Әсер етуші заты пиразолон туындысы болып табылатын Баралгин® М препаратын қолдану шок пен агранулоцитоздың даму қаупімен байланысты. Бұл реакция өте сирек кездеседі, ағымы ауыр болып, пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Натрий метамизолын енгізгеннен кейін анафилаксиялық, анафилактоидты немесе иммунитетке байланысты реакция дамыған пациенттерде басқа пиразолондарды, пиразолидиндерді немесе басқа есірткіге жатпайтын анальгетиктерді қабылдағаннан кейін ұқсас реакциялар қаупі жоғары. Басқа пиразолондарды, пиразолидиндерді және басқа да есірткіге жатпайтын анальгетиктерді қолданғаннан кейін анафилаксиялық немесе иммунитетке байланысты реакциялар дамыған пациенттерде Баралгин® М препаратын қолданғанда осындай реакциялардың даму қаупі жоғары.
Агранулоцитоз
Нейтропения дамығанда (1,500 нейтрофил /мм3 аз) қалыпты көрсеткіштер қалпына келгенге дейін емдеуді дереу тоқтатып, қан құрамын бақылау керек. Барлық пациенттерге келесі белгілердің немесе симптомдардың кез келгені пайда болған кезде препараттарды қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу ұсынылады: жалпы жағдайдың күрт нашарлауы (мысалы, қалтырау, тамақ ауыруы, жұтынудың қиындауы), тұрақты немесе қайта пайда болған қызба, сондай-ақ шырышты қабықтың, әсіресе ауыз, мұрын және тамақ аумағында, генитальді немесе аноректальді аумақта ауырсынатын өзгерістер. Препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, одан әрі қан талдауын (лейкоциттік формуланы қоса) бақылау керек. Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін күтпестен, емдеуді тоқтату керек.
Тромбоцитопения
Егер тромбоцитопения белгілері пайда болса (қан кетуге, терідегі және шырышты қабықтардағы петехияға бейімділіктің жоғарылауы), препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, қан талдауын (лейкоциттік формуланы қоса) бақылау керек. Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін күтпестен, емдеуді тоқтату керек.
Панцитопения
Панцитопения пайда болған кезде емдеуді дереу тоқтатып көрсеткіштер қалыпқа келгенге дейін жалпы қан талдауын бақылау керек. Натрий метамизолын қабылдау кезінде қан түзудің бұзылуын көрсететін белгілер мен симптомдар (мысалы, жалпы әлсіздік, инфекциялар, тұрақты қызба, гематомалар, қан кету немесе бозару) пайда болса, барлық пациенттерге дереу дәрігерге қаралу ұсынылады.
Анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар
Енгізу әдісін таңдағанда, парентеральді қолдану әдісінде анафилаксиялық / анафилактоидты реакциялардың даму қаупі жоғары екенін назарға алу қажет. Атап айтқанда, қауіп тобын келесі («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз):
• анальгетикалық демікпе синдромы бар немесе анальгетиктерді қабылдаған кезде есекжем немесе Квинке ісінуі сияқты реакциялардың даму қаупі бар пациенттер
• бронх демікпесі бар пациенттер, әсіресе қатарлас риносинусит және мұрын полиптері бар пациенттер
• созылмалы есекжеммен ауыратын пациенттер
• алкогольге жақпаушылығы бар пациенттер (пациенттер тіпті аз мөлшердегі алкогольдік сусындарға түшкірумен, көзден жас ағумен және беттің қызаруымен жауап береді) құрайды. Алкогольге жақпаушылығы диагноз қойылмаған анальгетикалық демікпе синдромының көрсеткіші бола алады.
• бояғыштарға (мысалы, тартразин) немесе консерванттарға (мысалы, бензоаттарға) жағымсыздығы бар пациенттер.
Анафилаксиялық шок анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерде жиі кездеседі, сондықтан Баралгин® М бронх демікпесі немесе атопиялық дерматиті бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Егер пациентте анафилактоидты реакциялардың даму қаупі болса, "пайда-қауіп" арақатынасын мұқият саралау керек. Егер препарат қауіп тобындағы пациентке тағайындалса, тиісті шаралар қабылдау үшін қатаң медициналық бақылауды қамтамасыз ету және алғашқы медициналық көмекке қол жеткізу қажет.
Терінің ауыр реакциялары
Натрий метамизолын қолдану кезінде тері реакциялары, оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермальді некролиз (УЭН) және денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS-синдромы) дәрілік реакция туралы хабарланды. Препаратты қабылдаған кезде тері реакцияларын мұқият бақылау керек. Егер осы реакциялардың дамуын көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, емдеуді дереу тоқтатып, ешқашан қайта бастамау керек.
• Бауырдың дәрілік зақымдануы
• Натрий метамизолымен емделген пациенттерде емдеу басталған соң бірнеше күннен бірнеше айға дейін манифестациясы бар жедел гепатиттің негізінен гепатоцеллюлярлық типтегі жағдайлары туралы хабарланды. Белгілер мен симптомдарға сарғаюымен немесе онсыз қан сарысуындағы бауыр ферменттерінің жоғарылауы жатады, көбінесе дәрілік препараттарға аса жоғары сезімталдықтың басқа реакциялары аясында (мысалы, тері бөртпесі, қан дискразиясы, қызба және эозинофилия) немесе аутоиммунды гепатит белгілерімен үйлесімде. Пациенттердің көпшілігі натрий метамизолын қабылдауды тоқтатқаннан кейін қалпына келді; дегенмен, кейбір жағдайларда бауыр трансплантациясын қажет ететін жедел бауыр жеткіліксіздігінің дамуы туралы хабарланды.
• Бауырдың метамизолмен индукцияланған зақымдануының патогенезі нақты анықталмаған, бірақ дәлелдер иммуноаллергиялық механизмді көрсетеді.
• Бауырдың зақымдануын көрсететін симптомдар пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек, сонымен қатар препаратты қабылдауды тоқтатып, бауырдың зақымдануына тексеру жүргізу керек.
• Препаратты натрий метамизолымен емдеу кезінде пайда болған және зақымданудың басқа себебі анықталмаған бауыр зақымдану эпизоды бар пациенттерде қайта қолдануға болмайды.
Гипотензивті реакциялардың оқшауланған жағдайлары
Натрий метамизолын қолдану оқшауланған гипотензивті реакцияларды туындатуы мүмкін. Бұл реакциялар дозаға тәуелді болуы мүмкін, пациенттерде энтеральдіге қарағанда парентеральді енгізу кезінде жиі кездеседі.
Гипотензивті реакциялардың қаупі артады:
• қанайналым көлемінің төмендеуі немесе дегидратациясы, қанайналымның тұрақсыздығы немесе жаңа басталған қанайналым жеткіліксіздігі бар бастапқыда болған гипотензиясы бар пациенттер арасында (мысалы, миокард инфарктісі немесе көптеген жарақаты бар пациенттерде ) пайда болуы мүмкін,
• дене температурасы жоғары пациенттерде,
• вена ішіне жылдам енгізгенде.
Баралгин® М қауіп тобындағы пациенттерге қатаң медициналық бақылаумен ғана енгізілуі тиіс.
Гипотензивті реакция қаупін азайту үшін профилактикалық шаралар қажет болуы мүмкін, мысалы, қанайналымды тұрақтандыру.
Жүректің ауыр ишемиялық ауруы немесе миды қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың стенозы бар пациенттер сияқты артериялық қысымды төмендетуге болмайтын пациенттерде Баралгин® М препаратын гемодинамикалық параметрлерді мұқият бақылау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылған пациенттерде препаратты қолдану "пайда-қауіп" арақатынасын бағалағаннан кейін және қажетті сақтық шараларын сақтағаннан кейін ғана мүмкін болады.
Натрий мөлшері бақыланатын диетаны ұстанатын пациенттер бұл дәрілік препараттың құрамында 1 мл ерітіндіге 32,7 мг натрий бар екенін ескеруі керек, бұл ересек адам үшін ДДҰ ұсынған 2 г натрийдің ең төменгі тәуліктік дозасының шамамен 1,6% - на тең.
Арнайы сақтандырулар
Парентеральді енгізу кезіндегі сақтық шаралары
Препаратты парентеральді енгізу кезінде пациент жатқан күйде болуы керек. Парентеральді енгізу медициналық персоналдың бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс.
Гипотензивті реакция қаупін мейлінше азайту және анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакцияның алғашқы белгілерінде инъекцияны тоқтатуға кепілдік беру үшін вена ішіне енгізу өте баяу жүзеге асырылуы керек, яғни минутына 1 мл-ден аспайтын жылдамдықпен жүргізілуі керек (бұл 500 мг натрий метамизолы моногидратына тең).
Педиатрияда қолданылуы
Баралгин® М препараты 500 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді түрінде 3 айдан кіші балаларға ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозалау режимін сақтаған кезде зейін қоюдың өзгеруі байқалмайды. Алайда, дозадан асқан жағдайда зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі мүмкін екенін ескеру қажет, бұл қабілеттер әсіресе маңызды болған жағдайларда, мысалы, көлік құралын немесе механизмдерді басқару кезінде қауіп тудырады. Бұл қауіп алкогольмен бірге қабылдаған кезде артады.