Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для инъекций
Дозасы
1e+06 Единица действия
Саудалық атауы
Бензилпенициллин
Әсер етуші зат
Бензилпенициллин
Мақсаты
Тері және жарақат инфекциялары, дифтерия (дифтериялық антитоксинге қосымша), аруханадан тыс пневмония, эмпиема
Өндіруші
"Биохимик"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат: бензилпенициллин натрий 1000000 ӘБ
(белсенді затқа шаққанда) 0.6 г
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар ақ немесе ақ дерлік ұнтақ.
Бензилпенициллин ересектерде, жасөспірімдерде, балаларда, жаңа туған нәрестелерде және шала туған нәрестелерде пенициллинге сезімтал қоздырғыштардан туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін қолдануға арналған:
-тері және жарақат инфекциялары
-дифтерия (дифтериялық антитоксинге қосымша)
-аруханадан тыс пневмония
-эмпиема
-тілме
-бактериялық эндокардит
-перитонит
-менингит
-ми абсцестері
-остеомиелит
-фузобактериялардан туындаған жыныстық жолдардың инфекциялары
Бензилпенициллин сонымен қатар келесі спецификалық инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
-сібір ойық жарасы
-сіреспе
-газды гангрена
-листериоз
-пастереллез
-егеуқұйрықтар тістегендегі қызба
-фузоспирохетоз
-актиномикоз
Бұдан бөлек, бензилпенициллин соз бен мерездің асқынуларында (мысалы, создық эндокардит немесе артрит, туа біткен мерез) пенициллинге сезімталдығы құжатпен расталған Neisseria gonorrhea изоляты бар болған кезде пайдаланылады. Бұл ретте асқынбаған жағдайларда депо-пенициллиндерге басымдылық беру керек. Бензилпенициллинді жүктілік кезінде мерезді емдеу үшін пайдалану ұсынылмайды.
Егер пенициллинмен ішу арқылы емдеу бұдан әрі көрсетілмесе, бензилпенициллин Лайм ауруында да (кене боррелиозы) аурудың екінші сатысынан бастап (Гарин-Бужаду-Баннварт менингополиневрит, созылмалы атрофиялық акродерматит, Лайм-артрит, Лайм-кардит) қолданылады. Лайм ауруының екінші сатысынан бастап, жүктілік кезінде трансплаценталық инфекцияланудың профилактикасы үшін бензилпенициллиннің жоғары дозаларын парентералдық енгізу ұсынылады.
Бензилпенициллинді қолданған кезде бактерияға қарсы дәрілерді тиісті түрде қолдану жөніндегі жалпы мойындалған ұсынымдарды ескеру керек.
Әсер ету механизмі
Бензилпенициллиннің әсер ету механизмі транспептидазалар сияқты пенициллин-байланыстырушы ақуыздарды (ПБА) бөгеу арқылы бактерияның жасуша қабырғасының (өсу фазасында) синтезін тежеуге негізделген. Бұл бактерицидтік әсер көрсетеді.
Фармакокинетикалық /фармакодинамикалық тәуелділігі
Тиімділігі белсенді фармацевтикалық субстанцияның деңгейі қоздырғыштың ең төменгі тежегіш концентрациясынан қанша уақыт бойы жоғары болып қалатынына елеулі дәрежеде байланысты болады.
Резистенттілік механизмдері
Бензилпенициллинге резистенттілік келесі механизмдерге байланысты болуы мүмкін:
- бета-лактамазалармен инактивация: бензилпенициллин бета-лактамазаларға сезімтал және сондықтан да бета-лактамазаны (мысалы, стафилококктарды немесе гонококктарды) өндіретін бактерияға қарсы белсенділік танытпайды;
- ПБА бензилпенициллинге аффинділігінің төмендеуі: пневмококктардың және кейбір басқа да стрептококктардың бензилпенициллинге жүре пайда болған төзімділігі бұрыннан бар ПБА мутация нәтижесінде туындайтын модификацияларына байланысты болады. Алайда, метициллинге (оксациллинге) төзімді стафилококктардың резистенттілігінің себебі бензилпенициллинге аффинділігі төмендеген қосымша ПБА түзілуі болып табылады;
- грамтеріс бактерияларда бензилпенициллиннің сыртқы жасуша қабырғасы арқылы жеткілікті енбеуі ПБА жеткіліксіз тежелуіне әкелуі мүмкін;
- бензилпенициллин эфлюкстік сорғылардың көмегімен жасушадан белсенді тасымалдануы мүмкін;
- бензилпенициллин басқа пенициллиндер мен цефалоспориндерге ішінара немесе толық айқаспалы төзімділікке ие.
Шекаралық мәндер
Бензилпенициллинді тестілеу сұйылтудың стандартты сериясын пайдаланып жүргізіледі. Нәтижелерге бензилпенициллин үшін шекаралық мәндердің негізінде баға беріледі. Сезімтал және резистентті микроорганизмдер үшін мынадай ең төмен тежегіш концентрациялар белгіленген:
EUCAST (микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты анықтау жөніндегі Еуропалық комитет) шекаралық мәндері (10.0 нұсқасы)
ҚОЗДЫРҒЫШ — СЕЗІМТАЛ — РЕЗИСТЕНТТІ
Алтын түстес стафилококк — ≤ 0,125 мг/л — > 0,125 мг/л
Стрептококктар (А, Б, В, Г топтары) — ≤ 0,25 мг/л — > 0,25 мг/л
Streptococcus pneumoniae (менингиттен басқа көрсетілімдер) — ≤ 0,06 мг/л — > 2 мг/л
Streptococcus pneumoniae (менингит) — ≤ 0,06 мг/л — > 0,06 мг/л
«Жасылдар» тобындағы стрептококктар — ≤ 0,25 мг/л — > 2 мг/л
Neisseria gonorrhoeae — ≤ 0,06 мг/л — > 1 мг/л
Neisseria meningitidis — ≤ 0,06 мг/л — > 0,25 мг/л
Грамоң анаэробтар — ≤ 0,25 мг/л — > 0,5 мг/л
Грамтеріс анаэробтар — ≤ 0,25 мг/л — > 0,5 мг/л
Listeria monocytogenes — ≤ 1 мг/л — > 1 мг/л
Pasteurella multocida — ≤ 0,5 мг/л — > 0,5 мг/л
Corynebacterium spp. — ≤ 0,125 мг/л — > 0,125 мг/л
Aerococcus sanguinicola және несеп — ≤ 0,125 мг/л — > 0,125 мг/л
Kingella kingae — ≤ 0,03 мг/л — > 0,03 мг/л
ФК ФД шекаралық мәндер (түрге спецификалық емес)* — ≤ 0,25 мг/л — > 2 мг/л
Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы
Жеке түрлердегі жүре пайда болған төзімділіктің таралуы географиялық аймаққа байланысты, сондай-ақ уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Осы себепті, әсіресе ауыр инфекцияны емдеген жағдайда нақты бір аймақтағы микроорганизмдердің резистенттілігі туралы ақпаратқа ие болған жөн. Микроорганизмдердің аймақтық резистенттілігі туралы ақпарат негізінде бензилпенициллиннің тиімділігіне күмән туындаған жағдайларда терапевт-маманның көмегіне жүгіну керек. Әсіресе күрделі инфекция дамыған жағдайларда немесе емнің сәтсіздігі жағдайында қоздырғышты анықтау және оның бензилпенициллинге сезімталдығын анықтау үшін микробиологиялық диагностика жүргізілуі керек.
Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы резистенттілікке мониторинг жасау жөніндегі ұлттық жобалар мен зерттеулердің соңғы 5 жылдағы деректері негізінде анықталған (нұсқа: сәуір 2019 ж.):
Әдеттегі сезімтал түрлері
Аэробтық грамоң микроорганизмдер
Actinomyces israelii °
Corynebacterium diphtheriae °
Erysipelothrix rhusiopathiae °
Gardnerella vaginalis °
Streptococcus agalactiae
Streptococcus pneumoniae
Streptococcus pyogenes
Streptococcus dysgalactiae subsp. equisimilis (C және G тобындағы стрептококктар)
Viridans тобындағы стрептококктар ° ^
Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер
Borrelia burgdorferi °
Eikenella corrodens ° $
Haemophilus influenzae ° $
Neisseria meningitidis °
Анаэробтық микроорганизмдер
Clostridium perfringens °
Clostridium tetani °
Fusobacterium spp. °
Peptoniphilus spp. °
Peptostreptococcus spp. °
Veillonella parvula °
Басқа микроорганизмдер
Treponema pallidum °
Жүре пайда болған резистенттілігі емдеу кезінде қиындық туғызуы мүмкін түрлер
Аэробтық грамоң микроорганизмдер
Enterococcus faecalis $
Staphylococcus aureus +
Staphylococcus epidermidis +
Staphylococcus haemolyticus +
Staphylococcus hominis +
Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер
Neisseria gonorrhoeae $
Табиғи резистентті түрлері
Аэробтық грамоң микроорганизмдер
Enterococcus faecium
Nocardia asteroides
Аэробтық грамтеріс микроорганизмдер
Enterobacterales барлық түрлері
Legionella pneumophila
Moraxella catarrhalis
Pseudomonas aeruginosa
Анаэробтық микроорганизмдер
Bacteroides spp.
Басқа микроорганизмдер
Chlamydia spp.
Chlamydophila spp.
Mycoplasma spp.
° Кесте жарияланған сәтте ағымдағы мәліметтер болған жоқ. Сезімталдығы бастапқы дерек көздерінен, стандартты жұмыстардан және емдік ұсынымдардан болжанады.
$ Изоляттардың көпшілігінің табиғи сезімталдығы аралық диапазонда болады.
+ Кем дегенде бір аймақта резистенттілік көрсеткіші 50 %-дан асады.
^ Стрептококктар түрлерінің гетерогенді тобының жиынтық атауы. Резистенттілік көрсеткіші стрептококктардың нақты түріне байланысты өзгеруі мүмкін.
Дозалау режимі
Халықаралық бірліктер (ХБ) мен салмақ мәндері үшін мынадай арақатынас бар:
1 мг бензилпенициллин натрий 1670 ХБ бензилпенициллинге баламалы.
1 миллион ХБ бензилпенициллин 598,9 мг бензилпенициллин натрийге баламалы.
Әдетте, 600 мг бензилпенициллин натрий 1 миллион ХБ бензилпенициллинге баламалы деп саналады.
Бензилпенициллиннің дозалар диапазоны кең, олар қоздырғыштың түріне және оған сезімталдыққа, инфекцияның ауырлық дәрежесіне және пациенттің жай-күйіне қарай енгізу тәсіліне, доза деңгейіне және дозалау аралығына байланысты болады.
Дозалау режимі
Ересектер мен жасөспірімдер (12 жастағы және одан үлкен):
Әдеттегі дозалау (бұлшықет ішіне және вена ішіне): 18 мг/кг/тәулік, бұл шамамен тәулігіне 4–6 енгізуге бөлінген 600–3000 мг дозаға баламалы.
Ең жоғары дозалау (вена ішіне): 180 мг/кг/тәулік, бұл шамамен тәулігіне 4–6 енгізуге бөлінген 6000–24000 мг дозаға баламалы.
Пациенттердің ерекше топтары
1 айлық және одан үлкен балалар
Әдеттегі дозалау (бұлшықет ішіне және вена ішіне): 18–60 мг/кг/тәулік, 4–6 енгізуге бөлінген доза
Ең жоғары дозалау (вена ішіне): 60–300 мг (-600 мг)/кг/тәулік, 4–6 енгізуге бөлінген доза
Сақ болыңыз: өте жылдам инфузия кезінде эпилепсиялық талмалар және электролиттік теңгерімсіздік туындауы мүмкін. 1200 мг-ден жоғары венаішілік дозаларды енгізген кезде ұсынылатын жылдамдық минутына 300 мг-ден аспайды.
Жаңа туған нәрестелер (2–4 апталық жаста):
Әдеттегі дозалау (бұлшықет ішіне және вена ішіне): 18–60 мг/кг/тәулік, 3–4 енгізуге бөлінген доза.
Ең жоғары дозалау (вена ішіне): 120–300 мг (-600 мг)/кг/тәулік, 3–4 енгізуге бөлінген доза.
Шала туған және жаңа туған нәрестелер (2 аптаға дейін):
Әдеттегі дозалау (бұлшықет ішіне және вена ішіне): 18–60 мг/кг/тәулік, 2 енгізуге бөлінген доза.
Ең жоғары дозалау (вена ішіне): 120–300 мг (-600 мг)/кг/тәулік, 2 енгізуге бөлінген доза.
Шала туған және жаңа туған нәрестелерде жетілмегендігіне және бензилпенициллин экскрециясының төмендеуіне байланысты, дозалау аралығы 12 сағаттан кем болмауы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Жасқа байланысты шығарылу үдерістері баяулауы мүмкін. Сол себептен дозаны әрбір нақты жағдайда бүйрек функциясына байланысты түзету керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуында пенициллиндердің деградация және шығарылу үдерістері баяулауы мүмкін. Бұл дозаны таңдау кезінде ескерілуі керек. Осыған байланысты бензилпенициллиннің бір реттік дозаларын және/немесе дозалау аралықтарын әрбір нақты пациент үшін клиренс мәндеріне сәйкес түзету ұсынылады:
Ересектер мен жасөспірімдер үшін бензилпенициллиннің креатинин клиренсіне байланысты дозасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде тәулігіне 6000 – 24 000 мг әдеттегі дозаға сәйкес келеді
Креатинин клиренсі, мл/мин — 100–60 — 50–40 — 30–10 — < 10
Сарысудағы креатинин, мг % — 0,8–1,5 — 1,5–2,0 — 2–8 — 15
Бензилпенициллин (тәуліктік доза) — Жасы 60-тан кіші: — 6000 – 12 000 мг — 3000 – 6000 мг — 1200 – 3000 мг
24 000 (-36 000 мг);
Жасы 60-тан үлкен:
6000 – 24 000 мг
Дозалау аралығы — 3–6 бір реттік дозаларда — 3 бір реттік дозаларда — 2–3 бір реттік дозаларда — 1–2 бір реттік дозаларда
Бензилпенициллиннің емшек еметін балалардағы (1 айлық және одан үлкен) және 12 жасқа дейінгі балалардағы креатинин клиренсіне байланысты дозасы
Креатинин клиренсі, мл/мин. — 100–60 — 50–10 — < 10
Сарысудағы креатинин, мг % — 0,8–1,5 — 1,5–8,0 — 15
Бензилпенициллин (тәуліктік доза) — 18–60 мг/кг — 12–36 мг/кг — 6–24 мг/кг
Дозалау аралығы — 4–6 бір реттік дозаларда — 2–3 бір реттік дозаларда — 2 бір реттік дозаларда
Нәрестелер (1 айлық және одан үлкен жастағы) және балалар (12 жасқа дейінгі): бүйрек функциясының орташа және ауыр дәрежелі бұзылуында (шумақшалық сүзілу жылдамдығы = 10–50 мл/мин/1,73 м2) әдеттегі дозаны әрбір 8–12 сағат сайын енгізеді. Бүйрек функциясы бұзылуының немесе бүйрек жеткіліксіздігінің өте ауыр жағдайларында (шумақшалық сүзілу жылдамдығы <10 мл/мин/1,73 м2) әдеттегі дозаны әр 12 сағат сайын енгізеді.
Шала туған және жаңа туған нәрестелер (4 аптаға дейінгі жастағылар): бензилпенициллин бүйрек функциясының бұзылуы бар шала туған және жаңа туған нәрестелерді емдеуге жарамайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясы тарапынан бұзылулар болмаған кезде дозаны төмендету қажет емес.
Ерекше дозалау
Бактериялық эндокардит: ересектерге аминогликозидтермен біріктіріп вена ішіне тәулігіне 6000–48 000 мг енгізеді.
Менингит: құрысу ұстамаларына және Яриш-Герксгеймер реакцияларына бейімділіктің жоғары болуына байланысты, ересектерге тәулігіне 12 000–18 000 мг-ден асырмай, ал балаларға – тәулігіне 7200 мг-ден асырмай тағайындау керек.
Лайм ауруы: ересектерге – тәулігіне вена ішіне 12 000 – 18 000 мг 14 күн ішінде 2–3 рет, балаларға – тәулігіне вена ішіне 300 мг/кг 14 күн ішінде 2–3 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Бензилпенициллинді вена ішіне (инъекция немесе 6000 мг/100 мл дозада қысқа инфузия), сондай-ақ бұлшықет ішіне енгізуге болады.
В/і енгізудегі нұсқаулар:
Бензилпенициллиннің ең жоғары дозасын (6000 мг, инъекцияға арналған 6–10 мл суда ерітілген) бұлшықет ішіне терең инъекция арқылы тәулігіне екі реттен асырмай үлкен бөксе бұлшықетінің жоғарғы сыртқы квадрантына немесе Хохштеттер әдісі бойынша вентроглютеальді аймаққа енгізеді.
Инъекция орнына 5 мл жағымдылықтың жоғарғы шегі деп санау керек. Бірнеше инъекцияны екі жаққа кезек-кезек орындау керек. Анағұрлым жоғары дозаларды в/і инфузия түрінде енгізуге болады.
Бұлшықет ішіне енгізген кезде, әсіресе емшек еметін балаларда, ауыр жергілікті реакциялар туындауы мүмкін. Мүмкіндігінше емді вена ішіне жүргізу керек.
Сақ болыңыз: өте жылдам инфузиялар кезінде эпилепсиялық талмалар және электролиттік теңгерімсіздік туындауы мүмкін. 1200 мг-ден жоғары венаішілік дозаларды енгізген кезде ұсынылатын жылдамдық минутына 300 мг-ден аспайды
Құрамында прокаин бар ерітіндіні вена ішіне енгізуге болмайды!
Бензилпенициллинді бұлшықет ішіне енгізер алдында, еріткіш ретінде прокаин пайдаланылған кезде, прокаинді қолдануға болмайтын жағдайларды ескеру керек (прокаинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ақпаратты қараңыз).
Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі
Тәуліктік дозаны 4-6 енгізуге бөлінеді.
Емдеу ұзақтығы
Бензилпенициллинмен емдеу ұзақтығы нақты көрсетілімдерге байланысты ауытқуы мүмкін және ұлттық құзыретті органдардың ұсынымдарының соңғы жаңартылған нұсқаларына сәйкес келуі тиіс.
ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, стрептококктық инфекцияларда емдеу курсы 10 күнен аз болмауы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Бензилпенициллинді кезекті енгізуді өткізіп алған кезде мұны мүмкіндігінше тезірек жасап, келесі жолы соңғы рет белгіленген уақыттан кейін енгізген жөн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер дәрілік препаратты қолдану тәсілі, емдеу ұзақтығы және енгізу арасындағы аралық туралы сұрақтар туындаса кеңес алу үшін емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық
• анамнездегі пенициллинге аса жоғары сезімталдық
• анамнездегі басқа бета-лактамды препаратқа (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) шұғыл типті ауыр аса жоғары сезімталдық реакциясы (мысалы, анафилаксиялық реакция)
(қажет болған жағдайда)
Жиі
• Кумбстың тікелей оң сынамасы
• тұндыру әдістерін (Фолин-Чокалтеу-Лоури әдісі, биуреттік әдіс) пайдаланып несептегі ақуызды анықтаудың жалған оң нәтижесі
• несептегі амин қышқылдарын жалған оң анықтау (нингидриндік әдісі)
• альбумин мөлшерін анықтау үшін электрофорез әдістерін пайдаланған кезде жалған бисальбуминемияға ұқсауы.
• несептегі глюкоза мен уробилиноген деңгейлерін ферментативтік емес анықтаудың жалған оң нәтижесі
• несептегі 17-кетостероидтарды анықтау кезіндегі (Циммерман реакциясының көмегімен) жоғары мәндер
Жиі емес
• аллергиялық реакциялар: есекжем, мультиформалы эритема, эксфолиативтік дерматит, қызба, артралгия, анафилаксия немесе анафилактоидтық реакциялар (демікпе, пурпура, асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдар). Дерматомикоздары бар пациенттерде парааллергиялық реакциялар туындауы мүмкін, өйткені пенициллиндерде және дерматофиттердің метаболизм өнімдерінде жалпы антигенділік болуы мүмкін.
• стоматит, глоссит, тілді қара түк басуы, жүрек айну, құсу
Егер емдеу кезінде диарея пайда болса, жалған жарғақшалы колиттің туындау қаупін ескеру керек.
Сирек
• 6000 мг-ден асатын жылдам инфузия кезінде электролиттік теңгерімсіздік туындауы мүмкін.
• Нейропатия.
• Жоғары дозаларын енгізген кезде (ересектерде –12 000 мг-ден асатын) құрысу реакциялары туындауы мүмкін; мұны бүйрек функциясының ауыр бұзылуы, эпилепсиясы, менингиті, мидың ісінуі бар пациенттер тобында немесе аортокоронарлық шунттау операциясы кезінде ерекше ескеру керек.
• Clostridium difficile-ден туындаған диарея
• нефропатия (6000 мг-ден асатын бензилпенициллинді вена ішіне енгізгеннен кейін), альбуминурия, цилиндрурия және гематурия.
• олигурия немесе анурия, олар пенициллиннің жоғары дозаларымен емдеген кезде сирек туындайды, әдетте емдеу тоқтатылғаннан кейін 48 сағаттың ішінде басылады. Диурезді де 10 % маннитол ерітіндісімен стимуляциялауға болады.
• емшек еметін балаларда бұлшықет ішіне енгізген кезде ауыр жергілікті реакциялар.
Өте сирек
• эозинофилия, лейкопения, нейтропения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения, гемолиздік анемия, қан ұюының бұзылуы
Белгісіз
• қан кетулер мен протромбиндік уақыттың ұзаруы), тромбоцитопения
• сарысу құю ауруы, спирохетоздарды (мерез және Лайм ауруы) емдеумен байланысты Яриш-Герксгеймер реакциясы
• ангионевроздық ісіну
• метаболизмдік энцефалопатия
• гепатит, холестаз
• пемфигоид, жедел жайылған экзантематоздық пустулез (AGEP), қышыну, дақты-папулалы бөртпе, қызылша тәрізді бөртпе, эритема.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Бета-лактамды антибиотиктерді, оның ішінде пенициллиндерді енгізу аясында терінің ауыр жағымсыз реакциялары ТАЖР (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі біліністермен дәрілік препаратқа реакция, жедел жайылған экзантематоздық пустулез) байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: артық дозаланған жағдайда жүйке-бұлшықет қозғыштығының жоғарылауын немесе эпилепсиялық талмаларға бейімділікті күтуге болады.
Емі: препаратты енгізуді тоқтату, клиникалық бақылау және қажет болса симптоматикалық емдеу. Бензилпенициллин гемодиализбен шығарылады.
Цефалоспориндерге жоғары сезімталдықта айқаспалы аллергиялық реакция болуы мүмкін (әдебиеттегі деректер бойынша жиілігі: 5–10%).
Емдеуді бастар алдында аса жоғары сезімталдыққа тест жүргізу керек. Пациенттерді аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау мүмкіндігі туралы хабардар ету керек. Препаратты аллергиялық диатезі немесе бронх демікпесі бар пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық таныту қажет. Препаратты енгізгеннен кейін пациенттерді 30 минут бойы бақылау керек, ал төтенше жағдайда инъекцияға арналған адреналин ерітіндісін дайын тұруы тиіс. Аллергиялық реакция пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатып, қажет болған жағдайда симптоматикалық емдеу жүргізу керек.
Бета-лактамды антибиотиктерді (оның ішінде пенициллиндерді) енгізу аясында Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролизді (TEN), эозинофилиямен және жүйелі біліністермен дәрілік препаратқа реакцияны (DRESS-синдром) және жедел жайылған экзантематоздық пустулезді (AGEP) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР) байқалды .
Бензилпенициллинді пенициллиндерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамды бактерияға қарсы препараттарға анамнезінде аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер бензилпенициллинге де жоғары сезімталдыққа ие болуы мүмкін. Бензилпенициллинді анамнезінде кез келген басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, цефалоспориндер немесе карбапенемдер) ауыр емес аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек және ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттерге ешуақытта пайдалануға болмайды. Егер бензилпенициллинмен емдеу кезінде ауыр аллергиялық реакция немесе ТАЖР пайда болса, бұл дәрілік затты тоқтату және тиісті шараларды қабылдау керек.
Мынадай жай-күйлердегі пациенттерде сақтық таныту керек:
• аллергиялық диатез (есекжем немесе пішен қызбасы) немесе бронх демікпесі (аса жоғары сезімталдық реакциясының даму қаупі жоғары)
• жүректің ауыр аурулары немесе кез келген басқа себептен болған күрделі электролиттік бұзылулар (пациенттердің бұл тобында электролиттерді, әсіресе калийді тұтынуға көңіл бөлу керек);
• бүйрек жеткіліксіздігі (дозаны түзету жөніндегі ұсынымдар «Дозалау режимі» бөлімінде келтірілген)
• бауыр жеткіліксіздігі (дозаны түзету жөніндегі ұсынымдар «Дозалау режимі» бөлімінде келтірілген)
• эпилепсия, мидың ісінуі немесе менингит (құрысулардың даму қаупі жоғары, әсіресе бензилпенициллиннің жоғары (12 000 мг) дозаларын қолданған кезде;
• белсенді мононуклеоз (тері бөртпесінің туындау қаупі жоғары)
• жедел лимфолейкозы бар пациенттерде қатар жүретін инфекцияларды емдеген кезде (тері реакцияларының даму қаупі жоғары)
• дерматомикоздар (парааллергиялық реакциялар болуы мүмкін, өйткені пенициллиндерде және дерматофиттер метаболизмінің өнімдерінде жалпы антигенділік болуы мүмкін;)
Сирек жағдайларда, пенициллиндерді қабылдаған пациенттерде протромбиндік уақыттың артқаны жөнінде хабарланған. Антикоагулянттарды бір мезгілде тағайындаған кезде тиісті мониторинг жүргізу керек. Антикоагуляцияның қалаған дәрежесіне қол жеткізу үшін ішке қабылдауға арналған антикоагулянттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қантты диабеті бар пациенттерде бұлшықет ішіне енгізуден кейін бензилпенициллиннің сіңірілуі баяулайтынын есте ұстау керек.
Венерологиялық аурулар кезінде, егер қатар жүретін мерезге күдік бар болса, емді бастамас бұрын биологиялық материалдың қараңғы өріс микроскопиясын жасау керек. Сондай-ақ мониторинг мақсатында кемінде 4 ай бойы серологиялық талдаулар жүргізілуі керек.
Ұзақ мерзімді ем жүргізілген жағдайда резистентті микроорганизмдердің шамадан тыс өсу ықтималдығына байланысты қырағылық таныту қажет. Салдарлық инфекциялар пайда болған кезде тиісті шараларды қабылдау керек.
Ауыр персистирленген диарея пайда болған жағдайда антибиотиктерді қолданумен байланысты өмірге қауіп төндіруі мүмкін жалған жарғақшалы колиттің даму мүмкіндігін ескеру керек (шырышты-геморрагиялық, сулы диарея, іштің батып, диффузиялы ауыруы және шаншуы, қызба, кейде тенезмдер). Мұндай жағдайларда бензилпенициллинді енгізуді дереу тоқтатып, қоздырғышты анықтауға негізделген емдеуді бастау керек. Ішек перистальтикасын басатын препараттарды қолдануға болмайды.
Лайм ауруын немесе мерезді емдегенде пенициллиннің қоздырғыштарға қатысты бактерицидтік әсер етуі нәтижесінде қызбаның, қалтыраудың, жалпы және ошақты симптомдардың (негізінен бастапқы дозаны енгізгеннен кейін 2–12 сағаттан соң) дамуымен сипатталатын Яриш-Герксгеймер реакциясы пайда болуы мүмкін. Пациенттерге бұл бактерияға қарсы емнің әдеттегі қысқа мерзімді салдары екендігі туралы түсіндіру керек. Яриш- Герксгеймер реакциясын басу немесе жеңілдету мақсатымен тиісті ем жүргізу керек .
Қан сарысуындағы пенициллин деңгейінің жоғарылауын қажет ететін ауыр пневмония, эмпиема, сепсис, менингит немесе перитонит сияқты ауруларда бензилпенициллиннің суда еритін сілтілі тұзымен ем тағайындау керек.
Егер туа біткен мерезбен ауыратын пациенттерде неврологиялық бұзылуларды жоққа шығару мүмкін болмаса, онда жұлын сұйықтығында жоғарырақ концентрацияларға жететін пенициллиннің түрлерін пайдалану керек.
Емшек еметін балаларда бұлшықет ішіне енгізгенде ауыр жергілікті реакциялар дамуы мүмкін. Мүмкіндігінше емді вена ішіне ішіне жүргізу керек.
Өте жоғары венаішілік дозаларды (тәулігіне 6000 мг-ден астам) енгізген кезде асқын инфекция мен тромбофлебит дамуын болдырмау үшін енгізу орындарын күнара ауыстырып отыру керек.
Электролиттік теңгерімсіздіктің дамуы ықтималдығына байланысты бензилпенициллинді 6000 мг-ден асатын дозаларда және құрысу реакцияларының дамуы ықтималдығына байланысты 12000 мг-ден асатын дозаларда баяу енгізу керек .
Пенициллиннің жоғары дозаларымен ұзақ мерзімді емдеу кезінде (5 күннен астам) электролиттік теңгерімге, жалпы қан талдауының нәтижелеріне және бүйрек функциясының талдауларына мониторинг жүргізу ұсынылады ұсынылады.
Диагностикалық зертханалық емшараларға ықпалы:
• тәулігіне ≥ 6000 мг бензилпенициллин қабылдайтын пациенттерде тікелей Кумбс сынамасының нәтижесі көбінесе оң болады ≥1 %-дан < 10 % дейін). Пенициллинді енгізу тоқтатылғаннан кейін тікелей антиглобулиндік тест нәтижелері 6–8 апта бойы оң болып қалуы мүмкін;
• тұндыру әдістерін (сульфосалицил қышқылымен, трихлорсірке қышқылымен), Фолин-Чокалтеу-Лоури әдісін немесе биуреттік әдісті пайдаланып несептегі ақуыз деңгейін анықтау жалған оң нәтижелерді беруі мүмкін. Осыған байланысты бензилпенициллин қабылдайтын пациенттерде мұндай тест нәтижелерін сақтықпен интерпретациялау керек. Тест-жолақшалардың көмегімен ақуызды анықтауға ықпалы жоқ;
• сол сияқты, несептегі амин қышқылдарын нингидриндік әдіспен анықтау да жалған оң нәтижелерді беруі мүмкін;
• пенициллиндер альбуминмен бйланысады. Егер альбуминді анықтау үшін электрофорез әдістерін пайдаланса, осы арқылы жалған бисальбуминемияға ұқсап кетуі мүмкін;
• бензилпенициллинмен ем кезінде несептегі глюкоза мен уробилиноген деңгейлерін ферментативтік емес анықтау жалған оң нәтижелерді беруі мүмкін. Бензилпенициллин қабылдайтын пациенттерде несептегі глюкоза мөлшеріне ферментативтік талдау жүргізу керек, өйткені бұл өзара әрекеттесу осы талдаудың нәтижелеріне әсер етпейді;
• бензилпенициллинмен ем кезінде несептегі 17-кетостероидтарды анықтаған кезде (Циммерман реакциясының көмегімен) кетостероидтардың жоғары мәндері байқалуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Бензилпенициллиннің құрамында натрий бар
Бұл дәрілік препарат құрамында құтыда 38,6 мг натрий бар, бұл ересектер үшін тәулігіне натрий тұтынудың ДДҰ ұсынған ең жоғары (2 г) мәнінің 1,9 %-ына баламалы.
Педиатрияда қолдану
Көрсетілімдері болса балаларда жаңа туған кезеңінен бастап қолданылады. Қолданар алдында препараттың жағымдылығына міндетті түрде зерттеу жүргізу қажет.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әдетте, бензилпенициллин көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін тигізбейді.
Бензилпенициллин ықтимал ауыр жағымсыз реакциялардың (мысалы, коллапспен жүретін анафилаксиялық шок және анафилактоидты реакциялар) туындауына байланысты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуі мүмкін.
Жүктілік
Бензилпенициллин плацента арқылы өтеді. Енгізгеннен кейін 1–2 сағаттан кейін ұрықтың қан сарысуында ананың қан сарысуындағы осындайға сәйкес келетін концентрацияға жетеді. Жануарлардағы ұрпақ өрбітуге уыттылығын зерттеулер жануарлардың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етудің ешқандай белгілерін анықтаған жоқ.
Бензилпенициллинді жүктілік кезінде тиісті көрсетілімдер бар болғанда және қолданудың қауіптері мен пайдасын мұқият бағалағаннан кейін қолдануға болады.
Бензилпенициллинді жүктілік кезінде мерезді емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу
Пенициллиндердің аздаған мөлшері емшек сүтінде кездеседі.
Қазіргі уақытта емшек еметін нәрестелерде ешқандай жағымсыз әсерлер тіркелмегенімен, сенсибилизация немесе ішек флорасына жағымсыз әсер ету мүмкіндігін ескеру қажет.
Балалар тағамын да қабылдайтын нәрестелерде аналар бензилпенициллинмен емдеу кезінде емшек сүтін сауып тастауы керек. Бала емізуді емдеу тоқтатылғаннан кейін 24 сағаттан соң қайта жалғастыруға болады.
Бензилпенициллинді келесі препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Бактерицидтік және бактериостатикалық антибиотиктерді біріктірмеудің жалпы қағидасына сүйене отырып, бензилпенициллинді бактериостатикалық антибиотиктермен біріктіру ұсынылмайды.
Аралас инъекциялар немесе инфузиялар: Жағымсыз химиялық реакциялардың дамуын болдырмау үшін аралас инъекцияларды немесе инфузияларды немесе құрамында глюкоза сияқты көмірсулар бар ерітінділермен қоспаларды пайдаланудан аулақ болу керек.
Келесі препараттармен бір мезгілде қолданған кезде сақтық таныту қажет:
Пробенецид: пробенецидті қолдану бензилпенициллиннің түтікшелік секрециясын тежеуге әкеледі, бұл оның қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауына және оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына әкеледі. Бұдан бөлек, пробенецид пенициллиннің жұлын сұйықтығынан тасымалдануын тежейді; осылайша, пробенецидті бір мезгілде қолдану бензилпенициллиннің ми тіндеріне енуін одан әрі төмендетеді.
Қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы және дене қызуын басатын препараттар: бензилпенициллинді қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы немесе дене қызуын басатын препараттармен (әсіресе индометацинмен, фенилбутазонмен немесе жоғары дозадағы салицилаттармен) бір мезгілде қолданғанда, олардың организмнен шығарылуы бәсекелес тежелетінін, соның нәтижесінде қан сарысуындағы осы дәрілердің концентрациясы жоғарылайтынын және олардың жартылай шығарылу кезеңі артатынын ескеру қажет.
Дигоксин: дигоксин қабылдайтын пациенттерде бензилпенициллинді сақтықпен қолдану керек, өйткені өзара әрекеттесу нәтижесінде брадикардияның даму қаупі туындайды.
Метотрексат: бензилпенициллинмен бір мезгілде қолданғанда метотрексаттың экскрециясы төмендейді. Бұл метотрексаттың уытты әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Мүмкіндігінше метотрексат пен пенициллинді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Егер бір мезгілде қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, метотрексаттың дозасын азайту мәселесін қарастырып, метотрексаттың қан сарысуындағы деңгейіне мониторинг жүргізу керек. Пациентке лейкопения, тромбоцитопения және терінің іріңдеуі сияқты метотрексатқа қосымша ықтимал жағымсыз реакциялардың дамуына қатысты мониторинг жүргізу керек.
Ішке қабылдауға арналған антикоагулянттар: Ішке қабылдауға арналған антикоагулянттар мен пенициллинддер қатарындағы антибиотиктер тәжірибеде өзара әрекеттесудің дамуынсыз кеңінен қолданылады. Дегенмен, әдебиеттерде аценокумарол немесе варфаринді пенициллинмен бір мезгілде тағайындау аясында қан кету жағдайлары байқалған пациенттер санының артқаны туралы хабарламалар бар. Егер біріктірілген ем қажет болса, пенициллинді бір мезгілде қолданғанда немесе тоқтатқанда протромбиндік уақытты немесе қан ұюының басқа да тиісті параметрлерін мұқият бақылау керек. Бұдан басқа, ішке қабылдауға арналған антикоагулянттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Антибиотиктердің арасындағы синергизм:
Бензилпенициллинді синергизм немесе, кем дегенде, аддитивті әсер күтілетін жағдайда ғана басқа антибиотиктермен біріктіріп тағайындауға болады Әдетте, біріктірілімнің жеке компоненттері толық тиімді дозада енгізілуі керек (бұған жатпайды: егер синергизм дәлелденсе, онда біріктірілімнің анағұрлым уытты компонентінің дозасы азайтылуы мүмкін).
Тиісті көрсетілімдер болған жағдайда, атап айтқанда, бензилпенициллинді келесі бактерицидтік антибиотиктермен біріктіруге болатынын есте ұстаған жөн:
• изоксазолилпенициллиндер (мысалы, флуклоксациллин және әсер ету ауқымы тар басқа бета-лактамдар)
• аминопенициллиндер
• аминогликозидтер
Жоғарыда аталған пенициллиндер бензилпенициллиннің инфузиясы алдында вена ішіне баяу инъкция арқылы енгізіледі. Мүмкіндігінше, аминогликозидтерді бұлшықет ішіне енгізу арқылы бөлек енгізу керек.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.