ЖР туындаған жағдайлардың жиілігін сипаттау үшін келесі санаттар пайдаланылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 -<1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000) және белгісіз (қолда бар деректердің негізінде жиілігін есептеп шығару мүмкін емес).
Лидокаинсіз/лидокаинмен цефтриаксон
Өте жиі
• өт қалтасында цефтриаксон-кальций преципитаттарының симптоматикалық түзілуі, балалардағы қайтымды өт-тас ауруы
Жиі
• эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, протромбин уақытының ұзаруы
• диарея, сұйық нәжіс
• бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза)
• бөртпе, ісіну
Жиі емес
• жыныстық мүшелердің микоздары
• гранулоцитопения, анемия, коагулопатия, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
• бас ауыруы, бас айналуы
• жүрек айнуы, құсу
• прурит
• флебит, енгізген жердегі реакциялар (мысалы, енгізген жердегі ауырсыну, эритема, ашыту, қызару, флебит, ісіну, бөртпе, қышыну, қабыну, қатаю, гематома, инфекция, абсцесс), дене температурасының жоғарылауы
Сирек
• жалған жарғақшалы колит
• энцефалопатия
• бронх түйілуі
• ядролық сарғаю
• есекжем
• олигурия, гематурия, глюкозурия
• ісіну, қалтырау, анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакция
Өте сирек
• жалған жарғақшалы энтероколит
Белгісіз
• панкреатит, стоматит, глоссит
• сезімтал емес қоздырғыштармен суперинфекция
• құрысулар
• терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR): Стивенс Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жүйелі симптомдармен дәріге байланысты эозинофилия (DRESS-синдром), мультиформалы эритема және жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
• Яриш-Герксхаймер реакциясы
• Кунис синдромы
• агранулоцитоз (<500/мм³), көпшілік жағдайлары 20 г және одан көп жиынтық дозаларын тағайындағаннан кейін дамыған.
Протромбин уақытының елеусіз ұзарғаны туралы хабарланды.
Еріткіштің құрамындағы лидокаин
Жиі
• күйгелектік, үрейлену, эйфория, сананың шатасуы
• бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық, тактильді сезімталдық, тремор, дизартрия, құрысулар, сананы жоғалту
• көрудің нашарлауы, диплопия
• құлақтың шыңылдауы
• брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия
• тыныстың тарылуы, тыныс алудың тоқтауы
• жүрек айнуы, құсу
• бұлшықеттердің тартылуы
• ісіну, мұздау және/немесе ысыну сезімі
Жиі емес
• гиперакузия
Сирек
• анафилаксиялық реакциялар
• нейропатия
• жүрек аритмиясы, кардиоваскулярлық коллапс, жүректің тоқтап қалуы
Белгісіз
• тері зақымданулары, есекжем.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек (жағымсыз реакциялар жөніндегі ақпараттық дерекқорды көрсету)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz