әсерлер қаупі артатындықтан бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Банеоцин® препаратымен ем жүргізгенге дейін және емдеу кезінде аудиометриялық зерттеулермен бірге қан және несеп талдауын жүргізу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Белгісіз
Банеоцин® препаратын анаға күтілетін пайда шарана/нәрестеге зор қауіптен аспайтын жағдайда ғана жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.
Барлық аминогликозидті антибиотиктер сияқты, неомицин плацента арқылы өтеді. Аминогликозидтердің жоғары дозаларын жүйелі қолданғанда шарананың құрсақ ішінде құлақ естуі төмендеуі сипатталған болатын.
Фертильділікке әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жүйелі сіңірілуде немесе аминогликозидті қатардың басқа антибиотиктерін қатар тағайындау нефроуыттылық реакциясының ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Этакрин қышқылы немесе фуросемид сияқты диуретиктерді бір мезгілде қолдану сонымен бірге ото- және нефроуыттылықты туындатуы мүмкін.
Банеоцин® препаратының сіңірілуі есірткілерді, анестетиктерді және миорелаксанттарды қабылдайтын пациенттерде нейробұлшықеттің блокада құбылыстарын күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.