Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г препараттың құрамында
белсенді заттар: бетаметазон дипропионаты 0,640 мг (0,500 мг бетаметазонға баламалы), гентамицин сульфаты 1,660 мг (1,000 мг гентамицин негізіне баламалы);
қосымша заттар: вазелин, вазелин майы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жартылай мөлдір бір текті ақ түсті жақпамай.
˗ гентамицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан салдарлы инфекциямен асқынған жергілікті кортикостероидтық препараттарға сезімтал дерматоздардың қабыну көріністері кезінде немесе осындай инфекциялардың қосылу мүмкіндігіне күдік болғанда
Әсер ету механизмі
Жергілікті кортикостероидтардың нақты әсер ету механизмі белгісіз, алайда бұл қабынуға қарсы, иммуносупрессивтік және антипролиферативтік әсерлердің үйлесімі деп пайымдалады, олардың ішінде барынша маңыздысы спецификалық емес қабынуға қарсы әсері болып табылады. Кортикостероидтар қабынудың химиялық медиаторлары (хинин, гистамин, лизосомальді ферменттер, простагландиндер) түзілуінің, босап шығуының және белсенділігінің төмендеуіне ықпал етеді. Жоғарыда көрсетілген медиаторлардың көмегімен жүзеге асатын қабыну реакциялары басталуы үшін лейкоциттер мен макрофагтар болуы қажет, ал жергілікті қолданылатын кортикостероидтар зақымдану ошағына жасушалардың көшуін тежейді, қантамырлар өткізгіштігін кеңейту және жоғарылату дәрежесін жергілікті азайтуға ықпал етеді. Тамыр тарылтатын әсері сарысу экстравазациясы азаюын қамтамасыз етеді, сонан соң, ісіктердің түзілуін қайтаруға мүмкіндік береді. Кортикостероидтар III және IV типтер аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуына қатысты – аллергиялық тері васкулитін туындатып және бірге аллергиялық жанаспалы дерматит түріндегі аллергиялық реакция тудыратын лимфокиндердің, нысана-жасушалардың және макрофагтардың әсеріне кедергі жасап, қантамыр жақтауларына жиналатын антиген-антидене кешендерінің уытты белсенділігін тежеу арқылы иммуносупрессивті әсерін байқатады. Кортикостероидтар сондай-ақ макрофагтардың және сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің нысана-жасушаларға жеткізілуіне жол бермейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Бетаметазон дерматологияда жергілікті қолдануға арналған синтетикалық фторланған адренокортикостероид болып табылады; оның айқын қабынуға қарсы, иммуносупрессивті және антипролиферативті әсері бар. Бұл елеусіз минералокортикоидты әсерімен үйлесімде жоғары кортикостероидты белсенділігі болатын преднизолонның синтетикалық аналогы. Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтар, оның ішінде бетаметазон дипропионаты, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсерін көрсетеді. Жергілікті кортикостероидтар оларды пайдалану ақталған кейбір дерматоздарды емдеуге пайдаланылады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Бетаметазон дипропионатының және жергілікті қолданылатын басқа да белгілі фторланған кортикостероидтардың фармакодинамикалық тиімділігін салыстыру мақсатында тамыр тарылтатын әсерді салыстыру бойынша Макензи (McKenzie) тесті жүргізілді. Бір зерттеудің шеңберінде бетаметазон дипропионатын пайдаланғанда флуоцинолон ацетонидті, флуокортолон капронатты және флуметазон пивалат бетаметазон валератты пайдалануға қарағанда анағұрлым жоғары бозаңдық деңгейі (р < 0,05) белгіленгені анықталды.
Гентамицин айқын бактерицидті белсенділікке ие аминогликозидтік антибиотик болып табылады. Бұл негізінде С1, С1 және C2 сияқты құрылымы жағынан ұқсас гомологтардың қоспасы. Гентамицин ақуыздар синтезін бактериялар жасушаларында бактериялық рибосомалардың 30S суббірлігінде белгілі бір рецепторлық ақуызбен байланысу арқылы РНҚ мен 30S суббірлігі арасында инициальді кешеннің жұмысын бұзады, бұл ақуыздар синтезінің тежелуіне әкеледі. Нәтижесінде ДНҚ қате «оқылуы» орын алуы мүмкін, ал ол функционалдық емес ақуыздар пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде бактерицидтік әсері болады.
Фармакокинетикалық-фармакодинамикалық тәуелділігі
Гентамициннің тиімділігі көбінде микробқа қарсы әсер ету орнында (Cmax) қол жеткізілетін ең жоғары концентрация арақатынасына және осы патогенді микроорганизмдер үшін ең төменгі тежегіш концентрация шамасына (ЕТТК) байланысты.
Бактериялардың гентамицинге резистенттілігінің пайда болуы келесі механизмдерге байланысты:
• Ферментативті инактивация: ең көп таралған механизм аминогликозид молекулаларының ферментативті модификациясы. Бұл үдеріске ацетилтрансферазалар, фосфотрансфераздар немесе нуклеотидилтрансферазалар қатысады, олардың кодтаушы гендері негізінен плазмидалар құрамында болады.
• Транслокацияның енуі мен белсенділігінің төмендеуі: бұл механизм негізінен Pseudomonas aeruginosa бактериялардың штаммдарында кездеседі.
• Кейбір құрылымдардың өзгеруі: кейде резистенттіліктің ықтимал себебі рибосома құрылымының өзгеруі болып табылады.
Гентамицин мен басқа аминогликозидтер арасында айқаспалы резистенттілік кең таралған.
Сериялық бағалаудың стандартталған әдісін пайдалану кезінде сезімтал және тұрақты бактерияларды бөлу үшін ЕТТК мынадай мәндері қабылданды:
Еуропадағы Микробқа қарсы сезімталдықты тестілеу комитеті (European Committee on Antimicrobial Susceptibility Testing, EUCAST) ұсынған шектер
Инфекция қоздырғышы — Сезімтал — Төзімді
Enterobacteriaceae — ≤ 2 мг/л — > 4 мг/л
Pseudomonas spp — ≤ 4 мг/л — > 4 мг/л
Acinetobacter spp. — ≤ 4 мг/л — > 4 мг/л
Staphylococcus spp. — ≤ 1 мг/л — > 1 мг/л
Штаммға тәуелді емес шектер * — ≤ 2 мг/л — > 4 мг/л
* Мәндер негізінен препараттың қан сарысуындағы фармакокинетикасына құрылады
Бұл деректер көбіне препараттың қан сарысуындағы белгілі бір деңгейлеріне жетуіне негізделген. Алайда, гентамициннің жергілікті дәрілік түрлері үшін EUCAST ұсынылған мәндері ешқандай рөл атқармайды, өйткені жергілікті қолданғаннан кейін антибиотиктің концентрациясы көрсетілген шекаралардан 250-500 есе асып кетеді.
Қолдану орнында антибиотиктің жоғары концентрациясының салдарынан микроорганизмдерде тұрақтылық дамуы екіталай. In vitro жағдайларында көп орталықты зерттеулер барысында гентамицинге бактериялық төзімділіктің қалыптасуын анықтау үшін S. aureus және S. pyogenes барлық штамдары ЕТТК 128 мг/л деңгейінде сезімталдықты сақтағаны анықталды. Гентамицинді жақпамай түрінде қолданғанда жергілікті 1000 мг/л концентрацияға қол жетеді, сондықтан алтын түстес стафилококктың және пиогенді стрептококктың резистентті штамдарының пайда болуы байқалмайды.
Штаммдардың жүре пайда болған резистенттілікпен таралуы географиялық аймаққа және бактериялардың штаммдарына байланысты ауытқуы мүмкін. Резистенттілігі бойынша, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеу қажет болған жағдайда, жергілікті ақпаратпен танысу ұсынылады. Егер белгілі бір аймақтағы резистенттілік жағдайына байланысты, әсіресе ауыр инфекциялар немесе сәтсіз емдеу жағдайында гентамициннің тиімділігіне қатысты мәселе туындаса, қоздырғышты анықтау және оның гентамицинге сезімталдығын анықтау үшін микробиологиялық қызметті қосу және микробиологиялық диагностика жүргізу қажет.
Дозалау режимі
Егер өзгеше көрсетілмесе, жақпамай ересектерде күніне бір немесе екі рет қолданылуы керек. Балаларда жақпамай күніне бір рет қолданылады. Жағдайы жақсарған кезде препаратты қолдану жиілігі төмендеуі мүмкін.
Қолдану тәсілі
Жақпамайды терінің зақымдалған бөлігіне ақырын ысқылап, жұқа қабатпен қолдану керек. Терінің өңделетін аумағы дене беткейінің жалпы ауданының 10%-нан аспауы тиіс.
Балаларда препаратты қолдануды ең қысқа уақытқа дейін және терінің шағын бөліктерінде азайту керек. Препаратты балаларда қолдану үлкен сақтықты талап етеді, өйткені ересектерде кортикостероидты препараттарды қолданумен салыстырғанда балаларда бұл заттардың тері арқылы сіңірілуі мүмкін. Бетаметазонның сіңу ықтималдығына байланысты, бұл препаратты окклюзиялық таңғышпен бірге қолдануға болмайды.
Енгізу жолы және тәсілі
Тек сыртқа қолдану үшін
Емдеу ұзақтығы
Препаратта гентамицин болуына байланысты ересектерде емдеу 7-10 күннен, ал балаларда 7 күннен аспауы тиіс. Тиісті клиникалық көрсетілімдер кезінде (кейбір дерматоздарда, күшті кортикостероидтарды қолдану қажеттілігі болмаса немесе гентамицинге сезімтал суперинфекция қоздырғыштары болмаған кезде) әсер ету күші төменірек кортикостероидпен немесе басқа антибиотиктермен монотерапия түрінде емдеуді жалғастыру керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына байланысты емдеуші дәрігер анықтауы керек.
˗бетаметазонға, гентамицинге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына, немесе ықтимал, басқа аминогликозидтерге және глюкокортикоидтарға аса жоғары сезімталдық
˗вирустық инфекциялар, оның ішінде поствакциналық инфекциялар және желшешек
˗тері туберкулезі және мерез
˗терінің вирустық инфекциялары (қарапайым герпес, белдемелі герпес)
˗розацеа және розацеа-тәрізді дерматит
˗дерматомикоздар
˗офтальмологиялық аурулар
˗қан сарысуында уытты концентрацияларына жету қаупіне байланысты жүйелі аминогликозидтерді қатар қолдану
˗бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
˗бір жасқа дейінгі балалар
˗жүктілік
Бұл препаратты қолданғанда өте сирек жоғары сезімталдық реакциялары және тері түсінің өзгеру жағдайлары тіркелді.
Келесі жағымсыз реакциялар жергілікті кортикостероидтардың препараттарын қолданғанда, әсіресе окклюзиялық таңғыштармен біріктіргенде тіркелген.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылу
- шымылдату сезімі, қышыну, тітіркену, құрғақтық, фолликулит, гипертрихоз, акне тәрізді бөртпе, гипопигментация, дерматит, розацеа-тәрізді (периоральді) дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, тері атрофиясы, стриялар мен тершеңдік.
Инфекциялар және инвазиялар
- терінің салдарлы инфекциялары
Көрудің бұзылуы
- бұлыңғыр көру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс немесе ауқымды қолдану (созылмалы артық дозалану немесе шамадан артық пайдалану) гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеуін тудыруы мүмкін. Оған қоса, кортикостероидтарды шамадан тыс пайдалану Кушинг синдромының дамуына ықпал етуі мүмкін. Жергілікті антибиотиктерді артық немесе ауқымды қолдану жараның зеңдік колонизациясына немесе қоздырғыштың антибиотиктік-резистентті нұсқасының қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Шұғыл емшаралар
Егер препарат кездейсоқ ішке немесе шамадан тыс дозада жергілікті қолданылса немесе тым ұзақ уақыт бойы қолданылса, тиісті симптоматикалық ем көрсетіледі.
Кортикостероидтар артылуының жедел симптомдар әдетте қайтымды.
Қажет болса электролиттік теңгерімсіздік белгілерін жою керек.
Созылмалы уыттылық жағдайында кортикостероидтарды баяу тоқтату ұсынылады. Сезімтал емес микроорганизмдер өскен жағдайда емдеу тоқтатылуы және тиісті ем тағайындалуы тиіс.
Жақпамайды көзге, құлаққа және басқа да шырышты қабықтарға жақпаңыз. Ол окклюзиялық таңғыш астында пайдаланылмауы керек.
Жақпамайды бет терісіне жаққан кезде сақтық таныту қажет. Ұзақ мерзімді үздіксіз емнен немесе препараттың сіңуі және жүйелі абсорбциясы мүмкін болғандықтан препаратты терінің үлкен аумақтарына қолданудан аулақ болу керек.
Бұл жақпамай аяқтың төменгі бөлігіндегі жаралық және варикоздық ойықжараларды емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.
Арнайы сақтандырулар
Жақпамайды сақтықпен қолдану керек, себебі оның құрамына гентамицин кіреді. Антибиотикотерапияға адекватты емес жауап беру жағдайларын белгілеу және антибиотикотерапия қарсы көрсетілген жағдайларды анықтау керек.
Кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда, препараттың жүйелі сіңуінің нәтижесі ретінде бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуін қоса, жүйелі жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін. Сәбилер мен балалар осы жағымсыз реакциялардың пайда болуына өте әлсіз.
Кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда жүйелі сіңуі, әсіресе олардың әсер ету күшімен, емдеу мерзімдерінің ұлғаюымен, жағу беткейінің ауданымен, сондай-ақ тері қыртыстарында қолдану кезіндегі сияқты артады.
Гентамицинді енгізумен тері инфекцияларын емдеу аллергиялық реакциялардың даму қаупін тудырады. Гентамицин жанаспалы аллерген болып табылады, сенсибилизацияның туындау жиілігі өсу үрдісімен 1,4 %-ға жуық. Емдеу ұзақтығының ұлғаюымен аллергияның туындау қаупі артады. Неомицин және канамицин сияқты басқа аминогликозидтермен бірге гентамицин аллергендер тобына жатады. Гентамицинді жергілікті қолданудағы аллергиялық реакция болашақта гентамицинді және басқа аминогликозидтерді жүйелі енгізуді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Кейбір жағдайларда антибиотиктерді ұзақ мерзім немесе ауқымды қолдану патогенді микроорганизмдердің тұрақты нұсқаларының, оның ішінде зеңдердің қалыптасуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, сондай-ақ терінің тітіркенуі, аллергиялық реакция пайда болғанда немесе суперинфекция дамығанда гентамицин енгізуді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.
Егер препарат дене беткейінің ауқымды жерлерінде, әсіресе ұзақ емдеу кезінде немесе тері зақымдалған болса, гентамицинді жергілікті қолданғандағы жүйелі абсорбциясы өсуі мүмкін. Бұл жағдайларда, әсіресе балаларда ерекше назар аудару қажет, өйткені гентамицинді жүйелі қолданғаннан кейінгі сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін.
Жүйелі абсорбция кезінде аминогликозидтердің нейробұлшықеттік тежегіш әсері болуы мүмкін, миастениясы, Паркинсон ауруы және бұлшықет әлсіздігімен қатар жүретін басқа да бұзылыстары бар пациенттерде немесе осындай тежегіш әсерге ие басқа дәрілік заттармен бірге ем алатындарда сақтық сақтау ұсынылады.
Жергілікті қолданылатын гентамицин грануляция және жаралардың жазылу үдерісін қиындатуы мүмкін және, әсіресе үлкен жараларды қайта емдеуде отоуыттылық, нефроуыттылық белгілерінің және вестибулярлық реакциялардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда гентамицинмен емдеу теріні тітіркендіреді (эритема, қышыну).
Көрудің бұзылуы
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде көрудің бұзылуы туралы хабарлануы мүмкін. Егер пациентте бұлыңғыр көру немесе көздің басқа да бұзылыстары сияқты симптомдар пайда болса, пациент кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті пайдаланғаннан кейін хабарланған катарактаны, глаукоманы немесе орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологқа жолдануы тиіс.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға 1 жастан бастап, сақтықпен және барынша қысқа мерзімге тағайындауға болады.
Ересектерден айырмашылығы, балалар экзогенді кортикостероидтарды қолдануға қатысты анағұрлым сезімтал. Кортикостероидтар жүйелі абсорбциясының жоғарылауына және балалардағы тері беткейінің ауданы мен дене салмағының арақатынасының үлкен мәніне байланысты гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безінің жүйесін бәсеңдетеді.
Жергілікті кортикостероидтармен емдеу кезінде балаларда гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, бойдың линиялық тежелуі, дене салмағы өсуінің тежелуі және бассүйекішілік гипертензия (гидроцефалия) оқиғалары тіркелген. Балаларда бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеу белгілері қан плазмасындағы кортизолдың төмен деңгейі және АКТГ (адренокортикотроптық гормон) стимулциялауға реакцияның жоқтығы болып табылады. Бассүйекішілік гипертензияның көріністеріне еңбектің ісуі, бас ауыруы және көру жүйкесінің екі жақты ісінуі жатады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.
Жүктілік кезінде препаратты қолдануға болмайды.
Емшек емізу кезеңінде Белогент препаратын қолдану қатаң көрсетілімдер бойынша мүмкін, бірақ бұл ретте препаратты емізер алдында сүт безінің терісіне қолдануға болмайды.
Осы препараттың емдік әсерінің бәсеңдеуі мүмкін болғандықтан, басқа дерматологиялық препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.
Гентамицин амфотерицинмен В, гепаринмен, сульфадиазинмен, бета-лактамды антибиотиктермен (мысалы, цефалоспориндермен) өзара әрекеттеседі.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.