Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
5%
Саудалық атауы
Бепантен®
Әсер етуші зат
Декспантенол
Мақсаты
Емшек еметін балаларда базданудың профилактикасы және емдеу
Өндіруші
ГП Гренцах Продукционс ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді зат: 50 мг декспантенол;
қосымша заттар: протегин Х, цетил спирті, стеарил спирті, ланолин, араның ақ балауызы, ақ жұмсақ парафин, бадам майы, сұйық парафин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ланолиннің ерекше иісі бар ақшыл сары-ақ түсті жұмсақ, серпімді, біртекті жақпамай.
• емшек еметін балаларда базданудың профилактикасы және емдеу
• емізу кезінде сүт бездеріне күтім көрсету: «құрғақтық» пен үрпінің жарықтарын емдеу
• кішкентай зақымданулар, жарықтар, жаралар, терінің тітіркенуі, жөргектен болған қызару, жеңіл күйіктер, созылмалы жаралар, ойылу, теріні ауыстырып орналастыру, артқы өтістегі сызаттар және жатыр мойнының жарасы кезінде терінің сауығу үдерісін жылдамдату (белсендендіру) үшін
• тері қабатының бүтіндігі бұзылған жағдайда, оның ішінде кортикостероидты препараттарды пайдаланған кезде терінің құрғауының профилактикасы және емдеу.
Фармакодинамикалық әсерлері және әсер ету механизмі:
Декспантенол Бепантеннің белсенді компоненті болып табылады, жасушаларда тез пантотен қышқылына және В-дәрумені кешеніне айналады, соның арқасында дәрумен сияқты әсер етеді. Алайда, декспантенолдың артықшылығы бар – ол жергілікті қолданған кезде оңай қайта сіңеді. Пантотен қышқылы – негізгі А коэнзимінің компоненті. Ацетилкоэнзим А түрінде коэнзим А әр жасушаның метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Тиісінше, пантотен қышқылы организмнің терісі мен шырышты қабығын қалыптастыру және қалпына келтіру үшін қажет.
Дозалау режимі
Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөлігіне күніне қажеттілігіне қарай бір немесе бірнеше рет жағады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар.
Емшектегі баланың күтімі: жаялықты (жөргекті) әрбір ауыстырған сайын жақпамайды жағады.
Бала емізетін аналар сүт бездерінің күтімі: жақпамайды баланы әр емізгеннен кейін емшек ұшына жағады. Келесі емшекпен емізер алдында жақпамайдың қалдықтарын сүрткімен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Қажетіне қарай күніне бір немесе бірнеше рет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.
- препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
Аталған жағымсыз реакциялар туралы деректер өз бетінше жасалған есептерге негізделген, сондықтан CIOMS III (Халықаралық ғылыми-медициналық ұйымдар кеңесі) жиілік санаттарына сәйкес ұйымдастыру мүмкін емес.
Иммундық жүйе, тері және тері асты тіндері тарапынан: аллергиялық реакциялар, оның ішінде теріге байланысты - дерматит, аллергиялық дерматит, қышу, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі, сулы бөртпе.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жоғары дозада жақпамайды қолданған кездің өзінде артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Жақпамайдың көзге түсуіне жол бермеу керек.
Арнайы сақтандырулар
Ланолин, стеарил және цетил спирттері терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бепантен® көлік құралдарын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жақпамайды жүктілік кезінде және емшекпен емізу кезінде қолдануға болады.
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Басқа өзара әрекеттесулер:
Генитальді немесе артқы өтіс аймағындағы жараларды емдеу кезінде жақпамайдың құрамындағы қосымша заттар латексті мүшеқаптардың беріктігі мен жыртылуының төмендеуіне әкеліп соғады, осылайша олардың қауіпсіздігін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.