Дозалау режимі
Бұл препаратты әрдайым дәрігердің тағайындауы бойынша пайдаланыңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Тек небулайзерді пайдалану арқылы ингаляциялау үшін
Емдеу дәрігердің бақылауымен басталуы және жүргізілуі керек, мысалы, стационар жағдайында. Тәжірибелі дәрігермен кеңескеннен кейін пациенттерге Беродуал® Н, ингаляцияға арналған аэрозоль сияқты бронхты кеңейтетін тез әсер ететін препараттардың төмен дозалары тыныс алуды жеңілдетпеген кезде үйде емдеу ұсынылуы мүмкін.
Сондай-ақ, ингаляцияға арналған ерітінді басқа себептермен (мысалы, ингаляцияға арналған аэрозольді пайдалану мүмкін болмаған кезде) небулайзермен емдеуді қажет ететін пациенттерге немесе қажет болған жағдайда жоғары дозаларды қолдануға ұсынылуы мүмкін.
Небулайзерге арналған ерітіндімен емдеу әрқашан ұсынылатын ең аз дозадан басталуы керек. Дозаны жекелей таңдау және жедел ұстаманың ауырлығына қарай реттеп отыру керек. Симптомдар жеткілікті түрде төмендегенде препарат енгізуді тоқтату керек.
Ерітінді мен ингаляциялық тұман көзге түспейтініне көз жеткізу керек. Бүріккен ерітіндіні мүштек арқылы дем алыңыз. Егер мүштек қолжетімсіз болса және оның орнына бүріккіш маска пайдаланылса, онда масканың тиісті өлшемде болуы өте маңызды. Глаукома ұстамаларына бейім пациенттерге көзді қорғауға ерекше назар аудару керектігі туралы ескерту керек.
Беродуал® препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулық
Небулайзерге арналған ерітінді бүркуге арналған тиісті құрылғыны пайдалану кезіндегі ингаляцияға арналған; ерітіндіні ішке қабылдауға тыйым салынады.
Беродуал® препаратының ұсынылған дозасын қолдану үшін ингаляцияға арналған ерітіндіні физиологиялық ерітіндімен (0,9%) 3–4 мл көлемге дейін сұйылту қажет. Сұйылтылған және қолдануға дайын ерітіндімен ингаляцияны симптомдардың жеткілікті жеңілдеуіне қол жеткенге дейін жүргізу керек.
Әрбір қолдану алдында жаңа сұйылтылған және (қолдануға дайын) ерітінді дайындау қажет. Сұйылтылған (қолдануға дайын) ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден деммен жұту керек.
Мүмкіндігінше отырған немесе тұрған кезде дем алыңыз. Ингаляциялық құрылғыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықты орындау қажет.
Небулайзердегі ерітіндінің қалдықтарын утилизациялаңыз.
Ингаляция ұзақтығын сұйылту көлемінің көмегімен бақылауға болады.
Ингаляцияға арналған ерітіндіні коммерциялық тұрғыдан қолжетімді әр түрлі небулайзерлер пайдалану арқылы қолдануға болады. Препараттың өкпеге әсері және оның жүйелі әсері пайдаланылатын небулайзерге байланысты және құрылғының тиімділігіне қарай дозаланған аэрозольді пайдалануға қарағанда күштірек болуы мүмкін.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолдану үшін келесі ұсыныстар қолданылады:
Бронх демікпесінің ұстамаларын шұғыл емдеу үшін жедел ұстаманың ауырлығына байланысты дозалар 1 мл-ден (1 мл = 20 тамшы) 2,5 мл-ге дейін (2,5 мл = 50 тамшы) физиологиялық ерітіндімен 3-4 мл көлемге дейін препарат сұйылтылады.
Ерекше, аса ауыр жағдайларда 3-4 мл көлемге дейін физиологиялық ерітіндімен сұйылтыа Беродуал® препаратының 4 мл-ге дейін (4 мл = 80 тамшы) дозаларын қолдану мүмкінділігі бар.
Дене жүктемесінен болатын немесе аллергенмен болжамды жанасудан кейінгі бронх демікпесінің арнайы мақсаттағы профилактикасы үшін 0,1 мл-ден (0,1 мл = 2 тамшы) 0,2 мл-ге дейін (0,2 мл = 4 тамшы) физиологиялық 2 - 3 мл ерітіндіде сұйылтылған Беродуал® препаратымен жасау керек. Мүмкіндігінше, мұны көрсетілген оқиғаға дейін 10–15 минут бұрын жасау қажет.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін келесі ұсыныстар қолданылады:
Бронх демікпесінің ұстамаларын шұғыл емдеу үшін жедел ұстаманың ауырлығына байланысты дозалар 0,5 мл-ден (0,5 мл = 10 тамшы) 2 мл-ге дейін (2 мл = 40 тамшы) физиологиялық ерітіндімен 3-4 мл көлемге дейін препарат сұйылтылады.
Дене жүктемесінен болатын немесе аллергенмен болжамды жанасудан кейінгі бронх демікпесінің арнайы мақсаттағы профилактикасы үшін 0,1 мл-ден (0,1 мл = 2 тамшы) 0,2 мл-ге дейін (0,2 мл = 4 тамшы) физиологиялық 2 - 3 мл ерітіндіде сұйылтылған Беродуал® препаратымен жасау керек. Мүмкіндігінше, мұны көрсетілген жағдайларға дейін 10–15 минут бұрын жасау қажет.
6 жасқа дейінгі балалар
Бұл жас тобында ақпараттар шектеулі болғандықтан, мынадай дозаларды пайдалану ұсынылады, тек дәрігердің бақылауымен:
0,1 мл (0,1 мл = 2 тамшы) кг дене салмағына, бірақ 0,5 мл-ден аспайтын (0,5 мл = 10 тамшы) 3–4 мл көлемге дейінгі физиологиялық ерітіндімен сұйылтылады.
Жеке дайындалған ерітінділер дереу қолдануға арналған.
Егер Беродуа® әсері тым әлсіз немесе тым күшті деген күдік болса, медицина қызметкерінің кеңесі қажет.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Артық дозалану дәрежесіне байланысты, бета2-адреномиметиктерге (Беродуал® препаратының құрамында болатын) тән келесі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін: бетке қан тебуін сезіну, жабырқау, бас ауыру, тахикардия, жүрек соғуын сезіну, аритмия, шокқа дейін апаратын артериялық гипотензия, артериялық қысымның көтерілуі, мазасыздық, кеуде қуысының ауыруы, қозу; экстрасистолалар (жүректің жүйесіз екпінмен соғуы) және күшті тремор, әсіресе, саусақтардың және бүкіл дененің дірілі болуы мүмкін. Қандағы қант деңгейінің жоғарылауы байқалады. Беродуал® көп мөлшерде дұрыс жұтпаған кезде, жүрек айнуы мен құсуды қоса, асқазан-ішек бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Беродуал® үшін ұсынылған дозасынан асып кететін дозалануында, Беродуал® препаратының екі белсенді затының бірі - фенотерол қолданылғанда қандағы қышқылдықтың жоғарылауын (метаболизмдік ацидоз) және қандағы калий деңгейінің төмендеуін байқауға болады. Ипратропий бромидінің артық дозалану симптомдары (ауыз құрғауы, көрудің бұзылуы сияқты), әдетте, ингаляциялық ипратропий жүйелі биожетімділігінің төмендігімен байланысты әлсіз білінеді. Көзделген дозадан асырып алған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар Егер Беродуал® препаратын қашан пайдаланғаныңызды ұмытып қалсаңыз: Егер алдында қалай қолданғаныңызды ұмытып қалсаңыз, екі есе дозасын ішке тартпаңыз. Келесі дозаны көрсетілген уақытта ішке тартыңыз. Дозаны тұрақты төмендеткенде ентігудің күшею қауіптілігі бар. Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім Егер Беродуал® препаратын қолдануды үзіп алсаңыз: Беродуал® препаратымен емдеуді уақытша немесе мерзімінен бұрын тоқтатқанда ауру нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан Беродуал® препаратымен емдеуді өз бетіңізше тоқтатпас бұрын ол жөнінде медицина қызметкерінен кеңес алыңыз. Препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар бойынша, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар Дәрігер Беродуал® препаратын қалай дұрыс қолдану жөнінде нұсқау беруі тиіс. Препараттың көзге түсіп кетпеуін қадағалау керек. Беродуал® препаратының әсері тым әлсіз немесе тым қатты сияқты болып сезілсе, емдеуші дәрігерге жүгіну керек. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Барлық дәрілік препараттар сияқты, осы препараттың пациенттердің бәрінде бірдей байқалмайтын жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.
Жиі (1-ден 10 пациентке дейін):
- жөтел
Жиі емес (0,1-ден 100 пациентке дейін):
- жоғары қозғыштық
- бас ауыру, тремор, бас айналу
- тахикардия, жүректің жиі соғуы
- фарингит, дисфония
- құсу, жүрек айну, ауыз құрғауы
- қан қысымының көтерілуі (систолалық).
Сирек (1-ден 1000 пациентке дейін):
- анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық
- гипокалиемия
- мазасыздық, психикалық бұзылыстар
- глаукома, көзішілік қысымның көтерілуі, көру аккомодациясының бұзылуы, қарашықтың кеңеюі, анық көрмеу, көздің ауыруы, мөлдір қабықтың (көздің) ісінуі, көздің қызаруы, жарық көздерінің маңында көру өрісінде сәулелі жиектердің пайда болуы
- аритмия, жүрекшелер фибрилляциясы, тахикардия (қарыншаүстілік тахикардия), миокард ишемиясы
- бронх түйілуі, тамақ пен көмейдің тітіркенуі, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың ісінуі, көмейдің түйілуі, ингаляциядан болатын парадокстық бронх түйілуі, тамақтың құрғауы
- стоматит, глоссит, асқазан-ішек жолдарының моторикасының бұзылуы
диарея, іш қату, ауыз қуысының ісінуі, қыжыл
- есекжем, тері бөртпесі, қышыну, Квинке ісінуі, петехия, гипергидроз
- бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауыруы
- несептің кідірісі
- қан қысымының төмендеуі (диастолалық), тромбоцитопения
Өте сирек (1-ден 10 000 пациентке дейін):
- қандағы қант деңгейінің жоғарылауы.
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігін бағалау мүмкін емес):
- аса жоғары белсенділік.
Кез келген басқа ингаляцияға қолданылатын дәрілік заттар сияқты, аэрозоль жұтқыншақ аумағында жергілікті тітіркену симптомдарын туындауы мүмкін.
Анамнезінде муковисцидоз бар пациенттерде ингаляциялық антихолинергиялық дәрілермен (Беродуал® препаратының құрамында болатын) ем кезінде асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылулары болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz