Дозалау режимі
Дозаны пациенттің жай-күйіне және препараттың артериялық қысым деңгейіне әсер етуіне қарай әркімге жеке таңдау керек.
Ас ішу эналаприл малеатының сіңуіне ықпал етпейді.
Артериялық гипертензия
Бастапқы доза артериялық гипертензияның ауырлық дәрежесіне және пациенттің жай-күйіне қарай 5 мг-ден ең жоғары 20 мг дейін құрайды (төменнен қараңыз). Берлиприл препаратын тәулігіне бір рет қабылдайды. Жеңіл дәрежедегі артериялық гипертензияда ұсынылатын бастапқы доза 5-10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің айқын белсенділенуі бар пациенттерде (мысалы, реноваскулярлық артериялық гипертензия, организмде тұз және/немесе сұйықтық жетіспеушілігі, жүрек қызметінің декомпенсациясы немесе ауыр артериялық гипертензия кезінде) емдеудің басында артериялық қысымның шамадан тыс түсіп кетуі орын алуы мүмкін. Осындай пациенттерді емдеуді 5 мг немесе одан төмен дозадан бастау, сондай-ақ мұқият дәрігерлік қадағалау ұсынылады.
Осының алдында жоғары дозаларда диуретиктермен ем кезінде гиповолемия дамуы мүмкін, осы тұста эналаприлмен емдеудің басында артериялық гипотензия дамуы қауіптілігі болады. Осындай пациенттерді емдеуді 5 мг немесе одан төмен дозадан бастау ұсынылады. Мүмкіндігінше, Берлиприл препаратымен емдеуді бастамас бұрын диуретиктерді 2-3 күн бұрын тоқтату керек. Бүйрек функциясын және сарысудағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Әдеттегі демеуші доза тәулігіне 20 мг құрайды. Ең жоғары демеуші доза тәулігіне 40 мг құрайды.
Жүрек жеткіліксіздігі /сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы
Симптомдық жүрек жеткіліксіздігінде жүргізілетін емдеуде Берлиприл препараты диуретиктерге және көрсетілімдері болғанда оймақгүл препараттарына немесе бета-адреноблокаторларға қосымша қолданылады. Симптомдық жүрек жеткіліксіздігі немесе сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы бар пациенттер үшін Берлиприл препаратының бастапқы дозасы 2,5 мг құрайды; емдеудің басында препараттың артериялық қысымға әсерін анықтау үшін, емдеуді мұқият дәрігерлік бақылаумен бастау керек. Егер жүрек жеткіліксіздігінде Берлиприл препаратымен емдеу басталған соң симптомдық артериялық гипотония туындамаса немесе ол жоғалса, препарат дозасын 20 мг құрайтын жалпы қабылданған демеуші дозаға дейін біртіндеп арттыру керек; демеуші доза бір рет қабылдауға есептелуі мүмкін немесе - көтерімділігіне қарай – екі қабылдауға бөлінуі мүмкін. Дозаны осылай титрлеуді 2-4 апта бойы өткізу ұсынылады. Тәулігіне 40 мг құрайтын ең жоғары доза екі қабылдауға бөлінеді.
Жүрек жеткіліксіздігі/ сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясын емдеу кезінде ұсынылатын Берлиприл препаратының дозасын титрлеуі:
Апта — Доза мг/тәулігіне
1 апта — 13 күндері: 2,5 мг/тәулігіне х бір рет
47 күндері: 5 мг/тәулігіне 2 қабылдауға
2 апта — 10 мг/тәулігіне бір рет немесе 2 қабылдауға
3 және 4 апталар — 20 мг/тәулігіне бір рет немесе 2 қабылдауға
* Бүйрек қызметі бұзылған жағдайда немесе пациент диуретиктерді қабылдаса, арнайы сақтық шаралары қажет
Берлиприл препаратымен емдеуді бастамас бұрын және одан кейін артериялық қысымы мен бүйрек функциясын мұқият бақылау керек, өйткені артериялық гипотензия және (сирек) бүйрек жеткіліксіздігінің кейіннен дамуы туралы хабарланған. Диуретиктермен емдеуде жүрген пациенттер үшін, егер мүмкін болса, Берлиприл препаратымен емдеуді бастар алдында осы препараттар дозасын төмендету керек. Берлиприл препаратын бірінші рет қабылдағаннан кейін артериялық гипотензияның көрінісі артериялық гипотензия Берлиприл препаратын пайдалана отырып ұзақ емдеу кезінде орын алады дегенді білдірмейді және осы препаратты одан әрі қолдануға кедергі келтірмейді. Сондай-ақ, қан сарысуында калий деңгейін және бүйрек функциясын бақылап отыру керек.
Бүйрек жеткіліксіздігінде дозалау
Әдетте, эналаприлді қабылдаулар арасындағы үзілістерді ұзарту және/немесе оның дозасын төмендету керек.
Креатинин клиренсі (CrCl) мл/мин — Бастапқы доза мг/тәулігіне
30 < CrCl < 80 мл/мин — 5-10 мг
10 < CrCl ≤ 30 мл/мин — 2,5 мг
CrCl ≤ 10 мл/мин — диализ жүргізілген күні 2,5 мг **
**«Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз.
Эналаприлат диализбен шығарылады. Диализ жүргізілуінен бос күндері доза артериялық қысымның төмендеу дәрежесіне байланысты.
Пациенттердің жекелеген топтары
Егде жастағы пациенттер
доза егде жастағы пациенттің бүйрек функциясының көрсеткіштеріне сәйкес келуі керек.
Педиатрияда қолдану
Артериялық гипертензиямен зардап шегетін педиатриялық пациенттерде Берлиприл препаратын қолдануға қатысты клиникалық зерттеулердің деректері шектеулі.
Егер пациент таблеткаларды жұтуға қабілетті болған жағдайда, дозаны пациенттің жай-күйіне және артериялық қысымның төмендеу дәрежесіне қарай әркімге жеке таңдау керек. Дене салмағы 20-дан <50 кг дейінгі пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза 2,5 мг, ал дене салмағы ≥ 50 кг пациенттер үшін 5 мг құрайды. Берлиприл препаратын тәулігіне бір рет қабылдайды. Дозаны пациенттің қажеттіліктеріне қарай таңдау керек; осы ретте дене салмағы 20-дан <50 кг дейінгі пациенттер үшін тәулігіне 20 мг және дене салмағы ≥ 50 кг пациенттер үшін тәулігіне 40 мг дозаны құрайтын ең жоғары дозадан асыруға болмайды.
Берлиприл препаратын, тиісті мәліметтер болмауына орай, жаңа туған нәрестелер мен шумақтық сүзілу көрсеткіші < 30 мл/мин/1,73 м2 болатын балаларды емдеуге пайдалану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды тең дозаларда екі жартыға бөлуге болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін денсаулық сақтау жүйесінің маманымен кеңесу бойынша ұсынымдар
Осы препаратты қолдануға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесу керек.
Дәрілік препаратты әдеттегі қолдану кезінде туындайтын жағымсыз әсерлердің сипаттамасы және тиісті қажетті шаралар
Өте жиі
• көру аймағының бұлыңғырлануы
• бас айналуы
• жөтел
• жүрек айнуы
• астения
Жиі
• бас ауыруы, депрессия, естен тану, дәм сезу қабілетінің өзгеруі
• артериялық гипотензия, оның ішінде ортостаздық гипотензия, синкопе, кеуде тұсының ауыруы, жүрек ырғағының бұзылуы, стенокардия, тахикардия.
• диспноэ
• диарея, іштің ауыруы,
• бөртпе, аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну: Бет, аяқ-қол, ерін, тіл, көмекей және/немесе көмейдің ангионевроздық ісіну жағдайлары сипатталды.
• шаршау
• гиперкалиемия, қан сарысуындағы креатинин концентрациясы деңгейінің жоғарылауы
Кейде
• анемия (оның ішінде апластикалық және гемолиздік),
• гипогликемия
• құлақтағы шуыл
• сананың шатасуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, күйгелектік, парестезия, вертиго
• ортостаздық гипотензия, қан кернеулері, жүрек қағуын сезіну, миокард инфарктісі немесе ми қан айналымының жедел бұзылуы1, қауіп тобындағы пациенттерде ауыр артериялық гипотония аясында болуы ықтимал,
• ринорея, тамақтың ауыруы немесе дауыс қарлығуы, бронх түйілуі/демікпе
• ішек бітелісі, панкреатит, құсу, диспепсиялық бұзылыстар, іш қату, анорексия, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, ауыз кеберсуі, пептидтік ойық жара
• диафорез (қайталамалы гипергидроз), терінің қышынуы, есекжем, алопеция
• бұлшықеттің құрысуы
• бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия
• импотенция
• дімкәстік, дене температурасының жоғарылауы
• қанда мочевина концентрациясының жоғарылауы, гипонатриемия
• дене температурасының жоғарылауы тиннитус, дімкәстік,
1 Клиникалық зерттеулердегі жиілік мәндері плацебо және белсенді бақылау топтарымен салыстырылды.
Сирек:
• нейтропения, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, гематокрит көрсеткіштерінің төмендеуі, тромбоцитопения, агранулоцитоз, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, панцитопения, лимфаденопатия, аутоиммундық аурулар
• әдеттен тыс түстер көру, ұйқы бұзылулары
• Рейно феномені
• өкпедегі инфильтраттар, ринит, аллергиялық альвеолит/эозинофилиялық пневмония
• стоматит/афтоздық ойық жаралар, глоссит.
• бауыр жеткіліксіздігі, гепатит - гепатоцеллюлярлы немесе холестаздық, некрозбен жүретін гепатит, холестаз (оның ішінде сарғаюмен)
• көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, уытты эпидермалық некролиз, сулы бөртпе, эритродермия. Келесі жағымсыз әсерлердің кейбірімен немесе бәрімен: дене температурасының көтерілуі, серозит, васкулит, миалгия/миозит, артралгия/артрит, ядроға қарсы оң антиденелер (ANA) талдауының оң нәтижесі, ЭШЖ жоғарылауы, эозинофилия және лейкоцитозбен қатар жүруі мүмкін симптомдар кешені хабарланды. Бөртпе, фотосезімталдық немесе тері тарапынан басқа реакциялары болуы мүмкін
• олигурия
• гинекомастия
• бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, сарысулық билирубин деңгейінің жоғарылауы
Өте сирек:
• ішектің ангионевроздық ісінуі
Белгісіз:
• Антидиуретикалық гормонның талапқа сай емес секреция синдромы (SIADH)
• Келесі жағымсыз әсерлердің кейбірімен немесе бәрімен: дене температурасының көтерілуі, серозит, васкулит, миалгия/миозит, артралгия/артрит, ядроға қарсы оң антиденелер (ANA) талдауының оң нәтижесі, ЭШЖ жоғарылауы, эозинофилия және лейкоцитозбен қатар жүруі мүмкін симптомдар кешені хабарланды. Тері бөртпесі, фотосенсибилизация немесе басқа тері көріністері орын алуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде денсаулық сақтау жүйесінің қызметкеріне, дәріхана қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттардың жанама реакциялары (әрекеттері) туралы тікелей ақпараттық дерекқорға жүгініңіз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат