Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для наружного применения
Саудалық атауы
Белосалик лосьоны
Әсер етуші зат
Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Топиялық кортикостероидтармен емдеуге жауап беретін қабыну дерматоздарында
Өндіруші
БЕЛУПО, лекарства и косметика д.д.
Ел
Хорватия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г препараттың құрамында:
белсенді заттар: 0,640 мг бетаметазон дипропионаты (0,500 мг бетаметазонға баламалы), 20,0 мг салицил қышқылы.
қосымша заттар: динатрий эдетаты, гипромеллоза, натрий гидроксиді, изопропанол, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Изопропанолдың иісі бар, мөлдір, түссіз, тұтқыр ерітінді.
- топиялық кортикостероидтармен емдеуге жауап беретін қабыну дерматоздарында
- бас терісінің псориазы сияқты кортикостероидтармен емдеуге сезімталдығы аз аурулар
- стероидтардың теріге өтуін мүйізгектенген эпителий қиындатуы мүмкін болған жағдайларда кортикостероидтарға жауап беретін гиперкератоздарда және құрғақ дерматоздарда.
ATХ коды D07ХС01
Препарат күшті кортикостероид бетаметазон дипропионаты мен салицил қышқылының кератолитикалық қасиеттері бар біріктілім болып табылады.
Салицил қышқылы гиперкератозды емдеуде және тері қабыршықтануы бар ауруларды емдеуде жергілікті қолданылады, бұл кезде оның кератолитикалық әсері кортикостероидтың енуін жеңілдетеді.
Фармакологиялық дозаларда кортикостероидтар негізінен олардың қабынуға қарсы және/немесе иммуносупрессивті әсеріне байланысты қолданылады.
Бетаметазон дипропионаты сияқты топиялық кортикостероидтар қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және вазоконстрикторлық әсерінің есебінен дерматоздардың әр қилы түрлерін емдегенде тиімді. Алайда, ол кезде кортикостероидтардың физиологиялық, фармакологиялық және клиникалық әсерлері жақсы белгілі болғанда, олардың әсерінің дәл механизмі әрбір ауруда белгісіз болып табылады.
Дозалау режимі
Ересектер:
Белосалик лосьон, сыртқа қолдануға арналған ерітіндіні, тәулігіне 1-2 рет жағу керек. Көптеген жағдайда препаратты абайлап және мұқият сүрте отырып, зақымданған бөлікке жұқалап күніне 2 рет жағады.
Кейбір пациенттер үшін тиісті демеуші емді препаратты жиі қолданбағанда қол жеткізілуі мүмкін.
Препаратты екі аптаға тағайындау ұсынылады, содан кейін емдік әсерді тексеру керек. Ең жоғары апталық доза 60 г аспауы тиіс.
Балалар
Балаларды емдеген кезде дәрілік затты қолданудың ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Енгізу тәсілі және жолы
Сыртқа қолдану үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ұсынылатын ұзақтығы екі аптадан аспауы тиіс, содан соң оның нәтижелеріне баға берген жөн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмәніңіз болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- бетаметазонға, салицил қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- розацеа;
- акне;
- периоральді дерматит;
- перианальді және генитальдік қышыну;
- тері туберкулезі;
- терінің вирустық зақымданулары, әсіресе қарапайым герпес, сиыр шешегі және желшешек вирусы инфекцияларымен;
- жаялық дерматиті;
- бір мезгілде инфекцияға қарсы қолданатын тиісті емдеусіз зеңдік немесе бактериялық инфекция.
- тиісті медициналық бақылаусыз 12 жасқа дейінгі балалар.
Жиі (≥ 1/100 және < 1/10)
- екіншілік инфекциялар
- ашытып күйдіру, қышыну, тітіркену, құрғау, фолликулит, гипертрихоз, безеулі бөртпе, гипопигментация, телеангиэктазия, периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, тері атрофиясы, стриялар және тербөртпе.
Жиі емес (≥1/1 000 және <1/100)
- бұлыңғыр көру.
Сирек (≥ 1/10 000 және < 1/ 1 000)
- бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
httpHYPERLINK "http://www.ndda.kz/"://HYPERLINK "http://www.ndda.kz/"wwwHYPERLINK "http://www.ndda.kz/".HYPERLINK "http://www.ndda.kz/"nddaHYPERLINK "http://www.ndda.kz/".HYPERLINK "http://www.ndda.kz/"kz
Топикалық кортикостероидтарды артық мөлшерде ұзақ қолдану гипофиз және бүйрекүсті бездері функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл салдарлы бүйрекүсті бездері жеткіліксіздігіне әкеледі және Кушинг ауруын қоса, гиперкортицизм белгілерінің пайда болуын туындатады.
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары, әдетте, қайтымды болады. Қажет болса, электролиттік теңгерімсіздікті қалпына келтіру қажет. Созылмалы уыттылық жағдайында кортикостероидтарды біртіндеп жою ұсынылады.
Құрамында салицил қышқылы бар топикалық препараттарды қолданған кезде артық мөлшерде ұзақ қолдану салицилизм симптомдарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Емі симптоматикалық. Салицилатты жылдам шығару үшін шаралар қабылдау керек. Несепті сілтілеу және диурезді көтеру үшін ішуге натрий бикарбонатын тағайындайды.
Әрбір құтыдағы кортикостероидтардың мөлшері аз болады, сондықтан кездейсоқ пероральді қабылдағанда уытты әсері екіталай.
Арнайы ескертулер
Препаратты окклюзиялық таңғыштың астына қолданбаған жөн, өйткені бұл жағдайда салицил қышқылының кератолитикалық әсері кортикостероид абсорбциясының ұлғаюын туындатуы мүмкін.
Зақымданған терінің үлкен аумақтарында, тері қатпарларында немесе жабық аумақтарда ұзақ қолданғанда жергілікті және жүйелі уыттылық оқиғалары кең таралған. Балаларда қолданғанда немесе беттегі зақымдануды емдеу үшін курс ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Ұзақ үздіксіз емдеуді жасына қарамастан барлық пациентте болдырмау керек.
Псориаз кезінде топикалық кортикостероидтарды қолдану толеранттылық дамығаннан кейін аурудың қайталануын, жайылған пустулездік псориаз қаупін және терінің барьерлік функциясының бұзылуы салдарынан жергілікті жүйелі уыттылықты қоса, көптеген себептер бойынша қауіпті болуы мүмкін. Пациенттің жағдайын мұқият бақылаудың үлкен мәні бар.
Препараттың көзге түсуі қауіпті. Препараттың көзге және шырышты қабыққа тиюіне жол бермеңіз.
Бетаметазон дипропионатының және салицил қышқылының жүйелі абсорбциясы стероидтарды артық мөлшерде терінің үлкен аумақтарында ұзақ қолданғанда ұлғаюы мүмкін. Бұл жағдайларда, әсіресе сәбилер мен балаларда тиісті сақтық шараларын қабылдау керек.
Тітіркену немесе жоғары сезімталдық пайда болған кезде емдеу тоқтатылуы тиіс.
Кортикостероидтармен жүйелі емдеу кезінде туындайтын барлық жағымсыз әсерлер, бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтарды жергілікті қолданудан кейін, әсіресе балаларды емдегенде пайда болуы мүмкін.
Тері шамадан тыс құрғағанда немесе тітіркенуі жоғарылағанда препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Көрудің нашарлауы
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті (оған қоса интраназальді, ингаляциялық және көзішілік) қолданғанда көрудің нашарлауы байқалуы мүмкін. Егер пациентте көрудің бұлыңғырлануы немесе көрудің басқа да бұзылыстары сияқты симптомдар пайда болса ықтимал себептерді бағалау үшін оны офтальмологқа жіберу қажеттілігін қарастыру керек, оларға катаракта, глаукома немесе кортикостероидтарды жүйелі және сыртқа қолданғаннан кейін байқалған орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек аурулар кіруі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Препаратты тиісті медициналық қадағалаусыз 12 жасқа толмаған балаларды емдеу үшін қолданбаған жөн.
Балаларда топикалық кортикостероидтар туындатқан гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуіне және экзогендік кортикостероидтардың әсеріне сезімталдығы ересектерге қарағанда үлкен, бұл тері беткейі ауданының жалпы дене салмағына қатысты үлкен шамамен шартталған үлкен абсорбцияға байланысты. Топикалық кортикостероидтар алатын балаларда гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуіне, Кушинг синдромы, өсудің кідіруі және дене салмағының ұдғаюы, бассүйекішілік гипертензия тіркелген. Балаларда бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеу көріністеріне қан плазмасында кортизол деңгейінің төмендеуі, АКТГ стимуляциясына реакцияның жоқтығы кіреді. Бассүйекішілік гипертензия еңбек протрузиясы, бас ауыруы және екі жақты папиллоэдема түрінде байқалады.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Белосалик препаратының көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі туралы деректер жоқ.
Жүктілік кезінде топикалық кортикостероидтарды қолдану қауіпсіздігі анықталмағандықтан осы кластағы препараттарды ана үшін болжанған пайда шаранаға төнетін потенциалды қауіптен басым жағдайда ғана жүктілік кезінде қолдануға болады. Осы кластағы препараттарды үлкен мөлшерде, терінің үлкен бөліктерінде немесе ұзақ уақыт бойы жүктілерде қолданбаған жөн.
Ана сүтінде анықталған мөлшерді өндіру үшін жеткілікті жергілікті қолдану кезінде кортикостероидтардің жүйелі сіңірілуі екені белгісіз болғандықтан, оны ана үшін қолданудың маңыздылығын назарға ала отырып, препаратты тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Препаратты емізер алдында сүт безінің терісіне/емізікке жағуға болмайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 оС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.