Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного введения
Саудалық атауы
Беневрон Б
Әсер етуші зат
Витамины группы B
Мақсаты
B1, B2, B6 және B12 дәрумендерінің гипо- және авитаминозы
Өндіруші
Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 ампула препараттың құрамында
белсенді заттар:
тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) 250 мг,
рибофлавин (рибофлавин натрий фосфаты түрінде) (В2 дәрумені) 4 мг,
пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 250 мг,
цианокобаламин (В12 дәрумені) 1500 мкг,
қосымша заттар: бензил спирті 60 мг, натрий гидрокарбонаты, монотиоглицерол, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қою қызыл немесе қоңыр түсті мөлдір ерітінді.
• B1, B2, B6 және B12 дәрумендерінің гипо- және авитаминозы
• шеткері невриттер және полиневриттер, невралгиялар, шеткері парездер және салданулар, радикулиттер, ретробульбарлы невриттер, белдемелі герпес, люмбаго, плекситтер, қабырғааралық невралгиялар, бет жүйкесінің парездері, үш тармақты және бет жүйкесінің невралгиясы, амиотрофиялық бүйірлік склероз, балалардың церебральді салдануы секілді жүйке жүйесінің ауруларын, орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақаттарын симптоматикалық емдеу;
• энцефалопатия (диабеттік, алкогольдік, жарақаттан кейінгі)
• әр түрлі генезді анемия
• асқазан-ішек жолдарының аурулары: асқазан мен он екі елі ішектегі ойықжара ауруы, созылмалы гастрит, энтероколит, гепатит, бауыр циррозы
• тері аурулары: экзема және шығу тегі неврогенді дерматоздар, дерматиттер және нейродермиттер, псориаз
• буын аурулары: артрит, остеоартрит, ревматизм, ревматоидты артрит;
• офтальмологиялық аурулар: гемералопия, конъюнктивит, кератит, иридоциклит, катаракта, мөлдір қабықтың ойықжарасы
• жоғары дене жүктемесі
• изониазидтік қатардағы туберкулезге қарсы дәрілердің, антибиотиктердің жағымсыз әсерлерінің профилактикасы және түзету
Беневрон Б біріктірілген препарат болып табылады, оның әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттеріне байланысты.
В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді) бауырдағы фосфорлану процестерінің нәтижесінде көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылатын кокарбоксилазаға айналады. В1 дәрумені көмірсу, ақуыз бен май алмасуын реттеуде, сондай-ақ синапстарда жүйке қозуын жүргізу процестерінде маңызды рөл атқарады, миокардиоциттердің метаболизмін және олардың анемиялық миокард дистрофиясындағы жиырылу қызметін жақсартуға көмектеседі.
В2 дәрумені (рибофлавин) жасушалық тыныс алу және көруді қабылдау процестерінің маңызды катализаторы болып табылады. Рибофлавин тотығу процестерін реттейді, сутегі иондарының берілуіне, тіндердің тыныс алуына, көмірсу, ақуыз бен май алмасуына, көру мүшеісінің қалыпты жұмысын сақтауға, гемоглобин мен эритропоэтиннің синтезіне қатысады.
В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) организмнің қанықпаған май қышқылдарын пайдалануын жақсартады, жүйке жүйесінің, бауырдың және гемопоэздің жұмысына пайдалы әсер етеді. Пиридоксин құрамында күкірт бар амин қышқылы – таурин (метионин мен цистеиннен) синтезіне ықпал етеді, ол жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, бұлшықеттердің жиырылуын қалыпқа келтіреді, құрысулардың дамуына жол бермейді. Триптофан, метионин, цистеин, глутамин және басқа амин қышқылдарының алмасуына қатысады. Гистамин алмасуында маңызды рөл атқарады. Липидтер алмасуын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Пиридоксиннің жетіспеушілігі анемияны, дерматитті және құрысуды тудырады.
В12 дәрумені (цианокобаламин) организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін бірқатар биохимиялық реакцияларға – метил топтарының тасымалдануына, нуклеин қышқылдарының, ақуыздың синтезіне, амин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің алмасуына қатысады. Қалыпты қан түзу мен эритроциттердің жетілуі үшін қажет. Эритроциттерде сульфгидрил топтары бар қосылыстардың жинақталуына ықпал етеді, бұл олардың гемолизге төзімділігін арттырады. Цианокобаламиннің коферменттік түрлері - метилкобаламин және аденозилкобаламин - жасушалардың көбеюі мен өсуі үшін қажет. Цианокобаламин жүйке тінінің метаболизміне әсер етеді (РНҚ, ДНҚ, миелин синтезі, цереброзидтер мен фосфолипидтердің липидтік құрамы), оның шеткері бөлігінің зақымдалуымен байланысты ауырсынуды азайтады. Қандағы холестерин концентрациясын төмендетеді. Бауыр функциясына жағымды әсер етеді. Тіндердің қалпына келу қабілетін арттырады.
Дозалау режимі
Беневрон Б препаратының дозалау режимін және қолдану ұзақтығын дәрігер айқындайды.
10 жастан асқан балаларға және ересектерге препаратты бұлшықет ішіне күніне 1 рет 3 мл-ден (бір ампула) тағайындайды. Инъекцияға арналған ерітінді бұлшықетке терең енгізіледі.
Дәрігердің нұсқауы бойынша препаратты әр 2-3 күн сайын бір ампулада қолдануға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
10 жастан кіші балаларда препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• дәрілік препараттың құрамына кіретін қандай да бір дәруменнің гипервитаминозы
Белгісіз
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксияны, бөртпені, уртикарияны қоса алғанда)
• парестезия
• гипотензия
• инъекция орнындағы реакциялар (ауыру мен ісінуді қоса алғанда).
Басқа хабарланған симптомдар: қызба, қалтырау, ысыну, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, безеу және буллезді бөртпе, тремор. Реактивті тромбоцитоз препаратты мегалобластты анемияны емдеу үшін қолданудың алғашқы апталарында пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
В тобының дәрумендерін қолданған кезде артық дозалану жағдайлары өте сирек кездеседі, себебі олар суда ериді және олардың артық мөлшері несеппен шығарылады.
Симптомдары: аяқтың, қолдың немесе дененің басқа бөліктерінің ұйып қалуы, шаншуы, сезімталдықтың, тепе-теңдіктің және қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы. Осы симптомдар пайда болғанда дәрігерге көріну қажет.
Емі: симптоматикалық.
Түшкіру немесе демікпенің жеңіл түрлері Беневрон Б препаратына аллергиялық реакцияның бастапқы сақтандыру белгілері болып табылады және одан әрі емдеу кезінде бұл пациенттерде анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Арнайы ескертулер
Беневрон Б препаратын парентеральді енгізу кезінде немесе одан кейін бірден анафилаксиялық шок сияқты қауіптілігі елеулі жағымсыз аллергиялық реакциялар сирек кездеседі және бұл Беневрон Б препаратын парентеральді енгізу тәсілін қажет ететін пациенттерде, әсіресе тиаминді парентеральді қолдануды қажет ететін, Вернике энцефалопатиясының даму қаупі бар пациенттерде қолдануға кедергі келтірмеуі тиіс.
Түшкіру немесе демікпенің жеңіл түрлері Беневрон Б препаратына аллергиялық реакцияның бастапқы сақтандыру белгілері болып табылады және одан әрі емдеу кезінде бұл пациенттерде анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Тиісті емдеуді қамтамасыз ету үшін пациенттің гематологиялық және неврологиялық жағдайын үнемі бақылау қажет. Емдеудің бастапқы кезеңінде гипокалиемия салдарынан жүрек аритмиясының дамуы туралы хабарланды. Осы кезеңде қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады. Реактивті тромбоцитоздың пайда болу қаупіне байланысты мегалобластты анемияны емдеудің алғашқы апталарында тромбоциттер деңгейін бақылау керек.
Бензил спирті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Уытты әсерлердің дамуы мүмкін бензил спиртінің ең аз концентрациясы белгісіз болып табылады.
Жоғары дозаларды сақтықпен және тек қажет болған жағдайда, әсіресе бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, жинақталу және уыттылық (метаболизмдік ацидоз) қаупіне байланысты қолдану керек.
В6 дәруменінің гипервитаминозы және уыттылық реакциялары (шеткері нейропатия, еріксіз қозғалыстар) аптасына үш рет енгізілетін, құрамында 4 мг пиридоксин бар вена ішіне полидәрумен препараттарын алатын созылмалы гемодиализде жүрген пациенттерде байқалды.
Анестезиологиялық шараларды жүргізген кезде препараттағы тиаминнің құрамына байланысты деполяризациялайтын бұлшықет релаксанттарының (дитилин және т. б.) кураре тәріздес әсерінің әлсіреу мүмкіндігін ескеру және сақтық таныту керек.
Қосымша заттар
1 ампула ішіндегі препараттың құрамында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану, егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға немесе емшектегі балаға ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Препаратты құрамында сульфиттер бар ерітінділермен араластыруға болмайды, өйткені оларда тиамин ыдырайды. Препаратты пенициллинмен немесе стрептомицинмен (тиаминнің әсерінен антибиотиктердің бұзылуы орын алады), никотин қышқылымен (тиаминнің бұзылуы орын алады) араластыруға болмайды. Препаратта тиаминнің болуына байланысты деполяризациялайтын бұлшықет релаксанттарының (дитилин және т.б.) кураре тәрізді әсерінің әлсіреуі байқалуы мүмкін.
Препарат құрамында рибофлавиннің болуы доксициклиннің, тетрациклиннің, окситетрациклиннің, эритромициннің және линкомициннің белсенділігін төмендетеді және стрептомицинмен үйлесімсіздікті тудырады. Флавинокиназа блокадасының есебінен хлорпромазин, имипрамин, амитриптилин рибофлавиннің флавинаденинмононуклеотидке және флавинадениндинуклеотидке қосылуын бұзады және оның несеппен шығарылуын арттырады. Тиреоидты гормондар рибофлавиннің метаболизмін тездетеді. В2 дәрумені хлорамфениколдың жағымсыз реакцияларын (гемопоэздің бұзылуы, көру жүйкесінің невриті) азайтады және алдын алады.
Препараттың құрамына кіретін пиридоксин гидрохлориді диуретиктердің әсерін күшейтеді, леводопаның белсенділігін әлсіретеді. Изоникотин гидразиді, пеницилламин, циклосерин және эстрогені бар пероральді контрацептивтер пиридоксин гидрохлоридінің әсерін әлсіретеді.
Цианокобаламиннің бар болуына байланысты препарат аскорбин қышқылымен, ауыр металдардың тұздарымен (цианокобаламиннің белсенділігін жою) фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік препараттар, колхицин, калий препараттары В12 дәруменінің сіңірілуін төмендетеді. Цианокобаламин тиамин тудыратын аллергиялық реакциялардың дамуын күшейтеді. Хлорамфеникол гемопоэздік реакцияны төмендетеді. Қанның коагуляциясын арттыратын препараттармен біріктіруге болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.