Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Дозасы
5 %
Саудалық атауы
Бепантен®
Әсер етуші зат
Декспантенол
Мақсаты
Кішкентай зақымданулар, жарықтар, жаралар, терінің тітіркенуі, жөргектен болған қызару, жеңіл күйіктер, созылмалы жаралар, ойылу, теріні ауыстырып орналастыру және жатыр мойнының…
Өндіруші
ГП Гренцах Продукционс ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм кремнің құрамында
белсенді зат – 50 мг декспантенол;
қосымша заттар - DL-пантолактон, феноксиэтанол, амфизол К, цетил спирті, стеарил спирті, ланолин, изопропил миристаты, пропиленгликоль, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Әлсіз ерекше иісі бар, ақ түстен бозғылт сарғыш-ақ түске дейінгі жұмсақ, серпімді, гомогендік, күңгірт түсті крем.
• кішкентай зақымданулар, жарықтар, жаралар, терінің тітіркенуі, жөргектен болған қызару, жеңіл күйіктер, созылмалы жаралар, ойылу, теріні ауыстырып орналастыру және жатыр мойнының жарасы кезінде терінің сауығу үдерісін жылдамдату (белсендендіру) үшін
• емшек еметін балаларда базданудың алдын алу және емдеу
• емізу кезінде сүт бездеріне күтім көрсету: «құрғақтық» пен үрпінің жарықтарын емдеу
• тері қабатының бүтіндігі бұзылған жағдайда, оның ішінде кортикостероидты препараттарды пайдаланған кезде терінің құрғауының алдын алу және емдеу.
Фармакодинамикалық әсерлері және әсер ету механизмі:
Декспантенол – Бепантеннің белсенді субстанциясы, пантотен қышқылы сияқты қасиеттерге ие, бірақ жергілікті қолданғанда оңай сіңірілетін артықшылығы бар. Пантотен қышқылы – әр жасушаның метаболизмінде маңызды рөл атқаратын эссенциалды А коэнзимінің компоненті. Тиісінше, пантотен қышқылы организмнің терісі мен шырышты қабығын қалыптастыру және қалпына келтіру үшін қажет.
Дозалау режимі
Кремді қажеттілігіне қарай күніне бір немесе бірнеше рет алдын ала тазартылған жараға немесе терінің қабынған бөліктеріне жұқалап жағып, жеңіл ысқылайды. Қажет болса, таңғышты қолдануға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Емшек еметін балаларға күтім жасау кезінде кремді әрбір жөргекті ауыстырғаннан кейін жағу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа арналған.
Емшек сүтімен емізу кезінде кремді үрпіге әр емізу процедурасынан кейін жағу керек.
Жатыр мойнының шырышты қабығының зақымдануын емдеу кезінде дәрігердің тағайындауына сәйкес кремді күніне бір немесе одан да көп рет жағу керек.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Кремді қажетіне қарай күніне бір немесе бірнеше рет жағады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
«Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз».
- препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
Аталған жағымсыз реакциялар туралы деректер өз бетінше жасалған есептерге негізделген, сондықтан CIOMS III (Халықаралық ғылыми-медициналық ұйымдар кеңесі) жиілік санаттарына сәйкес ұйымдастыру мүмкін емес.
Иммундық жүйе, тері және тері асты тіндері тарапынан: аллергиялық реакциялар, оның ішінде теріге байланысты - дерматит, аллергиялық дерматит, қышу, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі, көпіршікті бөртпе.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Декспантенолдың жоғары дозаларда да төзімділігі жақсы және уытты емес болып саналады.
Кремнің көзге түсуіне жол бермеу керек.
Арнайы сақтандырулар
Ланолин, стеарил және цетил спирттері, пропиленгликоль терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспа дерматит).
Жүктілік және емшек емізу кезінде қолданылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бепантен® көлік құралдарын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
• Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.